Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА - ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

БДБЛБББББТя

А.Ахмадинова, Ә. Айсұлтанова, К.Әділжанова, Г.Әбен, Т.Шернияз

Бастауыш сынып оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің жаңа тәсілдері

Дипломдық жоба
Білім бағдарламасы 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



Ақтөбе 20___
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА - ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

Диплом қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_________________Г.Р. Бахтиярова
______ ______________20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің жаңа тәсілдері
Білім бағдарламасы 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындады: ________________________Ахмадинова. А.К
________________________Айсұлтанова .Ә.Ғ
________________________Әділжанова. К.Ж
________________________Әбен.Г.И
________________________Шернияз.Т

Ғылыми жетекші
п.ғ.д., профессор _________________________Қаңтарбай. С.Е

Ақтөбе 20___
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бастауыш сынып оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің жаңа тәсілдері теориялық және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастырудың жаңа тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Бірінші тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Бастауыш мектеп оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретуге бағытталған тәжірибелік-педагогикалық эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 34
Үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын талдау іскерлігінің қалыптасқан деңгейін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Оқушыларды оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің жаңа тәсілдерін дайындау, өткізу, қорытындысын талдау ... ... ... ... ... ... ...44
Тәжірибелік педагогикалық эксперименттің жалпы қорытындысын шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Екінші тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Жалпы қорытынды және әдістемелік ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

Тақырыптың өзектілігін негіздеу Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Ж.Тоқаев 2021 жылы 1-қыркүйекте халыққа жолдауында: "Балаларды
ерте жастан мамандыққа бейімдеу ерекше маңызға ие болуда. Келешек ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуі тиіс болып
табылады. Біз тегін техникалық және кәсіби сапалы білім беру жобасын жүзеге
асыруды жалғастыруға тиіспіз"-деген [1]. Демек жастарға білім алу жөнінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқандығын
көруімізге болады.
Қ.Ж.Тоқаев 2021 жылы 1 қыркүйекте халыққа жолдауында Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу ерекше маңызға ие болуда. Сонымен бірге Оқытушылардың, студенттердің материалдық жағдайын қарастырған.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында көрсетілгендей
білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және адамдық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жағдай туғызу болып табылады. Екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани және дене дамуы мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның
шығармашылық қабілетін байыту болып табылатыны туралы айтылған.
Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығын мен
қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған [3].
Еліміздегі егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның
ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті
қазіргі кезеңдегі талаптарға сай бағыттауға жол салып отыр.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру
кеңестігіне кезең-кезеңмен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім еру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп
жатыр[3].
Қазақстан оқу Ассосациясы "сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу
арқылы дамыту" бағдарламасы бойынша оқыту философиясын білім беру
салаларына енгізіп келеді.
Оқушының интеллектуалды дамуына уақытты тиімді пайдалануға,
оқушы мен мұғалім белсенділігінің сәйкестігіне, өзара қарым-қатынасында
жауапкершілік пен сенімділіктің болуына ықпал ететіндігі белгілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына "Ақпараттық құзіреттілік:
- Талданған ақпаратттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- Өз бетінше табуға , талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға,
түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді"- делінген [4].
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасында, Жалпы орта білім беретін мектептің 1-4
сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасында негізгі басты мақсат
жеке бас тұлғасын қалыптастыру екені баяндалған. Оның механизмі де
өзгергенін атап көрсетеді.Бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады [5].
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасында "12 жылдық білім берудің мақсаты: Өзінің және
қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру " - деп көрсетілген [6].
1-cатыдағы негізгі бағдар - оқушының өзін өзі таныту мүмкіндігі мен
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу,оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету - болып табылады [6].
Бастауыш сыныптың негізгі міндеті - баланың жеке тұлғасын
алғашқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оқу қызметінің оқу уәжді мен әдеп
біліктерін қалыптастыруға және оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын
үйренуге, тілдік қарым қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін- өзі
шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез - құлықтың мәдениетіне,
жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады,
сөйтіп кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгер уге база жасайды [3]
Қазақ тілі оқу бағдарламасында 2015 жылға дейінгі оқу
бағдарламасында жоқ материалдар орын алған. Ғылымның соңғы
жетістіктері ескерілген.Бастауыш мектептегі Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
- мұғалім мен оқушының субъект-субъектілік дидактикалық қатынаста
білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының
ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту
ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен
қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
- ойын әдісі;
- оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы қолдау жасау;
- ойлау дағдыларын дамыту;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
- тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық
жұмыстар жасау) ынталандыру;
- оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
- оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген
белсенді оқуға ынталандыру;
- оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін
қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
- оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада
ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір
алмасуға, т.б. үйренеді);
- оқыту барысында не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім? түріндегі
кері байланысты жүзеге асыру.
Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады.
Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Оқу әрекетінің құрамдық бір бөлімі - талдау болып табылады. Оған
үйретудің нақтылы тәсілдері қарастырылмаған. Осы айтылғандардың
барлығы біздің дипломдық жұмысымыздың көкейтестілігін анықтап,
зерттеу тақырыбын "Үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын
талдау іскерлігін қалыптастыру тәсілдері" - деп тұжырымдауға негіз
болады.
Зеттеу мақсаты. Оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастыру тәсілдерін теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибеден өткізіп, әдістемені дайындау.
Зерттеу объектісі. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті.
Зерттеу пәні. Үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын
талдау іскерлігін қалыптастыру тәсілдері қазақ тілі оқыту әдістемесі
материалдары негізінде.
Зерттеу болжамы. Егер оқушылар тапсырма маңыздылығын терең түсінсе, оқу әрекетінің құрамдық бөлімінің бірі, оқу тапсырмасын талдауды үйренсе, әдістемемен қамтамасыз етілсе білім сапасы артады деуге болады. Алға қойылған мақсатқа және тұжырымдалған болжамға сәйкес зерттеу жұмысының мынадай міндеттері анықталады:
Проблемаға сәйкес қазіргі ғылымдағы бар тәсілдерді теориялық негіздеу;
Бастауыш сынып оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің
моделін жасау;
Бастауыш сынып оқушылары оқу тапсырмаларын талдау іскерлігіне үйрету әдістемесін жасау және оның тиімділігін педагогикалық
эксперимент арқылы тексеру;
Зерттеу әдістері. Педагогикалық, психологиялық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; сауалнама эксперимент, жиналған материалдарды статистикалық тұрғыдан өңдеу. Ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы.
Оқу тапсырмаларының бірі жаттығу туралы ұғым беру, құрамы мен таныстыру және талдауға үйрету. Қазақ тілі оқу әдістемесінде жаттығуды талдау, оны құрастыру жөнінде бірде- бір нұсқау, мәлімет жоқ. Қазақ тілі оқу бағдарламасы мен оқулығында жаттығу деген тақырыпты енгізген дұрыс болар еді.

Зерттеу кезеңдері.

кезең 2021 жылдың қараша, желтоқсан айларында тақырып
таңдалып, теориялық материалдар жинақтау.
кезең 2022 жылдың қаңтар, ақпан айларында анықтаушы
эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, нәтижесін өңдеу.
кезең 2022 жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларында оқу
тапсырмаларын талдауға үйрету бағытында қалыптастыруға жұмыстар
жүргізу, алдын - ала қорғауға дайындалып, қорғауға шығу.

Дипломдық жобаның құрылымы

Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, объектісі,
пәні ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы баяндалды.
Теориялық бөлімде зерттеудің проблемасына байланысты әдебиеттерге, оқу әдістемелік әдебиеттерге, оқу бағдарламасына, оқулыққа талдау жасалынады.
Негізгі тірек теориялар - таным теориясы, оқу әрекет теориясы, жекебас
тұлғасын тәрбиелеу теориясы - анықталады. Оқу әрекетін талдауға үйрету
тәсілдері жүйеге келтірілді.
Тәжірибелік - педагогикалық эксперимент бөлімінде дайындалған
әдістеме тәжірибеден өткізілді, тиімділігі анықталды, қорытынды
шығарылды, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілді.

І Бастауыш сынып оқушыларын оқу тапсырмаларын талдауға үйретудің жаңа тәсілдері теориялық және әдістемелік негіздері

Оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастыру мәселелері

Республикада бастауыш мектептегі мазмұны жаңартылды. Жаңа
мазмұнды ескі әдістермен енгізуге болмайтындығы белгілі. Оқулық қанша
жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытудың жаңа
тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтардың негізгі идеясы, дамытушылық
мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен
жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану қатаң талап етіліп отыр. Осыған орай
бұдан әрі қарай жұмысымызды талдаумен жалғастыруды жөн көрдік.
Баланың әрбәр даму кезеңінде жетекші әрекет болады. Жетекші әрекет -
өсуші индивидтің мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным психикалық
процестерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер ( ықылас, тілек және т.б.) туады. Баланың түсінігі мен ұғымы, білім мен тәжірибесі артады, ойлау операциялары да ( талдау, жинақтау, абстракциялау, классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау операциялары арқылы
объективті шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талпынады.Ойлау әрекеті негізде мектеп жасындағы балаларға тән абстрактілі
ойлауға көшеді. Сөйтіп , олардың ой - өрісі кеңейеді.
Дамыта оқытудың негізгі бір жолы - оқу мен жазу арқылы талдауды
дамыту. Талдауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л.Сити, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізінде
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға талдаумен
қарап, екі ұйғарымды пікірдің біреуін таңдауға қарап, екі шешім қабылдауға
үйрету.
Талдауда оқыту мен білім берудің бірнеше басты мақсаты бар.
Соларға тоқтала кетсек: оқушы қандай болмасын жарата алатын әмбебап
тәсілдерді үйренуі керек.
Таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау,
сөйлеу т.б) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет,
бейімділік, мінез т.б)
қалыптаса бастайды.
Сонымен, психологиялық даму интеллектуалдық даму ережесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамның өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді.
Л.А.Оразбековтың "Отбасы психологиясында":
"үш жастан жеті жасқа дейінгі кезеңде баланың ақыл ой белсенділігі, түрлі
нәрселерді ұғынулары молайып, мектепке көрінетін қабілет пен қасиеттің
біразы нақ осы шақта қалыптасып дамиды " делінген.7.
Оқу әрекеті мәселелерін көптеген педагогтар, психологтар, философтар
кең көлемде зерттелген.
В.В.Давыдовтың айтуынша оқу әрекеті мынадай құрылымнан тұрады:
1. тапсырмадан оқу ситуациясы
2. тапсырманы орындау
3. орындалған тапсырманы орындау
4. баға қою6
Бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация. Ал, баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындағаны дәрежесін оған ділдіру. Бұл
мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.Тапсырма, яғни оқу ситуациясы, бұл сол тапсырмаға кіріспей тұрып соны орындауға арналған ережелерді білу, не сол жөнінде тиісті мәлеметтерге ие болу.
Ол тиісті мағлұматтарды пайдаланып тапсырманы орындау оқу әрекеті
делінеді8.
Балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені еске түсіруі қажет екенін тексеру қажет екенін тексеру керек. Егер тиісті
мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда
қиналмайтын болады.
Ал орындап болған соң, оқушылардың тақырып бойынша жұмыс
жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол
бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V - "білемін"
- "білмеймін"
+ - мен үшін жаңа тақырып
? - мені таңқалдырады, белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT оқыған түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен
маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі,
тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа
бірден келуінен, мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап
осыған мән бермеуінен кездеседі.
Ал мұнымен күресіп бала тапсырманы орындаған соң, оның қаншалықты
дұрыс екенін, оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын
болар еді. Себебі, бала тапсырманы қате орындағанын үйінде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған болар еді [9]. Л.Д. Столяренко өзінің еңбегінде әрекетке мынадай анықтама береді:
әрекет дегеніміз - ол адамның белсенді қатынасы, белгілі нәтижеден туған
мотв пен қажеттілік арқылы саналы қойылған мақсатқа жетуі. Мотив ол адамға әрекет туғызушы. Әрекет ету - мақсатқа жетудегі
әрекеттің аяқталған элементтері. Мақсат ол әрекеттің бағыты. Мотив арқылы мақсат қоя отырып, әрекет еткенде ғана нәтижелі болмақ деген қорытынды жасауымызға болады.
Мұғалімдер оқу әрекетінің табиғатын терең білуі тиіс.Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:
- Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылуы;
-Оқу әрекетінің бұрын танылған білімді, білікті игеруге бағытталуы;
-Оқу әрекетінің негізгі мақсаты- білім беру,үйрету
-Оқу әрекетінде нақты нәтижелермен қатар, нәтижеге жету барысының
ескерілуі;
-Оқу әрекетінде жаңалықтың ашылмауы, ол жаңалық оқушылар үшін ғана жаңалық болуы, ғалым үшін жаңалық еместігі;
-Оқу әрекетінде дербестілік өзінің дәрежесінде болмауы
-Оқу әрекетінде тексерудің тұтас процесті қамтуы;
-Оқу әрекеті мөлшері әрекет.
Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер-
мақсаттылық, ұйымшылық, жауапкершілік, дербестік, шығармашылық,
ұжымшылдық, тәртіптілік, икемділік, тұрақтылық, табандылық, т.б қалыптасады.
Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана
болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ, өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.
Л.К.Золотовтың еңбегінде әрекеттерді саналы меңгерген оқушының
сабаққа қатынасы тұрақты болады, саналы меңгермеген жағдайда
келіспеушілік туады деп көрсетеді.
Көптеген зерттеулердің (Г.И.Вергелес, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин,
В.В.Репин, А.Н.Леонтьев, А.К.Маркова) ғылыми еңбектері бойынша оқу
әрекетінің төмендегідей тізбегін береді:[10].
Оқу әрекетінің белгілі бір алдына қойған мақсаты болады;
1. оқу әрекеті объектісінің бағалануы;
2. дүние тану ерекшеліктері;
3. оқу әрекетінде дербестілік өзінің толық дәрежесінде болмауы;
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов басқарған психологтардың көп жылдық
зерттеулері балада оқу әрекеті қалыптасу керек және ол оқытуға үйрету
кезінен бастап енгізілуі керек деп көрсетеді. Олар:
Толық меңгерген оқу әрекеті бастауыш сынып оқушыларының жан
жақты дамуына негіз болатын басқарушы әрекет;
Дағды мен икемділік балаларда теориялық білім негізінде
қалыптасады;
Оқушының оқуға деген қатынасы, оқу әрекеті орындалу процесінде
пайда болатын икемділігі мен ынтасына байланысты.
Г.И.Вергелес,оқу әрекеті дегеніміз - адам затын тәжірибесі арқылы
жинақталған білімді мұғалімнің мақсатты түрде үйренуі, - деп көрсетті [11].
"Әрекет" - бұл адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысу бағытында жүргізілетін жұмыстар, - деп берді академик Т.Тәжібаев Ал, Қ.Жарықбаев: "Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланыстыбелгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс", - деп көрсетті [13]. М.Мұқанов: "Әрекеттану ол проблемалық мәселелерді шешу" - дейді [14]. Менің ойымша, бұл ғалымдардың айтқандары өте орынды. Әрекет ол проблемалық мәселелерді шешу үшін алдына бір мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолына жүргізілген жұмыстар.
Адамның жан - дүниесінің ойдағыдай қалыптасуы оның нақтылы іс-
әрекетпен үнемі айналысып отыруына тікелей байланысты. Іс - әрекет
сыртқы ортамен байланысты жасаудыі, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты.
Іс - әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілк етудің негізгі шарты. Іс - әрекет күрделі процесс. Оның белгілі түрткілері, нақты мақсаты, операциялары, яғни орындалу жолдары болады. Ол жекелеген
қимыл - қозғалыс, амал әрекеттерден тұрады. Әрекет - іс әрекеттің шағын бір бөлігі. Ол жеке мақсаттар орындаудан көрініп отырады. Ал іс - әрекет жекелеген әрекет тізбегінен құрылады. Оның түрлері көп. Негізгілері: ойын, оқу, еңбек.
Жануарда да іс әрекет бар бірақ ол биологиялық сипатта болады.
Адамның іс - әрекеті қашанда қоғамдық - әлеуметтік тарихи мәнге ие.
Саналық, мақсаткерлік, жоспар мен жүйе, ойға алған істен нәтиже шығару - адам іс - әрекетінің басты белгілері. Іс - әрекет пен сана бір - бірімен тығыз байланысты. Бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әр түрлі жан
құбылыстарды ойдағыдай дамып, қиюласып жатады. Оқу - танымдық іс -
әрекет, оқушылар іс әрекетінің негізгі түрі. Мұнсыз оқытуды қамтамасыз
ету мүмкін емес. Оқу іс әрекетінің негізгі ерекшеліктері, оның мақсаты
сыртқы нәтижеге қол жеткізуді ғана емес, жаңа білім іскерліктер мен
дағдыларды игеру болып табылады. Оқушының оқу - әрекетінің мазмұны
теориялық білім, ал оны меңгерудегі оқу әрекетінің құрылымы
абстрактіден нақтыға қарай тәсілдермен құрылуы керек.

Оқу әрекетінің құрылымы

Оқу - танымдылық, Оқу міндеті Соған сәйкес әрекет пен қажеттілік және мотив операция

Оқу тапсырмалары

Талдау

белгісіз
белгілі

Оқу әрекеті - адамзат баласы жинақталған тәжірибені меңгеру.
Қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрі оқытудан түбегейлі
өзгешеліктері бар. Ол білім, іскерлік, дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде
оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.
Ал, білім, іскерлік, дағды дегеніміз не?
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен
құбылыстарды, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың
нәтижесі. Білім қоғамдық тарихи процесс нәтижесіндегі адамзаттың
жинақталған тәжірибесінен құралады.
Іскерлік - бір әрекеттің бірдей немесе ұқсас жағдайларда әлденеше рет
кайталанулары аркылы пайда болады. Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттермен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі. Біздің бір жауапкершілікпен ескеретініміз - саналы іскерлікті меңгеру.

Соңғы психология, педагогика ғылымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйене
отырып, оқу тапсырмаларын орындаудың инвариантты тізбегін беруге болады:
а) Талдау (белгілі, белгісізді анықтау);
ә) оқу тапсырмаларын орындағанда неге үйренетінін анықтау (мақсат):
б) тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, заңдарды, іскерлікті еске
түсіру (актуализация);
в) жоспарлау (әрбір талапты орындау амалдар барысын тексеру);
е) бағалау (мақсатқа жетті ме, жетпеді ме және оның сапасы).
Оқу тапсырмаларын орындаудың инвариантты тізбегін сызба түрінде
былай көрсетуге болады:

Мақсаты

Оқу Тапсыр-малары
Орындау
Тексеру
Жоапарлау
Талдау

Актуализация
Бағалау

Кез - келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан басталады.
Ал талдау дегеніміз не ?
Жалпы психологияда "талдау дегеніміз - бүтінді бөлшектеп майдалау,
мүшелеу. Белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракциялау" деп
түсіндіріледі [15].
Сондай-ақ психолог В.В.Юрчук өзінің психологиялық сөздігінде
талдауға мынадай анықтама береді:
Талдау - бүтінді жеке бөліктерге бөлу процесі. [16].
Ал, педагогикада талдау - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе
бүтінніңжеке компоненттерін ойша бөлу болып табылады деп корсетілген [17].Жоғарыда айтылған инвариантты оқу тапсырмасын орындау тәсілдері
оқулық таңдамайды, оқушы интеллектісінің дамуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, оқу тапсырмасын орындаудың әрбір кезеңі бастауыш
сынып оқушыларының өз беттерімен әрекет жасауға, ойлау операцияларын
(талдау, жинақтау, салыстыру т.б.) толық іс жүзіне асыруға мүмкіншілік
алады.
Талдау жасау - тапсырманы дұрыс орындаудың бір шарты. Олай болса,
талдау - теориялық білімді игерудің негізі. Яғни, оқу тапсырмаларын талдау
окушы интеллектісін дамуының негізгі тәсілдерінің бірі. Енді, осы такырып
төңірегінде сөз қозғайық.
Оқушының оқу әрекетінің субъектісі ретінде дамуына ойлау процесінің
әсері мол. Бүл мәселе кеңестік және шетелдік психологтардың еңбектерінде
толығынан көрініс тапқан. Мұнда оку әрекетінің әртүрлі дәрежелерінің
біртұтастығы туралы айтылады. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей ой
әрекетінің нақты және жалпы дифференциясы үш бағытта жүреді: мазмұндык,
құрылымдық, қызметтік.
Мазмұндық багыт бойынша құрылымы мен мақсаты бірдей, бірақ өзінің
сипаты мен мөлшеріне байланысты әртүрлі мазмұны бар ой әрекеті
сипатталады. Ой әрекетін құрылымдық түрғыдан қарай отырып нақты және
жалпы деп бөлу тек қандай да бір ой әрекеті басқа операцияның бөлігі болып

табылса ғана мүмкіндік болады, ал жалы ой әрекеті бірнеше нақты ой
әрекетінен қүралған. Сонымен, нақты ой әрекетін игеру жалпы ой әрекетін
қамтамасыз етеді, ал бұл құрылымдар өз кезегінде оқушыға яғни субъектіге
өзіндік әрекетті және белсенділікті қамтамасыз ете отырып, оған әртүрлі
мазмұнда оқу әрекетін орындау мүмкіндігін береді.
Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекетінің субъектісі ретінде қалыптасуы үшін жалпы ой әрекеті негізінде
ойлау операцияларын құрастыру тиімдірек. Ойлау операцияларына талдау,
жинақтау, салыстыру, қорыту, жіктеу т.б. жатады.
Сонымен бірге нақты әрекет ретінде қатаң белгіленген кластық есебін
шығаруды қамтамасыз ететін нақты мазмұны мен құрылымы бар әрекеттер
алынады. Одан басқа оқушының оқу есептерін шығаруда, оқу материалымен
жұмыс жасау кезінде көрініс беретін әрекеттердің бәрі осы нақты әрекеттерге
жатады.
Енді жалпы ой әрекетінің қалыптасу процесіне сипаттама келтірейік:
Кеңестік психологияда салыстыру мәселесіне көптеген зерттеулер жүргізілген.
Көп еңбектерде салыстырудың танымның алғашқы элементарлы формасы
екені, салыстыруды қолдану, біріншіден оқушылардың материалды, оның
көпжақты және өзіндік белгілері мен қасиеттерін игеруге себепкер болатыны;
екіншіден зат және құбылыс олардың ортақ не әртүрлі, жалпы және ерекше
белгілерімен оқытылатыны; үшіншідеп, салыстырумен байланысты
оқушыларды оқып жатқанның бай және жарқын бейнелі образы (тұлғасы)
қалыптасатыны туралы сенімді түрде көрсетілген. Салыстырудың дамуына
байланысты оқушылардың оқу - әрекеті жеткілікті түрде жоғары деңгейлі
саналық, белсенділік пен оқылған материалды ұғуы қамтамасыз етіледі. Және соңғы нәтижесінде терең білімді игеруіне, оқушыларда өз әрекетін реттеу
мүмкіншілігінің, яғни субъектінің қалыптасуының дамуына себепкер болады.
Одан басқа, салыстыру, ойлау операциясы ретінде оқу процесінде дами отырып айналадағы әлемді толық және терең тануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге берілген әрекетті түсіну және қорыту дәрежесін көтереді, демек болжау және ауыстыру сияқты субъект қасиеттерінің қалыптасу барысын қамтамасыз етеді.
Салыстыру операциясының нақты даму бағыттары төмендегідей: бірінші
бағыт - бұл алғашқы салыстыру нақтылығынан жалпылама салыстыруға қарай
қозғалыс; екінші бағыт даму зерттелуші құбылыстың алғашқы ішкі
байланыстарын және заңдалықтарын ашу ретінде жүреді; үшінші бағыт - бұл,
ішкі накты қарсылықтар мен жан жақты және динамикалық салыстыруға
жақындаудан зерттеудің қарсылықтары мен терең байланыстарының
жойылынуына қарай қозғалыс; төртінші бағытқа оқушылардың пән туралы
ойлай алуынан өзінің ойын түсіне білуге ауысу сипаты жатады.
Сонымен талдау - оку әрекетінің кұрамдас бөлімі ретінде жеке тұлғаны
қалыптастыруда алатын орны ерекше. Оны қалыптастыру тәсілдері келесі
тармақта айтылады

Оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастырудың
қалыптастырудың жаңа тәсілдері.

Қазіргі демократияландыру кезеңінде болашақ адамзатты тәрбиелеп,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда өзін-өзі бақылау, сын көзбен іс-
әрекетіне баға беру, өз әрекетін талдап, тексеру адамның бүкіл өмірін
қамтиды. Осыған орай осы қасиеттерді төменгі сыныптардан бастап
қалыптастыру міндеті туындайды.
Екіншіден, оқу әрекетін талдау тәсілдерін меңгеру төменгі сынып
оқушылары үшін өте қажетті, осы кезден басталуы керек, сондай-ақ, осы
әрекет барысында оқушының жеке тұлғалық қабілеті қалыптасады және дамиды.
Үшіншіден, өзіне талап қоя біліп, өзін-өзі талдауға зор ықпал етеді. Пікір
айтып, дәлелдеп үйренеді.
Талдау - қандай болмасын әрекет жасаудағы бірінші амал-әрекеті.
Талдау негізінде оқу тапсырмаларының мақсаты өзіне-өзі анықталады.
Бастауыш сыныпта талдау жаңа өсіп келе жатқан тұлғаға тән
қасиеттерді әсіресе, ойлауға алғашқы қадам жасауға ықпал етеді, Оқу ісіне
талдаудың рөлі қандай болмақшы. Біріншіден, талдау амал ретінде тура
объектілікті көздейді, кез-келген міндеттің дұрыс шешуін іздестіруде негіз
болады.
Екіншіден, талдау - өзгенің және өзінің ойын, пікірін бағалауда, есептің шығаруын, жауаптарының нәтижесін бақылап, тексеруге бағыт береді, себебі кез-келген әрекет талдаудан басталады.
Үшіншіден, талдау өз пікіріңді, ойыңды ақтап шығуға, дұрыс-
бұрыстығын анықтауға да негіз болады.
Оқу әрекетінің барлық компоненттері бір-бірімен байланысты.
Талдаудың дұрыс жасалуы, онан кейінгі оқу әрекетінің құрамдас бөліктеріне ықпал етеді. Олардың арасында қиын да, көп жоспарлы байланыс бар. Егер процесс оқу әрекетінің құрылымы операцияларының қалыптасуына негізделсе, әрекеттің түпкі мақсаты нәтижелі болады. Талдау функциясы ақыл-ой әрекетінің кез-келген функциясын құрайтын элементі, оқу әрекетінде барлық функциялар оқу әрекетінің құрамды бөлігі ретінде көрінеді. Сондықтан олар біріккен жүйе негізіне қалыптасуы керек.
Эльконин және Давыдов басқарған психологтардың көп жылғы
зерттеулері балада оқу әрекеті қалыптасуы керек және оқытуға үйрету
кезеңінен бастап енгізілуі керек деп көрсетеді. Толық меңгерілген талдау
амалы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына негіз болатын әрекет. Дағды мен икемділік балаларда теориялық білім негізінде
қалыптасады.
Оқушының ой еңбегі, оқудағы табыстары мен сәтсіздіктері - оның
рухани өмірі, ішкі әлемі, мұны елемеу күйінішті нәтижелерге жетіп соғуы
мүмкін. Бала бір нәрсені біліп, материалды игеріп қана қоймайды, сонымен бірге ол өз еңбегіне мазасызданады, өз қолынан ненің келіп, ненің келмейтініне қатысты мүлде жеке бастың пікірлері болады.
Бұл жөнінде Сухомлинский былай дейді: "...Мүгалім окушының алдына дүниені ашып қана қоймайды, сонымен бірге ол баланы өзінің табыстарына мақтаныш сезіміне бөлеуші, қоршаған дүниедегі белсенді жаратушы жасампаз етіп қатыстырады;" [18].
Егер бала өз еңбегінің табысын көрмесе, білімге қүштарлық оты өшеді,
бала жүрегіне мүз қатады, жігер оты тұтанғанға дейін оны екінші рет
тұтандыру қандай қиын оны қалай тырысқанымен ерітуге болмайды, өз
күшіне сенімін жоғалтады.
Баланың бір тапсырманы орындау арқылы өз тәжірибесінде тапсырманы алғашқыға қарағанда әлдеқайда тәуір орындай алатынына көзін жеткізуге тырысу. Мұның тәрбиелік мәні бар: Оқушы бейне бір өз бойынан
шығармашылық күш табады; Одан әрі жұмыс істеуге талпынады;
Қолы җеткен табыстарына сын көзімен қарауға, өз жұмысына
қанағаттанбаушылық сезімін бастан кешіруге үйренген бала жұмысты
жақсырақ істеуге ұмтылады.
Балалар ой еңбегінде табысқа қалай жететіні өз тәжірибесінде танып
біледі.Ғылым оқу - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау негізінде талдауға
үйретудің бірнеше тәсілдерін атап өтуге болады. Олар:
-Талдауға күдік туғызатын тапсырмалар ұсыну;
-Талдауға күдік туғызатын тапсырмалары күдік туғызбайтын тапсырмаға айналдыру;
-Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау;
-Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар
тапсырмаларды орындау;
-Құрамы толық емес тапсырмаларды орындау;
-Толық тапсырмаларды орындау;
-Жарыс ұйымдастыру;
-Әңгімелесу;
-Ойын түрінде өткізубір оқушы - белгілі, екінші оқушы - белгісіз т.б. -Сұрақтар қою;
- Сен тапсырманы неге талдайсың?
-Талаудың қажеті жоқ шығар ?
-Тапсырманы орындауға бірден кірістің бе?
-Тапсырманың орындауга қандай іскерлік көмектесті?
Оқушының тапсырманың құрамы толық болған жағдайда ғана орындауғаболады деген қорытындыға келуі тиіс. Дұрыс алғашқы талдау жасау - тапсырманың дұрыс орындалуының бір шарты.
Кез-келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан басталады. Осы
тәсілдерді қазақ тілі пәніне толық пайдалануға болады. Бастауыш сатыдағы
қазақ тілі пәні мынадай жалпы мақсаттарды көздейді [19].
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі мектептің негізгі сатысындағы қазақ тілі курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:
Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды
игеру;
"қазақ тілі" пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс- әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата- дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана, халықтық және үлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
Оқушының ақыл-ойының қазақ тілі стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген қазақ тілі білімдерін
өмірде қолдануға жан-жақты дайындауы жүзеге асыру;
Осы мақсаттарға сәйкес қазақ тілі оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады:
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, окушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Қазақ тілінің өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
Окушының өмір сүруіне мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру 20].
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер бастауыш қазақ тілінің білімнің әдіс-тәсілдерін, қүрал-жабдықтарын және үйымдастыру түрлерін аныктаудың қажеттігін көрсетеді.
Ұсынылып отырған ғылым мазмұны:
Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес.
Төменгі сынып оқушылрының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
Бірсарындылықты және орынсыз қайталауды болдырмай сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушылардың дайын болуына орай білімді горизонталь және вертикаль бойынша толықтыра және кеңейте түсуге мүмкіндік беретін сызықты-сатылы және блокты-модульді құрылымды жүзеге асырады;
Теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді ара-қатынасын жүзеге асыру арқылы қазақ тілінің заңдылықтар, ережелер мен
қорытындылардың өмір қажеттігі мен мұқтаждығының туындайтынын көрсетіп беруге мүмкіндік жасайды; [21].
Арифметикалық амалдарды енгізу ретіне карай есептерді қарастырудың мынадай кезеңдері үсынылады: жаттығулардың ерекше түрі ретінде есепті енгізуге дайындық, "есеп" терминін енгізу және оның құрамды бөліктерімен таныстыру; косу мен азайту амалдарының және қатынастардың ("...кем",...артық",...айырмалық салыстыру" ) мән-мағынасын ашатын, қосу мен азайту амалдарының белгісіз компоненттерін табуга берілген жай есептерді шығару; қосу мен азайту амалдарының және қатынастардың ("...қанша артық", канша кем","салыстыру"), "есеп"үғымының мән-мағынасынын ашатын, қосу және азайту амалдарының белгісіз компоненттерін табуға берілген жай есептерді шығару; бір-екі амалға берілген есептерді шығару; жанама түрде тұжырымдалғанқатыпсатармен байланысты жай есептерді шығару; шамалардың негізгі тобының арасындағы тәуелділікпен байланысты жай есептерді шығару;
Бастауыш мектепте ойлаудың даму қарқынының шапшандылығымен,
екіншіден, ителлектуалдық процестегі маңызды кұрылымдық және сапалық
қайта құрулардың пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл кезенде жетекші әрекет окудың ықпалымен ойлаудың көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі образдың және сөздік логикалық үш түрі де шапшаң дамиды. Талдау ойлау операцияларының бірі ретінде шапшаң дамитындығына күмән жоқ. Әсіресе, сөздік логикалық ойлау саласында үлкен өзгерістер болып, бастауыш сатының алғашқы кезеңінде басқалармен салыстырғанда нашарлау дамуымен ерекшеленсе, соңғы кезеңінде өзінің сапасы жөнінен негізгі рөлге ие болып, ересектердің сөздік-логикалық ойлауына жуықтайды. Талдау барлық ойлау түрлеріне ортақ.
Ұғымды анықтау, себебін түсіндіру, объектілердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табу - оқушының интеллектуалдық дамуының деңгейінкөрсететін ой операцияларының бірі - талдау.
Оқушы ұсынылған бір тапсырманы орындап, онда оның берілген
қатынасын кері қатынасқа айналдыра алмайтыны байқалса, ол оқушының
оймен әрекет етудің ең төменгі деңгейін көрсетеді. Сондықтан, оқушыға бір тектес тапсырмаларды орындата отырып, оқушы берілген қатысты кері
қатысқа айналдыруды талап еткен жөн. Сонда оқушыда талдау әрекеті дамыған не ең төмен деңгейде деген қорытынды шығаруға болады. Сол себепті оқушылар жаттығуды орындай отырып сұрақтардың сыртқы ұқсастығын ғана емес, жаттығудың шартындағы объектілер қатынасына ескеруі керек.
Мағынасы жоқ сөздермен берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алмау -жаттығу шартына жоғары деңгейде талдау жасай алмаудың, оның алдындағы жаттығулармен құрылымдық ортақтығын білмеудің нәтижесі.
Тапсырманың дұрыс орындалуы талдау деңгейіне байланысты болады.
Жаттығудың дұрыс орындауы немесе оларды орындаудан бас тарту
оқушыда оймен әрекет етудің нашарлығын көрсетеді, себебі ол өз пікірінің
барысын және кезеңдерін жоспарлап алумен тікелей байланысты.Тапсырманы дұрыс талдау оқушының теориялық деңгейінен хабар етеді.
Оқушылардың талдау деңгейін, сондай-ақ логикалық ойлауын бағалау
мақсатында "Артық сөзді тап" әдістемесін ұсынуға болады. Ол оқушылардың мәнді белгілерді бөліп алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Талдау - процесті қажетті және жеткілікті сапалары мен қасиеттерін
айқындау мақсатында ойды бөліктерге, құрамаларға немесе белгілерге бөлу, оларды салыстыру және біртіндер зерттеуді бейнелейтін танымның логикалық тәсілі. Талдау ойлау ғылыми - диалектикалық танымның маңызды белгісі.
Мазмұнына байланысты талдау жай, құрылымдық, қызметтік,
гинетикалық деп бөлінеді.
Жай талдау - кұрделі құбылыстарды бөліктерге бөлу: құрылымдық кұрделі жүйенің көп құрамаларын, жеке жүйелерін зерттеу; қызметтік кұрделі құбылыстың жеке бөліктері, құрамалары, қасиеттері арасындағы қатынастар мен тәуелділіктерді анықтау; гинетикалық - кұбылыстармен және олардың қасиеттері арасындағы себептік байланыстарды зерттеу, Көрсетілген талдау түрлері құбылысты терең тану барысында бірін-бірі толықтырады. Талдау біріктір мен (синтезбен) тығыз байланысты. Оқушылардың оқу тапсырмасын тануға бағаттау қажет. Негізгі сүйенетін теориялардың бірі - таным теориясы.
Таным - объективтік шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайтажаңғыртатын, қоғамдық әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты барыс ретінде қарастырады. Ақиқатқа жетудің объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: "Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу" болып табылады. Таным барысында ойлаудынң түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция абстрактіліктен нақтылыққа көтерілуі және т.б.) [22].
Танымның негізгі және білімнің ақиқаттылығының шарты - тәжірибелік әрекет.
Зерттелген объектінің қажетті қасиеттері мен байланыстарындағы білімнің жинақталуы, оның әрекет жасауы мен дамуы бағынатын бөлек заңдардың орнауы, мүмкіндігінше білімдерді біріктіру талабынан, оларды бір түтастыққа келтіруден шығады. "Яғни біздің танымымызды дайын және өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек, қайта білмеушіліктен білушілік қалай туатынын, толық емес, дәл емес білімнің қалай толығырақ, дәлірек білімге айналатынын талдау керек" (Ленин B.И. Материализм және эмпириокритицизм. Шығармалар толық жинағы, 18-том,107-бет): Таным дамуының бұл моменті объектінің (заңның) қажетті қасиеттері мен байланыстары ретіндегі, олардың табиғи өзара тәуелділігінде алынған, мәні шығатын сатысы саналады. Мән дегеніміз қажеттілікті таза күйінде көрсететін, көптеген өзара байланысты жақтар, қатынастарға бөлінген тұтастық. Оны танымда тек идеалды образдар, ұғымдар системасы арқылы сәйкестікті теория құру арқылы бейнелеуге болады.
Мән заттағы тереңде жатқан, олардың ішкі байланыстарындағы және
оларды басқаратын, олардың сыртқы көрінісінің барлық формаларына
негізделген қазына. Мән заттағы барлық қажетті қасиеттер мен байланыстар тобындағы табиғи өзара тәуелділіктегі жұмыс жасауы мен дамуын көрсетеді.
Мән ұғымының өзі жинақы, мазмұнды мипатқат ие: онда объект
мазмұнындағы барлық терең, заңды байланысқан элементтердің интегралдық бірлігі, олардың қайшылықтары себеп-салдарлық қатынастары туылу және даму тенденциялары қорытылған. Себептіліктің түғырлы сипаттарының бірі оның уақыт категориясымен органикалық байланыстылығы: себеп әрқашан уақытқа тәуелді, салдардан бұрын жүреді. Ойткені, тұтас не жеке салыстырмалы материалдық ұйымдасуларды кұрайтын өзара әрекет элементтерімен себеп әрекет жасай бастайды, яғни салдарсыз да өз функциясын орындайды. Салдар кейіннен көрінеді. Ол көріну, өзара әрекет жемісін берместен бұрын, (әрбір жеке жағдайдағы өз) нақты уақыт аралығын талап етеді. Себеп - өзара әрекет процесі, салдар оның соңғы нәтижесі. Егер өзара әрекет пен оның нәтижесінің аралығында нақты уақыт аралығы болмаса, ешбір даму да болмас еді.
Себептілікті тек бір жақты бағытталған әрекет ретінде қарастыруға
болмайды, ойткені ол тек байланыстың ғана ішкі мазмұнын емес, сонымен
қатар құбылыстың да өзара әрекетін береді. Болашақ байланыстың өзара
әрекеті уақыт ұзақтығымен себеп-салдарлық қатынас көрінісін әжептәуір
қиындатады. [23].
Қажеттілік дегеніміз - материалдық үйымдасуларды құраушы, ішкі
табиғи элементтермен шарттасқан, өзінің өмір сүру себебі бар қасиеттер мен байланыстар. Басқаша айтқанда, қажеттілік ішкі байланыстар арасындағы күштен салдардың шарасыз шығатынын білдіреді. Кездейсоқтық дегеніміз өзінің өмір сүру себебі ішкі жағдайлармен шарттасқан қасиеттер мен байланыстар көрінуі міндетті емес, олар болуы не болмауы мүмкін.
Система ретіндегі, элементтердің өзара байланысының бірлігі - бүтінді
береді, ал оның элементтерін құрайтындар бөлік ретінде айтылады. Бөлік
дегеніміз - бөтен материалдық ұйымдасуын құрамына кіріп оның мазмұны мен формасының моменті ретінде білінетін материалдық ұйымдасу. Басқаша айтқанда, бөлік дегеніміз - бүтіннің жақтары мен қасиеттерінің күресу қатынасы.
Тұтас системаны құрайтын элементтер оның бөлігі ретінде көрінетіндіктен, бөлік пен элемент категорияларын салыстыру, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты білу қажеттілігі шығады.
Бөлік пен элемент ұғымының айырмашылығы мынады: біріншісі бүтінді
ұйымдастыратын сыңарлары, олардың арасындағы өзара әрекетті, оларға

тән қатынас пен байланысты білдіреді, екіншісі нақты өзара байланыста тұратын және осының нәтижесінде тұтас система ұйымдастыратын сыңарларға ғана жарамды. Ендеше, элементте әлдебір тұтас системаны құрайтын және онда нақты функцияны орындайтып реалдылық ғана болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Оқу іс-әрекеті дамытуды эскпериментаиды зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер