Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: Қазақтың ұлттық ат спорт ойындары
Жоба авторы:Укасов Ахат
Тобы: ИС-21
Жоба жетекшісі:Акмуханов Е.У

Орал қаласы - 2022

Мазмұны
Аңдатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Annotation ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
І Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1Ұлттық ат спорты ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16
ІІ Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Сауалнама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Ауыл жастарымен түсірілген бейнекөрініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Аңдатпа
Ұлттық ойынымыз - алтын қазынамыз.
Ата бабаларымыздан мұра боп қалған осындай ұлттық ойындарымыз қазіргі уақытта құндылығын жоғалтқан емес. Осы ойындардың бірі қазақтың ұлттық ат спорты ойындары болып табылады. Ат спорты түрлі халықтар арасында көп тараған. Оның қатарында өмір серігі болып, оған қанатындай қараған қазақ халқында да ат спортына жатқызуға болатын ат ойындарының көптеген түрлері бар.
Жұмыстың мақсаты: Ат спортын дәріптеу, қазіргі жастарға ұмытылып бара жатырған ат спортының ойындарын қайта жандандыру!
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Жылқы спортының тек организмге ғана емес, адамның ішкі жан дүниесіне де пайдасы көп. Қамбар ата түлігі адамдағы негативтен тазарта алатын қасиетке ие.
Зерттеу кезеңдері:
Тақырыпты талдау, материалдар жинау, ізденіс жұмыстарын жүргізу, практикалық түрде дәлел көрсету.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Ат спорты туралы тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды. Қай жағынан болсада, пайдасы көп жылқы спортының ата-бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Жылдың қыс, көктем айларында ауылда бір топ балалар жылқымен серуенге шығып жүретін. Және бұлардан көргенім ұмытылып жатырған ойындарды ойнап жүргенін, кейін осы маған қызықты болды. Сол себепті бұны практикада қолдандым.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Жылқымен практикалық бейнеролик түсіру, қазақтың ұлттық ат спорт ойындарынан ауыл жастарымен сәл үзіңді бейне ролик түсіру.
Жастарға - бағыт бағдар көрсету.

Аннотация
Наша национальная игра - наше золотое сокровище.
Такие национальные игры, доставшиеся в наследство от наших предков, не утратили своего значения и сегодня. Одной из таких игр являются казахские национальные конные игры. Конный спорт популярен у разных народов. Среди них много видов конного спорта, которые можно отнести к конному спорту казахского народа, являющегося его спутником жизни и относящегося к нему как к крылу.
Цель работы: популяризировать конный спорт, возродить забытые современной молодежью конные игры!
Научный прогноз научно-исследовательской работы:
Конный спорт несет много пользы не только для тела, но и для души человека. Продукция Камбар Ата обладает способностью очищать человека от негатива.
Этапы исследования:
Анализируйте тему, собирайте материалы, проводите исследования, демонстрируйте практические доказательства.
Новизна и независимость результатов исследования:
Анализ воспитательных взглядов на конный спорт. В любом случае полезно показать роль конного спорта в жизни наших предков.
Практическая значимость исследования:
В зимние и весенние месяцы группа детей каталась по деревне на лошадях. И то, что я увидел от них, это игра в забытые игры, и тогда мне было интересно. Поэтому я использовал его на практике.
Методы работы:
Съемка практического видео с лошадью, короткое видео с казахских национальных конных игр с сельской молодежью.
Ориентация на молодежь.

Annotation
Our national game is our golden treasure.
Such national games, inherited from our ancestors, have not lost their significance today. One of these games is the Kazakh national horse games. Equestrian sport is popular among different nations. Among them, there are many types of equestrian sports that can be attributed to the equestrian sport of the Kazakh people, who are their life partner and treat it like a wing.
The purpose of the work: to popularize equestrian sports, to revive equestrian games forgotten by modern youth!
Scientific forecast of research work:
Equestrian sport has many benefits not only for the body, but also for the human soul. Kambar Ata products have the ability to cleanse a person from negativity.
Research stages:
Analyze a topic, collect materials, conduct research, demonstrate practical evidence.
Novelty and independence of the research results:
Analysis of educational views on equestrian sport. In any case, it is useful to show the role of equestrian sport in the life of our ancestors.
Practical significance of the study:
During the winter and spring months, a group of children rode around the village on horseback. And what I saw from them is playing forgotten games, and then I was interested. Therefore, I used it in practice.
Working methods:
Shooting a practical video with a horse, a short video from the Kazakh national horse games with rural youth.
Youth orientation.

Кіріспе
Аттан түспе палуан аттан түспе,
Арғы атаңдай берік бол артқан іске.
Қазақтың салт-дәстүрі не болады,
Қазіргі жігіттер аттан түссе, - демекші мен бұл сөзіммен бастағым келіп отыр.
Ат спорты сонау көне заманда пайда бола бастаған. Азиат әскерлері арқасында сұрапыл пайда болған ат жарысы, Ертедегі Греция, Рим және Византиядағы ат ойындары (ристалица), орта ғасырдағы рыцарлар жарысы, неше түрлі атты әскерлерге жекпе-жектері және бүгінгі күнгі олимпиада ойынары міне ат спортының ұзаққа және күрделі даму жылдары.
Ат спортының дамуының зор оқиғасының бірі 1952 жылы еліміздің ат спорт федерацисының (ФЕИ) мүшесіне кіруі.
Алғашқы рет 1952 жылы біздің шабандоздары (Хельсинки) X олимпияда ойындарына қатысты. Осы уақыттан бастап ат спорт шеберлері олимпияда ойындарына үнемі тұрақты қатысуда.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық ат спорт түрлеріне бай халық. Көкпар, қыз қуу, бәйге, сайыс, жорға жарысы, күміс алу, жамбы ату тағыда басқа спорт түрлері баяғы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгінге дейін олар өздерінің мән мазмұнын жойған жоқ. Бірақ сәл ұмытылып келеді.
Сол себепті мен бұл жобамда телефонға отырып қалған, электроникадан бас алмайтын жастарға насихаттағым келеді. Жылқы спорт ойындарының жоғары деңгейде үлгі тұтып, және денсаулыққа пайдасының түсіндіргім келеді.

І Негізгі бөлім
1.1Ұлттық ат спорты ойындары
Ат спорты түрлі халықтар арасында көп тараған. Оның қатарында өмір серігі болып, оған қанатындай қараған қазақ халқында да ат спортына жатқызуға болатын ат ойындарының көптеген түрлері бар. Олардан бәйгені, жорға салыстыруды, сайысты, қыз қууды, көкпар тартуды, жамбы атуды, асау үйретуді, аударыспақты (сайысты), орамалды іліп алуды, т.б. атауға болады. Соның ішінде казақтың өте жақсы көретін, ежелден келе жаткан ұлт ойындарының бірі - ат бәйгесі.
Қазақстандағы бәйге аттарын келесі қашықтықтарға жібереді: құнандарды - 10-15 км, бесті мен одан ересек аттарды - 20-25 км, арнайы бапталған ең күшті де жүйрік аттарды үлкен той-жиындардағы аламан бәйгеде - 30-50 км.
Бәйге өткізуге аттар мен шабандоздарға кауіп төндіретін шүңқырсыз, көрермендерге жайлы кең ауқымды жер таңдалды. Шарт бойынша бәйге атына 12 жасқа толған, денсаулығы жақсы, алдын ала дайындалған балалар отырғызылады. Бәйгеге қатысу үшін ат атбегінің аты-жөні, туған жылы, бәйгеге қосылатын ат жөніндегі мәліметтер (жынысы, туған жылы, құндылығы ж.б.) жазылған тіркеу қағазын толтырып, қажетті жағдайда катысу жарнасын өтеп, үйымдастырылушыларға өткізеді. Ат шабыстан кеш қалғандар, оның тәртібін бұзғандары үшін ескерту алғандар, белгіленген жолдан тайып немесе оны қиып төтесінен шапқандар бәйгеден шығарылады.
Бәйгеге қосылған аттардың күші, ұшқырлығы, жүйріктігі барлық жағынан сыналумен қатар, атқа мініп шапқан шабандозға да үлкен сын. Олар ұзаққа созылатын бәйге атының күшін үнемдеп, қажетті жерде мейлінше жылдамдықпен шапқызып, жүлделі орнын алдыра білетін ісінің нағыз шебері болуға тиіс. Шабандоз ұзақ қашықтық бойында астындагы атының ширақ аяқ тастап, бойын сергек ұстап, шаңға көміліп, түншықпай, алдыңғы қатарда келуін ойлауға тиіс. Ол үшін сырын жақсы біліп, алыс -жақынға шапқандағы күш-қуатын, элін сақтау үшін басын қай жерде тежеп, қай жерде босатып, ұтымды шабысын басқара білуге тиіс. Олар атымен бірге алдынала мұқият даярланып, байгеге қосылуға жан-жақты әзірліктен өтуі керек.
Бәйге басталар алдында жасалған жеребе нөмірін ат пен шабандозға іліп, сол нөмірі ретімен мәреге сапқа тұрады. Олардың ер-тұрманының дұрыстығы жете тексеріледі. Бәйге ережесіне сәйкес аттың жүгені жеңіл, тізгіндері мықты болып, беліне ер орнына киіз терілік-тоқым салынады. Бәйгесі кезінде шауып келе жатқан аттарға кедергі туғызып, үркітіп, бәйге нәтижесіне әсер ететеін жағдайларға (төтесінен қосылып көтермелеп айқайлау, бәйге атының басын тартып не қамшылау, алдын көлденеңдеп кес-кестеп бөгеу) қатаң тиым салынады.
Бәйге өткізуге құрамында аға төреші, шабыстың барысын бақылайтын төрешілер, уақытты қадағалайтын хронометристер, жол бойындағы қауіпті жерлердегі бақылаушылар, адам және малдәрігері, бәйге құжаттарын толтырушы хатшы кіретін комиссиясы құрылады. Комиссия мүшелері ауа -райын бақылап, бәйгенің басталуына рұқсат береді, аттар мен шабандоздардың құжаттарын тексеріп, бәйге тәртібін түсіндіреді, сөреге жеткен ат басының озуымен жүлдегерлерді анықтайды.
Аударыспақ.
Ұлттық ат спортының қызғылықты түрі - аударыспақ. Сайысқа түскен екі жігіт ат үстінде жекпе-жек тартысып, бірін-бірі аттан аударып түсіруге тырысады. Сайыс жігіттің ауыртпалыққа шыдамдылығын шыңдап, шапшаңдыққа, әдісқойлыққа, батылдыққа үйретіп, күш-қайратын арттырады. Сайыс атының да күші, шыдамдылығы, алғырлығы күшейеді. Ережеге сәйкес сайыска түсушілерді 65 кг дейінгі - жеңіл, 65-80 кг аралығындағы - орта және 80 кг астам - ауыр салмақтық категорияға бөледі.

Оларға берік матадан тігілген киім кигізіліп, аттарына үзеңгі баулары мықты ер ерттеліп, өмілдірік пен қәсерысқан тағылып, айылтартпасы қатты тартылады. Сайысқа тусушілер қамшы ұстамайды, тек тістейді. Сайыс дөңгелектенген кеңдігі 30-40 м тегіс жерде 20 минут бойында өткізіледі
Сайыстан абсалюттік чемпионды анықтау үшін жарысты оған қатысу-шыларды салмақ категорияларына бөлмей-ақ олимпиадалық жүйе бойынша өткізуге болады. Мұндай жарыстың нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.
Спортшылардың салмақ категориясьн анықтау үшін өлшеу, жарыс басталатын күні ереже бойынша жарыстың басталуына кем дегенде екі сағат қалғанда өткізіледі. Өлшеуге кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан шығарылады. Жарысқа қатысушы өлшенген кезде куәлігін көрсетуге міндетті. Жарысқа қатысушылар шешініп өлшенеді. Өлшеудің нәтижелері хаттамаға түсіріледі.
Аға төрешенің ысқырығы бойынша екі атты шеңбердің ортасына шығып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ер-тоқымандарын тексергеннен кейін спортшылардың аты-жөні, салмак категорияларын және к,ай командадан екенін хабарлайды. Содан соң олар бір-бірімен шеңбер сызығының бойына барып тұрады да аға төрешінің белгісі бойынша жекпе-жекті бастайды. Сайыс аяқталған соң спортшылар шеңбердің ортасына келіп жарыс басталар алдындағыдай тәртіппен сондай күйде тұрады. Бас төреші бәсекенің нәтижесін хабарлаған соң олар тағы да бір бірінің қолын алып, шсңберден шығып кетеді.
Сайыс аға терешінің ысқырығы бойынша басталып және тоқтатылып, гонгтың белгісімен аяқталады. Бәсеке 5 минутке созылады. Егер сол уақыт өткенше олардың бірде-бірі жеңіске жете алмаса, онда жарыс нәтижесі ұпай саны бойынша анықталады.
Бәсеке кезінде спортшылардың аға төрешінің рұқсатынсыз шеңберден шығып кетулеріне рұқсат берілмейді. Жарақатаннып қалған жағдайда немесе киімінде қолайсыздық болғанда жекпе-жек тоқтатылады,бірақ мәсерндай тоқтау уақыты әр спортшы ушін 5 минуттан аспауы керек. Егер 5 минут өткеннен кейін ол бәсекені жалғастыра алмайтын болса, онда ол жеңілді деп есептеледі.
Егер спортшылардың бірдей айқасты қайта-қайта тоқтата берсе оның токтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол 5 минуттен аспауға тиіс. Сайыста спортшы таза немесе балл бойынша жеңуі мүмкін.
Таза жеңіс. Жекпе-жек барысында аттан сүйреп түсірген немесе аударып тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі жерге тимеген болса) споршыға беріледі. Таза жеңіске 3 ұпай, жеңіліп қалған сайысшыға 0 ұпай есептеледі.
Ұпай бойынша жеңіске жету. Бәсеке кезінде басым түскен, яғни ескертуді аз алған және белсенді болған спортшыға жеңіс ұпай бойынша беріледі. Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік керсет-пегені үшін) спортшы ұпай бойынша жеңілді деп есептеледі.
Ұпай бойынша жеңіске жеткенде 2 ұпай, жеңілгенде 0 ұпай беріледі. Егер жекпе-жек аяқталғанша екі спортшының бірі жеңіске жете алмаса, сондай-ақ олардың алған ескертіулері бірдей болса, тең түсті деп хабарланады да әрқайысысына бір-бір ұпайдан жазылады.
Жарыс өткізу тәртібі. Жекпе-жек кезінде қарсыласының қолынан, белбеуінен, үзеңгіден шығарып алуға тырысып, аяғынан ұстауға, кеудесінен кұшақтап алуға, қарсыласын қолымен ұруға болмайды. Денесімен кез келген жаққа итеруге, өз атының мойнынан, құшақтап ұстауға, тізесін немесе табанын қарсыласының атының бүйіріне тіреуге рұқсат етіледі.
Қарсыласының не оның атын қолмен, қамшымен ұруға, немесе тебуге, қарсыласын басынан, бетінен, мойнынан, шашынан немесе ер-тоқымынан, сондай-ақ аттың басынан, жалынан, құйрығынан ұстауға, ережеде рұқсат етілмеген әдістерді қолдануға (қолын, саусақтарын бұрауға) және қолын қарсыласының аяғының және оның үзеңгісінің астына жіберіп ұстауға, тізгінді қарсыласының қолына, басына салып орауға тыйым салынады.
Әдісті дұрыс қолданбаған сайысшының бұрын алған ұпайлары есептелінбейді. Егер төрешілер спортшының біреуінің тыйым салған әдісті қолданылғанын байқамай қалса, онда жапа шеккен сайысшы дауыстан белгі беруіне болады. Осы белгі бойынша аға төреші жекпе-жекті тоқтатып, жағдайды анықтап, кінәліге ескерту жасайды. Жағалап белгі берілген болса, ол тыйым салынған әрекет ретінде бағаланып, спортшы сондағыдай дәрежеде жазаланады.
Тыйым салынған әдісті қолданып, шеңбердің сыртына әдейі шығып кеткені, сайысты дөрекі жүргізгені, шеңберге 2 минуттен астым кешігіп шыққаны үшін спортшыға ескерту жасалады.
Жарысқа қатысушы екі адамның біреуіне ескерту жасалғанда екіншісіне 1 әсертыс ұпай есептеледі. Егер ескерту екі шабандозға да жасалатын болса, онда екеуіне бір-бірден әсергылыс баллы беріледі. Сайыс кезінде әр спортшыға екіден артық ескерту жасалмауы тиіс. Ережені ол одан әрі бұзса, жекпе-жек тоқтатылып, ондай шабандоз жеңілді деп есептеледі.
Жарысты белсенді қимыл көрсеткен шабандозға әуелі ескерту жасалады да сонымен мұны қайталайтын болса жарыстан шығарылатындығы ескертіледі. Бірінші және екінші ескерту төрешілердің көп дауысымен жасалады, ал үшінші ескерту үш төрешінің пікірі қосылғанда ғана беріледі.
Сайыстың нәтижесін хабарлағанда аға төреші екі сайысшыны да шеңбердің ортасына тұрғызып, жеңімпаз жағына қарай қолын көтереді.
Нәтиже былай хабарланады: Еңбек спорт коллективінің өкілі Бакиров 5 минут 2 секунд ішінде таза (ұпай санымен) жеңіске жетті.
Егер тең түскен болса, төреші қолын екі жағындағы жарысушыларға қарай созады.
Төрешілік хаттамасы бәсекенің жекелеген сәттерін, яғни ескерту "е", мақтандыру "с" әріпімен көрсетіліп, қарсыласына тиісінше 1 ұпай қойылғанын, т.с.с. тіркейтін негізгі құжат болып табылады. Сайыстың соңында оның нәтижелері толтырылады.
Көкпар
Қазақтың өте қызығы, қозатын ұлт ойындарының бірі - көкпар. Әуелгі аты "көк бөрі" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы спорты мен ат ойындары
Мал қораның сызба өлшемі
Жылқы. Спорт жылқысын жайылымда күтіп бағу гигиенасы
Міністі жылқы тұқымы
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары
Жылқы өсіру әдістері
Жылқы — қарапайым қарынды мал
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Пәндер