Қазақстан кинематографиясын дамыту жайлы
Егемендікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі киноөндірістің халықты ағарту ісіне және мәдениетті өркендету жолында қосатын ұланғайыр үлесін бағалай келіп, тәуелсіз Қазақстан кинематографиясын дамытуға бет бұрды. Киноөндірісінде әдебиетте, кескіндемеде, сол сияқты музыкада орын алатын халық мәдениетінің құндылықтары көрініс табады, ал кинематография ұлттық сана сезімді, болмысты қалыптастыруға, ұлтаралық қатынастарды арттыруға мүмкіндік жасайды. Бүгінгі уақыт ағымы мен отаншылдықтың басты міндеттерін Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Развитое национальное сознание, если допустить некий строительный образ, имеет свой фундамент, свои стены и крышу. В основании всей конструкции лежит этнокультурная идентичность нации. Она складывается из исторической памяти народа, почитания национальных гениев и героев, ежедневного эмоционального ощущения сопричастности к своему духовному целому. При этом не имеет значения, идет ли речь о битве при Анракае или сооружении Монумента Независимости в декабре 1996 года. Это просто свое и уникальное. То, чего нет у других именно в таком виде и в такой форме. Это естественная среда обитания казахов в мире культуры. Она непрерывна во времени и в пространстве. И только благодаря этому казахи могут оказывать влияние на другие культуры и другие этнокультурные системы. Это состояние взаимосвязи культуры и этноса [116, С. 220], - деп түсіндіреді. Оның бұл тұжырымы қазақ қоғамының жоғары рухани дамуы халықтың тереңде жатқан тарихи тамырынан бастау алатынын білдіреді. Мұнда халықтың ұлылығы мен әлемді біртұтас картинаға айналдыруға ұмтылысы туралы ой айтылған.
Ұлттың рухани мәдениетіне халық даналығы, оның тұрмысының терең көрінісі, өскелең ұрпақты адамгершілікте тәрбиелеу, білім мен ғылым, адамзаттық гуманизм және қоғамдық қатынастардың кеңдігі жатады. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің астарында: Тек біліммен адам өмір сүреді, тек біліммен ғасыр жылжиды! Қолымнан келмейді деп айтпа, бар жан тәніңмен білуге ұмтыл [117, 69 б.], - деген ұғым жатыр. Данышпан ақын өмірдің барлық философиясы, метафорасы, қоғамның алға жылжуы, адам тұлғасының биіктігі барлығы осы білім мен ғылымда жатқанын аса көрегендікпен жеткізген. Соның бір міндеті ретінде Қазақстан кинематографиясындағы ұлттық сананың даму мәселесін қарастыра отырып, белгілі бір сатыдағы тұлғаның және қоғамның мәдени санасын оның жалпыадамзаттық мәдениеттегі көрінісі ретінде қабылдау қажет. Ұлттық әдет- ғұрыптар, дәстүр-жоралғылар, оларды ұғыну және мойындау сол халықтың болмысын тануға ұмтылдырады. Сонымен қатар белгілі бір этникалық топқа жататын тұлға мен қоғамның өзге халықтардан айырмашылығын көрсетеді.
Көптеген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл мәселеде тұлға мен қоғамның тұтастығы, ұлттық сананың өзіндік спецификасы айқындалады. Жалпы ұлттық сананың мазмұны ұлттың ділін, көзқарасы мен әлеуметтік ахуалын, халықтық мәдениеттің ерекшеліктерін сезінуге негізделген.
XXI ғасырдағы қазақстандық кинематография қоғамның, жеке тұлғаның, жалпы халықтың рухани дамуы жолындағы көркемдік ізденістері мен оның маңыздылығы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және жеткізу барысында қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанымен айқындалады. Осы жолда ұлттық кинематографияның феномені саналатын Абай әндері, Атаманның ақыры, Транссібір эксперсі, Қан мен тер сияқты т.б. кинокартиналар көпшіліктің бойына ұлттық идеяны сіңіру үрдісін атқарады. Қазіргі зерттеу- сараптау жұмыстары бүгінгі қазақстандық кинематографияның халықтық мәдени дәстүрлерді тікелей көшіруден бас тартып, негізгі ой-идеяны заманауи талаптарға сай жаңаша көзқараспен жеткізуді көздейтінін байқатып отыр. Алайда бұл жерде ең бастысы ұлттық тіл сол қаймағы бұзылмаған күйінде сақталуы тиіс. Неміс зерттеушісі Рау Йоханес: Для родного языка характерно выражение особой жизни и особого способа мышления. Он несет в себе невидимые отпечатки давно забытых чувств и событий. Через родное формируется чувство патриотизма и национализма, любовь к своей стране и культуре. Целенаправленное ослабление роли национального языка - прямой путь к духовной деградации, к шаблонному однообразию, к принижению достоинства независимого государства [118, С. 25-26], - деп жазған. Демек, ұлттық болмыс пен сана әрбір халықтың өзіндік этникалық бояуының жеке белгісін сақтап, мәдени, тілдік, менталитеттік ерекшелігін мойындаған кезде ғана дәстүрлік нышандармен тығыз байланыста дамиды. Сөйтіп, жаңа уақыттың сұранысына бағытталған жаңашыл ой-тұжырымды, жаһандық мәдениеттің алғышарттарын қалыптастырады.
Қазіргі кезеңдегі қазақ қоғамында ұлттық мәдениетті одан әрі дамытуға халықтың рухани нанымы аса маңызды болып отыр. Белгілі бір елдің мәдениеті тек ұлттық құндылықтармен ғана сипатталмайды, оның жалғасын табуымен де бағаланады. Әрине қазақ халқы өзіне тән ұлттық салт-санасынан мүлде қол үзіп қалған халық емес. Сай-салада шоғырлана қоныстанған дала жұрты ұлттық дәстүрдің қасиетті тамырынан нәр алды және өзі құдіретті санайтын сол нәрдің жалғасы бүгінге жетіп отыр. Ұлттық болмысты философия ғылымдарының докторы, профессор Фуад Эфендиев өзінің Этнокультура и национальное самосознание атты еңбегінде: Определение национального характера представляет собой многие стороны жизни национальных общностей, воплощает многообразие индивидуального, особенного, отдельного, охватывает все богатство материальной и духовной жизни нации. При этом надо учитывать и другое, что особенное и общее, национальное и инонациональное явления, органически взаимосвязанные. Утверждение инонационального, общего в национальном - одна из важных закономерностей духовного развития общества [119], - деп жазады. Шынында, ұлттық мінез бен дәстүр сол ұлттың материалдық және рухани өміріндегі басты
құндылықтармен өлшенеді. Өйткені бұл тарихи жүйесімен, әлеуметтік ұстанымымен, өзіндік наным-сенімімен өзгеше. Сол сияқты ұлттық болмыс бір халықты екінші халықтан ойлау жағынан, ділі мен рухани дамуы тұрғысынан ерекшелендіріп тұрады.
Көптеген зерттеушілердің ғылыми тұжырымы бойынша ұлттық сана дамуының жетекші күші тамыры тереңде жатқан халықтық сипаттар барысында тәрбиеленеді. Халықтық дәстүрдің адамгершілік тәрбие үдерісіндегі маңыздылығын тереңнен зерттеу жалпыұлттық және жалпыадамзаттық болмысқа қатысты екенін білдіреді. Жалпы ұлттық сананың әрбір тұлғаның туған жеріне деген махаббаты, құрметі, дәстүр-салтына деген ықыласы, патриоттық сезімі, гуманистік ұстанымы сияқты маңызды сипаттамалармен қосылғанда мәнінің арта түсетіні белгілі. Мұны орыс халқының ұлы жазушысы Лев Толстой: Язык должен быть не только понятный или простонародный, но язык должен быть хороший. Красота или скорее доброта языка может быть рассматриваема в двух отношениях. В отношении самых слов употребляемых и в отношении их сочетания. В отношении слов, ежели я скажу, что надо употреблять слова - великолепный, относя его к голосу или нравственным качествам человека, а говорить хороший, прекрасный, не говорить щедрый, а говорить простый, не говорить квиты, а просты, то я советую не то чтобы употреблять простонародные, мужицкие и понятные слова, а советую употреблять неточные, неясные, несообразные слова [120,С. 32-33.], - деп түсіндірген болатын. Жазушының тұжырымында ана тіл, туған жер және адам - үш тағаны бір-бірінен ешқашан ажырамайтын біртұстас дүние саналатындығы айқын көрініс тапқан.
Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, қарастырылып отырған мәселе, яғни ұлттық сана ең алдымен халықтың рухани-мәдени дамуының жоғары деңгейі арқылы алға жылжудың тарихи үдерісінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен құндылықтар болып табылады.
Осы тұста Елбасының: Формирование национального самосознания происходит прерывисто, под влиянием мощных внешних воздействий, иногда
замирало на десятилетия. К тому же единая эволюционная линия не раз пересекалась. Практически институциональная защита казахской культуры и языка не достигали даже минимально необходимого уровня, что приводило к своего рода анемии всех жизненных органов, необходимых для полноценного воспроизводства этнокультурной жизни. Все это реальная наша история и трезвое понимание этих обстоятельств чрезвычайно важно для диагноза современного состояния казахского самосознания. Многие, без преувеличения, надломы связаны с огромными инерционными моментами, отражающими часто влияние даже не последних десятилетий, но целых столетий [116, С. 75],
- деген сөзі ойға оралады. Зерттеушілердің тұжырымы да ұлт көшбасшысының осы ойымен ұштасып, кез келген ұлт үшін өз ана тілінің маңыздылығына басымдық береді.
Негізінен ұлттық сананың даму сатылары ана тілінің сақталуымен немесе оның жетілдірілуімен ғана сипатталмайды, халықтың өмірінде болып жатқан
барлық қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени өзгерістермен де жаңарып отырады. Мұны саралау мәселесі халықтың мәдени дәстүрлерінің қайта жандануы жолындағы оң көзқараспен тығыз байланысты. Ұлттық болмыстың, мәдениет пен руханияттың қайта жаңғыруының басты міндеті қоғамның және жекелеген ұлыстардың дамуы үшін маңызды саналатын халықтық өзгешеліктің, даралықтың, табиғи тазалықтың белгілерін сақтауына келіп тіреледі. ...Народы обязаны беречь свое национальное достоинство, ибо только в этом они могут внести в общую сокровищницу народов что-то свое, неповторимое, без чего невозможно мировое единство... Тот, кто забывает об этом, не только ущемляет национальные чувства другого народа, но и наносит ущерб самому себе, ибо отказывается от того, что принадлежит всем [119, С. 76], - деп жазады Ф.С.Эфендиев. Расында да бүгінгі жаһандық құрылымның ішінде дара ұлт ретіндегі өзіндік көзқарасын, ұстанымын, ұлттық кодын, тілі мен ділін айқын көрсетіп отырған халықтың ғана болашағы айқын болмақ.
Ұлттық сана эволюциясының ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен әсер ететіні белгілі. Қазақстанның XXI ғасырға аяқ басуы елдегі саяси- экономикалық, әдеби-ғылыми және мәдени салаларда пайда болған өзгерістермен айқындалды. Ал, ұлттық идея және оған сенім халықтың өзіне тән қасиеттері мен рухани құндылықтарын жалғастыруда негізгі шарт болып саналады. Ұлттық идеяны түсіну, оны түйсіну және тәуелсіздік жылдарындағы шығармашылығын сол бағытқа бұру қазақ кинематографиясында айқын көрініс тапты. Қазақстандық киногерлер жасаған дүниелердің көпшілігінде ұлттық реңк айқын көрінеді. Шәкен Айманов, Сұлтан Ходжиков, Абдулла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сатыпалды Нарымбетов, Дамир Манабай және басқа режиссерлер түсірген кинолардың тақырыбы осы ұлттық сана төңірегінде сөз қозғайды.
