Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:Ғылыми физика
Тақырыбы: Президенттің "Интеллектуалды ұлт-2020" бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
Орындаған: Шорабек А.
Тобы: ЕП-20-3к4
Қабылдаған: Сарсебай К.
Шымкент 2020
1 сайт: https:www.inform.kzkzintellektu aldy-azamat-kalyptastyru-gylymi-kau ymga-zhukteledi-g-sultanbaeva_a2853 445
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2008 жылдан бастап, Елбасының идеясымен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басым бағыттары: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу болып отыр.
Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген еді. Бүгін де осы мақсатқа жету үшін еліміздің ғылыми элитасы қоғамды зерттеп, оның интеллектуалды әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келеді. Сондағы ғалымдардың бірі әрі бірегейі əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз жəне электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның пікірін білген едік.
Профессордың айтуынша, Қазақстан халқының интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары. Біз өмір сүріп отырған қоғам жаңа талаптар мен міндеттерді ұсынуда. Оның басты себебі неде? Ақпарат немесе білім қоғамы ғылым мен технологияны, сондай-ақ олардың қоғаммен байланысын мүлдем жаңа арнаға бұрды. Ғылыми-техникалық жетістіктердің жылдам қарқын алуы азаматтардың қоғамдық болмысы мен қоғамдық санасын өзгертті, жаңа құндылықтар пайда болды. Қазіргі заманғы ғылым жаңа технологияларды өндірумен қатар, қоғамның рухани құндылықтарына бағытталған жаңа саланы - гуманитарлық технология саласын дүниеге əкелді. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамының интеллектуалдық əлеуетінің дамуы жəне өзекті проблемалары зерттеліп, талдау жүргізіле бастады. Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтардың заманауи қағидаларын талдау, қажетін қабылдау, құндылығын сақтау, дəстүрін жалғастыру - жаңа заманның, өрлеуге бет бұрған қазақ елінің басты мақсаты, айқын мұраты. Ақпараттық қоғам немесе индустриалдық қоғамның дамуын тереңірек зерделеуде өзге елдердің тəжірибесіне сүйенеріміз анық. Дегенмен өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымыз, ұлттық интеллектіміз бен əлеуетімізді тек өзіміз құраймыз, өзіміз жасаймыз жəне ол тек бізге керек, - дейді Гүлмира Серікбайқызы.
Алайда, интеллектуалдылық бірден қалыптаса қоймайтын қасиет. Әрбір адамның интеллектуалдылығын арттыру үшін соған сай орта қалыптастыру керек екендігін алға тартады. Адамның интеллектуалды əлеуетін инвестиция ретінде қарастыру үшін де бізге сол адамды интеллектуалды азамат ретінде қалыптастыру керек жəне оның интеллектуал болып өсуі үшін де салым салу керек. Салым дегеніміз, сол азаматтың зерделі де сергек, зерек те зиялы болып өсіп, қалыптасуына қажет қаржылық-материалдық, рухани-мəдени, өнегелі-тəрбиелік ортаны жасай білу дегеніміз. Сонда ғана қоғамға интеллектуалды азамат өз тарапынан қарымын қайтара еңбек етеді. Бұл тұрғыда біздің əлеуетіміз қаншалықты деп сұрамастан бізді басқалар атап көрсетіп, нысана етерліктей қашан жоғары деңгейде дамимыз деген сұрақтың жауабына жетуіміз керек. Мұның өзін таяуда Елбасы бағдарламалық мақаласында нақтылап берді: Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың əл-ауқатқа жəне жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.
Қазақстан ғылымында адам капиталының дамуы мен интеллектуалды қоғам əлеуетін арттыруға арналған гуманитарлық технология саласы бойынша зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай зерттеулердің бастауында профессор Сұлтанбаеваның да тұрғанын атап өту керек. Бұл мəселеге жаңа дем беріп отырғаны рас. Жəне де елімізде ұлттың интеллектуалдық капиталы қалыптасуына бағытталған мемлекеттік реформалардың тиімді жүзеге асуына қатысты гуманитарлық базис əзірленуіне, сараптамалар жүргізілуіне ықпал етерлік ғылыми орта қалыптастыратыны тағы бар. Елбасы қолдауымен іске асқан зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің құрылуы осы саладағы зерттеулерді жүргізудің балама құрылымдары болып табылады.
Дегенмен де, әлі күнге дейін елімізде гуманитарлық зерттеулер жүргізудің өзіндік проблемалары бар. Бұл туралы профессор: Қазақстандық қоғамдық-саяси ғылым саласында гуманитарлық технологиялар саласын зерттеудің əлсіз жағы басымырақ. Өйткені, бізде бұл ғылым саласы жайлы əлі жалпы түсінік қалыптасып үлгермеген. Зерттеу жағынан кенже ғылым болып табылады. Оның үстіне бізде гуманитарлық технология саласында интеллектуалдық ұлт қалыптастыруға бағытталған гуманитарлық құралдарды басқаруда кешенді зерттеу орталықтары, зертханалары жоқ, дейді.
Бірақ соған қарамастан, қазіргі таңда профессор Г.Сұлтанбаеваның жетекшілігімен бір топ ғалымдар мен студенттер Елдің интеллектуалды әлеуеті мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді. Елбасы Интеллектуалдық ұлт - 2020 жобасын жариялағаннан бері Білім және ғылым министрлігі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыра бастаған еді. Ғылыми жоба аясында Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы қолдауымен алғаш рет журналистика факультеті студенттерінің Қазақ елі ғылыми экспедициясы еліміздің шет аймақтарында екі жыл қатарынан зерттеулер жүргізді. Бұл ғылыми жорық нәтижесінде Қазақ халқының тарихи-семиотикалық құндылықтары атласы әзірленді. Бұл құжат ғылыми монографияға еніп, ЮНЕСКО-ның мәдени бағдарламасына табыс етілді. Жастардың туған жерінің мәдени құндылықтарын зерттеуде, бағалауда, оны құрметтеуде мұндай жобалардың қоғамдық мәні ерекше. Ғылыми жорық сапарға шығар алдында жыл сайын бүкіл қазақ жастары белсене қатысқан әлеуметтік желілердегі Ауылға хат ақпараттық науқанын өткізу де нәтижесін беріп отыр. Екі жыл бойына ел-елден келген хаттардың үздік топтамасы таяуда баспадан жарық көрді. Ауыл - қазақ өркениетінің ошағы.
Сондықтан да жастардың ауылды құрметтеуі, ауыл өмірі мен тіршілігіне үн қатуы бүгінгі қазақ қоғамы үшін рухани қолдау! Сондықтан да, Интеллектуалды ұлт- 2020 жобасы ел азаматтарының әлеуетін арттырып, сауатты да саналы қоғам құру үшін алдына міндеттер де қоюы тиіс. Бұл, ең алдымен, ғалымдар мен білім беру саласының мамандарына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Профессор Г.Сұлтанбаева да бұл ойды қолдайды: Қазақстандық ғалымдардың алдында гуманитарлық технологияларды зерттеу, оның мүмкіндіктерін қарастыру, нəтижелерін интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жарату міндеті тұр. Бұл міндеттер озық ойлы, ізгі ниетті ғылыми қауымға интеллектуалды азамат қалыптастыру, олардың шешім қабылдау процесіне қатысуын белсендіру, адам мен қоғам арасындағы сенімді арттыру сияқты талаптарды жүктейді, - деді ол.
2 сайт: https:www.uniface.kzindex.php?po st=article§ion=4&id=26
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты -- адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
:: Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
:: Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
:: Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz