Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.ІҢКӘЙ КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1.Іңкәй кен орнының Қазақстандағы ең ірі кен орны ретіндегі маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3.Іңкәй кен орнының геологиялық-гидрологиялық сипаттамасы ... ... 11

2.ІҢКӘЙ КЕН ОРНЫН АШУ ЖӘНЕ СІЛТІЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ

2.1.Кен орнын ашу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2.Уран кен орнын сілтілеудің технологиясы және әдіс-тәсілдері ... ...14
2.3.Сілтілеу тәсілдері және ұңғыманың қуатының төмендеуі ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта сілтілеу әдісі басқа кен өндіру әдістерімен салыстырғанда уран кен орындарын игерудің ең тиімді әдісі болып табылады. Кендердің технологиялық қасиеттері, оларды жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өңдеуге жарамдылығы екі бағытта анықталады: күкірт қышқылымен сілтілендіруге арналған зертханалық тәжірибелер және натуралық тәжірибелер.
Іңкәй уран кен орны 1978 жылы ашылды. Кен орнының уран қорларының алғашқы есебі 1991 жылы құрастырылды. Іңкәй кен орнында уранды өндіру ЖҰШ әдісімен 2008 жылдан бастап жүзеге асырылады. Іңкәй кен орнының №4 учаскесінде соңғы барлау-бағалау жұмыстары қорлардың келесі категориялардағы С1 - 70%, С2 - 30% қатынасымен бағаланып, 2018 жылы аяқталды.
Әкімшілік қатынаста орталық және солтүстік-шығыс бөлігі Түркістан облысының аумағына, ал оңтүстік және батыс бөлігі Қызылорда облысының құрамына кіреді. Геологиялық бөлу ауданы - 192,2 км2. Солтүстігінде Мыңқұдық, ал оңтүстігінде Буденновское кен орындарымен шектеседі.
№4 учаскесі қабаттық-инфильтрациялық типтің негізгі маңызды бөлігі болып табылады. Іңкәй кен орнының №4 учаскесінде уран өндіру ерітінділерімен жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүзеге асырылады. Бұл әдіс тау-геологиялық, экологиялық және геотехнологиялық жағдайлар бойынша ең ұтымды және қолайлы әдіс болып саналады.
Уранды тау жыныстарынан сілтілеу-бұл фазалардың шекарасында пайда болатын күрделі гетерогенді процесс, құрамында уран бар минералдармен немесе жыныстармен өзара әрекеттесу кезінде жақсы еритін қосылыстар түзуге қабілетті реагенті бар қатты және сұйық зат.
Технологиялық режимді жүргізу тәртібі, жұмыстар өтетін полигонды зерттеу, өндіруді жобалау, реагенттердің жұмсалуы сілтілеу процесіне әсер етеді. Бұл процессті дұрыс жүргізу үшін геотехнологиялық параметрлерді есептеу қажет.
Іңкәй кен орнының Солтүстік қапталының орталық бөлігі Шу-Сарысу депрессиясының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Әкімшілік жағынан аудан Қазақстан Республикасының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) қазіргі Түркістан облысы және Қызылорда облыстарының құрамына кіреді.
Жұмыс учаскесінің ауданы Бетпақ-Дала үстіртінде орналасқан. Бетпақ дала шөлі-солтүстіктен оңтүстікке қарай құмды-сазды жазық, ағынсыз тақырлармен, дефляциялық шұңқырлармен және сирек күмбез тәрізді көтерілістермен күрделенген. Абсолюттік белгілері 160-200 м. Бетпақ дала үстіртінің батысы мен оңтүстігінен тік құлама-шоқырлармен шектелген.
Ауданның гидрографиялық желісі уақытша жұмыс жасайтын Шу, Сарысу және Бақтықарын өзендерінен құралған. Өзендерде тек су тасқыны кезеңінде (мамыр-маусым) ағын су бар, кейінірек олар ащы-тұзды сумен бөлек ойықтарға бөлінеді. Судың минералдануы 2,1 гл-ден 9,0 гл-ге дейін өзгереді, Бақтықарын өзенінің жекелеген учаскелерінде судың тұздылығы жаздың соңында 212 гл-ге жетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Іңкәй кен орнында уран кендерін сілтілеу арқылы шығарудың геологиялық-құрылымдық жағдайларын ескере отырып, уран кен орындарын игеру әдістерін жетілдіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Тау-кен геологиялық жағдайларда кен орынның тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік талдаулар жүргізу және оларды анықтау;
2.Іңкәй кен орнын сілтілеу әдісінің негізгі тәсілдерін анықтау және кен орнында қолдану ережелерін анықтау.
3.Кен орнында игерілген технологиялық процесстер мен жабдықтарды пайдалана отырып, сілтілеу әдісінің технологиялық режимін көрсете білу.
Курстық жұмыстың нысаны: Іңкәй уран кен орнының төртінші учаскесі.
Зерттеу әдістері: Тау-кен өнеркәсібіне және пайдалы қазбалар тақырыбына арналған оқулықтарға шолу жасау, кен орындарын барлау туралы мәліметтерге көз жүгірту.
Зерттеу болжамы: Егерде тау-кен өнеркәсібі мамандығында оқитын студенттер Іңкәй кен орны туралы барынша зерттеу жұмыстарын жүргізе білсе, кен орны әлемге әйгілі аты шулы өнеркәсіп болатыны сөзсіз. Бірақ қазіргі таңда уран өндіретін Іңкәй кен орны №4 учаске деген атпен ғана белгілі болуда.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Курстық жұмыстың әдістемелік ұсынымдары Іңкәй кен орнында сілтілеу тәсілімен кендерді жоғары сапалы етіп өңдепшығарудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстарының әртүрлі сатыларында геотехнологиялық зерттеулер жүргізудің дәйектілігі мен тәртібін айқындайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, 2 тарау, 6 тақырып, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.ІҢКӘЙ КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1.Іңкәй кен орнының Қазақстандағы ең ірі кен орны ретіндегі маңыздылығы

Қазақстанның Уран өнеркәсібінің минералдық-шикізат базасының негізін мынадай уран кен провинцияларындағы уран қорлары құрайды: Шу-Сарысу, Сырдария, Іле, Солтүстік Қазақстан, Каспий маңы және Балқаш маңы. Алғашқы үш провинцияның кен орындары жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) үшін жарамды болып саналады.
Шу-Сарысу және Сырдария үлесіне барланған уран қорының 76%-ы кіреді. Қорлар эпигенетикалық қабаттық-инфильтрациялық кен орындарында шоғырланған, су алмасу осы аймақтардың қалыптасуына әкеледі. Шу-Сарысу ойпатындағы бұл үдерістер аймақтық ЖЖБ-ны қалыптастырады. Бұл аймақтардың ұзындығы 250 км-ге жетеді. Оны Мыңқұдық, Буденновское, Іңкәй кен орындары құрайды. Бұл кен орындарының кен белдеулерінің ені 10 км-ге жетеді және 250 км қашықтықта.
Іңкәй кен орны экзогенді қабат-инфильтрациялық кен орнына жатады. Мыңқұдық кен ауданында орналасқан, онда алып доғаның алдыңғы бөлігі бақыланады. Кен орнының кенділігі солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай байқалады. Солтүстік-шығысында Іңкәй Мыңқұдықтан орталық антиклиналды құрылымы арқылы бөлінеді. [1]
Іңкәй кен орны Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы, батыс Шу-Сарысу депрессиясында орналасқан. Мемлекеттік картадағы масштабы 1: 200 000 сіңбелі тақталы уран кен орнына жатқызылады. Уран кен орны алғаш рет 1976 жылы ашылған. Және де, кен орнында толық барлау (1979-1983 ж.) өткізілген. Кен орнының ауданы 1 100 км, меридиандық созылым бағытында 55 км, ал қалыңдығы 7-17 км, соның ішінде 8 кен орны табылған. Мыңқұдықта 3 және Інқұдықта 5.
Ауданның неоген дәуірінде пайда болған нақты белгілері 400-350 м болатын жинақталған жазықтары бар шөлейт дала аймағына жатады. Аудан климаты шұғыл континентті, қысы қар аз, суық (-30°-қа дейін) және жазы құрғақ (+40°С-қа дейін). Жауын-шашын мөлшері жылына 350-ден 120 мм-ге дейін өзгереді. Ауданға жиі соғатын шаңды боран желі сипаттас (қазан-наурыз айында) негізгі бағыты-оңтүстік батыс және солтүстік шығыс. Ағын өзендері жоқ. Сумен қамтамасыз ету жер асты сулары, құдықтар арқылы қамтамасыз етіледі. Шаруашылық №3 су қоршауымен ақылы түрде қамтамасыз етіледі, ауыз су-Таукент ауылының жанындағы су қоршауымен, №3 су қоршауы өндіріс кешенін толықтай сумен қамтамасыз етеді. Жұмысқа жарамды болып табылады. 1979 жылы құрылған үш ұңғыма тұтастай жөндеуді немесе қайта бұрғылауды талап етеді. Жұмысқа жарамды 5 ұңғыма 138 м3сағ су береді, ал ауылға қажетті 225-255 м3сағ мөлшерде су береді.
Кен орны бөлімшелерінің энергиямен қамтамасыз етілуі 41 км қашықтықта орналасқан станциядан 110 кВ екі сым арқылы, Шолаққорған ауылында өндіріс кешенінен 11 км қашықтықта орналасқан бас станция арқылы жүзеге асырылады.
Іңкәй кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Қаратаудың оңтүстік батысындағы бөлігінде ірі құрылымдық, морфологиялық жар болып табылады. Жардың қуаттылығы 300 м (Вт) палеоген-неоген дәуірінен келе жатқан теңіздік-жағалық, құмды-сазды қопсымалы қалдықтармен толтырылған. Қыртыстың барлығы алювиальды-деливиальды құммен көмкерілген (қуаттылығы 10-20 есе жиі 50 м).
Іңкәй кен орны қабаттық қышқылдану аймақтық зонасына байланысты гидрогенді кен орны тобына жатады. Рудалығы палеоген шөгіндісі болып табылады, оның бөлігінде 9 горизонтқа бөлінеді: ала, Іңкәй, қызылшы, ұйық және икан. Негізгі кен сыятын жері Іңкәй мен ұйық горизонттары болып табылады.
Бөліктің негізінде жатқан ала горизонттың шөгіндісі ұсақ құм қиыршықтарының линзалары бар ала түсті саздар мен алевриттер түрінде көрінеді. Бөліктің сазды бөлігі негізгі кен шөгіндісі шегінде 5 м-ге жуық қуаты бар және Іңкәй кен орны горизонтының төменгі су өткізбейтін қабаты болып табылады. Іңкәй горизонты кен орны шегінде сұр түсті шөгінділердің арналы және дабыспалы түрінде көрінеді, олардың ішінде ұсақ құм қиыршықтары 45% болады, альвро-сазды жыныстар-55%.
Стратиграфиялық тиесілігі бойынша Қазақстанның уран кен орындары екі топқа бөлінеді: палеогендік және жоғарғы бор жасындағы су сыйымды шөгінділер. №4 учаске, яғни Іңкәй кен орнының мезазой-кайназой шөгінділері мынадай кешендерге бөлінеді:
-юра кезеңі (платформа алдындағы);
-бор-палеоген (платформалық);
-неоген-төрттік (платформалық-суборогенді).
Юра платформасына дейінгі кешеннің шөгінділері кен орнында кездеспейді, бірақ депрессияның жағалаудағы аймағында кездеседі. Олар көл-пролювиалды-алювиалды жыныстармен ұсынылған. Төменде жазылған жыныстар көмірлі күйде кездеседі. Төменгі Сарысу жотасындағы Юра шөгінділерінің қуаты 400 м-ден асады және континентальды және теңіз терригендік түзілімдері бор-палеоген платформалық кешенін білдіреді. Платформалық құрылымдық қабаттың (ПҚҚ) бетінде орналаспаған континенттік түзілімдер кеш бор шөгінділерін білдіреді.
Сондай-ақ, Іңкәй кен орнында қуаттылығы 15 м болатын қызыл түсті саздар, құмтас саздары бар. Саздар орта палеозой дәуіріндегі тау жыныстарының төменгі беттерінде кездеседі.
Кеш бор шөгінділері үш горизонттан тұрады: Мыңқұдық, Инқұдық (№4 учаскедегі кен сыйымды горизонттар болып табылады) және Жалпақ. [2]
Бірнеше құрылымдардың пайда болуы плиоцендегі кен орны мен депрессияның құрылымдық жоспарының қалыптасуына әкелді. Қаратау горстантиклинорийінің пайда болуына байланысты Шу-Сарысу депрессиясы көршілес Сырдариядан бөлініп, әрі қарай олар дербес құрылым ретінде дами бастады.
Іңкәй кен орны Сарысу ойпатына қарай орайластырылған. Оңтүстігіндегі ойпат Қаратау тау сілемімен шектеседі, Қазақ қалқаны ойпаттың солтүстік және шығыс бөліктерімен шектеседі, оңтүстік-шығысында Ұланбел-Талас ойпаты Мойынқұм баурайынан ойпатты бөліп тұрады. Сарысу ойпаты оңтүстік және батыс бағыттағы жайпақ су басқан шөгінділер ретінде сипатталады. Мұндағы қабаттар орташа еңістікке ие. Мұнда қалыңдығы сегіз жүз метр болатын ауытқу кезеңдері көзге түседі. Бұл Созақ науасы, онда тау жынысының оңтүстік және батыс бөліктерінде науаның шығыс және солтүстік бөліктерімен салыстырғанда тік құлау байқалады.
Науаның шығыс және солтүстік бөліктерін кен орнының оңтүстік шекарасы алып жатыр. Бугуджил көтерілісі солтүстік бөлігіндегі шұңқырдың жалғасы болып табылады.
Кен орнының шекарасында Ақсұмба және бас Қаратау жарықтары бар. Терең іргетастың жасы каледондық. Мезозой-кайнозой жамылғысы қатпарлы жертөленің үзіліссіз бұзылыстарын көрсетеді.
Флексо тәрізді иілу бұзылыстары көрінеді, олар қабаттың жоғарғы бөліктерінде көрінеді. Мыңқұдық горизонтында шағын амплитудалы ығысқан үзілістер орын алады. Көлбеу беті қималарда жоғарырақ барып төмендейді. Тау жыныстарының құрамында жарықтар бар және тау жыныстары жарылған. №4 учаскеде, яғни Іңкәй кен орнында кенді горизонттар көлденең күйде созылған.
Шу-Сарысу ойпатының салыну уақыты каледон орогенезінің басталуымен сәйкес келеді.
Іңкәй кен орнында триас және юра дәуірінде шөгінділер болған жоқ. Ойпаттың басқа аймақтарында мезозойға дейінгі жыныстардың үгілуі орын алған болатын. Нәтижесінде бұл түзілімдер мынадай элементтердің (уран, рений (Re), иттрий (Ү), скандий (Sc), литий (Li) және т.б.). бөлінуімен жойылды. Әрі қарай бұл элементтер миграциялық формаларға ие болды.
Ерте бор кезеңінің басында платформалық режимнің белсенді режимі өзгерді. Сұр түсті жыныстар уранның тұрақты емес сорбұлақтық концентрациясын жинақтады. Сеноманда пайда болған кеш бор шөгінділері-құмды-сазды петролитті шөгінділер болып табылады.
Ерте кезеңнің ерекшелігі-шөгу аймағының тұрақты дамуы. Бұл жерде Мыңқұдық горизонтының шөгінділерінің жиналуымен аллювиалды-көл жазықтарының жинақталуы болды (түрлі-түсті сазды және қиыршық-құмды шөгінділер). Шу және Сарысу өзендері қызметінің басталуы мен пайда болуы осы уақытта болды.
Турон кезеңінің соңында депрессияны қоршап тұрған көтерілістер күшейе бастады. Нәтижесінде Інқұдық горизонтының өткізгіш ірі кесек қиыршықтас және қиыршық тасты шөгінділері жинала бастады. Інқұдық дәуірінде аймақтың құрылымы ерте туронның мұрагері болғанымен аллювиальды шөгінділер көбірек болды. Бұл уақытта климаттың аридизациясы болды. Бұл горизонттың мынадай шөгінділермен басым болғандығын дәлелдейді: түрлі-түсті және жасыл.
Ерте палеоцен дәуәрінде және жоғарғы бордың соңында тотығу жағдайында жұмыс аймағында және депрессияда ауа-райы мен тегістеу процесстері дамыды. Бұл топырақтың тотығу аймағының пайда болуына әкелді.
Эоцен кезеңінде теңіз трансгрессиялары басталды. Бұл уақытта Теңіз аймағына үш рет келді. Содан кейін кеш эоцен кезеңінде регрессия процесі басталды. Сондай-ақ, бұл уақыт ұзақ үзілістің басталуы болып саналады.
Ерте олигоценде көтерілу аймақтары ұлғая бастады. Сонымен қатар тотықтырғыш жағдайда жер қыртысының түзілу және үгілу процесстері басым болды. [2]
Кен орнының аймақтық бөліктерінде жоғарғы бор шөгінділері басталды. Бұл Шу-Сарысу ойпатындағы жаңа көтерілістердің басталуымен тұспа-тұс келеді. Бетпақдала сілемінің әлсіз карбонатты, қызыл түсті шөгінділері түзілген. Кен аймағының бөліктері соңғы плиоценге дейінгі неоттектогенез кезеңінде қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстанда таулар кеш плиоценнің соңында блоктық қозғалыстар есебінен қалыптаса бастады. Орогендік процесстер гидрогеологиялық режимі анықтайды. Кейбір учаскелерде бұрын пайда болған және уран кендері артезиан бассейніндегі гидродинамикалық процесстердің жоғарылауына байланысты қозғала бастайды. [1]
Екінші ретті Шу-Сарысу артезиан бассейні орталық және көтерілген шеткі бөліктері бар жартылай жабық құрылым болып табылады. Тау-кен неотектоникалық құрылыстары жер асты суларының аймақтық ағындарының қалыптасу аймағы болып табылады.
Жер асты суларының қоректену облыстары оңтүстікте-Қырғыз Алатауы, үлкен және Кіші Қаратау тау жоталары, солтүстікте-Шу-Іле таулары және Қазақтың ұсақ шоқылары болып табылады. [2]
Жұмыстар өтетін аудан Созақ артезиан бассейнінің үшінші ретіне орайластырылып жасалған. [1]
Інқұдық горизонтының су сыйымды жыныстары аллювиалды құмды шөгінділер-қиыршық тасты және қиыршық тасты ірі және әртүрлі түйіршікті құмдар, қиыршық тасты шөгінділер және бір-бірімен қиылысатын ұсақ және орташа түйірлі құмдар болып табылады. [2]

1.2.Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі

№4 учаскедегі, яғни Іңкәй кен орыны алаңындағы Інқұдық горизонтының төбесі 300 м-ден 350 м-ге дейінгі тереңдікте ашылған, табаны 430 м-ден 480 м-ге дейін, горизонттың жалпы қалыңдығы 120 м-ден 130 м-ге дейін.
Шығару жылдамдығы 3,7 дм3с-тан 10,2 дм3с-қа дейін, су көтергіш жыныстардың төмендеуінің шамасы кластерлік нүктелердің деректері бойынша 6,1 мтәуліктен 16,0 мтәулікке дейін, бір реттік шығулар бойынша 1,8 мтәулік ден 10,0 мтәулікке дейін су өткізгіштік қабілеті болады. Сәйкесінше су өткізгіштік қасиеттері 698 м2тәуліктен 832 м2тәулік және 60 м2тәуліктен 1000 м2тәулікке дейін өзгеріп, яғни, ауытқып отырады. Сулы қабат орташа сулы күйде болады.
Інқұдық горизонтының жер асты сулары орташа тұзды сульфатты-хлоридті, минералдануы 3,3 гдм3-тан 5,0 гдм3 - дейін болады.
Әдетте, Інқұдық горизонтының төбесі мен табанында қимада және созылымда ұсталған су өткізбейтін шөгінділер болмайды. Саздың, алевролиттердің және сазды құмдардың қабаттары объективті сипатқа ие және аз қуатқа ие (0,5 м-ден 2 м-ге дейін, сирек 5 м). Сондықтан Інқұдық және одан жоғары және төменгі горизонттар арасында тығыз гидравликалық байланыс бар. Бұл уранды жерасты сілтілеу процестеріне теріс әсер етеді.
Іңкәй кен орнындағы кен шоғырлары сыналау шетіне қарай созылып жатыр. Берілген кондициялар кен шоғырларының контурларын анықтайды: уранның борттық құрамы-0,01% және ең аз борттық метропайыз-0,0400. [3]
Әрбір кен орны бір кенді горизонтқа жатады, бір деңгейге сәйкес келеді. Шөгінділердің морфологиялық элементтері: қап бөліктері мен қанаттары бар негізгі орам. Қалыңдығы 25 м болатын кен денесінің келесі элементтері де кездеседі: қанатты және қап қанатты қапшықтар. Сателиттік және қылдық денелер кенді бақылайтын тотығудың дамуы кезінде пайда болады. Бұл денелер негізгі шиыршықтардың артқы жағында, олардан бос жыныстардың елеусіз аралығымен бөлінген.
15-ші кен орын төменгі Інқұдық горизонтында орналасқан, жоспары бойынша өте күрделі морфологиясы бар, терең, ұзартылған шығанақтары мен артқы қырлары бар. №4 учаскенің яғни, Іңкәй кен орнының ұзындығы 20 км-ден астам, ені 50 м-ден 600 м-ге дейін. 56 м-ден 7,09 м-ге дейін, созылу бойынша орташа ұзындығы 4,47 м.
16 кен орны Інқұдық горизонтының ортаңғы бөлігімен шектелген және 15 кен орны тәрізді, көлденең және кесіндіде өте таңқаларлық пішінге ие болған, бірнеше қабат ішіндегі аквариумдар тізбегі арқылы бірнеше деңгейге бөлінеді. С2 санаты санау блоктарындағы уран мөлшері 0,017%-дан 0,050%-ға дейін ауытқып отырады, қалыңдығы 0,090 м-ден 10,81 м-ге дейін (орта есеппен 5,81 м) орташа 0,035%-ды құрайды.
Мыңқұдық және Інқұдық Іңкәй кен орнындағы кен сыйымды горизонттар болып табылады. Шеңберінде далалық сынақтар жүргізілетін кенді Інқұдық горизонты Іңкәй кен орнындағы екінші кенді горизонт болып есептелінеді. Айқын эрозия шекарасы бар ол Мыңқұдық горизонтының шөгінділеріне келіп тіреледі.
Тектоникалық қозғалыс ірі және ірі сынық және аллювиалды шөгінділердің шөгуіне ықпал етті. Інқұдық горизонтының бөлігінде үш субгоризонт бөлінеді.
Төменгі горизонт келесі айырмашылықтардан тұрады: сұр, жасыл-сұр қиыршық тасты. Олар жоғары сұрыпталған құмдарға ауысады. Қуаты 30-50 м аралығында өзгереді.
Орташа горизонтта түрлі-түсті сұр жасыл түсті құмдар кездеседі. Жоғары бөлікте олар саз аралық қабаттары бар орташа ұсақ түйіршікті құмдарға өтеді. Ортаңғы горизонттың қалыңдығы 55-60 м.
Жоғарғы горизонт орташа түйіршікті құмдардан тұрады. Бұл горизонт сұр реңктің басымдылығымен ерекшеленеді. Жоғарғы подгоризонт қуаты 25-35 м.
Төменгі және орта горизонттар рудалы болып табылады, Інқұдық горизонтының жоғарғы циклінде кендену болмайды.
Кен орнында жыныс түрлерінің 4 геохимиялық түрі кездеседі, олар: 1)құрамында көмірқышқылды өсімдік қалдықтары бар сұр түсті құмдар мен саздар (арналы шөгінділерде кездеседі); 2)жасыл-сұр құмдар мен саздар, геохимиялық аралық; 3)жайылмалық шөгінділерде кездесетін бастапқы түрлі-түсті шөгінділер; 4)эпигенетикалық түрде тотыққан тау жыныстары. [2]
Уран қабаттарының инфильтрациялық кен орындары горизонттың қоректену аймағында оттегі бар сулардың өткізгіш бөліктерге инфильтрациясы кезінде пайда болады. Бастапқыда уран тау жыныстарынан шайылады және олар жер асты суларының ағынымен қозғалады. Егріген оттегі тотығуға жұмсалғаннан кейін уран төмен валентті түрде тұнбаға түсіп отырады. [1]
Уранның минералдану көздері аймақтық болып есептеледі. Көздер ұзақ уақыт бойы оттегісі бар суларға әсер еткенде тау жыныстары араласып отырады және өзгеріп отырады. [2]

1.3.Іңкәй кен орнының геологиялық-гидрологиялық сипаттамасы

Кен орнының неоген дәуірінде пайда болған нақты белгілері 400-350 м болатын жинақталған жазықтары бар және шөлейт дала аймағына жатады. Аудан климаты шұғыл континентті, қысы қар, аз, суық (-30°-қа дейін) және жазы құрғақ (+40°С-қа дейін). Жауын-шашын мөлшері жылына 350-ден 120 мм-ге дейін өзгереді. Ауданға жиі соғатын шаңды боран желі сипаттас (қазан-наурыз айында) негізгі бағыты-оңтүстік батыс және солтүстік шығыс. Ағын өзендері жоқ. Сумен қамтамасыз ету жер асты сулары, құдықтар арқылы қамтамасыз етіледі. Шаруашылық №3 су қоршауымен ақылы түрде қамтамасыз етіледі, ауыз су-Таукент ауылының жанындағы су қоршауымен қоршалған. № су қоршауы өндіріс кешенін толықтай сумен қамтамасыз етеді. Жұмысқа жарамды. 1979 ж.құрылған үш ұңғыма тұтастай жөндеуді немесе қайта бұрғылауды талап етеді. Жұмысқа жарамды 5 ұңғыма 138 м3сағ. Су береді, ал ауылға қажетті 225-255 м3сағ.
Кен орнын бөлімшелерінің энергиямен қамтамасыз етілуі 41 км қашықтықта орналасқан станциядан 110 кВ екі сым арқылы, Шолаққорған ауылында өндіріс кешенінен 11 км қашықтықта орналасқан бас станция арқылы жүзеге асырылады.
Іңкәй кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Қаратаудың оңтүстік батысындағы бөлігінде ірі құрылымдық, морфологиялық жар болып орналасқан. Жардың қуаттылығы 300 м (Вт) палеоген-неоген дәуірінен келе жатқан теңіздік-жағалық, құмды-сазды қопсымалы қалдықтармен толтырылған. Қыртыстың барлығы алювиальды-деливиальды құммен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу міндеттері
Іңкәй уран кенорны
Уран өнеркәсібі
Кеніштің автоматтандырылған технологиялық жүйесімен танысу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ УРАН КЕНОРЫНДАРЫ
Солтүстік Харасан кен орнын геологиялық зерттеу
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
Геологиялық барлау жұмыстарының көлемі
Халықаралық компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлық ерекшеліктері
Пәндер