Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі


Шығыс Қазақстан топонимикалық ерекшеліктері
Топонимические особенности Восточного Казахстана
Toponymic features of East Kazakhstan
https://kk. convdocs. org/docs/index-2451. html
Кіріспе . . . . . . 2 1
I. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТОПОНИМДЕР ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ . . .
1. 1 Шығыс Қазақстан облысының физикалық - географиялық жағдайы ……. . 10 1. 2 Аймақ топожүйесінің зерттелу тарихы …. . . 15
II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПОНОМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ … 20
2. 1 Топонимдердің қалыптасуы мен дамуындағы аймақтық заңдылықтар ……
2. 2 Табиғат жағдайлары мен жер бедері негізінде қалыптасқан атаулары …… 30
2. 3 Шығыс Қазақстан аумағының ландшафттық топонимикасы
III. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. .
3. 1 Топонимиялық зерттеулердегі геоэкологиялық аудандау мәселелері ……… 3. 2 Аймақтағы топонимдердің табиғат пайдаланудағы қолданбалы маңызы Қорытынды . . . . 80 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 100 Қосымша А . . . …. . . 110 Қосымша Б . . . …. . . 11
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның шығыс өңірін ежелден мекендеген сақ, ғұн, түркі т. б тайпалардың тарихы, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі аумақтардағы қоғамдық өзгерістерді, тарихи-географиялық, физикалық-географиялық ерекшеліктерді айғақтайтын топонимдерді өмірге алып келді.
Қазақстанның шығыс өңір топонимиясы тілдік тұрғыдан арнайы зерттелгенімен алайда осы аумақтарға қатысты арнайы топонимдер жайлы географиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Шығыс Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Шығыс Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ерекшеліктерін саралау.
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:
- нақты деректерге сүйене отырып, Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен белсенділігін анықтау;
- Өңірдегі табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына арнайы талдау жасау.
Зерттеу пәні - Шығыс Қазақстанның топонимдері қалыптасуының физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында талдау мәселелері.
Зерттеу нысаны - Шығыс Қазақстандағы табиғат жағдайларын бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі мен ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері - статистикалық, этимологиялық, лингвистикалық, картографиялық, жүйелік талдау, географиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми нәтижелер алынды:
- өңірдегі географиялық атауларда алғаш рет табиғат жағдайларының ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтары анықталды;
- аумақтың географиялық атауларда бейнеленген флорасы мен фаунасының ерекшеліктерін анықталды;
- Шығыс Қазақстандағы географиялық нысандардың атаулары жөнінде ақпарат жинақталып, оларды лексикалық-семантикалық, статистикалық тұрғыдан өңдеу жүзеге асырылды;
- өңірдегі халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған топонимдер топтарының қалыптасу және таралу заңдылықтары анықталды;
- Шығыс Қазақстандағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулардың жиынтығы сипатталды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталған Шығыс Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде болашақ география пәні мұғалімі ретінде қызмет барысында пайдалану болып табылады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
I. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі.
Қазақстан Республикасындағы топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелерді талдау, географиялық атаулардың зерттелуі, облыс топонимиясының қалыптасу тарихи негіздері мен облыс топонимиясындағы тілдік қабаттары қарастырылады.
Топонимика географияның қай саласында болмасын, өзіндік орынға ие. Физикалық-географиялық нысандар атаулары көбінесе географиялық терминдер негізінде қалыптасады. Экономикалық және әлеуметтік географияны оқытуда елді мекендер, кен орындары, өнеркәсіп орталықтары, қатынас жолдарымен байланысты географиялық атаулардың шығу тегі мен мағынасы, халық қоныстануы мен көші-қоны, мемлекет тарихы мен жекелеген этностардың тарихи тағдырлары, аумақтың игерілуі жайлы мол дерек бере алады. Географиялық атаулардың күнделікті өмірде, халықаралық қарымқатынастарда қолданылатындығы, географиялық ә дебиет пен карталарда көрініс табатыны олардың жазылуы мен айтылуының бір жүйеге келтірілуі мен стандартталуын қажет етеді.
Топонимика географияның барлық салаларымен байланысты болып келеді. Біріншіден, кез келген географиялық атау кеңістікте орны бар объектіге беріледі, яғни географиялық номенклатураның карталармен тікелей байланысы бар. Екіншіден, мұхиттар мен материктердің, жекелеген аймақтардың топонимиясы сол аумақтардың табиғат ерекшеліктерімен, ресурстарымен, халқының ұлттық құрамымен, қоныстану сипатымен, шаруашылық түрлерімен тығыз байланысты. Ал осы аталғандар географияның жеке салаларының зерттеу объектілері болып табылады. Керісінше, топонимикалық деректер арқылы байырғы ландшафт сипатын жаңғыртып, жойылып кеткен су көздері, ормандар, өсімдік жамылғысы, жануарлар туралы құнды мәліметтер алуға болады. Географиялық атауларсыз географияның басты моделі болып табылатын карталар «оқылмайды».
Топонимдерді географиялық негізде топтастырудың алғашқы үлгісін жасаған географ В. П. Семенов-Тянь-Шанский болатын. Ғалым өзінің әйгілі "Как отражается географический пейзаж в народных названиях населенных мест?" (1924) атты еңбегінде топонимдердің 1) жалқы есімдер мен лақап аттардан; ә) шіркеу мерекелерінен; 3) тарихи атаулардан; 4) пұтқа табыну дәстүрінен; 5) ежелгі тайпа аттарынан; 6) әртүрлі оқиғалар мен есімдерден; 7) географиялық көріністі құрайтын заттардың атауларынан қалыптасқан топтарын жіктеді.
Географиялық атаулардың құрамын талдау негізінде топоним құраушы физикалық-географиялық терминдердің 6 негізгі топшасын ажыратуға болады:
- оронимдер (жер бедерінің сипатын, түрлерін білдіреді) ;
- геологиялық терминдер (жыныстардың түрлері, литологиялық құрамы
мен сипатын көрсетеді) ;
- климаттық терминдер (климат элементтері мен құбылыстарын
сипаттайды;
- гидрографиялық терминдер (су көздерінің түрлері мен ерекшеліктерін
сипаттайды) ;
- фитонимдер (өсімдік атаулары) ;
- зоонимдер (жануар атаулары) .
Жер бедерінің биіктігіне байланысты географиялық терминдерді ерекше көрсетудің өзіндік орны бар. Өйткені таулы өлкелер мен жазық жерлерде ол терминдер семантикалық тұрғыдан біркелкі келмейді. Жергілікті тіл ерекшеліктеріне сай семантикалық өзгеріске түсіп отырады. Жер бедерінің биіктігі де түрліше болатындықтан, олардың аталуы да әрқалай: 1) «биіктігіне», «тіктігіне» байланысты; 2) ол жердің бедері не түр-түсіне орай, 3) жер бедерінің, көбіне төбе, шоқылардың шошақтығына, жердің не қыр-қыраттың кедір-бұдыр болып келуіне байланысты атау беру кездеседі. Мәселен, бас сөзі адам немесе жан-жануарларға байланысты болса, географиялық «таудың жоғары жағы, бас жағы» ретінде айтылады. Егер Айдарлы атауы «айдары бар» мәнін білдірсе, топоним ретінде «төбесі, бас жағында ұсақ тасы бар биік, дөң, шоқы» мәніне сәйкес келеді. Таулы жерлерде may «асқар, биік таумен» байланысты аталса, кең жазық жерлерде биіктігі 200-300 м төбелерді де тау деп атау бар, болмаса таулы жерде қыр «биік, қырат» мәніне ие болса, жазық, мидай дала тұрғындарында көз ұшындағы жер «қыр, қырат» аталады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ - Қазақстан Республикасының шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Жерінің аумағы 283, 2 мың кв2, бұл Қазақстан аумағының 10, 4%-ы. Тұрғыны . Облыс солтүстігінде Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстік-батысында Алматы облысымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы батыстан шығысқа қарай 800 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км-ге созылып, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, өйткені оның жерлері полиметалдар мен сирек металдарға бай, оның ішінде Алтай сілемі, Ертіс және Алтай маңы өңірлері құнарлы және ауылшаруашылық өндірісі үшін өнімді және тиімді болып келеді. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай Ертіс өзені ағып өтеді. Рельефі негізінен таулы болып келеді. Ертістің бүкіл оң жағалауын Батыс Алтай сілемдері алып жатыр; Бұл таулы аймақты Нарын аңғары Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жоталарына бөледі. Абсолютті ең биік нүктесі - 4506 м. Ертістің сол жағалауын Қалба жотасы, Шыңғыстау және Сарыарқа шоқыларының шығыс шеттері алып жатыр. Тарбағатай және Сауыр жоталары аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Тауларда көптеген мұздықтар бар. Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай-Сауыр өңірінің арасында Зайсан шұңқыры бар. Ең терең орталық бөлігін Зайсан көлі алып жатыр. Жазықтар көбінесе облыстың солтүстік-батыс бөлігінде ғана кездеседі. Өңірде өндірілетін пайдалы қазбалардың ішінде полиметалл кендерінің өндірістік және шаруашылық маңызы зор. Олардың құрамында қорғасын, мырыш және мыс, сонымен қатар алтын, күміс, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт және т. б. сирек металдар да кездеседі. Әсіресе Кенді Алтай, Қалба және Оңтүстік Алтай жоталары өте бай. Мұнда көмір, сланец, глаубер және ас тұзы, құрылыс материалдары: тас, әктас, мәрмәр, гипс, сонымен қатар отқа төзімді материалдар шикізаты бар.
Шығыс Қазақстан облысының аумағы географиялық орналасуымен анықталады. Еуразия құрлығының ортасында орналасқан аумақ Үнді мұхитынан Азияның биік тау жоталарымен бөлінген. Шығыс Қазақстанның климаты бірқалыпты континентальды климаттан күрт континентальды климатқа ауысады. Таулы рельефтің күрделілігіне байланысты Шығыс субзонның ТТК климаттық жағдайлары біртіндеп биіктік зонасының заңдарына бағынады, Батыс субзонында ендік зоналылық болды. Тәуліктік және жылдық температуралардың үлкен амплитудасына байланысты климаттың күрт континенталдылығы артады. Климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясы және атмосферада болып жатқан күрделі процестер ерекше әсер етеді.
Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Таулары мен жоталары.
- Ертіс өзенінен шығысында: Кенді Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері
- Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары
Зайсан көлінің оңтүстігінен: Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.
- Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар: Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т. б.
- Облыстың оңтүстік мен оңтүстік-шығысына Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш - Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.
- Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 - 800 м-ге және 1200 - 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.
Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш - Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.
Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені) :Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.
Балқаш - Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.
Көлдер
Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер - Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т. б. ) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп. Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz