Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы Мемлекет басшысы ұсынған, Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық әлеуетімен Қазақстан Республикасының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін Мәңгілік ел ұлттық идеясы болып табылады.
Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлем халқы мен мемлекеттерінің көпшілігінің аса маңызды даму басымдықтарының қатарына кіреді. Мәдениеттің даму деңгейі, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықтық бағдарларды қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.
Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомстволардың, мәдениет мекемелерінің жұмыстарымен, статистиканың сандық көрсеткіштерімен және белгілі есімдермен ғана өлшенбейді. Бүгінде мәдениет - тұлғаның рухани-эстетикалық дамуының, ұлттық бірлікті қалыптастырудың және елді әлемдік қоғамдастыққа ықпалдастырудың мықты құралы.
Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген қазіргі заманғы көзқарас тұлғаның, бизнестің және тұтас мемлекеттің табысқа қол жеткізу аспектілерінің бірі ретінде қоғамның шығармашылық белсендiлiкке деген көзқарасы өзгеріп жататын жаңа әлеуметтiк-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттiлігiн негіздейді.
Мұндай жағдайларда креативтік пен бәсекеге қабілеттілік алдыңғы шепке шығады. Мәдениет саласы экономика ресурстарының біріне, бизнес-бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналып келеді, бұл: кино индустриясы, анимация, цирк өнері, мұражай, концерт және театр қызметтері сияқты және т.б. өнердің жекелеген түрлері мен мәдениет ұйымдарын экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

2. Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың
жалпы пайымы 2.1. Ағымдағы ахуалды талдау
Саланың тарихи қалыптасқан және тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыған инфрақұрылымы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуы үшін негізгі тұғырнама қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға елде 62 театр, 4 185 кітапхана, 45 концерттік ұйым, 3 164 клуб үлгісіндегі мекеме, кино қою мен кинофильм шығаруды жүзеге асыратын 125 ұйым, 224 мұражай, 112 ойын-сауық және демалыс саябағы, 5 хайуанаттар бағы және 5 цирк бар. Оның ішінде 40 кітапхана, 198 клуб, 9 театр, 11 концерттік ұйым, кинопрокаттауды жүзеге асыратын 81 ұйым, 47 ойын-сауық және демалыс саябағы мен 1 мұражай жеке меншікте.
Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей Қазақстан орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды Астана Опера опера және балет театры, елімізде мәдени мұраның маңызды құндылықтары жинақталатын ең ірі орынға айналатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ашылды.
Сала инфрақұрылымы жылына орта есеппен 90,5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншік сектор үлесінің арақатынасы тиісінше 94,9 %-ды және 5,1 %-ды құрайды.
Қазіргі бағыттардың, жанрлар мен стильдердің барлығы дерлік өз дамуын классикалық, халықтық және бұқаралық мәдениеттен алды. Қазақстандық музыка, бейнелеу, кино және театр өнері әртүрлі халықаралық өнер фестивальдарында, көрмелерде, форумдарда, биеннале мен байқауларда лайықты ұсынылды. Үздік өнер шеберлерінің әлем мәдениетінің ең айтулы алаңдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Еліміздің театр алаңдарында жыл сайын 10 мыңнан астам спектакль қойылады, олардың 300-і отандық және шетелдік хореографтардың, балетмейстерлердің, режиссерлердің жаңа қойылымдары, Тәуелсіздік толғауы шығармашылық байқауларының шығармалары.
Отандық кино индустриясы белсенді дамуда. Қазақфильм АҚ киностудиясында түрлі жанрлар мен форматтардағы фильмдерді түсіруге мүмкіндік беретін киноөндірістің қазіргі заманғы толық технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған ҚазҰЭК - Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қорын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Электрондық каталогтың көлемі 18 000 библиографиялық жазбаны құрайды. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұратуы бойынша жыл сайын кітаптардың е-көшірмелерін әзірлеуге орта есеппен 1 500 тапсырыс қабылданып, өңделеді.
Шетелде қазақстандық мәдениетті танымал ету шеңберінде соңғы бірнеше жыл бойы Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралармен ТМД-ның барлық дерлік елдері, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдері қамтылып келеді.
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында іс-шаралар кешені жүзеге асырылды, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуы, маңызды тарихи-мәдени объектілерді консервациялау, реставрациялау және реконструкциялау, елдің мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі үшін база құру соның нәтижесі болды.
Тарих пен мәдениеттің отандық ескерткіштерін ауқымды түгендеу жүргізілді, республикалық (218 ескерткіш) және жергілікті (11 277) маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдері бекітілді.
Қазақтың дәстүрлі мың күйі, Қазақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Мәдени саясаттың модельдері
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Бюджеттік саясат
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
«KEGOC» АҚ сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі
Пәндер