Сыра



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3

І СЫРАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
1.1 Сыра жайлы жалпы түсінік 5
1.2 Сыраның тарихы 7

ІІ ПАЙДАЛЫ СЫРА МЕН ЗИЯНДЫ СЫРА
2.1 Сыраның құрамы 9
2.2 Сыраның адам ағзасына зияны 11
2.3 Сыраның пайдасы жайында кейбір тұжырымдар 16
2.4 Сыра өндірісі 19

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Сыра
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І СЫРАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
0.1 Сыра жайлы жалпы түсінік 5
0.2 Сыраның тарихы 7

ІІ ПАЙДАЛЫ СЫРА МЕН ЗИЯНДЫ СЫРА
2.1 Сыраның құрамы 9
2.2 Сыраның адам ағзасына зияны 11
2.3 Сыраның пайдасы жайында кейбір тұжырымдар 16
2.4 Сыра өндірісі 19

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ

Білсең достар, сыра, шылым дұшпаның
Мықты болсын оған деген ұстамың,
Жырақ жүрсең аулақ салып іргеңді,
Бақытыңның жолын тауып, ұққаның!

Тақырыптың өзектілігі. Қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында дүркін-дүркін үн тастап келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Өкінішке орай, сыра ішу жағынан біз Әлем бойынша екінші орында, ТМД бойынша бірінші орында екенбіз.
Кедендік одаққа байланысты өткізілген жиында сыраға қандай статус беру жайлы шу шыққаны белгілі. Беларусь үкіметі сыраны алкогольсіз өнім деп санауды ұсынған болатын. Бұл - Кедендік одақта әбден талқыланған тақырып. Мөлдір сусын үшін белорустықтар сыра өнімдері туралы техникалық регламент жасауды ұсынды. Белоруссияда сыра нарығының 80 пайызын пластик ыдысқа құйылған өнімдер құрайды. Егер сыраны алкогольді өнім қатарына қосса, белорустықтар пластик - ті шыны ыдыстарға ауыстыруға тура келеді екен. Бұл әрине көп шығынды қажет етеді. Ресей де сыраға байланысты өз ұстанымдарын жұмсартпақ ниет танытты. Бұл тұрғыда барлық алкогольді өнімдерді пластик ыдыстарда шығаруға қарсы шыққан Қазақстанды Ресей қолдамай отыр. Сөйтіп, сыраға қатысты сан-саққа кеткен тартыс сол күйі басы ашық күйінде қалды.
Алдағы уақытта сыраға қайта айналып соғуға тура келері сөсіз. Мемлекеттік дең - гейде шешілуі тиіс мәселе ретінде. Кезінде еліміз алкогольді өнімдерге қарсы майдан ашқаны белгілі. Дұрысы - жарна - ма - сына қарсы. Алайда жарнаманың өңін айнал - дыруда алды - на жан салмайтындар сыраның орысшасын теріс қара - тып жазып, сарап - шылар тап басып тани алмайтындай етіп, әйтеуір амалын тапты. Әйтеуір сыраның ал - ко - гольді өнімдер қатарына жататыны, ия жатпайтыны туралы қазір қоғамның пікірін екіге жарып тұр. Кезінде Ре - сейдің өзі сырақұ - марлықтың дендеп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Әсіресе, жастардың шөлбасар ретінде тіптен қалақтап емес, бөшкелеп ішетіні жайлы тіпті бас санитар дәрігері мәселе де кө - тер - ген болатын. Бізде де жағдай мақтанарлықтай мәз емес. Сыра тек жастар мен жасамыстардың ғана емес, бүгінде мектеп оқушыларының да сүйікті сусынына айналды. Оны қаншама алко - гольсіз сыра деп дәріп - те - генмен де, оның құрамындағы 0,5 % спирт - ті қайда қоямыз. Арпадан ашытылған кәдімгі арақ атаулының туысы болып табылатыны тағы да рас. Бірақ алко - голь - сіз сыра ғой деп сылтауратудың қажеті жоқ. Әй - теуір халал сыра деген шық - паса деңіз.
Сыра ағзадан алюминий тұздарын шығарады, шөлді жақсы басады, ас қорыту процесіне қатысады, сондай - ақ, сырадан жасалған әртүрлі маскалар әжімге қарсы қолданылады, тұмауға қарсы, шаш үшін де пайдаланады. Сыраны шашқа жақса, шаш жылтырайды, қайызғақтан тазарады, зат алмасуды тездетіп, жасушаларды жаңартады. Осы аталғандардың барлығы сыраның ағзаға пайдалы, тиімді әсері болса, сыраның ағзаға кері, зиянды әсері де болады. Неге? деген сауал туындауы әбден мүмкін. Дүние - ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан тұратыны сияқты, яғни таяқтың екі ұшы бар - дегендей сыраның да зиянды әсері жеткілікті. Оған дәлелді күнделікті өмірде көріп жүрміз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер сыраның арқасында әртүрлі оқыс оқиғаларға тап болып жатыр. Оны біз күнделікті газет - журналдардан, жаңалықтардан да көріп, естіп жүргеніміз баршаға аян. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сырадан уланып, жедел жәрдем шақыртатындары да аз емес. Қазіргі кезде сыраны еңбектеген жас баладан бастап, еңкейген кәрі шалдарға дейін ішеді. Өмірдің тұтқасы, отбасының ұйытқысы болатын болашақ аналар құрсағында нәрестесі бола тұра, сыра ішіп, шылым шегеді. Нәрестенің денсаулығы қалай болады, мен өмірге дені сау ұрпақ әкелдім бе- деп ойланып жатқан олар жоқ. Тіпті бала тұрмақ өз денсаулығы да керек емес тәрізді. Біріншіден, сыра ағзаға зиянды болса, екіншіден, қоғамды ластаушы, адамзатты уландыратын - у екені даусыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: сыраның анықтамасы, оның құрамы, шығу тарихы, пайдасы мен зияны жайлы нақты мәліметтер мен деректер медицина, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтан қалыптастыру саласында қызмет ететін түрлі ғылыми дәрежелері бар оқытушылар мен дәрігерлердің еңбектеріне, тілшілердің мақалаларына негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты - сыра өндірісіне, онық қоғамдағы рөліне, пайдасы мен зиянына қатысты заманауи көзқарастарды ашу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
+ сыраның қоғамға әсерін қарастыру;
+ сыраның құрамын анықтау;
+ сыраның пайдасы мен зиянын талдау;
+ қазіргі Қазақстандағы сыра өндірісі мәселелерін көрсету.

І СЫРАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
2.1 Сыра жайлы жалпы түсінік

Сыра - арпа, су және құлмақ (хмель) араластырып ашыту арқылы дайындалатын алкоголі аз сусын (ішімдік). Оның құрамында 4-10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3-0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8-6% шамасында алкоголь болады. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп ары қарай ыстық бумен кептіріп диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біраз ұсталған соң ол қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ салып қайнатады. Осыдан соң массаны қайта сүзіп суытады. Осы масса ашыту аппаратында 5 -- 90°С температурада 7 -- 8 тәул сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін 0 -- 20°С температурада арнаулы ыдыста сақталады. Сыраның толық ашу уақыты 21 -- 90 тәул.
Сыра - алкогольді сусын. Оның құрамындағы алкогольдердің пайыздық көрсеткіштері әртүрлі. Бірінің пайыздық көрсеткіші жоғары болса, екіншісі одан төмен деген тәрізді. Сыраны тұтынушылар өте төмен яғни суық күйінде ішкеніді ұнатады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, ата - аналары сыра ішсе, балалары қайда барар? Суық сыраны ішкеннен балаларда лорингит, фаринголорингит аурулары пайда болады, оны дер кезінде емдетпесе болмайтынын бәрі жақсы біледі. Сыраның құрамында: никотин, уксус және де әртүрлі химия - физикалық заттар да бар. Никотиннің ағзаға қандай теріс әсері бар екенін барлығы жақсы біледі. Ішуге болмайтынын біле тұра, соны істейді. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты- демекші, жүкті әйелдер соны біле тұра сыра ішетініне ішің удай ашиды.
Сыра ішімдігі - ауыр психологиялық ауру, яғни адам өз қалыпа немесе мінез - құлқына баға бере алмайды. Ең маңыздысы ол қол жетімді және жеңіл қолданбалы. Оны ішу үшін дастархан жаю қажет емес, сыраны жалғыз, достар арасында, үйде, көшеде, отырып немесе жүріп келе жатып та ішуге болады. Сыраның градусы көп болғандықтан араққа қарағанда оны емдеу қиынға әкеліп соқтырады. Мамандардың көзқарасы бойынша, сыра ішімдігі - емделуге оңай берілмейтін ішімдіктің бір түрі.
Сыра шөлді жақсы қандырады, оны аш қарынға ішу қауіпті. Сырада көп болатын ашытқы өнімдері және көмірқышқыл асқазан және ішек шырыштысын тітіркендіреді.
Сыра - есіріткінің бір түрі. Оның дәмін алған адам іше бергісі келеді. Сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады екен. Ал бұндай жағдай жүрек қабынуының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп, адам инфарктіге шалдығуы келіп шығады. Сонымен бірге сыра - семіздікке апаратын бірден-бір жол.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жан басына шаққандағы ішімдік мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Ал Ресейде әрбір азамат жылына 18 литр ішімдік ішеді екен. Көршімізбен салыстырғанда, біздегі ахуал шүкірлеу, яғни жылына әр қазақстандық 4 литр спиртті ішімдік тұтынады.
Керісінше, біздің елімізде сыраны пайдаланушылар көп. Дәрігерлер сыраның құрамында алкоголь аз болғанмен, оның денсаулыққа тигізер зияны ұшан-теңіз екенін айтады. Мәселен, сыраны көп ішетін жігіттердің даусы жіңішкеріп, қарны ұлғаяды және жүрек ауруына жиі шалдығады екен. Сондай-ақ ер адамның ағзасында әйел гармонын үдетіп, бедеулікке әкелсе, қыздарда еркекшоралық мінез пайда болады.
Сыра - дерек. АҚШ-тың Мичиган штатында жексенбі күні сыра ішуге және сатуға тыйым са - лынған. Германияда сыра тазалығы туралы заң әлемдік мәдени мұра қата - ры - на қосылуы мүмкін. Будвайзер сырасы Чехияның зияткерлік меншігіне жа - та - ды.
Биыл тамыз айынан бастап, қоғамдық орындар мен көшеде сыра ішуге тыйым салынды. Аталған заң күшіне енгенмен, талапқа бағынғысы келмейтіндер табылып-ақ жатыр. Мәселен, шілде айынан осы уақытқа дейін облыс бойынша 451 заң бұзушылық анықталып, 21797 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Соңғы жылдары елімізде сыраға әуес жандардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарап кетті. Деректерге сүйенсек, халық спиртті ішімдікке қарағанда, сыраны екі есе көп пайдаланады. Әрбір адам жылына 10 литр сыра ішеді екен. Сыраға тәуелділік, біріншіден, денсаулыққа зиян болса, екіншіден, қоғамға қауіпті.
Сондықтан елімізде көшеде сыраны қылғып отыратындарға қатаң бақылау жасау қолға алынды. Әкімшілік кодекстің 336-бабына өзгертулер енгізіліп, спирттік сөзі алкогольді сөзіне ауыстырылды. Осы орайда қоғамдық орындарда сыра ішкендер заң жүзінде жазалануда. Алайда азаматтардың басым бөлігі талапты орындай бермейді. Облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Ардана Саймағамбетов көшелерде арнайы рейдтік бақылау жүргізіліп, заң бұзған азаматтарға айыппұл салынатынын айтты:
-- Бірінші рет заң бұзған азаматтарға бір айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал екінші рет, оның құны екі айлықтан, бес айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Ал үшінші рет полицияға сырамен ұсталса, 15 күн әкімшілік қамауға алынады.

2.2 Сыраның тарихы

Сыраны алғаш кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Онық өте көне замандардан келе жатқандығы соншалықты, тұңғыш қайнатушысының есімі ұмытылған. Аңызда тіпті Нұқ пайғамдардың кемесіне сыраны алғандығы айтылған. Сыраны сусын ретінде көне Египетте де, бағзы Грекияда да қайнатқан.
Сыра қайнату өте ертеден келе жатқан үрдіс болып табылады. Біздің эрамызға дейін 7 мың жыл бұрын Вавилонда сыраны арпа уыты мен бидайдан дайындаған деген болжам бар. Содан кейін сыраны дайындау Ежелгі Египетте, Парсыда, Кавказ және оңтүстің Европада кең тарай бастаған. Барлық славян тілді елдерде сыра деген сөзді кездестіруге болады. Алғашқыда сыра деп сусынның барлық түрін атаған екен. Славян тілінде пиво - сыра және пить - ішу деген сөздер үндес болып келеді. Славян елдері ең алғаш сыра қайнатуда құлмақты пайдаланған деген де сөз бар.
Сыра қайнату өнері аса көне дәуірге жатады. Ал сіздер білесіздер ме? Египетте сыраны б.з.д. 2800 жылы қайнатқанын дәлелдейтін ескерткіштер табылған. Б.з.д. 2600-2190 жылдарға жататын қабырға суреттерінде сыра дайындау үрдісі бейнеленген. Көне мысырлықтар сыраның көп сұрыптарын білген: кәдімгі арпадан жасалған, қара, жұмсақ консистенциялы ақшыл, өте жіңішке хош иісі бар ақшыл мен түрлі ашытқылардың қоспасынан жасалған кәдімгі сырадан бастап бидай ашытқысы пайдаланылатын сыраға дейін.
Сыра - сұйық нан деген танымал қанатты сөзді Көне Египет пен Вавилонда да білетін. Пирамиданы салушылардың күнделікті нормасы үш бөлке наннан, үш күбіше сырадан және бірнеше сарымсақ пен пияздан тұратын. Сонымен қатар тәуекел етіп, осы рационда сыра болмағанда соншалықты ыстықта пирамиданы салуға жоғарыға ешкім шықпас еді деп болжам көрейік. Сол кезеңнен бері осы күнге дейін барлық мысырлықтар туристерді шақыру арқылы пайда тауып жатқан Хеопс кереметін бір жиырмажылдықта салып тастайтын сол бір халықтық құлшыныс болмас па еді.
Мысырлықтардың ойынша, сыра қайнату дағдыларын адамға өнім (урожай) мен жерасты әлемі құдайы - Осирис табыс еткен. Сыраны көне Египетте сол кездегі ең жақсы сыра қайнатылатын, сыра қайнатудың басты орталығы саналған, Ніл өзенінің сағасында орналасқан Пелузиий қаласының атымен пелузийлік сусын деп атайтын. Британдық археологтар тобы ежелгі мысыр астанасы - Тель-Эль-Амарнедегі қазбалар кезінде патшайым Нефериттиге арнап салынған, Күн храмына тиесілі сыра қайнату зауытының қалдықтарын тапқан.
Сонымен қатар сыраны қоспалардан тазарту үшін сүзгіге ұқсас бір зат арқылы құйып жатқан Неферитти бейнеленген қабырға панно да табылған.
Нефериттидің өзі арпа сусынын дайындайтын майталман шебер болған.
Рамзес ІІ фараонның (айпақшы, ол сыраны Мысыр өміріне кең таратқаны үшін Ұлы деп аталған жоқ па екен?) кезеңінен бастап сыра Мысырда сүйікті сусынға айналады. Анигоның дәрістерінен аналардың студент балаларын қалай қарсы алғандығын білеміз: Сосын сен мектепке бардың, ал сауаттылыққа үйренген кезінде мен сені күнде үйде нан және сырамен күтетінмін. Фараондардың қабірлеріне міндетті түрде сыра құйылған ыдыс қойылатын. Солай бола тұра, сыраны шектен тыс ішуге сол кезден-ақ теріс көзқараспен қарайтын. Тас тақталардың бірінде мынадай уағыздың ойылуы да кездейсоқтық емес: Сыраханада отырып, өз-өзіңді өлтірме, санаңды жоғалтпа және өзіңнің уәделеріңді ұмытпа...
Римдықтар сыр ішпейтін, оның орнына олар су қосылған шарап ішетін. Сондықтан да олар тағылық тайпалардың шабуылынан құлады. Англия, Бельгия, сонымен қатар солтүстік Францияда сыра қайнату ежелден бері ерекше құрметке ие. Кейін сыра Германияға да келді, нәтижесінде, ол онда нағыз ұлттық сусынға айналды.
Негізінен, сыра кейінгі заманғы түсінікте ашытқы мен құлмақтан жасалынған сусын ретінде кейнгі кезеңдерде - XIII-XIV ғасырларда пайда болды. Ал бұған дейін сыраға құлмақ қосылмайтын. Қалалар пайда болғанға дейін сыраны әр қожайын өз үйінде дайындайтын. Ал қалалар салынған кезде сыраның түрлі сұрыптарын дайындаудың майталмандары болған шеберлердің сословиелері пайда болды. Германияда аса танымалдылыққа сыраның бок (Мюнхеннен) және мумме (Брауншвейгтен) сұрыптары ие болды. Әйгілі ағылшындық портер 1770 жылы пайда болды.
Русьте сыра қайнатудың ежелгі дәстүрлері бар. Перевар деп аталатын сыра мен балдан дайындалатын жеткілікті күшті сусын жайлы деректер ежелгі жазбаларда кездеседі. Иван ІІІ кезеңінде сыра нан шарабымен бірге патша кабактарында сатылатын.
XVIII ғасырдың басында Новгородта қарапайым сыраның шелегі 4 алтын, яғни 12 тиын тұратын, Алексей Михайлович патшаның кезінде сыраның бөшкесі 4 рубльге сатылатын. Жылына төрт рет, әдетте, Ұлы күні (Пасхада), Дмитрий сенбісінде, масленица мен Христос Рождествосында, сонымен қатар шоқындыру мен үйлену тойларында шаруаларға өздеріне үй жағдайында ішуге арналған сыра, боза және бал қайнатуға рұқсат берілетін, сол себепті мұндай мерекелік дастархандар ол замандарда ерекше сыра (пивцо) деп аталатын. Алайда ерекше сыраға рұқсат іріктеу арқылы тек аса еңбекқор және кәсіпкер шаруаларға ғана берілетін, оның өзі 3 күнге ғана.

ІІ ПАЙДАЛЫ СЫРА МЕН ЗИЯНДЫ СЫРА
2.1 Сыраның құрамы

Сыраның құрамында 4-10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3-0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8-6% шамасында алкоголь болады. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп ары қарай ыстық бумен кептіріп диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біраз ұсталған соң ол қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ салып қайнатады. Осыдан соң массаны қайта сүзіп суытады. Осы масса ашыту аппаратында 5-90°С температурада 7-8 тәул сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін 0-20°С температурада арнаулы ыдыста сақталады. Сыраның толық ашу уақыты 21-90 тәул.
Кез келген сыраны дайындағанда құрамына хмель деген шөп қосылады. Ол қосылмаса сыраңыз сыра болмайды. Оның құрамында фитоэстереген бар. Ол әйелдің бойында болатын гармон - прогестерон. Сондықтан сыраны көп ішкен ерлердің еркектік қуаты жойылып, қарыны шығады, сондай-ақ жүрек талмасы ауруына жиі шалдығады екен. 2007-жылы Америкадағы отбасылық кеңес беретін белгілі бір басылым мың әйелге сауалнама жүргізген. Сонда 873 әйел құрғақ сыраға қампайған қарынды еркектерді жек көретінін айтқан екен. Басты мәселе қарында ғана емес, еркектік қуатта жатыр деп түйін шығарыпты әлгі басылым.
Сыра құрамында көптеген токсикалық заттар бар, соның ішінде ауыр металл тұздары бұл эндокринді жүйесін өзгертеді. Ер адамдарда сыра ішкен сайын жыныс гормондары тестострионның бөлінуін азайтып, әйел гормондарын көп бөле бастайды, сондықтан ер адамның бет келбеті өзгереді.
Сонымен қатар сыраның құрамындағы алкогольдердің пайыздық көрсеткіштері әртүрлі. Бірінің пайыздық көрсеткіші жоғары болса, екіншісі одан төмен деген тәрізді. Сыраны тұтынушылар өте төмен яғни суық күйінде ішкеніді ұнатады.
Бүгінде сыраның атауы өзгермегенімен, оның жасалу жолда - ры жаңарғаны анық. Бұрынғы жасалу жолынан айнып, бүгінде түрлі технология бойынша дайындалады. Оған түрліше консерванттар қосылатыны белгілі. Химия - лық қоспаларды қауіпсіз деп ешкім де кепілдік бере алмайтыны анық. Соның ішін - дегі ең қауіптісі - кобальт. Оны көпір - шік - ті көбейту үшін қосады. Менделеев кестесіндегі елеусіздеу элемент болғанымен оның адам ағзасына келтірер зияны аса ауқымды. Рентгенологтардың айтуынша, сыраны сіміріп салған адамның жүрегіне жүк түседі. Яғни ең алдымен жүректі зақымдайды. Оның қуысы кеңіп, бұлшық етке күш түседі. Одан кейін ағзадағы басқа да көршілеріне шабуыл жасай бастайды. Жүрекке ең жақын орналасқан асқазан да бұл қатерлі шабуылдан қалыс қала алмай - ды. Бүйрек пен бауырға да келтірер зияны орасан. Оның құрамында сондай-ақ көмірқышқыл газы да бар. Қан айналымы жүйесіне аса қауіптісі - осы. Сыра құрамын - дағы ауыр металдардың тұзы гармондарға күш түсіреді. Соның салдарынан эндокринді жүйе аса көп өзгеріске ұшырайды. Оны үнемі сіміретін еркектердің негізгі гармоны - метилтестерон әлсірей бастайды. Ал бұрым - дыларымыздың да сыраны сылқи - тудан алдына жан салмайтыны жасырын емес. Оны күнделікті ішуді дағдыға айнал - дырған ақ жаулықтардың көкірек рагына ұшырау қаупі жоғары.
Сыраның құрамында токсинді заттар сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздары бар, олар эндокринді жүйенің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Хмельдің қызметіне қарай сырада психобелсенді заттар бар ол адамға масайтатын әсер береді. Уақыт өте келе адам сырасыз дем ала алмайды, босанси алмайды және сыраны қабылдау мөлшері арта түсетіндіктен есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады екен.
Сыраның құрамында фитоэстроген эле - менті бар. Ол әйел гармондары үшін өте қауіпті. Мөлшерден көп ішілген сыра әйелді ашуланшақ етеді, әрі психикасын бұ - зып, ішімдікке деген тәуелділігін арттырады. Мамандар - ішкілікке үйір әйелдердің 82 пайызы ауруды сырадан тапқанын дәлелдеген. Ал сыраны көп ішкен ер адамның ағзасында әйелге тән гармондар пайда бола бастайды. Мәселен, бет пішіні өзгеріп, даусы жіңішкеріп, шашы жиі түседі. Бұл - шық еттің күші азайып, кеуде жасушалары босайды.
Сыраның құрамында: никотин, уксус және де әртүрлі химия - физикалық заттар да бар. Никотиннің ағзаға қандай теріс әсері бар екенін барлығы жақсы біледі. Ішуге болмайтынын біле тұра, соны істейді. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты- демекші, жүкті әйелдер соны біле тұра сыра ішетініне ішің удай ашиды.
2.2 Сыраның адам ағзасына зияны

Дәрігерлердің айтуынша, адамға арақтан гөрі сыра қауіптірек көрінеді. Шөл басқанымен өзіне деген тәуелділікке ұрындырады екен. Яғни бір дәмін татқан адам меңдуана жеп, миы айналған қойдай болып қайта ішкісі келеді де тұрады. Арақ атаулыны зерттеп жүрген ғалымдар алкогольді өнімдерді қуаттылығына қарай жік-жікке бөлгенді жөн деп санамайды. Олардың ішке түсер қуаты аз болған сайын адамды тәуелділікке ұрындыратын көрінеді. Жасырары жоқ, бүгінде сыраның атауы өзгермегенімен оның жасалу жолда - ры жаңарғаны анық. Бұрынғы жасалу жолынан айнып, бүгінде түрлі технология бойынша дайындалады. Оған түрліше консерванттар қосылатыны белгілі. Химия - лық қоспаларды қауіпсіз деп ешкім де кепілдік бере алмайтыны анық. Соның ішін - дегі ең қауіптісі - кобальт. Оны көпір - шік - ті көбейту үшін қосады. Менделеев кестесіндегі елеусіздеу элемент болғанымен оның адам ағзасына келтірер зияны аса ауқымды. Рентгенологтардың айтуынша, сыраны сіміріп салған адамның жүрегіне жүк түседі. Яғни ең алдымен жүректі зақымдайды. Оның қуысы кеңіп, бұлшық етке күш түседі. Одан кейін ағзадағы басқа да көршілеріне шабуыл жасай бастайды. Жүрекке ең жақын орналасқан асқазан да бұл қатерлі шабуылдан қалыс қала алмай - ды. Бүйрек пен бауырға да келтірер зияны орасан. Оның құрамында сондай-ақ көмірқышқыл газы да бар. Қан айналымы жүйесіне аса қауіптісі - осы. Сыра құрамын - дағы ауыр металдардың тұзы гармондарға күш түсіреді. Соның салдарынан эндокринді жүйе аса көп өзгеріске ұшырайды. Оны үнемі сіміретін еркектердің негізгі гармоны - метилтестерон әлсірей бастайды. Ал бұрым - дыларымыздың да сыраны сылқи - тудан алдына жан салмайтыны жасырын емес. Оны күнделікті ішуді дағдыға айнал - дырған ақ жаулықтардың көкірек рагына ұшырау қаупі жоғары.
Медицинада сыраның көптеген зиянды жақтары дәлелденген. Оған мынадай мысалдар келтіруге болады. Атеросклероз ауруының дамуына қатысы бар екені анықталған, дәлірек айтқанда сыра құрамындағы этанол май алмасу процесін бұзатындығы анықталды. Сыраның ең зиянды жақтарының бірі ол жүрек ауырсынуы- деп неміс профессоры Болингер айтқан. Сыраны көп қолданудың арқасында - жүрек қуысы кеңейіп, қабырғалары қалыңдап, жүрек бұлшық еттерінде некроз пайда болуына, митохондриялардың азаюына әкеліп соқтырады. Бұл өзгерістердің барлығы сыра құрамында кобальттың көп болуымен сипатталады. Сыра құрамындағы бұл токсикалық элемент жүрек бұлшық етіне қатысты нормадан 10 есе асып түседі. Сыра қабылдаушыларда кобальт өңеш пен асқазанның қабыну процесін тудырады.
Сыра алкоголизмінде басқа да жүрек жұмысына байланысты факторлары көп. Бұл күнделікті сыраны көп мөлшерде ішу және көмірқышқыл газына қаныққан ағзаға түсіп, ол қантамырларын толтырып, варикозға, вена қантамырларын кеңейтіп, жүрек шекараларын кеңейтеді. Бұдан кейін сыра жүрегі немесе капронды гуион синдромы осы кезде жүрек салбырап, қанды дұрыс айдамайды.
Сыра құрамында көптеген токсикалық заттар бар, соның ішінде ауыр металл тұздары бұл эндокринді жүйесін өзгертеді. Ер адамдарда сыра ішкен сайын жыныс гормондары тестострионның бөлінуін азайтып, әйел гормондарын көп бөле бастайды, сондықтан ер адамның бет келбеті өзгереді.
Сыра әлсіз алкоголь және мүлдем зияны жоқ сусын деген пікір бар. Шынында да сыра өте пайдалы өнім - арпадан жасалынады, оның құрамында ақ уыз, майлар, углеводтар және витаминдер бар. Дегенмен телеэкрандар мен жарнамалық роликтерге қарамастан, сыра - алкогольдік сусын. Құрамында этил спирті бар кез келген алкогольдік сусын сияқты сыраға да тәуелділік пайда болады. 100 грамм арақта қанша спирт болса, екі кружка сыра құрамында да сонша спирт бар. Сыра араққа қарағанда мастықты айқынырақ тудырады. Сонымен қатар сыра өте күшті зәр айдатқыш әсерін тигізеді, ол ағзадан құрылыс материалдарын ақуызды, майларды, микроэлементтерді, әсіресе калий, магний және С дәруменін шығарады, ол өсіп келе жатқан жас өспірімдер үшін қауіпті. Магний жетіспеушілігі көңіл-күйдің құбылуына әкеледі, адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. С дәруменінің жоғалуынан иммунитет төмендейді, ми гипоксиясы дамиды, интеллект зардап шегеді. Сыраны тым көп ішкен кезде жүрек, бауыр ауруы пайда болады.
Сыраны қолдан жасалған ішімдікпен теңеуге болады, өйткені, сыра мен қолдан жасалған ішімдікте зиянды заттар ұзақ уақыт сақталады. Сыра аз әсер етуші ішімдіктің қатарына жатпайды, өйткені соңғы жылдары сырада ішімдіктің 14% бар. Араққа қарағанда адамда сыраға деген құштарлық 3-4 рет жылдам дамиды.
Сыраның құрамында токсинді заттар сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздары бар, олар эндокринді жүйенің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Хмельдің қызметіне қарай сырада психобелсенді заттар бар ол адамға масайтатын әсер береді. Уақыт өте келе адам сырасыз дем ала алмайды, босанси алмайды және сыраны қабылдау мөлшері арта түсетіндіктен есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Сыраға әуестік нағыз ерлерге лайық деп санайтындар қателеседі. Сыраны жиі ішетін ер адамдарда жыныс гармоны тестестерон жоғалады, кеуде бездері өседі, дөңгелек қарын пайда болады, ағзада су құрамы көбееді, бұлшық ет едәуір азаяды. Сыра ішімдігінің әсерінен адамдар жалқау, әлсіз және дөрекі болып көрінеді.
Осындай күйге түспеу үшін қандай да болмасын ішімдіктің түрі денсаулығыңызға зиянын тигізетінін ұмытпаған жөн!
Обалың кімге, асқазан, бүйрек, бауыр, жүрек?.. Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады екен.
Жалпы, салқын сыра асқазан мен ішек жолдарына зиян. Асқазанның шырышты қабатын зақымдап, сұйықтықты реттейтін жасушаларды жояды. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның асқазаны бұзылып, ас қорытуы қиындайды. Әсіресе, салқын сыра созылмалы гастрит ауруына әкеледі.
Сонымен бірге сыра -- семіздікке апаратын бірден-бір жол. Сыраның бауырға да зиян екенін дәрігерлер жиі айтып жүр. Ал бауыр адам ағзасын тазартатын ең нәзік, әрі өте сезімтал мүше. Жиі сыра ішу осы мүшенің улы заттарға қарсы тұру күшін жойып жібереді. Дәрігерлер бауыр циррозымен ауыратындардың басым бөлігі сыраға аса құмар адамдар екенін анықтаған. Сондай-ақ сыра бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Аталған сусынды көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Жалпы, үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады.
Сонымен бірге сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады екен. Ал бұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп, адам инфарктіге шалдығуы мүмкін.
Сыраның құрамында фитоэстроген эле - менті бар. Ол әйел гармондары үшін өте қауіпті. Мөлшерден көп ішілген сыра әйелді ашуланшақ етеді, әрі психикасын бұ - зып, ішімдікке деген тәуелділігін арттырады. Мамандар - ішкілікке үйір әйелдердің 82 пайызы ауруды сырадан тапқанын дәлелдеген. Ал сыраны көп ішкен ер адамның ағзасында әйелге тән гармондар пайда бола бастайды. Мәселен, бет пішіні өзгеріп, даусы жіңішкеріп, шашы жиі түседі. Бұл - шық еттің күші азайып, кеуде жасушалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыра пісірудегі сапа
Сыра қайнату өндірісі
Сыра өндіру технологиясы
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Сыра зауытының тауар ассортименті
Сыраның ассортименті
Қышқылдарды ашу процесі
Өңдеуге жаттатын негізгі шикізатты сақтау шарты және сипаттамасы
Сыра құрамы
Пәндер