Білім берудегі ноу-хау: әдіс. құрал


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ

«№34 ЖББОМ» КММ

БЕРЛИБЕКОВ ЖАНАТ МАДЕНИЕТОВИЧ

АКЫЛТАЕВА МАЙРА АМАНГЕЛЬДИЕВНА

БУХАРБАЕВА ЗАМЗАГУЛЬ ГАЗИЗОВНА

БІЛІМ БЕРУДЕГІ НОУ-ХАУ

Қарағанды, 2020

ӘОЖ 374. 31

КБЖ 74. 202. 4(5Қаз) я7

А95

Рецензент:

Мукушева Меруерт Алтынбековна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, тренер, п. ғ. магистрі

Берлибеков Ж. М.

А 95 Білім берудегі ноу-хау: әдіс. құрал / құраст. : Берлибеков Ж. М., Акылтаева М. А., Бухарбаева З. Г. . - Қарағанды, «Colorprint» 2020. - 48б.

Бұл әдістемелік құралда қазақстандық жалпы білім беретін мектептеріндегі қолданылатын инновациялық педагогикалық технологияларға талдау жасалған Сонымен қатар, шетелдегі педагогикалық әдістемелер мен технологиялардың ерекшеліктері саралған.

Әдістемелік құрал білім беру жүйесінің жетекшілеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған.

ӘОЖ 374. 31

КБЖ 74. 202. 4(5Қаз) я7

© №34 ЖББОМ . . . , 2020

© Colorprint . . . , 2020

Мазмұны

C:\Users\User\AppData\Local\Temp\DSC_8615.JPG

БЕРЛИБЕКОВ ЖАНАТ МАДЕНИЕТОВИЧ

«№34 ЖББОМ» КММ директоры

Құрметті оқырман!

Заманауи мұғалім мақсаттарды дамыту, оқушыларды оқыту нәтижелерінің жүйесі, жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу жағдайында жұмыс істейді. Бұл жағдайда, мұғалімнің кәсіби дамуы маңызды ресурс болып саналады.

Осы басылымның негізгі термині - «ноу-хау», мектептетегі жаңашылдық процестер тиімділігінің сапалы өсуін қамтамасыз етуге бағытталған енгізілген жаңалықты түсінеміз.

Ұжым инновациялық қызмет арқылы мобильді, креативті бола алатыны анық. Білім беру қызметтері нарығындағы ұйымның бәсекеге қабілеттілігі инновацияларды енгізу саясаты арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл ретте инновациялар өз алдына мақсат бола алмайды. Ұжымның инновациялық белсенділігі көбінесе метеп жүйесінің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндерімен айқындалады. Біліктілікті арттыру институттары инновациялардың өнімділігі арқасында тұтынушы үшін тартымды, түсінікті болады!

«Білім берудегі ноу-хау» басылымы Сіздерге . . . мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Айта кетейік, Ноу - хау (ағылш. know how - қалай екенін білу) - көпшілік әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, мен қабілеттер.

Оқырман бағалау мен салыстыру негізінде, біріншіден, біз қарастырған инновацияларды өз қызметінде қолданудың орындылығы туралы ақпарат жинауға, екіншіден, ол жұмыс істейтін ұйымның тиімділігін арттырудың өзіндік инновациялық ресурсын дамытуға жүгінуге мүмкіндік алады деген ойдамыз.

Біз өз тәжірибемізбен, табыстылық кейстерімен бөлісуге дайынбыз!

Акылтаева Майра Амангельдиевна, Бухарбаева Замзагуль Газизовнаға және барлық әріптестеріме шығармашылық рухы, белсенді ізденісі және ұжым өміріне инновацияларды енгізгені үшін шын жүректен алғыс айта отырып, толағай табыс тілеймін!

C:\Users\User\AppData\Local\Temp\IMG-20201110-WA0002.jpg

Кіріспе

Еліміздегі интеллектуалдық әлеуеттің деңгейін айқындайтын ҚР білім беру жүйесін модернизациялау ісі әрбір білім беру ұйымынан оқу - тәрбие қызметінің тиімділігін үнемі арттырып, жаңартып, сапасын жақсартып отыру жолдары мен механизмдерін іздестіруді талап етеді.

Білім берудің жүйе құраушы екі негізгі компоненті - оның мазмұны мен аталмыш мазмұнды ұсынатын тәсілдері - жаһандық үрдіс жағдайында жалпы білім беру кеңістігін стандарттауға байланысты жоғарыда көрсетілген екі компонентке қатысты жаңа шешімдерді іздестіру қажеттілігіне негізделеді. Сонымен қатар, егер білім беру мазмұны оның процессуалдық тараптарына қатысты тұрақты шаманы көрсетсе, онда инновациялық шешімдерге мұқтаж алдымен педагогикалық үрдістердің технологиялық аспектілері.

Педагогикалық технологиялар процессуалдық санат болып табылады және қызметтің нақты жүйесінен тұрайды. Заманауи технологиялардың шығуы және таратылуы оның қызметінің өзгеруін, мақсатты тұрақтылықтардың, құнды бағдарларының, нақты білім, білік, дағды мен шеберліктерінің қайта құрылуын білдіреді. Сондықтан да, осы инновациялық үрдістер ең алдымен педагогикалық ойлаудың инерттілігін жеңуді талап етеді.

Соған орай, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде қолданылып жүрген заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістемелерге өткізілетін мониторинг жаңаша тұрпатты және өзекті болып табылады.

Білім беру ісіндегі стратегиялық басты бағыттардың бірі - «мектептің инновациялық қызметі». Т. И. Шамова, П. И. Третьяковтың пікірі бойынша, инновациялық қызмет - озат тәжірибенің білім беру мекемесін дамытуға көмектесетін батыл жаңалықтары бар өзіндік ерекше формасы

Инновацияны білім беру процесіне қатысты қарастырғанда, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, формалары, әдістеріне және мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен аналитикалық қызметін ұйымдастыруда жаңалық ендіру дегенді білдіреді.

Мектеп қызметіндегі атқаратын рөліне байланысты инновациялық процесс шектеулі, эпизодтық тұрғыдан ғана жергілікті сипатта қолданылуы не оқу-тәрбие салаларын түгел қамти отырып, олардың дамуына ықпал ететін деңгейде, яғни кең ауқымда қолданылуы да мүмкін; жоғары тұрған органдардың бастамасымен және солардың санкциясымен қолданысқа ендірілген процесс болуы да, мектептің өз ішінен шыққан, «бұрынғыша жұмыс істеуге болмайтынын» білген мұғалімдер бастамасынан туындаған процесс болуы да мүмкін; оның негізі осы процесс субъектілері ретіндегі мұғалімдердің толыққанды инновациялық қызметі болса ғана ойдағыдай нәтиже береді; прогрессивтік мәні бар жаңалықтарды жасау, игеру, пайдалану, қолданысқа ендіру және тарату жөніндегі кешенді инновациялық қызмет; заманауи білім беру ісін дамытудағы заңдылық болып табылады; бұл процесте білім беру ісінің дамуына ықпал ететін қызметтік, тұлғалық-ізгіліктілік, акмеологиялық және ықпалдастық секілді құрылымдық элементтер бар.

Сондай-ақ, мотив - мақсат - міндет- мазмұн - форма - әдіс - құрал - соңғы нақты нәтиже секілді компоненттер бірлігіне сәйкес өзге де ортақ элементтер мол; мектеп әкімшілігінің, мектеп психологының, ғылыми кеңесшінің, сарапшының, мұғалімдердің инновациялық процестегі белсенділік және жауапкершілік деңгейін көрсететін субъектілік элемент; мазмұндық элементі тәрбие, оқыту және дамыту процесіндегі өзіндік ерекшеліктерді білдіреді; жаңалықты одан әрі дамытудың циклды сипаты; оның түпнұсқалығын, бірегейлігін, тұрақтылығын аттестаттау, лицензиялау, стандарттау, мониторинг процестері, табыс портфолиосын жасау сияқты процестер қамтамасыз етеді (П. И. Третьяков, С. К. Исламгулова, В. М. Монахов, Г. К. Селевко, Т. М. Мажикеев идеялары пайдаланылды) .

Білім берудегі инновациялық процесстер

Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа - жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі мәселе құрайды. Олар - озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу мәселесі. Осыған сәйкес инноватика, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы керек, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың бір біріне кіріктірілгеннен пайда болатын тәжірибе барысында теориялық жаңалықтарды қолдануы керек. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен стратегияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық жаңашылдықтың қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі ме құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді. Осы жағдайда мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің рөлі мен беделі арта түседі.

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің маманы болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықты талап етілуде, яғни мұғалім жан-жақты, іздемпаз, заманына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары болу керек деген сөз.

Қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы. Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Қазақстанда білім беру саласындағы инновациялық технологиялар арқылы оқытудың мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген. Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О. А. Абдуллина, С. И. Архангельский, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М. И. Дьяченко, Г. Қ. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А. Е. Әбілқасымова, Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, К. К. Закирьянов, М. Ә. Құдайқұлов, Қ. Қ. Қабдықайыров, Е. Ө. Медеуов, Д. Рахымбек, С. Е. Шәкілікова, Б. А. Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі - инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерде мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты болып табылады. «Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдісі деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деп көрсетеді.

«Технология» ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. «Технология» термині алғаш рет 1940-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология - өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы. Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған.

Сонымен, педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

  • Білім беруді ізгілендіру технологиясы - оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату (Ш. Амонашвили) .
  • Ойын арқылы оқыту технологиясы - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық, өзіндік талап - талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді (Л. С. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, З. Фрейд) .
  • Проблемалық оқыту технологиясы - оқушының өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
  • Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы - (В. Ф. Шаталов) мынаны көздейді - білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету.
  • Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы - (С. Н. Лысенкова) барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарламаның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу, қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Деңгейлеп саралап оқыту - міндетті нәтижелерге негізделген. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
  • Бағдарламалап оқыту - (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. Г. Беспалько) ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
  • Оқытудың компьютерлік технологиясы - ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.
  • Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы - (Л. Джинна Стил, С. Куртик) . Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
  • Өз-өздігінен даму технологиясы - (М. Монтессори) баланы жан - жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін - өзі дамытады.
  • Дамыта оқыту технологиясы - (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. Б. Давыдов) баланы оқыта отырып жалпы дамыту, яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс қасиеттерін дамыту.
  • Модульдік оқыту тетехнологиясы - (В. Б. Монахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.

Оқушылармен жүргізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. В. А. Максимова технологияларды былай ұйымдастыруды ұсынды:

1. Ойын технологиалары;

2. Терминдік технологиялар;

3. Ақпараттық технологиялар;

4. Диологтық технологиялар;

5. Құрылымдық ойлау технологиялары.

Казіргі кезде В. А. Максимованың бұл топтастыруы әрі қарай дамытылып, күрделендіріле кеңейтілді. Жалпы педагогикалық технологиялар 3 топқа бөлінеді.

Сондай-ақ әрбір инновациялық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудағы басты нәрсе - бұл білім алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.

Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

Қазіргі білім салаларында қолданатын инновациялық педагогикалық технологиялар

Білім беру саласының қызметкерлері алдына қойылған мақсат - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар сабақ барысында инновациялық және интерактивтік технологияларды пайдаланып, сабақтың сапалы және жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етіп отыр.

Жоғарыда айтылып кеткендей Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.

Әдіскерлер оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
  • саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
  • ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала -субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтердің есебі және аудиті
Инновация теориясы туралы түсінік
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР. Материалдық емес активтерді жіктеу
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz