Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі . . . 5

1. 1. Кәсіпорынның экономикалық қызметіндегі инвестициялардың мәні мен қажеттілігі . . . 5

1. 2. Инвестиция түрлері және инвестициялық қызметтің түсініктері . . . 8

2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру көздерін талдау . . . 13

2. 1. Инвестициялық қызметті қаржыландыру түрлері . . . 13

2. 2. Меншікті қаражаттар капиталы инвестициялық қызметті қаржыландыру көзі ретінде . 16

2. 3. Қарыздық және тартылған қаражаттар . . . 22

3. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты . . . 25

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32

KІРІСПЕ

Инвестициялық қызмет экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Отандық экономикалық дағдарыстан шығару ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтіру мен байланысты. Инвестициялық процесті мемлекеттік реттеу шетелдік кәсіпкерлік капиталды кеңінен, сонымен қатар ел ішіндегі жинақтау көздерін ынталандыруға бағытталған.

Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестицияларды тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және әсіресе көшпелі экономикалы елде, оның ішінде Қазақстанның да болашағын анықтайды.

Қазақстан экономикасының дамуы көптеген кәсіпорындардың туындауы мен құрылуын, сонымен қатар қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымды жандандыруды қажет етеді. Бұл өз кезегінде елге маңызды инвестицияларды тарту ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді қолдануды талап етеді.

Инвестициялық климатты үлгілеу шетелдік инвестицияларды тартуда және қолдануда мемлекеттік саясатты өңдеудің маңызды буыны болып табылады, себебі ол біріншіден, шетелдік инвесторға әсер ететін факторлардың жүйелік көрінісін береді; екіншіден шетелдік әріптестің іс-әрекетін сезінуге мүмкіндік береді. Аймақта жағымды инвестициялық климат құру - бұл осы кезеңде аймақта инвестициялық климатты бағалауды салыстырмалы талдау негізі болып табылатын, әртүрлі шаралардың көрсеткіштердің салыстырмалы жүйесінің толық кешені болып табылады.

2030 жылға дейін Қазастан Республикасының дамуының стратегиялық міндеттері арасында экономикалық өсімнің көзі ретінде ішкі инвестицияға бағытталу, халықаралық бірлестікке интеграция, шетелдік капитал үшін ел экономикасының ашықтылығына көп көңіл бөлінеді. Экономиканың нақты саласына инвестициялық капиталдың құйылуын қамтамасыз ету экнономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады.

Шетелдік капиталды тарту аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуын ынталандырады, ал ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бюджетке қаражаттар аударымдарының негізгі көздерінің бірі болып табылады және біздің аймақтың экономикасының басқа салаларының дамуына әсер етеді. Аймақтың өнеркәсібін шетелдік инвестициялаудың үнемі дамып отыратын бағдарламаларымен қатар, ішкі отандық инвесторлар туралы да ұмытуға болмайды. Елдегі ең ірі әлуетті инвестор ретінде республика тұрғындары танылады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық әлеуеті өте жоғары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикасына негізделетін әртүрлі эксперттік бағалау бойынша тұрғындардың құпия жинақтарының көлемі үш миллиард АҚШ доллары көлемінде Орталық Қазақстан, аймағында олардың ішкі көздерінің инвестициялардың тарту мақсатында Орталық Қазақстандық қор биржасы құрылып, Алматы қаласында орналастырылды.

Бұл шаралар қаржылық капиталды салааралық және аймақтық тиімді бөлуге, республиканың шығыс және орталық аймақтарында өндірістік өсімін және инфрақұрылымды дамыту үшін қосымша қаржылық ресурстарды жандандыруға әсер етеді, ол сәйкесінше аймақтарға жағымды инвестициялық климат құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, қазіргі кезде жағымды инвестициялық климатты құрудың аймақтық шарттары аймақты дамытуда маңызды роль атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты - инвестициялық қызметті қаржыландыру көздеріне талдау жасау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • инвестициялардың экономикалық мазмұнына шолу;
  • кәсіпорынға инвестициялардың қажеттілігін талдау;
  • кәсіпорынның инвестициялық қызметті қаржыландыру көздеріне зерттеу жүргізу;
  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты қарастыру;

Осы жұмысты орындаудың әдістемелік, теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КӘсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі

1. 1 Кәсіпорынның экономикалық қызметіндегі инвестициялардың мәні мен қажеттілігі

Инвестициялар - бұл пайда (табыс) алу және әлеуметтік әсерге жету мақсатында кәсіпкерлік объект және қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, үлестер, акциялар және басқа да құнда қағаздар, технологиялар, машиналар мен құрал-жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілер, несиелер, кез-келген басқа мүлік және мүліктік құқықтар, интеллектуалдық құндылықтар болып табылады.

Қаржылық анықтама бойынша, инвестициялар - табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтер (қаражаттар) түрлері; экономикалық анықтама бойынша, инвестициялар - бұл негізгі және айналым капиталын құруға, кеңейтуге, қайта құруға және техникалық қайта қаруландыруға шығындар болып табылады.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Сонымен қатар инвестициялар, ереже бойынша қайта өндірушілік қормен байланысты қарастырылады, себебі инвестициялық циклдің аяқталуы негізгі іс әрекетке негізгі қорлармен өндірістік күштерді енгізумен сипатталады. Ал шығындық тұрғыда инвестициялар негізгі қорларды қайта өндіру, оларды ұлғайту, жаңарту үрдісіне шығындар негізінде түсініледі. Бұл тұрғы бойынша инвестиция теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да үлкен басымдыққа ие болады, себебі, ол шаруашылық механизмнің әкімшілік- басқарушлық шарттарында қызмет етеді.

Қазақстан экономикасындағы нарықтық қатынастардың дамуы «инвестиция» категорисын жаңа жағынан қарауға мүмкіндік берді. Инвестицияның мағынасын түсінуге нарықтық тұрғылардың сипатты белгілері мыналар:

- инвестициялық қызметті ынталандыру негізінде инвестицияны табыс алумен байланыстыру;

- инвестицияны екі жақтан қарастыру (капиталдық құндылықтар ) және салымдар

(шығындар) ;

- инвестицияның талдануы статистикада емес динамикада, бұл инвестиция категориясышегінде ресурстарды салым ретінде салып, одан қайтарым алу;

- инвестициялау құрамына кез-келген экономикалық әсер беретін салымдарды қосу.

Осылайша, инвестицияға мынадай кең түсінік беруге болады: инвестиция - бұл капиталдың түрлерінің ауысуының қарқынды үрдісі, алғашқы ресурстар мен құндылықтардың инвестициялық шығындарға жатқызылып, салынған құралдардың капиталдық өсімге айналып, табыс немесе әлеуметтік әсер түрінде қайтарылуы. . Инвестициялар - нақты және ақшалық капиталға салым болып табылады. Олар ақшалай құралдар, несиелер, құнды қағаздар түрінде жүзеге асырылып, сонымен қатар қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерге, интеллектуалдық құндылықтарға, мүліктік құқықтарға және басқа да құндылықтарға салынады.

«Инвестиция» түсінігімен «инвестициялық қызмет» түсінігі де тығыз байланысты. «Инвестициялық қызмет» түсінігіне кең және қысқа түсінік беруге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет - бұл табыс алу мақсатында инвестициялау объектілеріне құралдарды салумен байланысты қызмет. Ал қысқа мағынада инвестициялық қызмет немесе инвестициялау инвестициялық ресурстардың салымдарға айналуына білдіреді.

Инвестициялардың қозғалысы екі негізгі кезеңді біріктіреді. Бірінші кезеңнің мазмұны - «инвестициялық ресурстар - құралдар салымы» - инвестициялық қызметтің өзі болып табылады. Екінші кезең- «құралдар салымы - инвестициялау нәтижесі» инвестицияларды қолдану нәтижесінде табыс алу мен жүзеге асырылға шығындардың ақталуы. Ол дегеніміз кез-келген экономикалық қызметтің қажетті элементтерінің бірі шығын мен қайтарылымның өзара байланыстылығымен шартталады.

Инвестициялық қызмет - шаруашылық етуші субъектінің құралдарының айналымының жеке және қажетті шарты болып табылады. Өз кезегінде өндіріс саласында қызмет ету жаңа инвестицияларға жол ашады. Осы көзқараста кез-келген кәсіпкерліктің түрі өзіне инвестициялық және негізгі қызметті енгізеді. Салыстырмалы салаларда қызмет ете отырып, инвестициялық және негізгі қызмет бірі экономикалық үрдісте бір -бірімен тығыз байланысты.

Инвестициялық қызметті құрылымдық талдау позициясынан талдағанда келесі негізгі

элементтер бірлігінде қарстыруға болады: инвестициялау объектісі, субъектісі және меншікті экономикалық қатынастар. Инвестициялық қызметтің субъектілерін бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады, олардың негізгілері 1-ші кестеде келтірілген:

Кесте 1

Инвестициялық қызмет субъектілерінің жіктелуі

Жіктелуші белгісі
Субъект түрі
Жіктелуші белгісі: 1. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысындағы ролі
Субъект түрі:

1. 1 Инвестор

1. 2 Тапсырыс беруші

1. 3 Мердігер

1. 4 Инвестициялық қызметтің объектілерін қолданушылар

Жіктелуші белгісі: 2. Инвестициялау мақсаттары
Субъект түрі:

2. 1 Стратегиялық инвесторлар

2. 2 Портфельдік инвесторлар

Жіктелуші белгісі: 3. Ұйымдасу түрі
Субъект түрі:

3. 1 Жеке тұлғалар

3. 2 Заңды тұлғалар

Жіктелуші белгісі: 4. Резиденттерге бөлінуі
Субъект түрі:

4. 1 Қазақстан Республикасының субъектілері

4. 2 Шетелдік субъектілер

* қолданылған әдістеме /№ 9, 24-бет/

Инвестициялық қызметтің негізгі субъектісі - бұл инвестор. Инвесторлар ретінде салымшылар, сатып алушылар, тапсырыс берушілер, кредиторлар және да инвестициялық қызметке қатысушылардың барлығы бола алады.

Ал объектісі жағынан қарағанда инвестициялар екі жақты сипатқа ие. Бір жағынан олар қолданылмаған табыстар негізіндегі инвестициялық ресурстар ретінде болса, екінші жағынан кәсіпкерлік қызметке салым және капиталдық мүліктің өсімін білдіретін салымдарды (шығындарды) білдіреді.

Ресурстар құрамында, яғни кәсіпкерлік немесе басқа да қызмет түрлеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар ретінде бола отырып, келесідей инвестиция топтарына бірігеді:

- ақша құралдары және қаржылық құрал - жабдықтар ( мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар, және басқа да құнды қағаздар) ;

  • материалды құндылықтар (ғимараттар, құрал жабдықтар, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, материалдық емес активтер, құралдар, ) ;
  • мүліктік және басқа да интеллектуалды ақшалай бағамға ие құндылықтар (материалдық емес активтер) .

Шығын көзқарасынан инвестициялар инвестициялық қызметтің объектісі ретінде қызмет етеді. Олар келесілерді енгізеді:

  • негізгі және айналымдағы капитал;
  • құнды қағаздар және мақсатты ақшалай салымдар:
  • материалды емес активтер.

Инвестицияларды әр түрлі формаларда барлық құрылымдық экономика салаларында жүзеге асыру жиынтығы мен қарым қатынастар инвестициялық саланың экономикалық түсінігінің мәнін ашады. Инвестициялық сала экономикалық жүйеснің маңызды элементі болып табылады, және тек осы жерде экономиканың маңызды пропорциялары құрылады, яғни жинақтау мен тұтыну арасында, жинақтау мен инвестициялаудың арасында, инвестициялау мен капиталдық құндылықтардың өсімінің арасында, салым мен оның ақталуы арасында және барлық салааралық құрылымда осындай қатынастар орын алады.

1. 2 Инвестиция түрлері және инвестициялық қызметтің түсініктері

Инвестициялар әр түрлі түрде жүзеге асырылады. Олар инвестицияны талдау мен жоспарлау мақсатында белгілі жіктеуге байланысты топтастырылуы мүмкін. Инвестициялардың жіктелуі оның негізіне салынған критерилерге байланысты болады.

Инвестицияны жіктегендегі басты жктеушілік белгісі болып құралдарды салу объектісі табылады. Осы критерийге сәйкес инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді.

Нақты капиталға инвестициялар (оларда капитал құрайтын немесе қаржылық емес активтер дпе атайды) негізгі капиталды жаңартуға немесе қайта өндіріске қолданылады. Нақты инвестициялар - нақты капиталды өсімін қамтамасыз ететін экономикалық қызметтің түрі мен экономика саласына салымды білдіреді. Бұл топқа негізгі капиталға инвестициялар, капиталдық жөндеуге шығындар, жер учаскелерін алуға инвестициялар, материалды емес активтерге инвестициялар, тауарлық материалдық құндылықтардың өсіміне инвестициялар жатады.

Қаржылық инвестициялар - ақша құралдарының, материалдық және басқа да құндылықтардың басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарына, мемлекеттік және жергілікті қарыздың пайыздық облигацияларына, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына салымдар. Мұндай салымдар өз бетімен нақты заттай капиталдың өсімін бермесе де, табыс әкелуге қабілеті бар. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың бағамының өзгеруі барысында алып-сатарлық пайда әкеледі.

Инвестициялау мақсаты бойынша тікелей және портфельдік инвестициялар болады.

Тікелей инвестициялар - кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салым ретінде және тікелей инвестиция объектісін бақылауда ұстау мақсатында жүзеге асрылады. Олар тек пайда алу үшін ғана емес, сонымен қатар, болашақ қаржылық қызығушылықтарды қамтамасыз ете отырып, саланың дамуы мен кеңеюіне бағытталған . ҚР-ғы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау»заңы бойынша тікелей инвестициялар- республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

Қоржындық инвестициялар - табыс алу және тәуекелді диверсификациялау мақсатында экономикалық активтергесалынған құралдарды білдіреді. Ереже бойынша, портфельдік инвестициялар басқа да активтер мен әр түрлі бағалы қағаздар эмитенттеріне салымдар болып табылады. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Мерзімдері бойынша қысқа, орта, және ұзақ мерзімді инвестициялар болады.

Қысқа мерзімді инвестицияларға көбінесе бір жылға дейінгі инвестиция салымдары жатады. Бұл инвестициялар, әдетті, алып-сатарлық сипатқа ие. Орта мерзімді инвестициялар бір жылдан үш жылға дейінгі мерзім аралығын қамтиды. Ұзақ мерзімлі инвестициялар үш жылдан жоғары мерзімге салынады.

Меншік түріне байланысты инвестициялық ресурстарды жеке, мемлекеттік, шетелдік және аралас деп бөледі.

Жеке инвестициялар жеке инвесторлардың: азаматтардың, мемлекеттік емес кәсіпорындардың салымдарын атайды.

Мемлекеттік инвестициялар - бұлар мемлекеттік билік және басқару органдарымен және мемлекеттік түрдегі кәсіпорындармен жүзеге асырылатын инвестициялары.

Шетелдік инвестициялар шетел азаматтарының, фирмаларының, ұйымдарының мемлекеттерінің салымдарын атайды.

Аралас инвестициялар ретінде отандық және шетелдік экономикалық субъектілерімен бірігіп жүзеге асырылатын салымдар түсініледі.

Аудандық белгісі бойынша инвестициялар ішкі және шетелдік болып бөлінеді.

Ішкі инвестициялар берілген мемлекеттің ішінде жүргізілетін инвестиция объектілеріне салымдар болып табылады.

Шетелде салым ретінде берілген мемлекеттің территориясынан тыс орналастырылған құралдар түсініледі.

Салалық белгісі бойынша экономиканың әртүрлі салалыран инвестициялар түсініледі: өндіріске (отындық, энергетикалық, химиялық, мұнайлық химиялық, тағамдық, жеңіл, ағаш өнеркәсібі және т. б. ), ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлік және байланысқа, саудаға инвестициялар болып бөлінеді.

Тәуекелделігі бойынша инвестициялар агрессивті, орташа, және консервативті болып бөлінеді.

Агрессивті инвестициялар жоғары тәуекелділік деңгейімен, жоғары пайдалалағымен және төмен өтімділікпен сипатталады.

Орташа инвестициялар тәуекел деңгейінің орташа деңгейімен жеткілікті пайдалалықпен және өтімділікпен сипатталады.

Консервативті инвестициялар төмен тәуекел деңгейімен, сенімді, және өтімділікпен сипатталады. Инвестициялардың жіктелуі 2- кестеде көрсетілген:

Кесте 2

Инвестициялардың жіктелуі

Жіктелуші белгісі
Инвестиция түрлері
Жіктелуші белгісі: Салым объектісі бойынша
Инвестиция түрлері:

Нақты

Қаржылық

Жіктелуші белгісі: Салым мерзімі бойынша
Инвестиция түрлері:

Қысқа мерзімді

Орта мерзімді

Ұзақ мерзімді

Жіктелуші белгісі: Инвестициялау мақсаты бойынша
Инвестиция түрлері:

Тікелей

Қоржындық

Жіктелуші белгісі: Салым сферасы бойынша
Инвестиция түрлері:

Өндірістік

Өндірістік емес

Жіктелуші белгісі: Инвестициялық ресурстарға меншік түрі бойынша
Инвестиция түрлері:

Жеке

Мемлекеттік

Шетелдік

Аралас

Жіктелуші белгісі: Аудандар бойынша
Инвестиция түрлері:

Мемлекет ішінде

Шетелде

Жіктелуші белгісі: Тәуекелі бойынша
Инвестиция түрлері:

Агрессивті

Орташа

Консервативті

* қолданылған әдістеме /№ 10, 41-бет/

Реинвестициялар - бұл өндірістің жаңа құралдарын алуға немесе дайындауға, және басқа да мақсаттарға қорлдаылатын қайта босаған инвестициялық ресурстар. Мұндай инвестициялар қолданыстағы объектілерді жаңаға айырбастау технологиялық құрал-жабдықты немесе процестерді тиімді қолдану және жандандыруға, өнім көлемін өзгертуге, номенклатураның өзгерісімен байланысты диверсификацияға, өнімнің жаңа түрлерін құруға, тұрмыстық жаңалықтарын ұйымдастыруға, болашақта кәсіпорындардың өмір сүруін қамтамасыз етуге (мысалы, жарнама, қоршаған ортаны қорғау және т. б) бағытталуы мүмкін.

Сонымен қатар, тағы бір инвестиция түрі ол тезаврациондық инвестиция түрі. Бұл инвестиция түріне қазыналарды жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын инвестициялар жатқызылады. Олар өзіне мына салымдарды енгізеді:

  • алтынға, күміске, басқа да бағалы металдарға, асыл тастарға, салымдар;
  • коллекциялық сұранысқа ие заттар.

Бұл инвестиция түрінде ағымдық табыс болмайды. Мұндай инвестициялардан түсім тек инветициялау объектілерінің өзінің құнының өсімінен, яғни сатып алу мен сатудағы бағаның айырмашылығынан болады.

Негізгі капиталдың мөлшерін ұлғайтатын және оны жандандыруға бағытталатын жаңа ивестициялар сомасы жалпы инвестицияларды құрайды.

Қызмет ететін кәсіпорындардың қуаттылығын қайта қорландыруға және кеңейтуге, қолданылған қаражаттардың орнын толтыруға, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес

мақсаттағы негізгі қорларды алуға бағытталған, оларды қаржыландырудың көздеріне байланыссыз шығындар ұзақ мерзімді инвестицияларға жатады.

Олар үнемі нақты және келесі формаларда іске асырыла алады: өндірістік емес саланың объектілерін және қызмет атқарушы кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, кеңейту, қайта құру, ; табиғатты қорғау объектілерін және жер учаскелерін алу; материалды емес активтерді алу және құру. Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  4. жер учаскесін алу немесе жалға алу;
  5. келісім құжаттарын дайындау;
  6. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорынның бағалы қағаздарды қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеу деңгейіне байланысты үшке бөлінеді:

- бастапқы инвестициялар;

- сапалы инвестициялар;

- салымдардың қайта қолдануы.

Бастапқы инвестициялар, кәсіпорын мен фирманың жаңа құрылуына байланысты қарастыратын салымдардың мөлшері. Сапалы инвестициялар, жұмыс істеп отырғанкәсіпорынның ұйымдардың өндірістік әлеуетін ұлғайту үшін қолданылатын мөлшері

2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру көздерін талдау

2. 1 Инвестициялық қызметті қаржыландыру түрлері

Инвестициялық қызметтің ең маңызды мәселелірінің бірі - оны қаржыландыруды ұйымдастыру. Инвестициялық ресурстардың құрылуы инвестициялық үрдісті жүзеге асрыудың негізгі және бастапқы шарты болып табылады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері - бұл инвестициялық ресурстар ретінде қолданылатын ақшалай құралдар. Қражыландыру көздерін дұрыс таңдаудан инвестициялық қызметтің өмір сүруге қабілеттілігі ғана емес, сонымен қатар, одан бөлінетн соңғы табыстар, авансталған капиталдардың қолданылу тиімділігі тәуелді болады. Инвестицияны қаржыландыру көздерінің құрылымдары мен құрамы шаруашылық ету механизмінен тәуелді.

Инвестициялық қызметтің субъектісіне байланысты және оны тарту әдісі бойынша инвестициялық ресурстар ішкі және сыртқы көздерден тартылатын деп екіге бөлінеді.

Инвестицияны қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін макро және микро деңгейге бөліп қарастыру қажет. Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық қызметті іштен қаржыландыруға: тұрғылықты халықтың жинақтарын мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру, кәсіпорындардың жинақтарын қаржыландыру, коммерциялық банктердің, инвестициялық қорлардың, мемлекеттік емес зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларн және тағы басқа қаржыландыруды айтады. Ал сыртқысына - шетелдік инвестициялар, шетелдік несиелер мен қарыздар жатады.

Микроэкономикалық деңгейде инвестициялаудың ішкі көзіне кәсіпорында құралатын оның дамуын қамтамасыз ететін меншікті қаражаттар жатады. Ішкі көздерден құралатын кәсіпорынның меншікті қаржылық құралдары таза пайданы капиталданатын бөлігі, амортизация, кәсіпорын иелерінің меншікті инвестициялары жатады.

Кәсіпорынның сыртқы көздерден тартылатын инвестициялық ресурстары кәсіпорын шегінен тыс құралатын қаражат бөлігін сипаттайды. Ол сырттан тартылатын меншікті, және қарыз капиталын өзіне енгізеді. Бұған мемлекеттік инвестицияны қаржыландыру, инвестициялық неислер, өзіндік бағалы қағаздарды орналастыру арқылы алынатын құралдарды және т. б. құралдарды жатқызды.

Ұлттық жатқызылуы бойынша капитал иелерінің инвестициялық ресурстарын отындық және шетелдік мемлекеттерден құралатын деп бөлінеді.

Отандық капитал есебінен құралатын инвестициялық ресурстар әр түрлі және ереже бойынша, кіші және орта бизнес кәсіпорындарына жеңіл қол жетерлік. Ал шетел капиталы есебінен құралатын инвестициялық ресурстар негізінен кәсіпорынның қайта жаңарту техникалық қаруланумен байланысты ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін қажет.

Меншіктілік титулы бойынша инвестициялық ресурстар екі негізгі түрге бөлінеді - меншіктік және қарыздық .

Инвестициялардың меншікті көздері кәсіпорынның меншіктілік құқықтағы оның инвестициялық қызметін қамтамасыз ететін жалпы құнын білдіреді. Инвестициялық қызметті меншікті қаржыландыру көздеріне жарғылық капитал, пайда, амортизациялық аударымдар, пайда есебінен құрылатын арнайы қорлар, ішкішаруашылық резервтер, шығындапды жабу түрінде сақтандыру органдарымен берілген құралдар. Сонымен қатар, меншікті қаражаттарға мақсатты инвестициялауды жүзеге асыру үшін кәсіпорынға қайтарымсыз түрде берілетін құралдар да жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпорынның қаржы ортасы
Қаржы менеджмент
Қаржылық есеп. Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру тетігі
Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz