Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ
УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Конституция
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылым негіздерінің түсінігі және оның негізгі сипаттамасы мен мазмұны

Рецензент: з.ғ.к.доцент Ауешова Б.Т.

Орындаған: Ізбас Мағжан

Ақтау 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КОНСТИТУЦИЯ - МЕМЛЕКЕТТІҢ АТА ЗАҢЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы ... ... ... ... ... ...8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТА ЗАҢДАРЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ..14

2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны ... 14

2.2 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы ... ... ... ... ... .. .20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмысымның тақырыбы: 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы. Демек бұл жұмысымда мен мемлекетіміздің ата заңы - конституциямыздың қалыптасуы және оның дамуын қарастырамын. Сонымен қатар конституцияның ұғымына кең ауқымды түрде түсінік беріп өтемін. Сондықтан бұл тақырып жайында баяндау, түсінік беру мен үшін ерекше жұмыс. Бұл курстық жұмысыма Қазақстан Республикасының Конституциясы оның тарихи құқықтық ата заңдармен сабақтастығы жайында кеңінен айтып өтемін.
Қазақстан халқы үшін, әсіресе сан ғасырлар бойы әр түрлі тарихи кезеңнің құқықтық жағдайын жетік зерттеудің ғылыми - танымдық маңызы ерекше. Бұл үшін, тарихи ақиқатқа көз жеткізу, қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезде халқымыздың тарихи зердесін, танымын жаңартып, оның елдігін, ерлігін, тиімділігін паш ететін мұраларды зерттеу - азаматтық парыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің конституциялық даму тенденциясын айқындағанда, әрине, халқымыздың демократиялық құқықтық мемлекет құруға бет алған шақта, осының өзегі болып табылатын еліміздің тарихындағы, яғни егемендікке дейінгі конституциялар мен 1993 және 1995 жылдардағы Ата заңымызды елемей кетуге болмайды. Қайта олар біздің алға қойған мақсатымыздың маңыздылығын толықтыра түседі.
Соған орай, зерттеу жұмысының өзектілігі - қазақ қоғамындағы тарихи қалыптасқан конституциялық құрылыстың екі кезеңін (1917-1991) -- кеңестік және (1993-1995) - қазақстандық егемендік даму сатыларын баяндайтын Ата заңдарының логикалық үйлесімділігін талдау, осының негізінде заңдарымызды жетілдіру жолдары жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстарды енгізу болмақ. Және де әдебиеттерде, сирек кездесетін болса да, көңілге қонбайтын келеңсіз мәліметтердің мән жайын ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Осы курстық жұмысты жазу барысындағы негізгі мақсатым, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы баяндау. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді қарастырамын. Мемлекеттің негізгі заңы Конституцияның ұғымы мен мәні, оның даму тарихы, тарихи құқықтық сабақтастығының алғышарттары. Курстық жұмыс тақырыбымның негізгі бастамасы 1993 жылғы Қазақстан Республикасының толықтай мазмұны. Одан кейінгі 1995 жылғы Конституциямызға тоқталып өтемін. Еліміздің жүріп өткен Қиын өткелдерін сараптайтын Ата заңдарының (Конституцияларының) сабақтастығын зерттеп, оның оң жағымды), теріс (жағымсыз-ұтымсыз) жақтарына баса назар аудару, адам құқығын, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау алдындағы тұрған күрделі міндеттерге және өзге де мәселелер төңірегіне ерекше көңіл бөлу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде қазақ қоғамындағы өмірлік маңызды мәселерді қарастыру Қазақ елінің конституциялық дамуының проблемалары мен оның ұғым-категория аппаратын, құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу алға қойылған мақсаттардың бірі болмақ. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып, бостандық, теңдік пен келісім идеялары негізінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарамақайшылықтарды басынан кешіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі.
Курстық жұмыстың зерттелуі. Бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған Конституциясын оның тарихи маңызың зерттеймін. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы 1993 - 1995 жылы Конституциялардың маңызын, даму тарихын курстық жұмыс барысында зерттеп қарастырамын.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бұл курстық жұмысым кіріспеден 4 тақырыпшадан тұратын екі тараудан тұрады. 1 тарау бойынша мына тақырыптарды қарастырдым, Конституция - мемлекеттің ата заңы: қалыптасуы мен дамуы, Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы. 2 тарау бойынша келесідей тақырыптарды қозғадым; Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи- құқықтық сабақтастығының алғы шарттары. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Сонымен бірге курстық жұмысым қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯ - МЕМЛЕКЕТТІҢ АТА ЗАҢЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Конституция - мемлекеттің негізгі заңы: ұғымы мен мәні

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымы ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнелейді. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция атау сөзі (латының constitutio - бекіту, орнату деген сөз). Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Бірақ оның тарихи дамуының ерекшелігінің салдарынан мемлекеттің ішкі өмірінің ең басты жақтарын, оның ішінде қоғамдық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін тұтас актілердің болмауына әкеп соқтырды. Сөйтеп, осы күнге шейін, қазіргі Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституциясы деп саналатын актілердің қатарына XII-XX ғасырлардың қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жатады. Бұлардың бәрі бірбірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы конституцияны ішкі құрылымдарға бөлінген біріңғай негізгі заң АҚШ-тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын. Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстандарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс табады. [1]
Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесін заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасын айналды. Ал, ағымдығы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелетіні.
Бұл курстық жұмыста Ата заң (Конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы - ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынада айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1917, 1937, 1978,1993, 1995 жж.).Кейінгі екеуінің алдыңғылардың елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылуы бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандағы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық адамдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейленеді. [2]
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бийімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал Конституциясының өзі референдумда (Қазақстан Республикасынды, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе құрылтай жиналысында (Үндістанда, Италияда сияқты), немесе басқаша да қабылдауы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты - мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт ретнде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан конституция сол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдық үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституциясының мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтық басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемелекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын -- адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтары) дәріптеуді қызметін атқарады.
Демек, Қазақстан Республикасының Констиуциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуыда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.
Қоғамдық қатынастардың конституцяиялық құқықтық реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынадай үш негізгі тенденцияларын атап көрсетуге болады:
1 Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықтық тұрақты социализацияландыру көрінісі табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және (саяси) құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалдық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда енгізу қажеттігі талап етлді. Осындай дәстүрді іс жүзіне енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын елдердің (атап айтқанда КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізіді. Демек, еңбекшілердің әлеуметтік қарсылығы негізінде пайда болған социалистік және ұлттық-социалистік тотарлитарлық режимдердің өмір сүруінің өзі дүниеге демократиялық мемлекетті түнгі күзетші міндетін атқарудан әрі асырмайтын және нарық жағдайында қоғамдық қатынастардың өзін-өзі реттеу үмітіне төнген аса зор қауіп екенін көрсетті. [3]
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазақ революциясына кейін пайда болды. Олар - 1918 жылғы РСФСР Конститутциясы, 1924 жіне 1936 жылдардағы КСРО Конституциялары, акыры, 1977 жылғы бүкілхалықтық мемлекеттің негізгі заңы. Біздің республикамызда ең алғашқы Қазақ автономиялық республикасының Конституциясы 1924 жылы жасалынды. Тек 1926 жылғы 18 ақпанда Орталық Атқару Комитеті бекіткен болатын. Ол кезде біз Ресей Федерациясының қарамағында болғанбыз, өкінішке орай, бұл Конституцияның жобасын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті кейіннен бекітпей тастады, өйткені ол кездегі Ресейдің Конституциясы боыйнша автономиялық республикалардың Ата заңдарын бекіту Ресей өкілеттігінде болатын. Сондықтан да болар Қазақ Автономиялық Республикасының 1926 жылғы Констиуциясы қағаз жүзінде қалып қойғаны өкінішті.
2 Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және маслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3 Конституциялық құқықтық интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұның өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолдалынады (4 баптың 3-тармағы) және барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады, - делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ. [4]
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция термині материалдық және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция -- бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе констиитуциялық әдетғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірінде аз қолданылады. Көбінесе, біз конституцияныформальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғарғы күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігін занды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі құқықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірінен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Сөйтіп қорыта келгенде, біз мынаны айтпақпыз. Қазақстан Республикасы - басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқытарын бостандықтары мен міндеттерінің негздерін, сонымен қатар жергілікті өзин-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы

Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны - бұл конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
Біртұтас және жалғыз конституциялық акті болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасынң конституцияларын айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.
Егер Констиитуцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелрдi қамтыса, онда оны кодификацияландырылған (сұрапталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актiлерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланбаған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның іргетасы преамбулдан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, опреамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізгі, мемлекеььік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліуі қағидаларына сәйкестіндіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Біздің осындай ой-өрісімізге дәлелді тиек ретінде 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының құрылымындағы төмендегі бөліктерді атап өткенді жөн көрдік: 1) Қазақ КСР-нің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері; 2) мемлекет және жеке адам; 3) Қазақ КСР-інің ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы; 4) Қазақ КСР-і халық депутаттарының Кеңестері және олар сайлау тәртібі; 5) Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдары; 6) Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары; 7) Қазақ КСР-інің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары. Қазақ КСРінің мемлекеттік бюджеті; 8) Сот төрелігі. Арбитраж және прокурорлық қадағалау, 9) Қазақ КСР-інің Елтанбасы, Туы, Гимні және астанасы; 10) Қазақ КСР Конституиясының қолданылуы және оны өзгерту тәртібі. Осы конституциялық бөлімдер құрылымдарының дұрыстығына көңіліміз толмай тұр. Оның себебі, біріншіден, Қазақ мемлекеті ұлттық-аймақтық бөліністерге ешқандай бөлінген жоқ. Сондықтан, Ата Заңның 3-бөлімінің атауы шын мәнінде әкімшілік-аумақтық құрылымы делінуі тиісті; екіншіден, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері 2- бөлімдегі жеке адам тұжырымдарына енуі де бұрыстау сияқты .
Жаңа Конститция туралы мәселені көтерудің басты себебі - ол еліміздегі болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі позитивтік елеулі өзгерістердің салдарынан республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету. Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп, барлық, бұрынғы социалистік республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс. Сөйтіп, социализмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Социалистік одақтас республикалардың орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы әлеуметтік өмірге аяқ басқан тәуелсіз, егеменді мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу өмір заңы. 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының 12 отырысында дүниеге жаңа Конституция келді. Оның басты желісі - дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемелекет ретінде дүние жүзіне хабарлау. Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғарғы заңдық күші бар және оның нормалары тікелей қолданылады, - делінген. Сонымен қатар жаңа Ата заңда мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлттық қатынас тілі, - деп бекітілген. Басқа елеулі өзгерістерді бұрынғы Конституцияларды салыстырып тұжырымдағанда ғана білеміз. Сондықтан біз жаңа Конституцияның құрамдас бөлімдеріне тоқталғанды жөн көрдік. Ол 4 бөліктен (конституцияның преамбуласы (алғы сөзі); конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңның мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімдерден (азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттері; қоғам, оның курылысы негіздері; мемлекет, оның органдары мен институттары; конституцияны сақтау кепілдіктері) және 20 тараудан, 126 баптардан құралған. Мұнда азаматтардың құқықтық жағдайлары жөніндегі мәліметтер оқшауланып, бірінші бөлімде берілсе, ал мемлекеттер оның аппараттарры үшінші бөлімде қамтылған. Демек, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттін ең қымбат қазынасы деген қағидаттан туындаған шығар. [5]
Бұл еліміздің Ата заңы көп ұзаққа бармады. Оны жаңартуға тура келді. Қазақстан Конституциясының жеті жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыстағы баяндамасында (2002,29 тамыз) Елбасы Н.Назарбаев: ...сайып келгенде, 1993 жылғы жағдайда қабылданған Конституция қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы мен Қазақ КСР-ін демократиялық өркениетті қоғамға айналдыру қажеттігін және одан басқа жолдың жоқтығын түсінетін тобы арасында ымыраға баруды көздегені де жасырын емес.
Сонымен қатар, бір қарағанға, қабылдауға тұрарлық қағидаттардың бар болғанына қарамастан, ол Конституцияның дегенменде социалистік идеологияның саяси және экономикалық сартабынан ақырына дейін айыға алмағаны да аян.
Оның кемшіліктері мен нақтылы әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдан алшақтығы бірден-ақ қалың берді. Онда саяси және құқықтық қатыспаушылықтарды еңсеру тетіктерінің болмауы көп ұзамай-ақ атқарушы және заңнамашы органдардың арасындағы қайшылықтардың ушығуының себебіне айналды. Олардың арасында қайсымыз жоғарымыз дейтін талас ұзынсонар дауға ұласқаны да белгілі.
Бұған кеңестік сот жүйесінің дағдарысы қосылып, мұның бәрі айналып келгенде, мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамыта беру жолында кедергі болып көлденең тұрды. [6].
Өтпелі кезеңнің алғашқы лектегі заңдары (1990-1994 жылдар) маңызды болды десек те, олар да мемлекеттің қаржылық қауқарымекн дәйектелмеген, сол себепті де жүзеге асырылуы екіталай көптеген ұраншыл низамдардың орын алғаны да белгілі жәйт. Міне, осындай жағдайда жаңа Конституцияның қажеттігі айдан анық еді,-деп тұжырымдаған болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата заңы қабылдау әдісінң орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұны сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтары мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген: Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттiлiк құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізгі ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Ата заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан қарағанда аса маңызды, өйткені, осыдан келіп, мемлекетіміздің мынадай негізгі мақсаты туындайды:
1) өзінің ең қымбат казынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқытары мен бостандықтарын, оған мемлекеттік кепілдіктерді айқындап, бекіту:
2) өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтландырып бекіту;
3) байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;
4) республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;
5) Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметінің түбегейлі де айқындалады. Олар:
1) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық;
2) бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
3) қазақстандық патриотизм;
4) мемелекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу;
5) егемендіктің және мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көздерін иемденуші Қазақстан Республикасының халкы деп тану;
6) әлеуметтік саясаттың басты бағыты адамның қадірлі өмір сүріп, еркін дамуына қолайлы жағдайларды тудыру;
7) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті тану және олардың бірдей қорғалуын қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік билікті Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы принципіне сәйкес жүзеге асыру;
9) жергілікті өзін-өзі басқаруды тану және оны іске асыруға қажетті кепілдіктерді қамтамасыз ету;
10) идеологиялық және саяси әралуандылықты тану; қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдардың құруға жол берілмейтіндігін нақыштау, сөйтіп, ешбір идеологияның мемлекеттiк не міндетті деп танылмауы;
11) республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдылығы болуын және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылатындығын тану.
Ата заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы Президент, Парламент, Үкімет; Конституциялық Кеңес, Соттар және сот төрелігі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-VIII бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақыры IX бөлімде Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі және басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98-баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Ата заң қүрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрініс береді. Жалпы ережелер деп аталатын 1-бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы қағидатъкна esйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. [7]
Сонымен қатар, ол Қазақстан Редпубликасын Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз - біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөліністерге бөлінбей тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге -- обылыстарға, қалаларға, аудандарға, поселкелерге (кенттәрге), селоларға (ауылдарға) т.б. - бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Адам және азамат деп алатын пбөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесіне жоғарғы тұрғыдан қарау болып табылады.
Президент деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.
Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII бөлімдерде көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конститциясының құрылымда әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.
Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын IX бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келегн заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді. Сонымен бірге, Конституцияда аталған өзге заңдарды қабылдау тәртібі нақтыланған .
Осы екі тарауды қорытындыла келе, Конституция ұғымы өте көлемді болып келеді. Конституция ол біздің ең алғыш ата заңмыз. Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Бірақ оның тарихи дамуының ерекшелігінің салдарынан мемлекеттің ішкі өмірінің ең басты жақтарын, оның ішінде қоғамдық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін тұтас актілердің болып табылады. Конституция еліміз ең жоғарғы ата заңымыз болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесін заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасын айналды. Ал, ағымдығы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелетіні.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТА ЗАҢДАРЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны

1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде Тәуелсіз Мемлекетер достастығының құрылуы Қазақстан мемлекетінің дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн - Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған 1990 жылы 25 қазан мен 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған 1991 жылы 16 желтоқсан.
Егемендік туралы Декларация Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің едің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация елімізді тәуелсіздігінің іргетасын қалады. Мұның өзі мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты еді. Оған дәлел Декларацияның 2-бабы, онда: Қазақ КСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады, - делінген саяси мәні бар принцип жазылды.
Әрине, бұл шын мәнінде егеменді ел болу қазақтың ұлтық мемлекеттігін қалпына келiтiрiп дамыту жолындағы батыл қадам болатын. 1991-жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданып, ел егемендігі мемлекеттік тәуелсіздікпен толықтырылды. Социалистік Республика деген тіркес сөз алынып тасталды. Бұл екі құжатта еліміздің саяси-құқықтық көзі ретінде мемлекеттік биліктің жоғарлылығы, конституциялық құрылыс, адамдардың құқықтық мерейі мен халықаралық қатынастардың тәуелсіздігі, т.б. жөнінде ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдемесі айқындалған.
І тарау Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет; ІІ тарау Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы; ІІІ тарау Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдары
IV тарау Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері
V тарау Қазақстан Республикасы - дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі
VI тарау Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау
VІІ тарау Қорытынды ережелер.
Тарихи-құқықтық құжат бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұрды. Олар біріге келе еліміздің қоғамдық құбылыстардағы түбегейлі өзгерістерді еңсеретіп, 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қнегізін қалайтын ірге тасы болды. Өйткні, Конституция өз бастауын Мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігі жайлы Конституциялық заңдардан алды. [8]
Еліміздің жаңа Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі -- ол еліміздің қоғамдық және мемелекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің ықпалы мен Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баян етті. КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы социалистік республикалардың өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс.
1993 жылғы 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 9-сессиясының 12-ші отырысында жаңа Конституция дүниеге келді. Оның басты желісі - жалпы адамгершілік қағидаттарды дамыту негізінде Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне мәлімдеу. Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғарғы заңдық күші бар және оның тұжырымдары тікелей қолданылды, - делінген. Содай-ақ Ата заңда мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп бекітілген.
Конституциялық құрылыс негіздеріне басқа да елеулі өзерістер енгізілді. Мысалы, Қазақстан аумағының түтастығы, оның бөлінбейтіндігі, адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына деп танығын. Халық билігі, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік биліктің бөліну принциптері, сондай-ақ, мемлекеттік нышандар (Елтаңба, Жалау, Әнұран) туралы мәселелер де басты назарда болды. Міне, осылардың барлығы ешбір бөлімдерге, тарауларға кіргізілмей, бөлек, оқшауланып, кіріспенің (преамбуланың) жалғасы ретінде берілген. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, Конституцияның құрамдас бөліктеріне тоқталу қажеттелігін ескердік. Ол 4 бөліктен (Конституцияның преамбуласы, 9 тармақтан тұратын конституциялық құрылыстың негіздері, Ата заңның мәтіні, тпелі кезең ережелері), 4 бөлімнен (азамат, оның кұқығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Пәндер