Өсу реттеуіштерінің түйежоңышқаның танаптық өнгіштігіне әсері


Семинар 12. 08. 2021 Чаглинка. Көкшетау ТӨШ
Тақырыбы: Түйежоңышқаны тұқымға өсірудің инновациялық технологиясы.
Дәріс жоспары:
1 . Себу мерзімінің және қоректену аумағының түйежоңышқа тұқымының танаптық өнгіштігіне әсері
Түйежоңышқаның танаптық тұқым өнгіштігі тұқымды себуге дайындауына, өңдеуіне, себу мерзіміне және себу тәсіліне байланысты болады. Себу мерзімінің және қоректену аумағының түйежоңышқа тұқымының танаптық өнгіштігіне әсері 1 кестеде көрсетілген.
Біздің зерттеулерімізде түйежоңышқаның танаптық тұқым өнгіштігі ерте көктемде, яғни - 5-10 мамыр аралығында себілген кезде 31, 5% құрады, жазғы себу мерзімінде - 15-20 шілде 50, 5% дейін жоғарылап, ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Бұл көрсеткіш бақылау нұсқасымен салыстырғанда 41, 4% көрсетті.
2. Себу мерзіміне және қоректену аумағына байланысты түйежоңышқа дақылының арамшөптермен ластануы
Себу мерзіміне және қоректену аумағына байланысты тәжірибе танаптарының арамшөптермен ластануы әр түрлі болады. Себу мерзіміне және қоректену аумағына байланысты егістердің ластануы 2 кестеде көрсетілген.
Біздің зерттеулерімізде, бақылау нұсқасында, көктемгі себу мерзімінде себілген түйежоңышқа егістерінің арамшөптермен ластануы жалпы 27, 6 дана/м2 құрады. Соның ішінде көпжылдық арамшөптер 7, 2 дана/м2 астық тұқымдас 15, 2 дана/м2 құрады.
Ерте көктемгі себу мерзімінде себілген түйежоңышқаның арамшөптермен жалпы ластануы 39, 9 дана/м2 болды. Көпжылдық арамшөптермен ластануы 9, 3 дана/м2 деңгейінде, астық тұқымдас 17, 4 дана/м2 болды.
Жазғы себу мерзімінде себілген түйежоңышқа егістерінің арамшөптермен жалпы ластануы 11, 8 дана/м2 деңгейінде болды. Астық тұқымдас және көпжылдық арамшөптер 0, 9-2, 8 дана/м2 аралығында болды. Бұл көрсеткіш себу мерзіміне байланысты арамшөптермен ең аз ластанған нұсқа болды.
3. Себу мерзімінің және қоректену аумағының түйежоңышқаның тұқым өнімділігіне әсері
Түйежоңышқаның тұқым өнімділігі агрометеорологиялық жағдайларға, танаптық өнгіштігіне, арамшөптермен ластануына, себу мерзіміне және қоректену аумағына байланысты болды. Себу мерзімінің және қоректену аумағының түйежоңышқаның тұқым өнімділігіне әсері 3 кестеде келтірілген.
Біздің зерттеулерімізде түйежоңышқаның тұқым өнімділігін қалыптастыруға себу мерзімі жақсы әсер етті. Бақылау нұсқасында, көктемгі себу мерзімінде себілген түйежоңышқаның тұқым өнімділігі 2017 жылы 3, 34 ц/га, 2018 жылы 4, 28 ц/га болды. Орта есеппен 3, 81 ц/га ең жоғары тұқым өнімділігін құрады. Ерте көктемде себілген түйежоңышқаның тұқым өнімділігі 2017 жылы 2, 45 ц/га және 2018 жылы 3, 56 ц/га болды, бұл көрсеткіш орта есеппен 2, 90 ц/га құрады. Жазғы мерзімде себілген түйежоңышқаның тұқым өнімділігі 2017 жылы 2, 12 ц/га және 2018 жылы 3, 29 ц/га құрады. Орташа көрсеткішпен 2, 75 ц/га болды.
4. Тұқым жинау тәсілінің түйежоңышқа тұқымының өнімділігі мен сапасына әсері
Түйежоңышқаның ең жоғары тұқым өнімділігі стационарлық және бөлек жинау тәсілінде анықталды. Түйежоңышқаны тұқымға тікелей орып жинаған кезде тұқым өнімділігі орташа есеппен 2, 2 ц/га құрады. 2017-2018 жж. тұқым өнімділігі тікелей орып жинаған кезде 2, 0-2, 4 ц/га аралығында болды. Тікелей+Ураган Фортемен өңделіп жиналған нұсқада тұқым өнімділігі орта есеппен 2, 5 ц/га құрады. 2017-2018 жж. тұқым өнімділігі Тікелей+Ураган Фортемен өңделіп жиналғанда 2, 7-2, 3 ц/га аралығында болды. Ал, түйежоңышқа тұқымын бөлек жинау тәсілімен жинағанда тұқым өнімділігі орта есеппен 2, 9 ц/га құрады. Ең жоғары тұқым өнімділігі екі жылдық нәтиже бойынша стационарлық тәсілмен тұқым жинағанда анықталды, оның орташа көрсеткіші 3, 5 ц/га құрады.
Тұқым жинау кезінде бөлек жинау және стационарлық тәсілдің артықшылығы тұқым шығымдылығының аз болуында. Тікелей орып жинау кезінде тұқым шығымдылығы 29 % жетті. Бөлек жинағанда тұқым шығымдылығы 11% болды. Ең аз тұқым шығымдылығы стационарлық тәсілде байқалды, екі жылдық нәтиже бойынша орта есеппен 4% болды. Бөлек және стационарлық тәсілмен тұқым жинаған кезде кондициялық тұқым 65-86 %, тікелей орып жинаған кезде бұл көрсеткіш 30 % тең болды.
Сонымен, түйежоңышқа тұқымын бөлек және стационарлық тәсілмен жинаған тиімді, тұқым өнімділігі мен кондициялық тұқымның шығуын жоғарылатады және тұқым шығымдылығын азайтады. Ең жоғары тұқым өнімділігі стационарлық тұқым жинау тәсілінде байқалды, орташа тұқым өнімділігі 3, 5 ц/га көрсетті және тұқым шығымдылығы 4 % дейін азайды.
5. Өсу реттеуіштерінің түйежоңышқа тұқымының зертханалық өнгіштігіне әсері
Біздің зерттеулерімізде түйежоңышқаның зертханалық өнгіштігіне өсу реттеуіштерінің оң әсері анықталды. Зертханалық жағдайда түйежоңышқа өскіндерінің құмның бетіне өніп шыққан өскіндердің саны қайталанымдар бойынша ең жоғары Лигногумат супер Био өсу реттеуішімен өңделген нұсқада байқалды. Үшінші қайталанымда жақсы жетілген өскіндердің саны 59 % болды. Бірінші, екінші және төртінші қайталанымдарда жақсы жетілген өскіндердің саны 51-53 % аралығында болды. Бақылау нұсқаcында бұл көрсеткіш қайталанымдар бойынша 38-51 % құрады. HansePlant Seedspor-C өсу реттеуішімен өңделген нұсқада ең жоғары тұқым өнгіштігі бірінші қайталанымда 55 % көрсетті. Лигногумат БМ калийлі өсу реттеуішімен өңделген нұсқада жақсы жетілген өскіндердің саны 55 % құрады. Анықтау мерзімі бойынша өскін қалыптастырып, бірақ құмның бетіне шығып үлгермеген өскіндердің саны қайталанымдар бойынша 1, 8-4, 1% аралығында болды. Бақылау нұсқасында бұл көрсеткіш 3, 8-5, 4 % құрады.
Құмның бетіне шыққан өскіндердің салмағы Лигногумат БМ калийлі өсу реттеуішімен өңделген нұсқада басым болды. Төрт қайталаным бойынша 2, 44-3, 00 г аралығында болды. Бақылау нұсқасында 1, 84-2, 27 г құрады.
Кесте - Түйежоңышқаның тұқымының зертханалық өнгіштігіне өсу реттеуіштердің әсері, 2016 ж.
6. Өсу реттеуіштерінің түйежоңышқаның танаптық өнгіштігіне әсері
Түйежоңышқа тұқымын себу алдында өсу реттеуішімен өңдеген кезде танаптық өнгіштігі бақылау нұсқасынан жоғары болатындығы анықталды. Ең жоғары танаптық тұқым өнгіштігі бірінші қайталанымда 66, 4 % құрады. Бұл көрсеткіш екінші және үшінші қайталанымда 60, 7 %-59, 2 % аралығында болды. Анықтау мерзімі бойынша бақылау нұсқасында түйежоңышқаның танаптық өнгіштігі бірінші қайталанымда 37, 9 % құрайтын ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Екінші және үшінші қайталанымда танаптық өнгіштігі 44, 2 % - 50, 7 % аралығында болды. Лигногумат супер Био және Лигногумат БМ калийлі өсу реттеуішімен өңделген тұқымның ең жоғары танаптық тұқым өнгіштігі 56, 4 % - 62, 1 % аралығында болды.
Өсу реттеуіштерімен себу алдында өңделген тұқымның орташа танаптық өнгіштігіне әсері 20 кестеде көрсетілген. Біздің зерттеулерімізде бір погондық метрге ең көп өсімдіктер саны HansePlant Seedspor-C өсу реттеуішімен өңделген нұсқада байқалды, танаптық өнгіштігі орта есеппен 62, 1% құрады. Ең төмен танаптық өнгіштік 44, 3% бақылау нұсқасында байқалды. Лигногумат супер Био және Лигногумат БМ калийлі өсу реттеуіштерімен өңделген нұсқада түйежоңышқаның танаптық өнгіштігі 46, 9-49, 0% аралығында болды.
Кесте - Өсу реттеуіштерімен себу алдында өңделген тұқымның танаптық өнгіштігіне әсері, (2016-2017 жж. )
7. Түйежоңышқаның сабағы мен жапырағының анатомиялық құрылысына өсу реттеуіштерінің әсері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz