ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Теректі ауданы
МКҚК Ақ желкен бөбекжай

(Аудандық семинарда)

Тақырыбы:

ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯ.
(Тәжірбие алмасу)

Дайындаған: Педагог-психолог Байгужина Н.Ж.

Федоровка - 2018 оқу жылы.
Ертегі терапия.
Мақсаты: Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір педагог, баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Театырландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Сонымен қатар, баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз құрылымын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады.
Ертегі терапиясы дегеніміз не?
Бірінші басымызға келетін нәрсе- ертегі мен емдеу деген ой. Бірақ, ертегі мен ертегі терапиясы шатыстыруға болмайды. Ертегі терапиясы - бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі басқаша айтақанда дамыту.
Ертегі терапиясында емнің қандай қатысы бар?
Ертегі терапиясы психодиагностиканың түзетудің жәңе даму принциптері гуманистік, позитивтік терапияның принциптеріне жақын болып келеді. Ертегі терапия мінез-құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға көптеген үлгілер ұсынылады. Бала өзін кейіпкерге санасыз түрде салыстырып болашақта болдырмауға мүмкіндік алады. Ертегі ешкім баланы дұрыс өмір сүруге үйрете алмайды. Бірақ, ойландырады.
Ертегі терапиясы - психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Бүгінгі таңда ертегі терапиясы бұл жаңа, әрі өте жас және психологиядағы дербес бағыт. Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.
Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады:
1. Көркемдік ертегілер - халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді.
2. Халық ертегілер - оқу материалын түсіндіру үшін
қолданылады.
3. Авторлық ертегілер - баланы ертегіге қызықтыру, зейінді
дамыту.
4. Психокоррекциялық ертегілер - баланың іс-әрекетіне
жаймен түзету үшін қолданылады.
Ертегі терапияның жетістіктері:
Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;
Баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;
Мінез-құлық пен қарым-қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;
Баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;
Балаға жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;
Баланың мінез-құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;
Баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.
Ертегілерді өткізу түрлері:
Кітапша театры - бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді.
Сюжеттік -рөлдік көрсетілім - балалар рөлге бөлініп, ертегіні сахнаға шығып көрсетеді. Бұл көрсетілім баланы сахна төрінде ұялмай, қобалжудан өз ойын жеткізе білуге үйртеді. Балалардың көңіл-күйін көтереді. Сөздік қорын дамытады және т.б.
Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойлымын көрсетуге үш педагог немесе балалар қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ақ матадан жасайды, түрлі декорация жасайды. Кейіпкерлерді көрсету үшін - оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.
Үстел үстіндегі театры - мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.
Суреттер (картиналар) театры - декорация мен кейіпкердің - суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Фланелеграф театры - суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алу да үйренеді.
Мультфильм немесе мультипликациялық фильм - (лат. mult, лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
APТ-ТЕРAПИЯ – ПCИХOКOPPEКЦИЯ ӘДICI PETIНДE
Пәндер