Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер
43. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамы да көп ұлтты болып, олардың ұлттық, таптық құрамы пайыздық мөлшерде ғана көрсетілген. Республикалық бюджеттің есебінен жасақталған ұлттық 100-інші, 101-інші дербес атқыштар бригадасы мен 3 атты әскер дивизиясының құрамында ғана негізінен қазақтар болса, ал олардың қолбасшылық құрамы көбінесе орыс ұлтының өкілдерінен тұрды. Соғыс басталған кезде әскери дивизия мен бригаданың басында қазақ командирі болған емес, ал одан төменгі орта офицер құрамында да олардың саны тым аз болды. Мұның да өз себептері бар дейміз. Біріншіден, қазақ ұлтынан шыққан офицерлер құрамының аз болуы болса, екіншіден, оларды әскери училище, академияларда оқытып, дайындауға орталық әскери ведомстволар құлықсыздық танытты. Соғыс қарсаңында әскери академияны бітірген біздің жерлестеріміз де болды. Подполковник Ғали Әділбеков 1943 жылдың 21-қарашасында Днепр жағасында жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Тағы бір көрнекті командир турлы біле бермейміз. Ол - 1932 жылдан армия қатарында болған полковник Әбілқай Баймолдин еді. Соғыс қарсаңында В.И.Ленин атындағы саяси-әскери академияны бітіріп, 1941 жылы генерал Л.М.Доватордың 2-гвардиялық атты әскер корпусында атты әскер полкінің комиссары қызметінен бастап, қазақстандық ұлттық дербес 100-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметінде жүріп, Неваль қаласының маңында 1944 жылғы 4-қаңтарда қаза болды. Ал Бауыржан Момышұлы туралы, Мәскеу түбіндегі шайқаста ол басқарған атқыштар батальонының ерліктері жөнінде оның өзінің де, ол туралы елдің де жазғандары жеткілікті. 16-армияның қолбасшысы, генерал- лейтенант К.Рокоссовский Б.Момышұлын қабылдап, оған бүкіл Қызыл Армияда полк командирі болған бірінші аға лейтенант боласыз деген екен. Қазақ - жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды. Көптеген қазақстандық жауынгерлер жау тылында қоршауда қалып, Партизандық күреске араласты. Соғыс жылдары 3,5 мың қазақстандық партизан отрядтарында болды. Олардың ішінде бүгінде есімдері барша жұртшылыққа мәлім Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдин, Әди Шәріпов, Сәтімбек Төлешов, Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова сияқты қыз-келіншектер де ерлік көрсетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96 мың 638 қазақ жауынгері бар. 11 мың 695 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, соның ішінде жүзге жуығы қазақтар, 110 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесіне де ие болды. Бұрын айтылып, жазылып жүрген, тіпті ғылыми еңбектер мен үкімет адамдарының ресми баяндамаларында 500-дей ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz