Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
І. БАЛАБАҚША ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сөздік қор туралы жалпы түсінік
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2.1 Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары
2.2 Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең тиімді әдіс ретінде
ҚOРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEР ТІЗІМІ
ҚOCЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады, Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.
Балабақшада қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген мектепке дайын жеке тұлға тәрбиелеу.
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді.
Психологтардың айтуынша, балалардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап - сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Зeрттeу жұмыcының мақcаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу.
Зeрттeу жұмыcының міндeттeрі:
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту мен сөздік қорларын молайтудың ғылыми теориялық негізін анықтау;
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытудың ең тиімді әдістерін зерделеп анықтау;
Зeрттeу әдіcтeрі: мeктeпке дейінгі білім беруге қатысты құжаттамалар, мектепке дейінгі оқыту бағдарламалары, балалардың сөздік қорын дамыту жолында зерттелген еңбектерді саралап, танысу, бақылау, cұхбат, oзат пeдагoгикалық бөлімін зeрттeу.

І. БАЛАБҚША ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сөздік қор туралы жалпы түсінік

Кез келген тілдегі сөздік қор өзінің ішкі құрылымы және қарым-қатынасы жағынан белгілі бір жүйе құрайды. Сөздердің жүйесін үшке бөліп
қарастырамыз: біріншісі - сөздердің шығу тегіне қарай - түбір сөздер, туынды, біріккен, тіркескен, т.б. әр түрлі сөздер болып келуі, екіншісі - сөздердің қолданылу орындарына қарай, яғни байырғы сөздер, кірме сөздер,
неологизмдер, историзмдер, қарапайым тұрмыстық сөздер, терминдер, әдеби
қолданыстар, т.б.; үшіншісі - сөздердің стильдік мәніне қарай топталуы ауызекі сөйлеуі тілі, кітаби -жазба тілі қолданыстары [28].
Сөздердің басым бөлігі көп мағыналы болады. Жүйелілік қатынастары
жағынан топтастырғанда олардың көп мағыналы түрлерімен қатар, сөз тудыру
формаларына негіз болатын ұя сөздер, тақырыптық сөздер, синонимиялық
қатарлар, антонимдес, т.б. сөздер деп бөле беруге болады.
Негізгі сөздік қорға жалпы сөз жиынтығынан кез келген уақытта ең жиі
қолданылатын сөздер жатқызылады. Қарапайым сөйлеу тілі негізгі қордағы
сөздерсіз қалыптаспайды. Негізгі сөздік қорға жататын сөздер жалпыға бірдей
түсінікті, қолданымдық жиілілігі басым, оларды қолданушыларға қажеттілігі
басым сөздер. Оқыту мақсатына қарай әр сабақта айналаға кеңінен таныс сөздер алдымен алынады.
Балабақшаның ересек және мектепке даярлық топ балаларына (5-7жас)
ыңғайластырылып құрылған сөздік минимум тілдік бірліктер ретінде тілдік
әрекеттерге бастайтындай етіп берілген. Балалардың тілдік әрекетінің көрінісі
олардың өздігінен сөзге араласуынан, яғни қазақ тілінде сөйлеуінен көрінеді.
1987-2000 жылдары бойы жасалып келе жатқан мектепке дейінгі балалардың
типтік бағдарламаларын [29] өзара салыстырып қарағанымызда, олардың
тақырыптар жүйесі, мазмұны жағынан өзгергендігін байқаймыз. Балабақшада
арнайы түрдегі екі жылдық қазақ тілін оқыту сабақтарында бала тілінде сөздік
қорды қалыптастыруда мынадай міндеттер қойылады:
а) Балалардың айналасындағылармен қазақ тілінде қарапайым тілдік
қатынасқа түсе алатындай сөздік қорларын дамытуға қажетті жағдайлар туғызу;
ә) Айналадағы таныс заттардың жекелей қазақша аталымдарын, сындықсапалық белгілерін, қимыл-қозғалыстарының аталымдарын дұрыс, дәл атай
білуге үйрету және үйренген сөздерін еркін қолдана білуіне басшылық жасау;
б) Сөздік жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерін сабақта және сабақтан тыс
уақытта тиімді қолдана алу. Балалардың баратын топтарына орай сөздік
жұмысын жүргізуде бір-бірімен өзара байланысты сөздер үйретіледі және бұған алдымен сөздердің тақырып бойынша топтастырылуы жатады.
Ғалымдар сөздерді тақырып жағынан дұрыс ұйымдастырып беру балаға сөздерді топ бойынша тез еске сақтауға үйрететінін, олардың бірі-бірімен ұқсастығын байқататынын және ситуацияға қарай іштей оларды жақсы сезіп, еске түсіріп сөйлеу дағдыларына қоса бастайтындығын айтқан [30]. Екіншіден, сөздерді грамматикалық белгілеріне қарай топтату өте тиімді. 1-сыныпқа барар алдында балаларға Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атаңдар, Не? деген сұраққа қандай сөздермен жауап бересіңдер? Кімдер?, Нелер? деген сұрақтарды қандай жағдайда қоямыз? Осылайша сын есімді, сан есімді, етістікті біртіндеп меңгерту жүргізіледі. Үшіншіден, сөздерді туысқандық қатысына қарай топтауға үйрету балабақша мен бастауыш сыныпта өте жиі қолданылады. Мысалы, жалпы атауы мен жекелей аталымдарды жіктеп атату. Отбасы-жалпы аталым, ал ата, әже, әке, бала, қарындас, іні, сіңлі. Жеті атаны атау, үш жұртты атау, т.б. Төртіншіден, төрт-түлік малдың, жан-жануардың төлдерінің атаулары, қызмет аталымдары, т.б. Сонымен қатар, сөздерді шығу тегіне қарата топтауға үйретуге назар аударылады. Мысалы, дәрі, дәрігер, 21 дәріхана; ас, аспаз, асхана, т.б. Жоғарыда берілген сызба балаларға бірінші оқыту жылында қазақша сөйлеуге үйрету сабақтарына жоспарланған сөз қорын көрсетеді. Мұғалімнің міндеті - мағыналары ауыр, белсенді қолданылмайтын сөздер мен тіркестерді белсенді сөздік қорға айналдыруға күш жұмсау. Ал отбасында қазақша сөйлейтін ортада баланың сөздік қоры айналадағы адамдардың өзіне қарата айтқан сөздерін түсініп қабылдай бастаған кезеңнен қалыптаса бастайды, оның сан жағынан, сапа жағынан дамуы баланың айналасындағылармен өздігінен тілдік қатынасқа түсіп, сол тілде мәжбүрлеусіз, еркін түрде сөйлесе алатын тілдік ортаға байланысты.
Ал енді жас ерекшеліктеріне қарай балалардың сөздік қорларының стандартты нормаларына тоқталып кетейік.
Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры. 1-3 жас
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында ба лғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам,ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді. Бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады.
Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл - ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер үлкендердің сөзімен алмаса бастайды.
3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті ( мамам келе жатыр), әрекет және объект әрекеті ( мам берші) немесе әрекет және әрекет орны ( кітап анда) 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.
Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?, Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін, Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын.
Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.
Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері. Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты:
-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- сіріңке, темекі, пеш,газ,шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.
-2) тұрған орынына қарай
-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді.
-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық деген сияқты т.б.
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
Ситуациялық сөз.
Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.
Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.
Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады,болмайды деген сөздер мәнін түсінеді
Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.
Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау,ертегі,әңгіме айту,дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.
Психофизикалық
Психологиялық
Логикалық, грамматикалық, фонематикалық
Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:
Бақыру ( жылау)
Былдырлауы
Нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте - бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап - тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.
Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы. Белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін - түбірлі сөздержен құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. Киіміңді әкел! Әжені шақыр! Атаға таяғын алып бер десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратып, түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұңын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тыңдау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.



1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың төмендегідей міндеттері бар:
1. Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
Топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тіл дамыту сабақтарында 1 - 4 сөзге дейін үйретілуі оқуға тиіс.
Бала көрген, таныған заттарын сипаттап, салыстырып айту үшін оның сынын, сапасын білдіретін сөздерді меңгеруі оқуға тиіс. Сондай - ақ бала синонимі, омоним, онтоним, теңеу, эпитет сөздермен де танысулары керек. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, болжам сөздерді тыңдау өткізілетіні арқылы тұрақты сөз тіркестерін де естіп, үйренеді. Мысалы, қас қарайды, төбе шашы тік тұрды т. б.
Сонымен балаларға үйретілетін жаңа сөздер көбіне табы жағынан - зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеулер болып келеді.
2. Баланың сөздік қорын нақтылау.
Бұл міндеттің негізгі мақасты - бала тілінің стиліне, мәнерлілікке, сөз мағынасын қаншалықты түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:
а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, жетілу, өрік т. б. бәріне ортақ жалпы бір атау, өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа иә киім саламатты ұрпақ (тіпті жыл мезгілдеріне байланысты киілетін киім түрлерін) еніп отыр.
ә) балалаларға жаңа сөздердің мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы, екінші сәбилер тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға деп ұғынса, ересектер тобындағы балалар ол сөздің бүкіл халықтық мәнін (республика күні т. б.) түсінеді.
б) сөздің тур және ауыспалы мағыналарына назар аудару. Мәселен, Таңертең де түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады иә тұрады.(А. Асылбеков)
Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам: "Қозым деп",
"Қошақаным -- өзің" -- деп (М. Әлімбаев)
в) Жаңа сөздерді қайталау. Балаларға үйретілген жаңа сөздерді тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-полимерлі мен күннің екінші жартысында қайталатып, естеріне түсіріп отыруы оқуға тиіс. Сонда баланың сөздік қоры молайып, актив сөздерінің саны артады.
3.Сөздік қорды жандандыру.
Бұл қай топта болмасын жүргізілетін негізгі күрделі сын жұмыс. Өйткені, балалар сөйлегенде сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, тәрбиеші түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. "Балбөбек" және т. б. балама бағдарламаларында балалардың сөздік қорын жандандыруға ерекше мән берілген.
Сонымен балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз - олардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мағыналас сөздерді (синонимі сөздерді) көп білу. Олардың сөйлегенде сөз реңктерін ажырата білуге көмектеседі. Ал заттардың, құбылыстардың кеңістіктегі көлемін, қасиеттерін салыстыруға үйрету де қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) пайдалануға бастау.
4. Бала тілінің тазалығын сақтау.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен тәрбиеші өзі мәдениетті сөйлеуі керек. Сонда ғана тәрбиеші өз тобындағы балалар тілінің таза иә түсінікті болуына ағы көңіл бөледі.
Балабақшадағы сөздік жұмысының аталған міндеттері тіл дамытудың басқа иә талаптарымен тығыз бірлікте жүргізіледі. "Балбөбек" және "Балабақшада білім беру және тәрбиелеу" бағдарламаларында әр топта жүргізілетін сөздік жұмысының мазмұны, көлемі жәрмеңке көрсетілген. Мысалы, І - сәбилер тобы (3 жасқа қараған балалар) күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, ағаштар, өсімдіктер т. б. аттарын белсенді түрде қолдана білуге үйрету және іс - әрекетке қатысты, сандық сапалық, мезгілдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керектігі айтылған.
Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмысының иә өзіндік ерекшеліктері бар:
а) заттар мен құбылыстарды біртұтас қабылдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
ә) заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, сапасын, бөлшектерін білдіретін сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды молайту.
б) заттар мен құбылыстардың табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдарды меңгерту.
Бұл жұмыстар баланың ақыл - ойы мен тілі қатар дамығанда оң нәтижелі бастау.
Бағдарламадағы қоғамдық өмір құбылыстары және айналамен танысу тақырыптарын төмендегіше топтауға бастау:
Тұрмыстық заттар жайында түсінік беру, қоғамдық өмірмен таныстыру, адамдар еңбегі, табиғат жөнінде алғашқы түсініктерін что, туған елге деген сүйіспеншілігін курс т. б.
Бұл тақырыптар бағдарламада баланың жасы өскен сайын күрделене түседі. Кеттік тіркеудің жоғарыда аталған тақырыптың біреуін алып, әр топқа байланысты өзгерісті қарастырып көрелік.
Тұрмыстық заттар туралы түсінік беру
І. Сәбилер тобы. Заттардың емес үшін қолданылатынын білдіру. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай таңдауға және топтауға үйрету, өз тобында бөлмелерді бағдарлай білуге баулу (ұйықтайтын, ауыздағы бөлме т. б.) өзінің ата-анасының, тәрбиешінің аты-жөнін есте сақтауға дағдыландыру.
ІІ. Сәбилер тобы. Өз үйінің мекен-жайын, күтушінің, медбикенің, музыка маманының аты-жөнін білуі оқуға тиіс. Топ бөлмесіндегі ойыншықтардың, кітаптардың, ыдыс-аяқтың қайда тұратынын, қайда сақталатынын білу.
Естиярлар тобы. Заттардың неден жасалғанын оның құрылысын, қажеттігін айт білулері керек. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай топтауға үйретіледі. Балабақша мекен-жайын есте ұстаулары оқуға тиіс.
Осылайша топ жоғарылаған сайын балалардың айнала қоршаған орта туралы ұғымдары, түсініктері де күрделене түседі. Ал түсініктерінің кеңеюі олардың сөздік қорларының молаюына ықпал етеді.

2.1 Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі бала бастапқы дамуында сөздерді үлкендерден
практикалық еліктеу жолымен үйренеді. Үлкендердің басшылығымен
айналадағы заттарды танып біледі, яғни алғашқы сөздік қоры олардың сөзін
қайталаумен, заттардың алдымен аты, кейін дәмі, иісі, түрі, формасы, басты
қасиеттерін ажыратуға үйренумен болады. Үлкеннің сөзіне қарап олар өз
сөздерін дұрыстайды. Естігендерін жадында ұстау арқылы кейінірек өздерінің
жаңа грамматикалық құрылымдарын шығаратын жайлары да болады. Мысалы,
қайталау деудің орнына қайталақтау, жұмсақ деудің жұқа орнына,
жұдырық деудің орнына жұмылдырық деген сияқты сөздер шығарып
алатын да болады. Осындай кереғар жағдайда бала тіліне мұқият болып
сөздерді бұзбай сөйлеуге, әсіресе әр сөзді мағынасына сай дәл жұмсауға
үйрететін, арнайы сөздік қорды дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Балалар
бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері, ана тілін үйренудің
заңдылықтары негізінде бала бойындағы бірқатар қабілеттердің дамуы
үдерісінде [31], ішкі сезім арқылы (саналы түрде емес) жүзеге асырылады:
1) өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу
қабілеті -- сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін,
просодемаларды модульдеу және оларды есту;
2) дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана
тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне
тән мағына ретінде түсіне алуы;
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни
оларды бағалауы;
4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-кұлқын тәртіптеу үдерісінде
сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті ерекше рөл атқарады.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын
жағдай жасаса, онда баланьң тілі солғұрлым тезірек байиды және оның
психикасы жан-жақты дамиды. Ал тілді екінші тіл ретінде үйретуде
лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек
болса, үйретуші олардың төмендегідей жіктелісін еске ұстағаны ләзім:
Алдымен тілге арнайы оқыту әдісі қолданылады. Оқыту әдісі деп білімді бір
адамнан басқа адамға беруді, үйренуші мен үйретушінің арасында жүйелі
түрде, біртіндеп орындалатын іс-әрекетті айтады. Оқыту бірыңғай теориядан
тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы - балабақша үдерісіне жат
нәрсе. Сондықтан да мектепке дейінгі кезеңдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Балалардағы диалогтік сөйлеуді дамыту
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл дамыту
Пәндер