Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері

Лингвомәдениеттану - 20 шы ғасырдың 90-жылдарында қалыптасқан тіл білімінің дербес бағыты, тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Білімнің жаңа саласы - лингвомәдениеттану-өзінің лингвистикалық және мәдени бастауларын біріктіретін өзіндік концептуалды-терминологиялық аппаратын жасайды.

Мұндай аппараттың негізі жақында белсенді дамып келе жатқан тұжырымдама бола алады.

Лингвомәдениеттану оның дамуында екі кезеңнен өтеді: бірінші кезең - бұл ғылымның дамуының алғышарттарының кезеңі; екінші кезең - лингвомәдениеттанудың тәуелсіз зерттеу саласы ретінде қалыптасу кезеңі. Бірақ бұл ғылым қарқынды дамып келе жатқандықтан, осыған байланысты Маслова В. Л. үшінші кезеңді - "біз қазір табалдырықта тұрмыз, іргелі пәнаралық ғылым - лингвомәдениеттанудың пайда болуы" кезеңін бөліп көрсетеді .

Бүгінгі таңда лингвомәдениеттануда бірнеше бағыт қалыптасты:

белгілі бір лингвомәдени жағдайды зерттейтін жеке әлеуметтік топтың, этностың лингвомәдениеті;

белгілі бір уақыт кезеңіндегі этностың лингвомәдени жай-күйінің өзгеруін зерттейтін диахрондық лингвомәдениеттану;

әр түрлі этностардың лингвистикалық және мәдени көріністерін зерттейтін салыстырмалы лингвомәдениеттану;

белгілі бір этникалық топтың менталитетінің ерекшеліктерін Ана тілі мен мәдениеті тұрғысынан зерттейтін салыстырмалы лингвомәдениеттану;

лингвистикалық және аймақтық сөздіктерді құрастырумен айналысатын лингвомәдени лексикография. «Тіл - жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы айтқандай, тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - ана тілінде. Әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Тілдің мәртебесі - елдің мерейі. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Тіл - қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады. «Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт. Тіл - таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетін де қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Тіл тағдыры - ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

Туған тіліміздің абыройын асқақтату - әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың, даналардың сөздерін, өлең-жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. «Өнер алды - қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар.

Тіл мен мәдениет арасындағы ішкі етене байланысты танытатын ғылым саласы - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану, немесе, лингвокультурология латынша "lingua" - тіл, "сultura" - мәдениет, "logos" - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін ғылыми сала.

Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В. В. Воробьев оны “металингвистика” ғылымы ретінде танытуға бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерлерінің негізінен туындағанын дәлелдейді әрі оған мынандай ғылыми анықтама береді: “Лингвомәдениеттану - мәдениет пен тілдің байланысын олардың өзара әрекеттесу барысында зерттейтін, синтездік типтегі кешенді ғылыми пән”. Лингвомәдениеттану тілдің жеке өз басын зерттемейді, ол тілді жүйелі қатынастар қатарындағы мәдениет феномені ретінде зерттейді.

Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол сол тілмен бірге дамиды. Осы орайда, “онтостың” (болмыстың) “логосқа” (ойға, сөзге) имманенттілігін алғаш ашқан Протагор еді дей аламыз. “Адам - барлығының өлшемі, соның ішінде, ақиқаттың да өлшемі”, - деді емес пе Протагор. Демек, адамнан тысқары тұрған ақиқат жоқ, дәлірек айтсақ, ақиқат адамның тіліне, сөзіне, логосқа байланып-маталып тұр.

Тіл мәдениеттің шындығы бола тұра, сол мәдениеттің өзін танытушы ерен бір әлем. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраттары - осының бәрі мәдениетпен бірге біте қайнасқан. Тіл - мәдениетті танытушы құрал. Өзінің өміршеңдік қызметін ол тек өз бойынан ғана емес, мәдениеттің де болмысынан табады.

Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырға дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөліне қойған жоқ. Тіл үнемі сананың, ақыл-ойдың, рухтың құралы ретінде, солардың көлеңкесінде қарастырылып келді. Тек ХІХ ғасырдың басында философияда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды. ХХ ғасырда тіл - коммуникация және таным көзі деген қағида артқа ығысып, оның орнына тіл - ұлттың жалпылама мәдени коды, бет-бейнесі деген ұстаным келді. Бұндай ұстаным бір күннің ішінде өздігінен пайда бола қалған жоқ, оның іргетасының алғашқы “кірпіштеріне” - В. Гумбольдт, А. А. Потебня, Ф. де Соссюр, М. Хайдеггер және т. б. тіл туралы толғаныстарын жатқызуға болады.

Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі. Мысалы, тіл, оның құрамы және оны пайдалану ерекшеліктерін - лингвистика, филология, әдебиеттану, тілтану зерттейді. Мәдениет сынды адам баласының бүкіл тіршілік тынысын зерттейтін мегапән - мәдениеттану бар. Ұлттық сана, ұлттық діл, дүниетаным ерекшеліктерін этнология, этнопсихология, этнолингвистика, мәдени антропология және т. с. с зерттейді. Ал осы бір-бірімен қоян-қолтық араласып жатқан әрі бір-біріне деген ықпалдастығы жағынан бірыңғай дүниелерді өзара байланыста жүйелі зерттеу мүмкіншілігі сол жоғарыда аталған пән салаларының бірлесе күш салуының нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Жалпы, қазіргі замандағы ғылым дамуының өзіндік ерекшелігі күн өткен сайын “дефисті” бағыттардың, яғни пәнаралық ғылыми бағыттардың өсіп келе жатқандығы.

Сонымен, лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категориялары арқылы оның рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Жалпы алғанда, лингвомәдениеттану - енді-енді қалыптаса бастаған, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары мен қағидалары нақтылана қоймаған ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара қиылысуының тілдегі көрінісін қарастыратын осы бір жаңа ғылыми арнаның мәселелеріне шолу жасағанда байқайтынымыз - лингвомәдениеттану көп мәселелерді бірнеше тілдің материалдарын салыстыру арқылы дәлелдеудің, түсінудің оңтайлы жол екендігін көрсетеді.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары лингвомәдениеттану пәнінің атауы В. Н. Телия, Ю. С. Степанов, А. Д. Арутюнова, В. В. Воробьев, В. Шаклеин, В. И. Маслова және т. б. еңбектеріне сай алынып, артикуляциялана бастады. Ал жоғарыда атап өткендей, лингвомәдениеттанулық ізденістер іргетасын қалауға этнолингвистика, социолингвистика, лингвопсихология белсенді ат салысқан болатын. Еуропада В. Гумбольдтан, Америкада - Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорфтан бастап, Ресейде - А. А. Потебня, А. Н. Афанасьев, Е. Ф. Карский және т. б. өз ізденістерінде тілдің мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен, жөн-жоралғыларымен байланысын қарастырған. Этнопсихолингвистика лингвомәдениеттануға өте жақын жатқан пән. Ол түрлі тіл өкілдерінің вербалды және бейвербалды іс-әрекеттерінің айырмашылықтарын, тілдегі әдет-ғұрып, өзін-өзі ұстау элементтерінің көрініс табуын, мәтіндегі лакуналық құбылыстарды тілге тиек етеді.

Осы орайда тағы бір айта кететін жай - "лингвокультурология" деп айдар тағылып, арнайы зерттеу қарастырылмағанымен, отандық ғылымда бұрынырақ жарық көрген көптеген лексикографиялық, тарихи-лексикологиялық, этимологиялық сипаттағы еңбектердегі кейбір деректердің талдануын лингвомәдениеттанулық зерттеулердің алғашқы нышандары деп санаймыз. Осы бір жаңа ғылыми сала нағыз пәнаралық сипатқа ие, қазақ тіл ғылымы мен мәдениеттануы төселе қоймаған соны сала. Алайда, алдағы аз уақыттың ішінде қазақ да ғылыми-практикалық бағыттарға таяныш болары анық. Өйткені XXI ғасыр «гуманитарлық ғылым ғасыры» болмақ. Пән ретінде жаңадан қалыптасып жатқанымен, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков және т. б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.

Мәдениет - адамның жан дүниесі. Мәдениет адамның ішкі әлемін өзгелерге көрсете біледі. Мәдениет көрінісіне адамдық болмыс, ақылдылық, парасаттылық, ақыл-ой мен ізгілік сынды адами қасиеттер жатады. Сол арқылы мәдениет адамның қалыптасуында өзінің зор ықпалын тигізеді. Әлемде адам жалғыз өзі өмір сүрмейді. Адамдармен қарым-қатынас орнатады, қоршаған ортамен, табиғатпен тікелей байланысып өмір сүреді. Осы ортаны қорғауды адамға мәдениет үйретеді. Мәдениетті адамның ойлау жүйесі мен өмірге деген көзқарасы өзгеше, ерекше болмақ. Оның сөйлеген сөзі мен іс-әрекеттері тек жақсылықты көрсетіп тұрады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдық мәдениет дегеніміз - адамның қолынан шыққан тың дүниелер. Әр уақытта да адамның жасаған еңбектері бағаланып, ерекше құрметке ие болған. Мәселен, қазіргі уақыттағы зәулім биік ғимараттар мен әрқилы көздің жауын алар әсем туындылардың бәрі адамның екі қолынан шыққан. Рухани мәдениет - адамның жан дүниесі. Оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы. Бойындағы өзгеге деген мейірімі мен жанашырлығы, риясыз махаббаты мен шынайы адалдығы, әділеттілігі. Рухани бай адам әркезде де жақсы сөздер айтып, жанындағыларды өзінің мейіріміне бөлеп, көңілді жүреді.

Тілді мәдениеттің негізгі бір категориясы ретінде танып, қазақ тілі лексикасында заттық мәдениет атауын сөз еткен ғалым Ж. Манкеева: «Мәдениетті тілден бөліп алып қарамаймыз, тіл - мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің ара қатынасы ерекше де маңызды, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетіні белгілі», - деп көрсетеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Лингвомәдениет
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі
Лингвомәдениеттану ғылым саласы ретінде мақсаты мен міндеттері
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz