Топтық динамика және жетекшілік
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТ
Баяндама
Тақырыбы: Топтық динамика және жетекшілік
Орындаған: Сабыр Ақжол Ю-19-2к студенті
Тексерген: Зулхарнай А.Н
Қарағанды - 2021
Топтық динамика және жетекшілік
Өндіріс ұйымдық формаларда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай кәсіпорын ұжымның ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады да, мұндағы барлдық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болады. Менеджменттегі келіспеушілік. Дау-дамайды, келіспеушілікті шешу жолдары.
Негізгі терминдер: топтар, ресми және бейресми топтар, билік, басшылық стилі, келіспеушілік.
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Ресми және бейресми топтар
2. Басқарудағы биліктің түрлері, басшылық стилі
3. Менеджменттегі келіспеушілік, оны шешу жолдары
1. Менеджмент туралы сөз болғанда ең бірінші біз ұйым сөзінің мағынасын түсінуіміз керек. Себебі менеджмент тек қана ұйым бар жерде жүзеге асырылады. Менеджмент дегеніміз басқару, бірақ ол мысалы, машинаны, станокты басқару емес, ұйымды, ондағы адамдарды басқару.
Ал ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет:
- ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек;
- көздеген бір мақсаты болуы керек;
- мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек.
Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым пайда болып, құрылады.
Әрбір ұйым қандай да бір мақсат көздеп, сол мақсаттың нәтижесіне жету үшін әрекет етіп, өмір сүруі қажет. Ұйымдардың іс-әрекеті, басқару әдістері мен стилі, мақсаттарының жай немесе күрделілігі әртүрлі болады. Тек қана бір ескеретін жағдай, тиімді жұмыс атқарып, көздеген мақсатына жету үшін барлық ұйымға тән ұйымның жалпы сипаттамалары болады.
Ұйымның сипаттамалары:
1. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін қолда бар ресурстарды толық пайдалану керек. Ресурстар жалпы түрде еңбек, қаржы және материалдық ресурстар болып бөлінеді. Осы аталған ресурстардың әрқайсысының өз орны, міндеті арқылы ұйымның мақсатына өз үлестерін қосып, пайдаға асуы тиіс.
2. Ұйымда еңбек бөлінісі және еңбектегі бірлесу тәртібі қатаң сақталуы қажет. Мысалы, мамандығы, жауапкершілігі, саласына байланысты еңбек бөлінісі жүзеге асатын болса, барлығы бірігіп, ұйымның мақсатын орындау үшін іс-қимыл жасауы еңбектегі бірлесу қағидасын сақтау болып табылады.
Еңбек бөлінісінің екі түрі бар - тікелей және көлденең еңбек бөлінісі тәртібі.
Тікелей еңбек бөлінісі - жоғарыдан төмен (немесе сатылап бөлу) қызметкерлердің лауазымына, жауапкершілігіне қарай бөлінеді, ал көлденең еңбек бөлінісі - деңгейі, лауазымы, жауапкершілігі бірдей болған жағдайда, салалары мен мамандығына қарай бөлінеді.
3. Ұйым мақсатына жету үшін сыртқы ортамен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы, ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады және өнімді немесе қызметті сыртқы ортаға шығарып сатады, яғни ұйымның барлық іс-әрекеті, тіршілігі сыртқы ортамен қарым-қатынасына тікелей байланысты.
4. Ұйымда өндіріс салаларына байланысты бірнеше бөлімдер болса, оның әр саласы өзінше дамуы арқылы бүкіл ұйымның дамуына ықпал етеді. Бірнеше бөлімдердің болуы, егер ұйым күрделі болса, оны басқаруды да жеңілдетеді.
5. Ұйым дамып, табысқа жетуі үшін міндетті түрде ададмдарға міндеттержүктеп, еңбек бөлінісі арқылы ұйымның құрылымын құру, басшы қызметкерлерді іріктеу, оларға жауапкершілік жүктеу қажет. Бұл жағдай тек қана басқару, ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асасды. Яғни, ұйымға тән сипаттама оны басқарудың қажеттілігі.
Ұйымның түрлері.
Мақсатқа жету үшін ұжым ұйымдасуы, әрі басқару органы болуы тиіс. Өндіріс процестерін басқаруды үйлестіру үшін әкімшілік құрылым жасалып, онда ұжым мүшелері линия және басшылық деңгейі бойынша орналасады. Осы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағынушыларға бөлінеді.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге құқы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін құрылым әлеуметтік психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми рөл термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай қасиеттердің болуын талап етеді.
Басшы өз ісін жете білу, ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктері, талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т.б. қасиеттерінің болуы ұжымды ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.
Ұйымдар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.
Мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады (мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар, өндірістік кооперативтер т.б.). Ресми ұйымдардың Жарғысы, сол жарғыға байланысты өз ережелері мен принциптері болады, статистикалық салық мекемелерінде тіркеліп, есеп беріп отырады.
Ал бейресми ұйымдар ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есепшоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейіннен жойылып кетуі мүмкін. Бейресми ұйымның да жетекшісі болады, бірақ оны арнайы ешкім сайламайды. Бейресми ұйымның жетекшісі өзінің адамдарды баурап алатын қасиетімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, сөйлеу шеберлігімен ададмдарды өзіне тартып, басқалар соның айтқанын орындап, тек соны ғана тыңдайды.
Бейресми ұйымдар әртүрлі бағытта болады - кейбіреуі қоғамға пайдалы, екінші біреуі зиян келтірушілер тобын құрайды. Сондықтан менеджер өз ұйымында бейресми топ бар ма, егер болса, ол топтың іс-әрекеті қандай бағытта екенін анықтауы тиіс.
Мысалы республикамызда тұтыну тауарлары саудасымен айналысатын жеке саудагерлер (оларда бірнеше адамдар тобын құрайды: біреулері шетелге қатынап тауар әкелсе, екінші біреулері сатумен айналысады) нарықтың дамуына ықпал етеді, егер сондайлар наркобизнеспен шұғылданса, тек зиян келтірушілер болып саналады.
Ұйымның ішінде бейресми топ пайда болған жағдайда оның мүшелері ұйымның басшысын емес, өз бейресми тобының басшысын жақынырақ санап, соның айтқанын тыңдауы жиі кездеседі. Сондықтан ұйымның басшысы бейресми топтардың іс-әрекетін қадағалап, олардың ұйымға қандай ықпалы бар екеніне көңіл аударуы тиіс. Ресми басшы бейресми топтың басшысын анықтап, онымен тіл табыса алса, ол топ мүшелеріне айтқанын орындата алады, яғни бейресми ұйымға оның басшысы арқылы ықпал ету қажет.
Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді. Өйткені олар жеке адамдарға және қызметшілердің жұмыстағы жүріс-тұрысына күшті ықпал етеді.
Бейресми қарым-қатынас - бұл бірін-бірі құрметтеуден, ортақ мүддеден, сыйластықтан туындайтын достық, бауырластық байланыс. Мұндай қарым-қатынас адамдардың өзіне қажетті болғандықтан пайда болады және де оның өзі жұмыс бабына, ұжымдағы психологиялық ахуалға ықпал етеді.
Өкілеттілікке сенім көрсетудің қажеттілігі мен артықшылығы бола тұрса да, кейбір басшылар өзінің қарамағындағы адамдармен ақылдасуды қажет деп санамайды. Мұның толып жатқан себептері бар, оны әдістемелік (методикалық), ұйымдық және психологиялық секілді бірнеше топқа біріктіруге болады.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда өкілеттілікке сенім көрсетудің қиын болатын себебі - басшы тарапынан басқару органын заңсыз теңдестіруден туындайды. Мәселен, қол қою құқын шектен тыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz