Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе көрсетілген шартта өзгеше белгіленбесе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының қолданылу кезеңінде сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы сенімгерлікпен басқарылатын мүлікке қатысты қандай да болсын іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

Сенімгерлікпен басқару шартында:

1) мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нысанасы және мерзімі;

3) пайда алушы туралы нұсқау;

2) сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамы;

4) сенімгер басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны;

5) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлікті алатын адамды көрсету көзделуге тиіс.

Шарттардың жекелеген түрлері үшін заң актілерінде өзге де елеулі талаптар көзделуі мүмкін.
Шартта басқа талаптар да, оның ішінде басқарушыға берілетін сыйақының мөлшері мен нысандары көзделуі мүмкін.

Шартта үшінші тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлікке құқығы көрсетілуге тиіс [16, 284 б.].

Егер заң актілерінен немесе пайда болған қатынастар мәнінен өзгеше туындамаса, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты туралы нормалар мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеудің өзге де негіздері бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады.

Шарт нысанын сақгамау немесе қозғалмайтын мүлікке арналған шарттың тіркелімінің болмауы оныңжарамсыздығына әкеп соғады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Жоғарыда айтылғанға сүйенетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шарты бұл сенімгер басқарушы құқықтарының өзіне тән жиынтығын белгілеуге және сонымен қатар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының еркін ескеруте бағытталған салыстырмалы құқықтык қатынас. Сенімгерлікпен басқарудың мақсаты мүліктен кіріс алу, мүлікті ұлғайту немесе мүлікті тиісті күйінде ұстап тұру ғана болуы мүмкін [17, 500 б.].

Шарт, әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген талап тілекке сүйене отырып құрыла алады және іс жүзінде меншік иесінің немесе өзге құқық иесі құқықтарының барлық көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол аралас шарттық институттар - тапсырма шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруды әрқашан да көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, мүлікті қамқоршыға беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүлікті сақтау міндеті жүктеледі [18, 163 б.].

Осы тұста Ресей Федерациясының азаматтық құқық бойынша оқулық әдебиетінде сенімгерлікпен басқару қатынастарының оралымды басқару мен шаруашылық жүргізудің заттық құқықтық қатынастарынан ерекшелігі туралы да айтылатындығын ескерте кеткен жөн сияқты. Ресейлік авторлар мүлікті оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу құқығының негізінде иеленудің заттық құқықтық табиғатын мойындай отырып, мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы негізінде иеленуде мұны жоқка шығарады. Бірақ, бұл орайда Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында сенімгерлікпен басқару құқығының заттық құқықтарға жатқызылатындығы туралы пікір тұрақтанған [19, б.16].

Осы көзқарас негіздірек боп көрінеді. Мұндай түсінік өз кезегінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын бекіту сәтінде тараптар еркінің мазмұны туралы көзқарасты және міндеттеменің мәнісіне сүйене отырып анықталатын шартта тікелей көзделмеген, олардың құқықтары мен міндеттерін одан әрі бөлуді біршама өзгертеді.

Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады.

Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды иеленушінің атынан шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай-ақ, сенімгер басқарушы өз атынан іс-әрекет ететін шартты бекітуге болады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген заттық құқықтардың пайда болуы туралы айтуға болмайды.

Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым қатынастарына қарай сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін. Сыйақы мөлшері бұл орайда шарттын өзімен анықталуға тиіс. Өйткені мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке жағдайда әртүрлі болады. Алайда егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене отырып анықталатын болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты әдеттегідей бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі. Ал құқықтар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына тиесілі болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүлікті сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы қатысады.

Сенімгерлікпен басқару шартының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып, ол үшін шарт еркіндігіне қатысты кейбір шектеулер көзделгені табылады. Заңнамада көзделеген жағдайларда сол бір немесе өзге субъект сенімгерлікпен басқаруды құруға тиіс. Соның ішінде мемлекеттік қызметші өз мүлкін беруге міндетті. Бұл орайда сенімгерлікпен басқаруға беруге міндеттеу кез келген мүлікке емес, кәсіпкерлік маңызы бар мүлікке таралады. Бұл акциялар үлестер, коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына қатысу сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығы негізінде тиесілі өзгеде мүлік сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі міндет ақшаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметке тұрғанға дейін жалға берілген өзге де мүлікке таралмайды.

Осыған ұқсас міндеттеу басқа жағдайларда да орын алуы мүмкін. Мысалы, қамқоршы мен қорғаншы органы өзіне заңнамамен жүктелетін міндеттерге сәйкес өз бетінше өз құқықтарын жүзеге асыра алмайтын тұлғалар мүлкінің тағдырын шешуге қатыспай қоймай тұра алмайды [20, 6 б.].

Сенімгер басқарушы жоғарыда айтылғандай мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын бекітуге мәжбүрлене алмайды.

Сенімгерлікпен басқару шарты үшінші тулғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл туралы шарттың өзінде көрсетілуге тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының талап етілетін жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып келмейді.

Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен баскару шарты, қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады, яғни мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады. Кәсіпорынды сенімгерлікпен басқаруға беру шартын тіркеуге алу кезінде кейбір қиындықтар туындайды. Кәсіпорынның мүліктік кешені ретінде бөлінбейтіндігі туралы ұғым "бұзылады". Бұл кәсіпорын үшін арналған жер учаскесіне деген құқықтарды және кәсіпорынның қалған мүлкіне деген құқықтарды тіркеу әртүрлі органдарда жүзеге асырылатындығымен байланысты [21, 656 б. ].

Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен баскқаруға беру жөніндегі шарттың жазбаша нысанын сақтамау немесе мұндай шартты тіркеуге алмау оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының елеулі талаптарын анықтаған. Оған шарт пәні туралы талап жатады. Шарт пәні туралы талап сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамын көрсету арқылы аяқталынуға тиіс. Бұл шарттың тағы бір елеулі талаптарының бірі болып онын әрекет етуі мерзімі туралы талап табылады. Сенімгерлікпен басқару әрқашан белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) мүддесі (пайдасы) үшін жүзеге асырылатын болғандықтан, олар персонафикациялануға тиіс және сенімгер басқарушы өзінің субъективтік міндеттерінің шектерін нақты білуге тиіс. Сол себептен шарттың елеулі талабы болып пайда алушы туралы талап табылады.

Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы нұсқауларының қатаң шектерімен шектелмейді. Соның салдарынан мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгер басқарушының өз бақылауында болуына қатысты кез келген талап тілектері дұрыс негізге ие болуға және белгілі бір тәртіпте реттелуге тиіс. Осы айтылғанға орай сенімгер басқарушының есеп беруінің мерзімінен нысаны бекітетін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына елеулі талабына қатысты заңнамалық талап жеткілікті түрде негізді болып табылады. Сондай-ақ сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік кімге берілуге тиіс екендігі туралы нұсқауды қамтыған талап та елеулі болып табылады [22, 30 б.].

Жекелеген шарттары үшін занды актілермен өзге де елеулі талаптар көзделеді. Мүмкін мәселен кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен басқаруға беру ережелерімен (9-т) кәсіпорынды немесе акциялардың мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқаруға беру келісім шартының негізгі талаптары көзделеді, осы нормативтік акті мазмұнының мағынасы бойынша онда оның елеулі талаптары туралы сөз болып отыр. Оларға өндіріс профилін өнім шығару көлемін белгілі бір деңгейде сақтап қалу немесе оны бірте бірте ұлғайту туралы объекг мүлкін өрттен жарылыстардан, авариялардан, табиғи апаттардан сактандыру және бірқатар басқа да талаптар жатады.

Егер сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүлік үшінші тұлғалардың құқықтарымен күрделенген болса, онда шартта осы тұлғалардың мүлікке деген құқықтары көрсетілуге тиіс.

Шарт қосымша талаптарды да көздеуі мүмкін, солардың біріне сенімгер басқарушыға сыйақы төлеу міндетін оның мөлшері мен нысанын көздейтін талап жатады [23, 75 б.].
2.1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері
Сенімгер басқарушының мүлікті дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген іс-әрекетті жүргізуге құқығы бар [24, 32 б.].

Сеніп берілген мүлікке сенімгер басқарушының құқығы заң актілерімен, шартпен немесе мүлікті сенімгерлікпен басқару пайда болғанда негізге алынган өзге де акгімен шектепуі мүмкін.

Сенімгер басқарушы қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру мен кепілге салуды сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде ол тікелей көрсетілген жағдайда ғана жасауға құқылы.

Сенімгер басқарушының мүлікті сенімгерлікпен басқару кезінде өзі жасаған қажетті шығындарды құрылтайшының (пайда алушының) есебінен, не сеніп тапсырылған мүліктің есебінен, не сеніп тапсырылған мүлікті пайдаланудан түскен кірістің есебінен өтетіп алуға құқығы бар.

Егер мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде көзделсе, сенімгер басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.

Сенімгер басқарушының басқа біреудің заңсыз иеленуінен өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қайтарып алуға, сондай-ақ оның басқару құқығын бұзушылықты жоюды, бұл құқықбұзушылық иеленуді бұзумен байланысты болмаса да, талап етуге құқығы бар.

Сенімгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы есеп береді. Құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуі бойынша сенімгер басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайда да дереу берілуге тиіс [25, 38 б.].

Сенімгер басқарушының өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мұндай мәмілеге қатысушы үшінші тұлға ондай шектеулерді білмесе және білуге тиіс болмаса, жарамды деп танылады. Бұл жағдайда сенімгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актілеріне сәйкес жауап береді.

Сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені сенімгер басқарушы өз мүлкі есебінен мойнына алады [26, 144 б.].

Сенімгер басқарушының бастамасымен сенімнің ауысуы

Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады.

Сенімгер басқарушы өзіне сеніп берілген мүлікті басқару үшін қажетті іс-әрекет жасауды, егер ол бұған мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы акті арқылы уәкілетті болса, не бұған пайда алушының мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себепті мәжбүр болса және бүл орайда құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкіндігі болмаса, басқа адамға тапсыра алады. Бұл орайда сенімгер басқарушы өзі тандап алған сенім білдірілушінің іс-әрекеті үшін өзі жасағандай жауап береді.

Сенімгер басқарушы сенімнің ауысуы туралы алғашқы мүмкіндік туысымен құрылтайшыға хабарлауға міндетті. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бұл жағдайда құрылтайшы сенімгер басқарушыға бұрын жасалған шығындарын өтеп, ал егер сенімгерлікпен басқару кәсіпкерлік қызмет болса, шеккен залалдарын да өтеп, мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтату туралы мәлімдеуге құқылы.

Сенімгер басқарушының жауапкершілігі
Мүлікті тиісінше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы сотқа сенімгерлікпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап қоя алады. Бұл орайда міндеттерді тиісінше орындау үшін өзіне қатысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенімгер басқарушы міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, кінәлі деп саналады.

Сенімгер басқарушы үшінші тұлғалардың алдында мүлікті басқаруда тиісінше іс-әрекеттер жасамауы салдарынан келтірілген залалы үшін өз мүлкімен субсидиарлы жауапты болады [27, 144 б.].
2.2 Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шартының заңдық сипаттамасы
Кез келген келісім-шарттың заңдық сипаттамасы оның өте маңызды белгі - нышандарының қысқаша мінездемесін, осы келісім-шарттан туындайтын құқықтық қатынастардың мазмұны мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін онын маңызды шарттарының талдамасын, сондай-ақ келісім-шарт нысанының талдамасын қамтиды. Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шартын талдап, қарастырып көрсек.

Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шарты жасалу кезеңіне қарай нақты шарт болып табылады. ҚР Инвестициялық қорлар туралы заңының 19-бабы 1-тармағының және ҚР Азаматтық кодексінің 883-бабы 1-тармағының мазмұнына сәйкес бұл шарт мүліктік, яғни ақша берілген уакыттан бастап қана жасалды деп есептеледі. Келісім-шарт бойынша инвестордың ақшасы кастодиан-банктегі басқарушы компаниянын есеп айырысу шотына аударылады. Басқарушы компания инвесторға қор пайларынын белгілі бір санын сатады. Және де ол өзінің көрсеткен қызметі үшін сыйақы алады. Сондықтан бұл шартты ақылы шарт деп қарастырамыз.

Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шарты - өзара жасалатын шарт. Шарттың әр тарапының келесі тарапқа байланысты құқықтары мен міндеттері бар. Басқарушы компанияның міндеттеріне инвестациялық пай қорын құрайтын мүлікті оқшаулау, бұл мүлікті басқарумен байланысты ақпараттарды тиісті тұлғаларға беру, инвестициялық пай қорын басқару тәртібіне қатысты шарт ережелерін орындау, шарт бұзылған жағдайда басқаруындағы мүлікті инвесторларға қайтару, инвестициялық пай қорын басқаруды тікелей өзінің атқару міндеті, инвестициялық пай қорының кұрамы мен құрылымын сенімгерлікпен басқару шартының ережелеріне сәйкес ұстау, инвестициялық пай қорының таза активтерінің құрамы мен құны туралы пай ұстаушыларға жүйелі түрде, бірақ айына кем дегенде бір рет мәлімет беру және шарт ережелеріңде өзгеше көзделмесе, жабық инвестициялық пай қорын басқару құрылтайшыларына кірістер төлеу жатады [28, 16 б.].

Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқарушының негізгі құқықтары мынадай: инвестициялық пай қорын басқару құқығы; көрсеткен қызметі үшін сыйақы алу құқығы және мүлікті басқару барысыңда шығарған шығындарын өндіріп алу құқығы.

Бұл өзара шарт болғандықтан, басқарушы компанияның аталған міңдеттері инвесторлардың құқықтары, ал оның құқықтары инвесторлардың міндеттері болып табылады.

Сондай-ақ, бұл шартты қосылу шарты және; жария шарты деп те карастыруға болады. Оның қосылу шарты екендігі Инвестициялық қорлар туралы заңның 19-бабының 2-тармағыңда көрсетілген. Сондықтан шарт ережелерін басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережесіңде анықтап қояды. Пай алуға ниет білдіруші осы ережеге толықтай қосылған жағдайда ғана инвесторлардың қатарына кіргізіледі. Осыған байланысты бұл шарттың елеулі ережелері ретінде инвестициялық пай қорының ережесінің шарттары қарастырылады. Сайып келгенде бұл жария оферта болып табылады. Басқарушы компания ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігімен келісілген инвестициялық пай қорынын ережесін жарықка шығарады. Онда осы шарттың барлық елеулі ережелері болады, ол тұлғалардың беймәлім бір тобына бағытталады және де басқарушы компанияның өзінің белгілеген жағдайыңда ниет білдірген кез келген инвестормен шартқа түсу қалауын білдіреді. Офертаның осындай жариялылық сипатына қарай, инвестициялық пай қорын сенімгерлікпен басқару шартын жария шартына жатқызу орынды деп есептеуге болады. ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шартының ерекшелігі ретінде коммерциялық ұйымның өз қызметінің сипатына байланысты шартқа отыруға ниет білдірген кез келген тұлғамен шарт жасасу міндеті қарастырылған.

Қолданыстағы инвестициялық қорлар туралы заңда шарттың жариялылық сипаты тікелей бекітілмеген. Алайда, оны офертасының жариялылық сипатына қарай жария шарты деуге толық негіз бар. Сондай-ақ, барлық инвесторлар үшін шарт ережелерінің бірдей болуы да оның жария шарты деп қарастырылуының дәлелі болып табылады [29, 23 б.].

Инвестициялық пай қорын сенімгерлікпен басқару шартының жариялылық сипатынан маңызды салдар туындайды. Егер инвестор өз қаражатын инвестиялық пай қорына беру арқылы шарт жасасуға бағытталған әрекеттер жасаса, ал басқарушы компания оны қабылдаудан негізсіз бас тартқан болса, ҚР Азаматтық кодексінің 399-бабына сәйкес инвестор басқарушы компанияны шарт жасасуға мәжбүрлеу және келтірілген залалдарды өтеу туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы. Заңда шарт жасасудан бас тартуға тек төменде көрсетілген жағдайларда ғана жол берілетіндігі қарастырылған:

- иннестициялық пай қорларының ережелерінде белгіленген пай алуға өтінім беру тәртібі мен шарттары сақталмаса,

- уәкілетті органның немесе басқарушы компанияның шешімімен ннвестициялық пай қорында пай орналастыру тоқтатылса;

- ҚР заң актілерінде белгіленген өзге де талаптар орындалмаса.

Жабық иннестициялық пай қорларының басқарушы компаниясы беретін инвестициялық пайларларының саны осы қордың ережелерінде алдын ала анықталады. Сол себепті жабық инвестициялық пай қорының басқарушы компапиясы, егер де инвестициялық пайлар инвесторлар арасында толық бөлініп қойылған болса, инвестормен шарт жасасудан бас тартуға құқылы.

Иннестициялық пай қоры ережесінің жария оферта ретіндегі тағы бір ерекшелігі - бұл ереже жарыққа шығу үшін ҚР Қаржы нарығы мем қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің келісімі болуы керек. Іс жүзінде бұл талап инвестициялық пай корын сенімгерлікпен басқару шартының ережелерін дайындау кезеңінде басқарушы компанияның қызметіне құзырлы мемлекеттік орган тарапынан бақылау жүргізуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялық пай қоры ережесінің заңдылығын құзырлы мемлекеттік органның алдын ала тексеру институты шетелдік құқықтан алынған.

Мысалы, АҚШ-та өзара қорлар өздерінің акциялар проспектісін тіркетеді, Ұлыбританияда басқарушы компания пай трастының нрежелерін арнайы рұқсат (аuthorisation order) алғаннан кейін ғана жария етеді. Еуропа қауымдастығы елдерінде UСІТ басқару ережелері Одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарында алдын ала тіркеуден өтеді [30, 68 б.]

Бұл тіркеу одаққа мүше мемлекеттердің барлығының аумағында заңды болып табылады. Бұл талапты сақтамай оферта түріндегі ережелерді жарыққа шығару мүмкін емес (№ 611 қарардың 4-бабы).

ҚР Қаржы нарығы мен қаржы үйымдарын реттеу және кадағалау жөніндегі агенттігі инвестициялық пай қоры ережелерінде сенімгерлікпен басқару шартының барлық елеулі ережелерімнің бар - жоғын және олардың мазмұнының заң мен заңға негізделген актілерге сәйкестілігін тексеруді жүзегс асырады.

Бұндай іс-шаралар сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары - инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Шарт ережелерінің қолданыстағы заңдардың тараптарына қайшы келетінін шарт жасасқаннан кейін анықтап, оны сот тәртібімен толық немесе ішінара жарамсыз деп тану салдарына карағанда оны шарт жасасқанға дейін тексеріп, сәйкестендіру әлдеқайда ұтымды болып табылады [31, 429 б.].

Инвестициялық пай қорының ережелері оны сенімгерлікпен басқару шартының елеулі ережелері болып табылады. Бұл ережелер Инвестиялық қорлар туралы заңның 27-бабында берілген.

Инвестициялық пай қорын сенімгерлікпен басқару шартының тағы бір ерекшелігіне Азаматты кодекстің 886-бабы 2-тармағында жалпы тәртіп ретінде бекітілген бес елеулі ережемен (мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нысанасы мен мерзімі; сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктің құрамы; пайда алушы туралы нұсқау; сенімгерлікпен басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны және мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлікті алатын адамды бселгілеу) салыстырганда бұл бапта елеулі ережелер тізімі жан-жақты тәптіштелген.
Атап айтқанда, олар:

- инвестициялық пай қорының толық немесе қысқартылған атауы;

- инвестициялық пай қорының баскарушы компаниясының толық атауы және орналасқан жері;

- инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы және орналасқан жері, оның құқықтары мен міндеттері;

- инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің толық атауы және орналасқан жері;

- инвестициялық пай корын басқарушы компанияның және кастодианның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;

- инвестициялық декларация;

- инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық декларация талаптарына сәйкестендірудің тәртібі мен мерзімі:

- инвестициялық пай қоры жұмыс істейтін мерзім, не оның мерзімсіз жұмыс істеуі туралы көрсету;

- инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шарты;

- инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезіндегі инвесторлар тәуекелдерінің сипаттамасы;

-инвестициялық пай қорының баскарушы компанияның құқықтары мен міндеітері;

- инвестициялық пай қорының бастапқы орналастыру кезеніңдегі нақты құны;

- инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуғаөтінімдер беру және оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;

- инвестициялық пай қорының пай ұстаушылардың құқықтары мен міндеттері:

- инвестициялық пай қорының активтерінің құнын және пайдың есептік құнын есепке алу мен айқындау тәртібі:

- пайларды орналастыру кезінде олардың есептік құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртібі:

- басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де тұлғалардың осы қордың активтері есебінен төленуге жататын шығыстары мен сый-ақыларының түрлері айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерлері:

- басқарушы компанияның, тіркеушінің немесс кастодианның инвестициялық пай корының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі кызметі одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстырудың шарттары мен тәртібі;

- инвестициялық пай корының пайларын орналастыруды тоқтата тұрудың шарттары мен тәртібі;

- инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің токтатылатыны туралы ақпарат жариялануға тиісті баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай корының жұмыс істеуін тоқтатудың, оның ішінде кордың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртібі;

- пай ұстаушылардың сұраулары бойынша есеп берудің шарттары мен тәртібі;

- пай ұстаушылар алдындағы инвестициялық пай қоры, оның ережесі және оларға өзгерістер, кордың таза активтері құнының және пайдың есептік құнының өзгеруі, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалар, олардың қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртібі;

Басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі өкілдерінің (олар бар болса) байланыс телефондарының номірлері, орналасқан жері көрсетілген тізбе. Ал ашық және аралас инвестициялық пай қорының ережесінде осы аталғандарға қоса пайды сатып алуға өтінімді берудің және оны орындаудың шарттары мен тәртібі, пайларды сатып алуды тоқтата тұрудың шарттары меи тәртібі, басқарушы компанпя пайды сатып алған кезде оның есептік құнына жеңілдік қолданудың шарттары мен есептеу тәртібі, басқарушы компаияның инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуінің шарттары мен тәртібі Инвестициялық пай қорлары заңда және қор ережесінде белгіленген тәртіппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланған бұкаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер болуға тиіс.

Осы аталғам шарттардың барллығын елеулі ережелер ден қарастыру толғымен дұрыс деуге болмайды. Олардың бірқатары шарттың талаптары емес, ақпараттық мәлімет болып табылады немесе шарт жасасу бойынша оның тараптарының әрекеттерін реттейді, не шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін белгілейді.

Инвестициялық пай қорын сенімгерлікпен басқару шартының елеулі ережелерін төменде берілген топтарға бөліп қарастыруға болады.

Сенімгерлікпен басқарудағы обьектіге қатысты ережелер. Сенімгерлікпен басқару шарты үшін басқаруға берілетін мүліктің құрамы туралы ереже міндетті болып табылады. Алайда, сенімгерлікпен басқару шартында инвестициялық пай қоры мүлкінің құрамына берілетін мүліктің құрамына қатысты тараптардың тізімі ғана нақтыланбай, сонымеп бірге сенімгерлікпен баскарудағы обьектге қатысты өзге де талаптар қарастырылуы керек.

Оларға, біріншіден. инвестициялық пай қорын қалыптастыруға қатысты талаптарды - инвестициялық пай қорын қалыптасты деп есептеуге қажетті оның мүлкінің құны туралы, инвестициялық пай қорын құрудың мерзімі туралы, құрылтайшылардың инвестициялық пай қорының құрамына мүлікті беруінің тәртібі мен мерзімін жатқызуға болады [32, 213 б.].

Екіншіден, заңда бұл топқа инвестициялық декларацияны құрайтын (заңның 37-бабы 9-тармагы, 39-бабы) талаптар - инвестициялық қордың инвестициялық саясаты максаттарының, міндеттерінің сипаттамасы, инвестициялық қордың инвестициялау объектілерінің тізбесі, мәмілелер түрлері. ннвестициялаудың шарттары мен лимиттері, инвестициялық қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттары, инвестициялық декларацияда айқындалған объектілерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдер сипаттамасы, инвестициялық саясат бойынша инвестициялық қор туралы заңда көзделген шектеулер жәпе туынды бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, кері сату (сатып алу) міндеттемесімен активтерді сатып алу (сату), сондай-ақ, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында кез келген мәміле жасасу мүмкіндігі туралы нұсқаулар жатады.

Басқару құрылтайшысының атауы: сенімгерлікпен басқару шартында мұндай тұлға жеке аталмайды, ол тұлғалардың айналымы арқылы анықталады. Инвестициялық пай қорының құрамына мүлкін беру арқылы жария офертаны қабылдаған жеке немесе заңды тұлға басқару құрылтайшысы бола алады.

Сенімгерлікпен басқару шартының колданылу мерзімі және сенімгерлікпен басқарушы сыйақысының мөлшері туралы шарттар. Бұл шарт барлық сенімгерлікпен басқару шарттары үшін елеулі ереже болып табылады.

Инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелер. Бұл топқа сенімгерлікпен басқаруға байланысты шығындарды инвестициялық пай қоры мүлкінің есебінен көтеруге қатысты басқарушы компанияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау
Балалар театрының түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Театр бала өмірінде
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
Мизансцена - режисердің көркемдеуші құралы
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
Деңгейлік саралап оқыту
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Пәндер