Сандар тарихынан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік мемлекеттік педагогикалық университеті

Оқу-зерттеу жобасы
Қазақ халқының мақал-мәтелдердегі математика

Жоба авторы: Қарабек Бақыт

Жетекшісі:


Мазмұны

Аннотация
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сандар тарихынан
Мақал-мәтелдер тарихынан
Сандары бар мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдердегі киелі сандар
Қорытынды

1.Аннотация
Бұл ғылыми жұмыста сандар мен мақал-мәтелдер тарихына шолу жасалған және қазақ тіліндегі сандарға негізделген, киелі, қасиетті сандары бар мақал мәтелдер қарастырылған, кейбір мақа-мәтелдердің тәрбиелік мәні, мағынасы түсіндірілген.
Зерттеу нысаны: мақал-мәтелдер, сан және цифр.
Зерттеу тақырыбы: мақал-мәтелдердегі сандар.
Мақсаты: қазақ тіліндегі сандарға негізделген мақал-мәтелдердің құрылымын зерделеу, сандары бар мақал-мәтелдерді зерттеу
Міндеттері:
берілген тақырыпта әдебиетті зерттеу;
сандары бар мақал-мәтелдерді таңдау;
ақпаратты жіктеу.
Тәсілі: теориялық (қажетті ақпаратты іздеу және таңдау).
Жоба өнімі: Мақал-мәтелдергі сандар кітапшасы
Практикалық маңызы: Жұмыстың материалдары математика және әдебиет сабқтарында пайдалануға болады және де сабақтан тыс іс-шараларда қолданыс табады.

2.Кіріспе
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.
Қазіргі заманда кейбір мақал-мәтелдер қолданыстан алынған, оның ішінде сандары бар мақал-мәтелдер де бар. Оқушыларға бастауыш сатыдан бастап сандарды мақал-мәтелдер арқылы үйретуге болады. Киелі сандармен танысытырып, олардың тәрбиелік мәнің ашу үшін осы ғылыми жұмыстың пайдасы зор деп ойлаймын.

3. Негізгі бөлім
3.1 Сандар тарихынан
Тарихта ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі - математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол - жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз - сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың Әс-сифр деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын - Сунья деген сөзінің аудармасы екен.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
Бізді жан-жақты сан қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды да сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.
Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.

3.2. Мақал-мәтелдер тарихынан
Мақал-мәтелдер - халық даналығының қазына байлығы, олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны адамдар жадына сақтап, өзара қарым-қатынас жасаған кезде, өзінің күнделікті өмірінде пайдаланады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелген келесі түсіндірме берілген: Мақал- үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз, Мәтел- тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.
Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Отаншылдыққа, ерлікке жерін, елін сүюге шақырады. Уақыт өткен сайын мақал-мәтелдер де өзгеріске ұшырап жатыр. Кейбіреулері өмірде керексіз болғандықтан қолданудан шығып кетіп жатса, кейбіреулері жаңадан туындап жатыр. (Ұ.Шүленбаева)

3.3 Сандары бар мақал-мәтелдер
Сандары бар мақал-мәтелдерді пайдалану сол сандарды оқып-үйрену, оларды есте сақтауға үйретуде көп әсерін тигізеді. Бұл тәсіл адам өміріндегі санның маңыздылығын анықтауға, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсінуге көмектеседі. Мысалы:
Біреуге пышақ оқтама
Қара пышақ қарыс ұзарады - әр түрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден сақ болу керек екендігін ескертеді.
Айла - алтау, ақыл - жетеу - адам баласы қанша жерден айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл білдіртіп, ақылды болуға шақырады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке шақырады.
Бір мылтықтың ауызына мың кісі сияды мылтық біреу болғанымен көп кісіге жарайтындығын,көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Еңбек - адамның екінші анасы. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, - деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген ойдың мәнісі осында.
Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.
Бір жылы сөз бір күнге азық.
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала - екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.
Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
Бес саусақ бірдей емес.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Ағайынды алты болсаң, адам тимес.
Алты аға бірігіп әке болмас.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.
Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.
Он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес.
Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.
Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.
Болар бала бесігінде боспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.
Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың
Он бесте отау иесі
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды
Отыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытуда гуманизациялау ұстанымын жүзеге асыру жағдайлары
Бастауыш мектеп математикасы тарихын оқытудың әдіснамалық негіздері
Жай сандар саны
Математика ғылым атасы
Математика тарихын оқыту –білімді ізгілендіру тəсілі педагогика мамандықтары бойынша студенттегре арналған оқу құралы
ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕР
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Сандар: философиялық-танымдық мәні
Жай бөлшектер
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Пәндер