Оқиғаның динамикалық өрістеуін, кейіпкер мінезіндегі эмоциялық өзгерістерді, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет арқылы бейнені шынайы ашу жолында қарқынды жұмыс жасап жүрген режиссердің бірі - Дамир Манабай. Оның 1932 жылдың нәубетін, қазақ даласында болған ашаршылық тақырыбын қаймықпай жазған жазушы С.Елубайдың Ақ боз үй романы бойынша 1991 жылы түсірілген Сұрапыл Сұржекей фильмінде қызылдардың басқыншылығы, халықтың басынан өткен зорлық пен зұлматқа толы кезең, кеңестік өкіметтің (еріксіз) орыстандыру дейтін сотқар саясаты, қазіргі уақытта қазақтың жан жарасына айналған, екі жарым миллион қазақтың ажалына себепші болған ашаршылық уақыттың сұмдық көрінісі тарихи шындықпен көрсетіледі. Шығармада баяндалған аласапыран күй көнгенін жалшы ететін, көнбегенін ажал құштыратын зар заманды қолдан жасаған ұлы нәубет еді. Алайда мұнда ұйып отырған бейбіт елдің тыныштығын бұзып, өлім періштесі атанған Сұржекейлерді өз халқына қарсы қойған, туған перзентін өз қолымен тұншықтыруға мәжбүр еткен зұлым Голощекин бейнесінің ашық берілмеуі өкінішті. Қалай болғанда да қазақ жүріп өткен тарихи жолдың ащы шындығы айқын көрінген аталмыш фильмнің бүгінгі қазақ кино өнеріндегі үлкен жетістік
екендігі даусыз. Себебі, мұндай шығармалар өскелең ұрпақтың ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, қастық пен достықты ажырата алуына мүмкіндік береді.
Заманауи кинематографияның ұлттық сананы дамыту, бүгінгі рухани- мәдени құндылықтарды сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу идеяларына көңіл аударуы жаңа көзқарастан, жаңаша ойлап, ұтымды тұжырым жасай алу мүмкіндігінен туындайды. Осы мәселені қарастыру арқылы қазақ халқының тарихи даму жолының бүгінгі сатысындағы қазақстандық кинематографияның феноменін айқындайды. Сондықтан ұлттық идея мен ұлттық сананың дамуы, қазақ халқының рухани өсу қазақстандық кинематография көтеріп отырған мәселелермен тығыз байланысты.
Сонымен қатар бай рухани мұраны бүгінгі күннің көкжиегінде бағалау дәстүрлі мәдениет шекарасын ұлғайтуға және жаңа мәдени кеңістікке өтуге жол ашады. Мұның негізі мәнін философ Жақан Молдабеков: Қазақ шешендерінің қалдырған мұраларына үңілсек, адамның шынайы мәні оның руханилығында екендігі айқын көрінеді. Шешеннің руханилығы, оның тұлғалық тұтастығы мен тазалығында, өз басынан өткерген азаматтық жолында. Оның қуаты - адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасында, сыртқы әлемге деген көзқарасында, мұраға деген ішкі дайындығында. Осы тұрғыдан алғанда руханилық ұғым ретінде өзінің шынайы мәніне ие болды [31, 169 б.], - деп түсіндірген. Яғни, ұлттық өзіндік сана өзін ғана сезіну үлгісінде көрінуі тиіс. Жалпы ұлттық болмыс пен сана тұлғаның, әсіресе тарихи-мәдени қауымдастықтың ортасында өмір сүріп, бой түзеп келе жатқан жас баланың тұлға болып қалыптасуында, қоғамның тұтқасын нық ұстай алуында маңызы зор.
Жалпы оқиға желісінде ұлттық болмысы, ұлттық идеясы, ұлттық ойы бар қазақ фильмдерінің арасында ұтымды сюжетке, мағыналы идеяға, қызықты әрі қисынды ситуацияға құралған фильмдер аз емес. Мысалы, Абылай хан,
Қазақтар, Көшпенділер, т.б. Бұл шығармаларда жаугершілік уақыттың талабына байланысты үш жүзге бөлінген қазақтың басын біріктіріп, тарихта батыр халық ретінде танылған жоңғарды тізе бүктірген ұлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz