ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
АМАНҒАЛИЕВА ГҮЛІМ ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ
Дипломдық жұмыс
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Эволюция образа женщин в казахском фольклоре
Evolution of women'simage in Kazakh folklore
6B02301 - Филология: қазак тілі мамандығы
Орал 2022
АҢДАТПА
АННОТАЦИЯ
ANNOTATION
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ДАМУ ТАРИХЫНА ШОЛУ
1.1 Фольклордың даму тарихына шолу, жинақталуы мен зерттелуі
1.2 Фольклордағы әйел образы және эволюция жайында түсінік
1.3 Аңыз - ертегілердегі жағымды, жағымсыз категориядағы әйелдер легі .
II.ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫ ЖӘНЕ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӨЗГЕРІСТЕРІ
2.1 Қазак эпосында бейнеленген әйелдер образы
2.2 Қазақ эпосындағы әйелдер образының әлеуметтік ортадағы алар орны.
2.3 Батырлар жырындағы әйелдер образы
2.4 Тарихи жырлардағы әйел образы
2.5 Лиро-эпостық жырлар
2.6 Ғашықтық жырлардағы әйел образы
III. ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
3.1 ҚаҺармандық дастандардағы әйелдер образы
3.2 Ғашықтық
3.3 Хикаялық
3.4 Діни
3.5 Әлеуметтік сүйіспеншілік
3.6 Ертегілік
III.Қорытынды
Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы: Қазақ фольклористикадағы әйел образының эволюциясы яғни дамуы.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Жұмыстың өзектілігі:
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Зерттеу әдістері:
Жумыстын құрылымы:

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі-халықтың ауыз әдебиеті. Қазак ауыз әдебиетін фольклор деп ие атаймыз. Ауыз әдебиеті-ертеден келе жатқан мұра. Бұл жөнінде орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп,ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді [4, 3б]
Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс - салты, театр, сөз, би және ән - күй өнері бір-бірінен бөлінбей тұтас күйінде көрінеді. Осы туралы орыстың белгілі фольклорисі А.Н. Веселовский де айтуға болатын. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келе, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиетінен гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылады. Дегенмен, бұл термин де фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді. Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болмау, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлы де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ. Фольклористика атауы неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің айтуынша халық даналығы деген ұғымды білдірді. Осы пікірді ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлен-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным - сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған. Халық поэзиясы жөнінде айтылған Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы, Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В.Г.Белинский оған қарама - қарсы фольклода жанатын есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық деген тұжырым жасайды.Фольклор оның мәні туралы Н.П.Андреев, Е.В.Аничков, В.Ф.Миллер, Ф.И.Буслаев, А.Н.Веселовский, Е.Г.Кагаров, Ю.М.Соколов, В.Е.Гусев, В.Я. Пропп, В.П.Аикин, Ю.Г.Круглов, П.Г.Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П.Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші - лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н.Путилов та фольклорды халықтың тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н.Путилов фольклорды әдебиетпен де жакындастырды. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е.В.Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф.Миллер этнографиямен жақындығын сөз етеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар.Соның ішінде басты орын алатындары: халық арасында әр алуан тақырыпта шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер,ертегілер, аңыз-әңгімелер,батырлар жыры,тұрмыс-салт жырлары,айтыс өлеңдері т.б. Ауыз әдебиетінің авторы болмайды деген ұғым бар.Мәселен, Ер Төстік, Күн астындағы Күнекей қыз, Алдар Көсе, Қобыланды батыр т.б сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Бұдан әрине ауыз әдебиетінің авторы болмайды деген пікірдің теріс екенің байқаймыз. Фольклор шығармаларының айрықша әсерлы болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екы сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық макамынын болатындығы. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мазкожаев бір ғана Алпамыс немесе Керуглы жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері - орындаушылар, ән мен поэзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.
1.2 Қазак фольклорының жинақталуы мен зерттелуі
Қазак фольклорының ел арасынан жинақталуы XIX ғасырдан басталады. Б.Кенжебаевтың зерттеуінше бұған бірден-бір себеп Қазакстанның Ресей мемлекетіне қосылуы. Патша үкіметі Ресейге қосылған өзге ұлттарды билеп тостеу үшін олардың тарихын, әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеуге күш салған. Бұл жұмыстарға 1845 жылы Петербургте құрылған және өз кезінің ғылыми орталығы болып танылатын Ресейлік география қоғамы да араласады. Осы қоғам мүшелері қазак фольклорын жинақтауда көрнекті еңбек етті. Олар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, И.Березин, А.Васильев, А.Алектеров, Г.Потанин, Н.Ильминский, Ә.Диваев, А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов т.б Олар қазақтың ауыз әдебиетін аса бай мұра деп бағалаумен қатар, сол мураны ел арасынан көптеп жазып алып, жинаған материалды қазақ және орыс тілдерінде көптеп шығарып, екы тілде газет-журналдарға бастырады. XIX ғасырдың аяқ кезінде бұл жұмыстар күшейе түседі, Сонымен қатар бұл жұмысқа О.Әлданов, Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекітов сияқты қазак жастары белсене араласты.
Қазак фольклорын жинау процессінен Абай мен Ыбырай йАлтынсарин де тыс қалмайды. Халық әдебиетін жоғары бағалаған Абай Құнанбайұлы шәкырттерыне, жолдастарына тапсырма беріп, ел арасынан асыл мәдени мұраны жинатып отырады ыжане халық арасында таратуға үлкен мән береді. Ыбырай Алтынсарин ауыз әдебиетінің ең үздік үлгілерін өзінің Хрестоматиясына енгізіп, баспа жүзіне шығарады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінде Шоқанның, Радлов пен Потаниннің қызметі ерекше. Сондықтан олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып кеткен жөн.
Шокан Уәлиханов (1835 - 1865). Ол кісінің халық фольклорына қатысты арнайы зерттеулері болмаса да, Қазақ хрестоматиясы атты еңбегінде қазак фольклорының көптеген үлгілерін кездестіруге болады. Соның қатарында Марабай жыраудан жазып алған Қобыланды жырынан үзінді, қиял-ғажайып Қара қылыш, Алтын айдар, шыншыл-реалистык ертегілер Тазша бала, Қара батыр, Жиренше деген, көптеген мақал-мәтелдер де бар.Сонымен қатар Орынбай, Кудеры ақындардың өлеңдерін жинауға енгізген. Ы.Алтынсариннің фольклор материалдарын педагогикалық максатта қолдануы өз кезеңі үшін үлкен жаңалық.
В.В.Радлов (1837-1918) - Германияда туып өскен атақты фольклоршы - ғалым. Қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр халықтары В.Радловты өздерінің фольклорын жинаушы, әры зерттеуші ғалым ретінде жоғары бағалаған.Оның есімі казақ халқы үшін өте жауын. Себебі, ғалымның фольклористикадағы ғылыми тұжырымдары қазак ауыз әдебиетіне негізделіп айтылған. Ғалым әсіресе Көрпеш - Баян сұлу жырын терең зерттеген. Ондағы әдет- ғұрып қайшылығы, әйел бас бостандығы тақырыбын поэзия қуаты, халықтың көз жасымен бұл жыр Радловтың романтикасына айналып кеткен. Ол қазак эпосындағы өмыр пернелерін де жақсы түсінген. Ал Бенфей, Веселовский, Миллерлер болса бұл тақырыпта сөз қозғай алмаған.
Қазак фольклоры мен этнографиясын кеңінен зерттеген келесі орыс зиялыларының бірі - ,Г.Н.Потанин(1835-1920).. Баянауыл өлкесінде туып өскен, жасынан қазак халқының тұрмыс- тіршілігінен нәр алған. Ол шығыс елдерін мукият зерттеген саяхатшы, одан соң Орта Азия халықтарының бай фольклорын жинап, реттеп, жариялап отырған этнограф. Дегенмен, қазақ ауыз әдебиетінін көптеген үлгілерін жинаса да, олар жайлы ғылыми-зерттеу еңбек жазбаған. Бырак өзінің өзге еңбектерінде қазақтың ауыз әдебиетін жоғары бағалаған. Оның фольклористік қызметі туралы жинақтар мен кітаптарда тәп- тәуір Сов. Атап айтсақ, Н.Смированың сөз басымен Казахский фольклор в собрании Г.Потанина (1972) атты ғылыми- этнографиялық жинау жарық көрді. Мүның өзі ғалым творчествосына жан-жақты ғылыми баға беруге жол ашары сөзсіз.
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазак фольклорын жинаумен бастыруға көп еңбек сіңірушінің быры Әбубәкір Диваев(1856-1932) болды. Ол Орынбордағы кадет корпусын бітірген соң, Түркістан генерал-губернаторлығында қызмет істейді. Тиісті қызмет атқарып жүріп, қазак халқының тарихы мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға кіріседі. Біріншіден, қазақ халқының мәдени мұрасын келешекте жас ұрпақ, тарих үшін керек деп жинайды. Екіншіден, жинаған материалдарын орыс тіліне аударып,онымен орыс халқын таныстыруды мақсат етеді.
Октябрь революциясына дейін Әбубәкірдің жинаған материалдары газет- журнал бетіне ғана басылып, өз алдына кытап боп шықкандары аз еді. Оның жинаған материалдары тек советтік заманда ғана, атап айтқанда, батырлар жыры жайында 1922- 23жылдары Ташкентте тоғыз кітабы баспадан шықты. 1924 жылы тұрмыс-салт өлеңдерінен қураған Тарту атты жинағы , ал 1926 жылы Қызылорда Балаларға тарту атты жинағы басылды. Әбубәкір жинап, баспа жүзіне шығарған материалдар қазак халқының мәдени тарихы үшін аса керекті асыл қазына еді.
Қазак халқының фольклорын жинау ісі 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясы құрылғаннан кейін күшейе түсті. Ғылым академиясы жер- жерге экспедициялар жіберіп халық әдебиетін жинақтап отырады. Және осы материалдардан үлкенді- кішілі жинақтар қарастырып шығарады. Оған дәлел Мухтар Әуезов атындағы Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына жиналған ауыз әдебиеті материалдарынан 1958-1973 жылдар арасында үлкенді-кішілі 23 том құрастырылып жарияланды.
Советтік дәуірде қазак ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы, жариялануы жайында тағы бар мысал келтірейік. Ұлы Отан соғысына дейін эпостық жырларымыздың баспа жүзіне шыққаны он шақты ғана еді. Ал қазыр бір ғана өнер институтының қолжазба қорында жүз сексеннен астам батырлар жыры, қырып шақты тарихи жыр, елуден аса лиро-эпос сактаулы тұр. Кейбір жырдың варианты да көп. Мәселен, Қобыландының 26, Көрұғлының 30 варианты бар. Бал советтік дәуірде қазак фольклорын жинау, жариялау қарқынды түрде жүргенін дәлелдейді.
Қазақ фольклорының зерттеу ісі шын мәнінде советтік дәуірде қолға алынып, ғылыми жолға қойылды. Бал кезде ауыз әдебиетін зерттейтін - фольклористика деп аталатын - ғылым қалыптасты, фольклорист ғалымдар саны жыл санап өсіп келеді.
Әрине, қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі советтік дәуірде жүзеге асты деуімізбен бұл салада революцияға дейінгі жүргізілген жүмыстары жоққа шығармаймыз. Революцияға дейінгі қазак әдебиеті жайында жазылған монографиялар болмаса, бірен-сарандап айтылған пікірлер болатын.
Советтік дәуірдегі қазак фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу жолын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең - 20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең - соғыс жылдары
Үшінші кезең - Ұлы Отан соғысына кейінгі жылдар.\
Қазір кімдер зерттейді 6-7 бет кіріспе

Мектептегі балаға негізінен образдың екі ақ түрі белгілі жағымды және жағымсыз образ. Әрине осылай екі түрге ғана бөлу арқылы мектеп оқушыларының санасына сіңіру өте оңай. Ал дұрысында көркемдік әдіс тұрғысына келгенде, образ екі түрлі - романтикалық образ және реалистік образ. Әдеби тек тарапына келгенде үш түрлі эпикалық, лирикалық, драмалық. Жасалу тәсілдеріне келер болсақ, юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық. () Фольклорда жиі кездесетін романтикалықт образ. Желаяқ пен Көреген, Құртқа, Назым, Ақжүніс, Алдар көсе, Ер Тарғын, Қамбар романтикалық образдың жарқын бейнесі. Фольклордағы әйел образының көптігіне әрі өзгешелігіне таңқаласын. Олар ақылды, батыл, парасатты әрі шешуші кейіпкер кейде тіптен айлакер, арбаушы мыстан, албасты да болуы мүмкін. Ал, фольклор бәрімізге белгілі әдебиеттің ең үлкен саласының бірі. Ол әлі күнге зерттеліп, уақыт өткен сайын жаңашылдыққа ие болып келе жатыр. Ал ондағы әйел образының әдебиет дамыған сайын өзгеріп жаңаруын біз эволюция сөзінің хақында ойланамыз. Жалпы биология пәнінің аясында естіп жүрген терминнің фольклормен байланысы қандай? Негізі, әдеби эволюция - орыс формализімінен бастау алған әдебиет тарихының дамуын түсіндіруге арналған ұғым.Ол өзінің түсіндірме үлгілеріне ешбір сыртқы әсерлерді қоспай, әдебиеттің дамуын тек ішкі қажеттіліктен шығаратындығымен ерекшеленеді.Ал фольклордағы эволюция ескі жанрлардың өзгеріп, жаңаларының пайда болуынан, сонымен қатар тілдің бейнелеу құралдарының жетілдіруінен тұ рады. Қазақ қоғамында әйел образы қандай болу керек деген сұраққа жауапты мақал - мәтелдерден де табуға болады. Еркектің сұлулығы - ақылда, әйелдің ақылы - сұлулықта. (3. 53 б) бұл жерде әйел затты ішкі сұлулығымен қатар сыртқы сұлулығын да қатар алып жүруі қажет дегенді білдіреді. Яғни, әйел үй шаруасына пысық, алғыр, мейірімді, төзімді әрі сырт келбеті де сұлу болу қажет. Қазіргі қоғамдағы әйел образының фольклордан бастау алғанына нақты дәлел десек болады. Қыз баласына қатысты әліге дейін айтылатын Ақылына көркі - сай . Фольклордың құдыреттілігін осыдан байқауға болады. Қаншама уақыт өтсе де осы үш ауыз сөз бүкіл қазақ қызының ғасырлар бойғы образын қалыптастырды. Әйел образының эволюциясы көптеген себептерге байланысты: нақты тарихи дәуір, қоғамдағы саяси және әлеуметтік өзгерістер, идеология. Әйелдің ең жақсы қасиеттері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ерекшеліктері мінездер жаңа мазмұнмен байытылды, этнографиялық деректер, публицистикалық материалдар, халық ауыз әдебиетінің туындылары бұған дәлел бола алады. Әйел тақырыбы-адамзаттың мәңгілік сұрақтарының бірі. Кез-келген ұлттық мәдениетте әйелдің өзіндік стереотипі бар. Бірақ кез-келген мәдениетте әйелдің рөлі келесі ұғымдармен анықталады: ана, ақылды кеңесші, парасаттық, ошақ иесі. .
1.3 Аңыз - ертегілердегі жағымды, жағымсыз категориядағы әйелдер образы.
Тұрмыс - салт ертегілерінде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Тұрмыс - салт ертегісінің мақсаты - оқырманға ғибрат ұсынумен қатар эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем - эстетикалық әдеби қазына, ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті -- сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Сюжеттің көркемделіп баяндалуына әсер ететін негізгі шарттардың бірі -- ондағы кейіпкерлер бейнесі. Әсіресе, әйелдер бейнесінің әр қырынан көрінуі. Осы айтылған тақырыпқа мысал ретінде Жақсы әйел деген ертегіні атауға болады. Бұл ертегіде әйелдің ақылдылығы, адамгершілігі ғана суреттелмей, сонымен қатар әйел қауымының аянышты халі, әйел баласының сол кезеңдегі теңсіздігі беріледі. Ертегі желісі бойынша, сарайында зерігіп отырған хан аспанда ұшып бара жатқан қаздарды көріп, уәзірлерін шақырып алады да: Алдыңғы қаз соңғы қазға не деп айтты, соны біліп беріңдер, -- деп бұйырады. Жауабын таппасаңдар бастарыңды аламын деген соң, уәзірлер басқа амалын таппай, ханның қызына барып жағдайларын айтады. Сонда ханның қызы саспастан: Жақсы әйел жаман еркекті түзейді деп жеткізіңдер дейді. Уәзірлер жауапты ханға жеткізеді. Хан өздерің таптыңдар ма, әлде біреу айтты ма дегенде, ханнан қорыққан уәзірлер сіздің қызыңыз көмектесті деп шындарын айтып қояды. Хан қызының өзіне қарсы шыққанына қаһарланып, қызын сол елде тұратын адамның жаманына беріп жібереді. Қайырымсыз әкенің қатыгездігіне душар болып, шіріген жұмыртқа атанған адамды қалай тәрбиелегені туралы, соңында сол жаманның ақылды адам болып шыққандығы ертегіде өз желісін тапқан. Бұл ертегіден қыздың өжеттігін, қиындыққа мойымайтын, ерге қиын уақытта сүйеу бола білетіндігін көруімізге болады. Жаман адамды қатарға қосып, өнерін артқызып, абырой - атағын көтерген әйел заты әрқашанда елге сыйлы. Бұл ертегіде де халықтық сарын бар. Ол - хан мен уәзірлердің арасындағы қарым - қатынас, әйел затының сол кезеңдегі ауыр тұрмыстық жағдайы бейнеленген [4: 33].
Тұрмыс - салт ертегілерінде әйелдер бейнесі өзінше ерекшеленеді. Мәселен, Қыз бен шал, Кедей қызы мен хан баласы, Жұпар қорығы деген ертегілерде де қыз баланың тапқырлығы, сөзге шешендігі, ойының ұшқырлығы сыналады. Қыз бен шал ертегісінде айтыскер қызды жеңе алмаған өз ауылының жас жігіттері амал болмаған соң, атағы шыққан басқа ауылдың үлкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz