Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
№3 дәріс. Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі (план, карта, профиль)
Геодезиялық өлшеулер мен жекелеген учаскелердің түсірулері жер беті, оның сапалық жағдайының өзгеру заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи, жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде толық мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына кажетті осы сияқты және т.б. мәліметтерді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер мен кұбылыстардың өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық карталарды жасау мен әдістерді пайдалану туралы ғылым.
Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын ескере отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта аркылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және такырыптық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т. б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1:10000 - 1:1000000 масштабтағы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады. Олар ірі масштабты - 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000, 1:25000, 1:50000, орта масштабты - 1: 100000, 1:200000, ұсак масштабты - 1:500000, 1: 1000 00 болып бөлінеді. 1:500, 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетінің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуді (жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.
Ұсақ масштабты карталар халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, еліміздің қорғаныс мүддесіне арналған.
Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолық елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.
Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады.
Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортаңдану, дымқылдану, геологиялық карталар және т. б.).
Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының баска мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады.
Масштабтар:сандық, сызықтық, көлденең. Масштаб дәлдігі
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб:1:500, 1:1000, 1:10000, 1:50 000және т.с.с. алынады.
Осындай масштаб сандық, масштаб деп аталады, онын бөлімі жердегі сызықтардың план мен картада кескіндеу кезінде каншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1:1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасынын. онтүстік қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі.
Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1 - 2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға карай салынған кесінділер 1 : 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес келеді.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен аныктау үшін көлденең масштабты қолданады. Қөлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделгенграфик болып табылады. Көлденең масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикуляр тұрғызылады.
Топографиялық карта және пландардың шартты белгілері
Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.
Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске алатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі.
Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.
Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мүмкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фондық бояу түстері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.
Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, кұдық және т. б.). Масштабтан тыс шартты белгілер - тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нүктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердің координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды.
Өзендер, каналдар, жолдар және басқа сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Топографиялық карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады; ормандар - жасыл, гидрография - көк, жер бедері - қоныр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген өнеркәсіптік, халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері - қара бояулармен боялады.
Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілерін Геодезия және картография бас басқармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс. Іс жүзінде қолдануға қолайлы болу үшін кестелер түрінде шығарылады.
Бақылау сұрақтары
1) План, карта және профиль деген не?
2) Ситуация, рельеф деген не?
3) Карталардың қандай түрлері бар?
4) Планның картадан қандай айырмашылығы бар?
5) Катографиялық тор не үшін қажет?
6) Масштаб дегеніміз не?
7) Шартты белгілер не үшін керек?
№4 дәріс. Жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтау. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz