Жасуша биологиясына кіріспе. Жасуша құрылымдық бірлік


Практикалық сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: Жасуша биологиясына кіріспе. Жасуша құрылымдық бірлік.
Сабақтың мақсаты: Жасуша теориясын, жасушаны зерттеу әдістерін меңгеру.
Қысқаша сипаттама
Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды. (грекше, «цитос» - жасуша, «логос» - ғылым) . Цитология ғылымы бір жасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамы және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құбылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі - цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарыныңақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсендіқызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитының байқаймыз. Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, сонымен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математика және т. б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады.
Жасуша теориясының ашылуы. Жасуша теориясы дегеніміз - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың 39 жетілуіне негізделді. Алғашқы микроскоптыXVII ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703 ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 ж. бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гукөсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюла» - «жасуша» деп атады. Бұл жерде Р. Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді.
ХIХ ғасырдың ортасы электронды микроскопты нәтижелi пайдаланудан басталады. Қазiргi кезеңдегi пәннiң дамуы зерттеу әдiстерiнiң кең, кешендi пайдалануымен, әсiресе, оның iшiнде электронды микроскоппен көру, мұздату, электронды микроскопиялық цитохимия, сан тұрғысынан сипаттау және басқа әдiстерiмен сипатталады.
Пәннiң жасуша құрылысын, қызметiн зерделеуге бағытталған кәдiмгi (классикалық), жаңа (қазiргi) әдiстерi өте мол. Сондықтан олардың тек iлiмдiк қана емес, қолданбалы маңызы аса зор.
Жарық микроскоп көмегiмен ағза, ұлпа, жасуша кесiндiлерiн зерделеу әдiстерiне-гистологиялық, цитологиялық, цито-, гистохимиялық, иммуноцито-, гистохимиялық, будандастыру, авторадиография, бекiтiлмеген ұлпаларды бояудың арнайы, организмнен тыс жасуша, ұлпа, ағзаларды себу әдiстерi және жасуша, ұлпа құрылымының сандық бағалауы жатады.
Тапсырмалар:
1. Жасуша ілімі - цитологияның даму этаптары (Тірек сызба дайындау) .
2. Жасуша теориясы, негізгі қағидалары (эссе жазу) .
Жасуша теориясының ашылуы . Жасуша теориясы дегеніміз -тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілуіне негізделді. Алғашқы микроскоптыXVII ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703 ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 ж. бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы
қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюла» - «жасуша» деп атады.
Бұл жерде Р. Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. XVII ғасырдың 70- жылдарынан бастап голландық Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, оның көмегімен судағы бір жасушалы ағза - кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді.
Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді, Ол жасуша ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғашқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде пайдаланылады, оны ғылыми түрде цитоплазма деп атайды. Прото-
плазма дегеніміз - жасуша ішіндегі сұйықтықпен ядро. Роберт Броун жасуша цитоплазмасының тұрақты бөлігі - ядроны ашты. XIX ғасырда жануарлар мен өсімдіктердің кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838-1839 жылдары ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қорытыңды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдамалары бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі ағзаның ең ұқсас бірлігі, сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан - жақты зерттеле бастады. Мәселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатының анықтады. Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып, көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатының және аталық спермотозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда, зигота түзетінің анықтады. К. Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:
- жасуша- барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;
- әртүрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас;
- жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың түрлері алуан түрлі болып келеді.
Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді. Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көк - жасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобында ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға бір жасушалы жасыл балдырлар, қарапайымдар, жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар, т. б. жатады.
3. Жасушаны зерттеу әдістері.
Кесте толтыру:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz