Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. Азаматтық ұғымның теориялық негіздемесі . . .
1. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық ұғым . . .
1. 2 Азаматтықтың жалпы мәселелері . . .
2. Қазақстан Ресупубликасының азаматтығы аса маңызды конституциялық - құқықтық ретінде түсінігі, мазмұны, қағидалары . . .
2. 1 Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және тоқтату негіздері . . .
2. 2 Қазақстан Республикасында шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы . . .
2. 3 ҚР азаматтық мәселелер туралы халықаралық шарттары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған Әдебиеттер Тізімі . . .
КІРІСПЕ
Азаматтықты әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде карастырған жөн, өйткені ол казіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құкықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың түтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлык сипатты белгілерімен, қырларымен түтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген кұбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтын мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен катысты болады.
Жұмыстың өзектілігі. Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен кұқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құкықтык, норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құкықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекетгің қүкықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ак, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.
Біз көрсетілген екі құбылысты (кұкық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, кұкыктык, нормалармен белгіленетінін керсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.
Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты барлық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және оған 03. 10. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен рәсімделеді.
Азаматтық туралы Заңның кіріспесінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тұлға мен мемлекеттің арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін тұрақты саяси-құқықтық байланыс.
Азаматтыққа қатысты оның тұрақты және ұзақ сипатын азаматтың тумысынан қайтыс болуына дейін созылатын және азаматпен азаматтық-құқықтық қатынасты біржақты бұзуға жол бермейтін, олардың тоқтатылуы ерекше тәртіпте бекітілетінін білдіретін қатынас білдіреді. Азаматтың өз өтініші бойынша азаматтық қатынасты тоқтатуы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Мемлекеттің бастамасымен де азаматтық-құқықтық байланыс тоқтатыла алмайды.
Мемлекет пен адамның арасындағы байланыс олардың құқықтары, міндеттері мен жауаптылықтарының жиынтығымен сипатталады. Бұндай байланыс мемлекетпен осы тұлғаны азамат ретінде заңды тануымен және ол азаматтың қай жерде тұратынына қарамастан мемлекеттің егемендігінің таратылуымен негізделеді.
Мемлекет өз азаматтарының мүддесін оның аумағынан тысқары жерлерде де қорғауға міндетті. Азамат мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, олар мемлекет аумағынан тысқары жерлерде болса да мемлекеттен өзінің міндеттерін орындауын талап ете алады. Мемлекет пен азаматтың өзара жауаптылығы қағидасы жоғарыда аталған заңның 1-ші бабында: Қазақстан Республикасы өзінің органдары және лауазымды тұлғалары тұрғысында Қазақстан Республикасы азаматтарының алдында жауапты, ал Республика азаматтары Қазақстан Республикасы алдында жауапты деп бекітілген.
Аталған курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып - Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелерін қарастыра отырып, оның конституциясындағы заңнамалық тұрғыдан талдау болып табылады
Курстық жұмыстың мақсатына негізделе отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будық:
- Қазақстан Республикасының азаматтығының жүйесі мен принциптерін қарастыру;
- Азаматтықтың жалпы мәселелеріне талдама жұмыстарын жасау
- ҚР азаматтық мәселелер туралы халықаралық шарттарын және азаматтықты алу және тоқтату негіздеріне көз жүгірту.
- АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық ұғым
Азаматтық - азаматтар және мемлекеттердің өзара қатынасынан туындайтын, тұрақтылығы және ұзақтығымен анықталатын саяси-құқықтық құбылыс.
Азаматтықтың негізгі белгілері: саяси-құқықтық сипаты; ұзақтығы; тұрақтылығы; өзара құқықтары мен міндеттерінің болуы.
Тұлға мен мемлекеттің азаматтыққа қатысты қалыптасатын заңды негізде рәсімделетін құқықтық сипаты. Азаматтық - ол құқықтық жағдай. Мемлекеттің азаматы ретіндегі түсінік тұлғаның мемлекет аумағында тұратындығы ғана емес мемлекет пен тұлғаның арасындағы азаматтық мазмұнын қалыптастыратын ерекше байланыспен анықталады.
Мемлекет құқықтық қатынасқа осы мемлекеттің азаматы болып табылмайтын кез келген тұлғамен түсе алады, бірақ саяси қатынас тек қана осы мемлекеттің азаматымен байланысты пайда болады. Сондықтан азаматтық түсінігіне мемлекет пен тұлғаның саяси-құқықтық байланысы жатады [1] .
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.
Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан [2] .
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді [3] .
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді (jus civile) құқығы деп атаған. Тарихтан белгілі Римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "civil" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына (Zivilrecht, droitcivil, civil) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилистер деп жүр. Римде құқықты жария және жеке (Jus publicum, jus privatum) деп екі салаға бөлінгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша атап көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді". Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады [4] . Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас) , меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. . Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар: 1. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің теңдігі; 2. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3. Шарт еркіндігі; 4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайды; 5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6. Нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің "Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдыға қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. 1. Жалпы бөлім. 1. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу, азаматтық құқық субъектілері, т. б. ) . 2. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар". 3. "Міндеттемелік құқық". Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының ерекше бөлімі мыналарды қамтиды: 4. "Міндеттемелердің жекелеген түрлері". 5. "Интеллектуалдық меншік құқығы". 6. "Мұрагерлік құқық". 7. "Халықаралық жеке құқық". Азаматтық құқық қатынастарының субъектiлерi өз ара тең болады. Бұл жерде әкiмшiлiк құқық қатынасынан азаматтық құқық қатынасының айырмашылығын көруiмiзге болады. Екiншi ерекшелiгi ол, субъектiлердiң көптiгi. Азаматтық құқық қатынастарына жеке және заңды тұлғаларда қатыса алады. Келесi ерекшелiгi: Объектiлерiнiң (ерекшелiгi) көптiгi заттар, қызмет көрсету, мәлiмет тарату, интелектуалдық қызмет нәтижелерi, материалдық емес игiлiктер. Келесi ерекшелiгi: бұнда қатысушылардың келiсiмiмен азаматтық құқық қатынастарының пайда болуы. Бесiншi ерекшелiгi: Азаматтық құқық қатынастарына түсушi жақтардың құқықтары бұзылған жағдайда олар сотқа шағымдануға толық құқығы бар. Алтыншы ерекшелiгi: Азаматтық құқық қатынасына түсушi жақтардың бiреуiне зиян келтiрiлген жағдайда ол зиянның орнының толтырылу мiндеттiлiгi. Осыны қортындылай келе азаматтық құқық қатынасына анықтама берсек. Азаматтық құқық қатынасы дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық қатынастардың мазмұнына келетiн болсақ, ол азаматтардың яғни тұлғалардың субъективтiк құқықтары мен субъективтi мiндеттерiнен тұрады. 2. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте "тұлғалар" деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады [5] . Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі заңда анық көрсетілген. Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т. б. ) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушылармен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде) . Азаматтық құқықтардың объектілері - мүліктік және өзіндік құқықтарға сипаттама беруде мынаны ескеру қажет: заң әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастарды қарастыруда субъективтік құқықтар, әдетте, құқықтық қатынастардың объектілері ретінде емес, олардың мазмұнының немесе нысанының элементтері ретінде айқындалады. Бірақ мұндай көзқарас құқықтық қатынастардың дамуын, субъект ұғымының, мазмұн объектісінің және құқықтық қатынастар нысанының салыстырмалы сипатын тиісті дәрежеде ескермейді. Субъективтік мүліктік құқық құқықтар объектісі ретінде әрекет ете алады және көбіне осылай әрекет етіп келеді, бұл АК-ның 115-бабының 1-тармағында тікелей көзделген. Мүліктік құқық, мысалы, жаңа құқықтық қатынастар түзетін мәмілелердің нысанасы болатын кезде құқық объектісі ретінде әрекет ете алады және әрекет етеді. Мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқықтық қатынастарында объект мүлік игілік - жер учаскесі болып табылады. Бірақ жерді тұрақты пайдалану құқығы мәмілелердің нысанасы болуы мүмкін. Сонымен, жерді тұрақты пайдалану құқығын сату немесе өзгеше беру жағдайында жаңа міндеттемелік қатынас, мысалы, жерді пайдалану құқығын сатып алу-сату міндеттемесе пайда болады. Бұл арада "құқыққа құқық" сатып алу-сату міндеттемесінің объектісі - жер пайдалану құқығына сатушы мен сатып алушының құқығы пайда болады. Сонымен, АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөледі: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар. Мәмілелер юридикалық фактілердің негізгі түрі болып табылады. Азаматтың құқық айналысында мәмілелер құқтық қатынастарды тудыратын негізгі құжат болып табылады. Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміленің ұғымы берілген. Онда - «Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. »
"Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (кағидаттары) - ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтык реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны колдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағадаттары) арқылы мүмкін болады.
Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқыктық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы) [6] .
Профессор Ю. Г. Басин азаматтық құқық принциптерінің рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:
§ Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі.
§ Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі.
§ Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң, принциптері басшылыққа алынады.
§ Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмүнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392- баптарын қараңыз) .
§ Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады.
Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі[7] .
Азаматтык құқықтың мынандай принциптері бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялык және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz