Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіби практиканы өту туралы

ЕСЕП

Мен, «М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның студенті, Елеусинова Мәрмәр Медетқызы, оқу жоспарына сәйкес, 2021 жылы қаңтар айының 25 - і мен сәуір айының 2 - сі күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасында өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өттім. Аталған мемлекеттік орган Нұр-Сұлтан қаласы, Орынбор көшесі 9 мекен - жайы бойынша орналасқан. Осы органда мен қаңтардың 5 - і мен 22 - сі аралығында 3-курс бойынша кәсіптік тәжірибеден өткен болатынмын. Сол себепті осы өндірістік тәжірибемнен өту барысына дейін де ішкі істер органының қызметімен танысқан болатынмын.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкеc Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары дегеніміз адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады. Қылмыстарды тергеу, оның алдын алу, болдырмау жəне тергеу; Ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстық істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу әрекеттерін, ісін жалпы анықтаудан жəне соттан, қылмыстық жазасын өтеуден қашып жүргендерді, хабар ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады, қадағалайды.

Ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтері республика бойынша саны жағынан өте көп, осының өзі олардың маңыздылығын органдар жүйесіндегі ойып орын алатындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы Заңының 4-бабының 1-тармағында ішкі істер органдарының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірнеше міндеттемелерін тізіп көрсеткен. Олар: құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстылықпен күрес, қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру. Бұл міндеттерден басқа да міндеттер ҚР Заңдарында, ҚР Президенттің актілерінде көрсетілген. Осы міндеттер шегінде мынадай құзыреттіліктері бар: құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады, жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды, азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады, көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады, көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді(Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы Заңының 5-бабының 1-тармағы) . ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "ҚР Ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығының 4-бабына сәйкес ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін ҚР Ішкі министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынысты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, Көліктегі ішкі істер басқармалары, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары, желілік ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайды. Полицияның өзі криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелерден тұрады. Ал криминалдық полиция өз кезегінде ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады. Әкімшілік полиция да бірнеше бөлімшелерге бөлінеді: жергілікті полиция қызметінен, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын бөлімшелер. Аумақтық полиция органдарына мыналар жатады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері), қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік полиция органдары (ішкі істер органдары), әскери-тергеу органдары. Бұдан бөлек Ұлттық ұланның қызметтері мен жүйесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген. Осы құзыреттіліктерге сәйкес ішкі істер органдары, оның ішінде полиция бөлімдерінде бірнеше бөлімшелерге бөлінеді: ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу бөлімі, есірткі бизнеске қарсы күрес бөлімі, меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімі және тағы да басқа. Осылайша ҚР Ішкі істер органдары көптеген бөлімдер мен бөлімшелерге бөлініп, өз қызметтерін атқарып, елдің қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асырады. Өндірістік тәжірибеден өту барысында осы мәліметтерді іс жүзінде өзім көріп, барлығымен ішінара таныстым. Менің жетекшім болған Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі аға лейтенант Бердәлі Аманжол Ерғалиұлы тағайындалды. Осы жетекшімнің жетекшілігімен «Есіл» аудандық полиция басқармасының ішкі ережелерімен таныстым, тергеу әрекеттерінің қалай жүргізілетіндігін практика жүзінде өз көзіммен көрдім. Менің тәжірибеден өту мақсатым да осы болатын, таңдаған мамандығымның іс жүзінде қалай жүргізу керектігін білу, алдын ала құжаттармен танысу, істеліп жатырған орасан зор жұмыстың ауқымдылығының мәнін түсіну, өзіме ой түю.

Негізгі бөлім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибе жетекшісі
Аудандық Полиция басқармасының мақсаты мен міндеттері
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Салық жүйесін жұмсарту
Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі
Жеке табыс салығы төлем көзінен салық салынатын табыстан
Оқу тәжірибеның міндеттері
Салық төлеушілердің дербес
Жауап алуды жүргізудің қағидалары
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz