Іскерлік қатынастың регламенттелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Түркі тілдеріндегі сөйлеу әдебінің лингвомәдени ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.СӨЙЛЕУ ӘДЕБІ: ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 Сөйлеу әдебінің түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3 Сөйлеу әдебін лингвомәдени аспектіде зерттеудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЙЛЕУ ӘДЕБІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Түркі тілдеріндегі амандасу, қоштасу рәсімімен байланысты сөздердегі ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Түркі халықтарының сөйлеу әрекетіндегі сыпайылық танытатын кейбір сөздердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

СӨЙЛЕУ ӘДЕБІ: ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ СИПАТЫ
1.2 Сөйлеу әдебінің түрлері мен ерекшеліктері

Этика ‒ адам мінез-құлқының принциптерінің жиытығы. Бұдан басқа этикет, сөйлеу эиткеті деген терминдер де қолданылады. Этикет дегеніміз ‒ өзін-өзі ұстаудың, басқа адамдармен қатынас жасаудың, мінез-құлықтың қабылданған, қолданылып жүрген тәртібі. Осыдан келіп шығатын қорытынды, сөйлеу этикеті дегеніміз ‒ қоғамдағы тілдік мінез-құлықтың ережелері, өзара қатынастарда, оның ішінде іскерлік байланыстарда қолданылатын тұрақты сөз формулаларының жүйесі.
Сөйлеу этикеті белгілі бір дәрежеде қоғамның моральдық танымдарының өлшемі болып табылады.
Кейбір елдерде әр түрлі таптар мен әлеуметтік топтардың өкілдерімен қалай сөйлеу керек екендігі туралы заңдар шығарылғаны тарихтан белгілі. Әр халықтың өзіне тән ұлттық сөйлеу этикеті болады. Мысалы, В. Овчиников Сакураның бұтағы деген кітабында жапон этикетінің ерекшелңктерін былай суреттейді.
Жапондықтар бір-бірімен сөйлескенде жоқ , мүмкіндік жоқ , білмеймін деген сөздерді, бейне бір былапыт сөздер сияқты, айтпауға тырысады. Тіпті, екінші шыны кофеден бас тартқанда қонақ рақмет, қажет емес деудің орнына мен онсыз да өзімді тамаша сезініп отырмын деген ойды білдіретін тіркестерді қолдану керек.
Әр елдің сөзік этикеттерінің ерекшеліктерін білу оларды әр түрлі шетелдік іскерлік қауым өкілдерімен жасалатын келіссөздерді табысты өткізуге пайдалану үшін қажет.
Іскерлік қатынастарда мораль мен адамгершілік категорияларын қолдану
Сөздік қатынастардың сипатына мораль мен адамгершілік категориялары да әсер етеді. Солардың басты-бастыларын көрелік.
Бизнесте адал болу оның жаратылысынан келіп шығып тұр. Алдау, өтірік қалыпты экономикалық процесстің негізі бола алмайды. Керісінше, ол серіктестердің мүдделріне қауіп туғызады. Іскерлік әлемде алдауға баратын адамдарды әр уақытта жек көрген. Сайып келгенде өтірік, алдаумен айналысатын адамдардың пайдасынан зияны көп. Іскерлік этикасы еркіндік, бостандық сияқты жалпы адами құндылыққа негізделеді. Бұл бизнесмен, не менеджер ғана емес, сонымен бірге бәсекелесінің де бостандығын қадірлеуі керек, яғни оның ісіне араласуға, кішкентай нәрселерде болса да оның мүдделеріне нұқсан келтіруге қақысы жоқ, коммерцияны адал ниетпен, таза қолмен жасау керек деген сөз.
Іскерлік арақатынастың екінші бір негізгі принципі ‒ шыдамдылық, яғни әріптестер мен клиенттердің кемшіліктері мен жетімсіздіктерін бірден жеңіп шыға алмайтындығыңды түсіну деген сөз. Білместігінен қателікке ұрынғандарға кешірім жасау қажет. Егер сіз келісімге шақырған адамыңызға жағымды әсер етіп, оны өз жағыңызға шығарып алғыныз келсе, оның шақыруын қабыл алмаңыз, әңгімені одан әрі ушықтыруға себепші болмаңыз. Шыдамдылық өзара сенім тудырады, түсінбеушілік пен ренішті басталған кезінде-ақ басып тастауға жәрдемдеседі.
Іскерлік арақатынастар әр уақытта шиеленіссіз, кемшіліксіз орнатылған емес. Мұндай қатынастар әдептілік пен сыпайылықты талап етеді. Әдептілік дегеніміз ‒ мінез-құлық қалыптары мен мақсаттарының сәйкестігін түсініп қана қою емес, сонымен қатар оларды нақты адамдармен араласу барысында қолдану. Әдептілік ең алдымен адамгершілік пен мейірбандылыққа, сыпайылық пен елгезектікке негізделеді.
Іскерлік этикасы ‒ жалпы адамзатқа тән адамгершілік қасиет ‒ олардың өз ісіне шын берілгендігі, өзіне талап қойғыштығы, принципшілдігімен бірге басқалардың пікірлерімен санасуы. Іскер адамдар арасында іскерлік міндеттілік деген ұғым бар. Ол айтқан сөзінде тұр, алған міндеттелікті қайтсең де орында деген ұғымды береді.
Бизнесте өз тапсырыс берушілеріңе қамқорлық жасасаң, саған нарық қамқорлық жасайды деген ереже бар. Бұл іскер адамдардың, фирма, компаниялардың іскерлік беделін көрсетеді.
Іскерлік беделге ие болу өте қиын. Оны ондаған жылдар бойы тірнектеп жинайды. Ал одан болмашы себептердің кесірінен айырылып қалуы мүмкін.
Кез келген кәсіпкер бизнес мәдениетіне өте көп көңіл бөледі. Мәдениетті адам міндетті түрде бизнесмен болу қажет емес, бірақ кез келген бизнесмен мәдениетті болуы керек.
Іскерлік қатынастың регламенттелуі
Іскерлік қатынастардың ерекшеліктері ‒ олардың регламенттілігі, яғни белгіленген ережелер мен шектеулерге бағынуында. Бұл ережелер іскерлік қатынастың түріне, оның ресмилігінің дәрежесіне, нақтылы кездесудің мақсаты мен міндеттеріне, ұлттық және мәдени әдет-ғұрыптарына байланысты.
Адамдардың әр түрлі жағдяттарда өздерін қалай ұстау керектігінің жазылған және жазылмаған ережелері бар. Мысалы, хаттамаға сәйкес, хаттама бойынша деген сөздерді жиі естиміз.
Хаттама деген сөз халықаралалық қатынастарға байланысты қолданылады. Хаттамалар қатынастардың басқа да салаларында қолданылады. Мысалы, клиентпен фирманың жұмыстары бойынша қатынас жасаған кезде саясат, дін, әйелдер туралы әңгімелер қозғауға және де клиеттің табысы, жеке өмірі, тұратын үйінің құны, т.б. туралы сұрақтар беруге болмайды.
Әдеп нормаларын сақтау бұрыннан-ақ қоғамда жоғары бағаланған әдеп нормаларын білу, оларды күнделікті қатынастар барысында қолдана білу тәрбиеліктің белгісі саналады. Сөздік байланыстардағы әдет қалыптары дегеніміз ‒ ол әдеп мәдениеттілігін меңгеру, өз сезімдерін бақылап, өз еркін қолда ұстай алу дағдысы.
Сыпайылық, елгезектік, әдептілі, ұстанымдылық, инабаттылық ‒ міне, мұның бәрі әдептілік белгілері.
Бұл қасиеттер нақтылы сөздік іс-әрекеттер арқылы сөйлескісі келмесе, серіктесінді ренжітпейтіндей сылтау тауып, бас тартуға болады. Іскерлік қатынастарда барлық уақыттарда шындықты айту орынсыз болады.
Іскерлік байланыстардың регламенттілігі оның қатынасушыларына сөздік құралдарды пайдалануда қатаң талаптар қояды. Іскерлік қатынастарда былапыт, қарапайым сөздер қолданылмайды. Терминдер мен шетел сөздерін қолдануға шамдан тыс әустенбеу керек. Әдеби тілдің нормаларын бұзып сөйлеу, т.б. тыңдаушыларға жақсы әсер етпейді. Міне, мұның барлығы сөйлеушінің жалпы мәдениетінің төмен екендігін білдіреді, оған деген сенімді жоғалтуға себеп болады.
Іскерлік қатынастар уақыт шеңберімен де шектелген. Уақыт‒ ақша деген қанатты сөздер барлық елдердің бизнесмендерінің ұранына айналса керек. Іскерлік адамдар уақытты бағалай біледі, оны тиімді пайдалану үшін өз жұмыс күнін сағатына, минутына дейін тізіп жазып қояды. Ал бөлінген уақытты тиімді пайдалану үшін талқыланатын мәселелердің аумағын күні бұрын анықтап, оған ұқыптылықпен дайындалу керек.
Іскерлік әдептілікпен принциптері
Статистикалықталдаудың материалдарына сүйене отырып, Д. Ягер іскерлік әдептіліктің алты негізгі принциптерін қорытып шығарады. Оған дәлел ретінде ірі фирмалардың басшыларының сөздерін келтірген.
1. Барлық жұмысты дер кезінде орындау керек. Айналаныздағы адамдарға ілтипатпен қараңыз және әдеттегі сыпайылық ережелерін ұмытпаңыз, яғни бар нәрсені дер кезінде істеңіз, ұқыпты болыңыз, тағайындалған кездесулерді өзіңіздің жұмыс күнтізбеңізге жазып қойыңыз. Осындай ұсақ-түйектердің пайдасы көп.
2. Артық сөз айтпаныз. Не айтқаныңызды байқап отырыңыз. Ақпараттың сыртқа таралып кетуі онымен жұмыс істейтін адамдарға қандай қолайсыздықтар әкелетінін еске сақтаған жөн.
Бастығыңыз, не қарамағаңыздағы адамдардың жеке басы, үй-іші туралы қызметтестеріңнен естіген әңгімеңізді ешкімге қайталап айтушы болмаңыз. Жақсы жаңалықтар болса да ешкімге айтпаңыз. Қажет деп тапса, ол мәліметтерге қатысы бар адамдар өздері-ақ айтады.
3. Сыпайы, мейірбанды, бауырмал болыңыз. Әрбір мекеменің мәдениеті оның қызметкерлерінің көзқарастары мен іс-әрекерінен құралады. Сайып келгенде, жағымсыз қылықтар ешқашанда игілікті істерге жетектемейді, жақсылыққа әкеп соқпайды.
4. Тек қарақан басыңыздың қамын ғана ойламай, басқалар туралы да ойлаңыз. Егер сіздің клиеттерінізге жаныңыз ашымайтын болса, олардың мұң-мұқтаждары мен қажеттіліктерін түсінгіңіз келмесе ‒ бұл сіздің үлкен қатеңіз.
Басқаның пікірін сыйлаңыз, оларды да түсінуге тырысыңыз. Өз ісіне беріктік, өзіне-өзі сенімділік кішіпейілділікке кедергі жасамайды.
5. Шамаңыз келгенше сәнді киініңіз. Алғашқы пікір алғашқы кездескенде қалыптасады. Сондықтан да бір көргеннен-ақ өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптасуына себепші болыңыз. Айналаңыздағы жұртқа қарап, оларды тыңдап жақсыдан үлгі алуға ұмтылыңыз. Киіміне қарай қарсы алады деген сөз текке айтылмаған. Сыпайы, таза, жарасымды киінген адам айналасына жақсы әсер етеді. Әрине іскер адамдардың киіміне қарап, ол адамның сенімділігі мен сөзінің қандай құндылғы бар екендігі туралы көп мәлімет алуға болады.
6. Жатық, таза сөйлеу және жазу. Кімде-кім өз ойын анық тұжырымдаса, өзгелерге жеткізе алса, ол әр уақытта үстем болады. Дұрыс сөйлеп, сауатты жаза алмау адам бойындағы үлкен кемшілік болып табылады. Ондай адамдардың өмірде жолы бола беруі қиын.
Мінеки, бұл іскерлік әдептіліктің алты ережесін жақсылап ұғынып, орынды, әрі кезінде ақылмен қолданса, іскер адамдарға табысқа жету жолында көп көмек береді.
Іскерлік қатынастарда тілдік формулаларды қолдану
Қатынастың әдептілік түріне кешірім, өтініш, алғыс, келісім, не келіспу, сәлемдесу, қоштасу, т.б. тілдік формулалар жатады.
Шын мәнісінде, әрбір жағдаяттар әр түрлі сөздік оралымдарды пайдалану керек етеді. Мысалы, танысқанда мынадай тіркестерді қолдануға болады:
Келіңіз таңыс болайық, таныс болайық.
Сізбен танысуға рұқсат па? Танысуға рұқсат етіңіз. Мені (бәленшемен) таныстырсаңыз. Танысып қойыңыз. Бұл менің жұбайым. Өте жақсы. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мен көптен сізбен танысқым келіп жүр еді. Меніңше, біз бұрын бір жерде кездескен сияқтымыз.
Әдептілік сөздік оралымдарды пайдалану әңгімелесушімен екі арадағы алғашқы ыңғайсыздықтарды жоюға, өзара түсіністікке жетуге, ақырында жақсы іскерлікке, не адами қатынас орнатуға қажет.
Салттық тілдік қатынас
Әдептілік қатынас түрлерінің деңгейінде салттық тілдік қатынас та іске асырылады. Салттық қатынас дегеніміз ‒ салт-сана және дәстүр негізінде қалыптасқан өзара қатынас жасау тәртібі. Американдық психоаналитик Э. Берн салт жораларды зияны жоқ, қайта адамдарға жігер беретін, жағымды қатынас тәсілі деп есептейді. Екінші бір адамның қатысуымен өтетін кез келген іс-әрекетті (іс-қимыл, сөз) сыйлау деп атай отырып, ал ол кез келген салт-жораны сондай сыйлаулардың сериясы деп атайды да, мынадай мысал келтіреді.
Мына кішкетай диалог сондай сегіз сылаудан тұратын салт-жора деп аталады.
А. Сәлем!(Қайырлы таң!).
В. Сәлем (Қайырлы таң!).
А. Бүгін күн жылы ғой, ә? (Қалыныз қалай?).
В. Иә, байқауымша жаңбыр жауады ғой деймін (өте жақсы, ал өзіңіз қалайсыз).
А. Ал, жақсы (Бәрі жақсы).
В. Көріскенше.
А. Сау бол.
В. Сау бол.
Бұл өзара сөз алмасуда ешқандай ақпарат жоқ. Екі адам сөйлесіп, аз да болса бір-бірінің көңілін көтерді.
Таза әдептілік сипаттағы қатынастың нақтылы көріністері салт-жоралары болып табылмайды, қатынас барысында өзінен-өзі пайда болады. Сондықтан да әдептілік қатынас дегеніміз ‒ әдептік сөздер мен тіркестердің шеңберінде әріптестердің бір-біріне өзін таныстыруы.

Этика және қатынас өрісі
Күнделікті өмірде таныстарымен, туыстарымен, қызметтестерімен қатынаста адам өзін екін сезінеді де, көңіл-күйін, ойын жеткізерде сөз таңдап, онша қысылмайды.
Ал іскерлік қатынастарға келетін болсақ, ең басты мәселе өз рөлін кәсіби ойнап шығу. Әдеп талаптарын білмеудің, не бұзудың әр адам үшін жағымсыз жақтары өте көп: ондай адамдар не қызметте көп отыра алмайды, не өсе алмайды. Әрине, түрлі қызмет көрсету салаларындағы сөздік қателер (дөрекілік, әдепсіздік, тікелік) тапсырыс берушіден айырылып қалуға әкеліп соғады.
Сондықтан да қандай бір сөздік қатынас саласы болмасын, әсіресе іскерлік қатынас саласында әдептілік, сөз мәдениетін сақтаған жөн болады.
Біз жоғарыда қарым-қатынастың әр түрлі ‒ тұрмыстық әңгімелесу, іскерлік әңгіме, келіссөздерге сипаттама беріп өттік. Көрсетілген қарым-қатынас салалары бойынша телефон арқылы қарым-қатынас жасау, мысалына кәсіби мінез-құлықтың принциптерін қарастырып көрелік.
Л. Лойд К. Финч Клиентпен телефон арқылы сөйлесу. Табысқа қалай жетуге болады деген кітабында қызметкерлердің кейде абайсызда клиенттермен қарым-қатынас жасау әдебін бұзып, оларда едәуір реніш тудыратындығын келтіреді. Автор сондай мазмұндағы бірнеше әдеттегі сөз тіркестерін келтіріп оларға түсініктеме береді.
1. Өкінішке орай, Джонс ханым әлі де түскі ас ішіп жатыр. Шешуші сөз ‒ әлі де ‒ түскі астың үзілістен ұзақ болғандығын меңзейді.
2. Мен оның қайда екенін білмеймін. Сіз телефоныңызды айтсаңыз, ол сізге телефон соғар.
Сізге көп сөз айтылғаны сезіле ме? Егер сіздің қызметтесіңізге телефон шалып жатса, ал сіз оның қайда екендігін білмесеңіз, ол туралы телефон шалушыға айтудың қажеттігі бар ма? Ең дұрысы: Ол қазір телефонға келе алмайды. Оған сізге телефон шалыңыз деп айтайын ба? ‒ Осының өзі жеткілікті.
3. Ол, мүмкін, кофе ішіп жатқан шығар. Мен оған Сізге телефон шал деп айтайын.
Басқа адамдарға мұндай егжей-тегжейлерді айтудың қажеті жоқ.
4. Ол бір тапсырыс берушімен арадағы даулы мәселені шешіп жатыр. Мүмкін, оған бірдеңе айту қажет шығар?.
Осы тіркеспен сіз телефон шалушыға фирмаларыңызда кейде клиеттермен үлкен шатақтар болып тұратындығын хабарладыңыз. Клиентке оны айтудың қанша қажеті бар? Одан да ол қазір телефонға келе алмайды деп, ол кісіге не айтасыз деп сұраған орындырақ.
5. Ол дәрігерге кетті. Тапсырыс берушілеріңізбен әріптестеріңіздің жеке шаруаларын талқыламаңыз. Одан да: Ол сағат 3-ке дейін болмайды. Мен сізге қандай көмек бере аламын? ‒ деген орынды.
6. Ол ертерек үйіне қайтып кетіп еді. Бұл жақсы клиентті қатты ренжітеді. Оған көмек керек, ол оны беретін адам ертерек үйіне кетіп қалған. Өз әріптестеріңіздердің жеке басына қатысты жағдайларды тапсырыс берушілерге айтудың қажеті шамалы, керісінше зиянды.
Сөздік қатынас әдебінің талаптары
Этика іскерлік қатынастарға мынадай талаптар қояды:
oo Жаргондық сөздер мен адамның арына тиетін сөз тіркестерін пайдаланушы болманыз;
oo Басқаларды тыңдай біліңіз, сізге оны тыңдау қызықты екендігін әріптесіңізге сездіруе тырысыңыз;
oo Сауатты сөйлеңіз, ауызша және жазбаша сөзде грамматикалық ережелерді сақтауға тырысыңыз;
oo Адам аттарын дұрыс айтыңыз;
oo Қызметтік құпияны ішінізге сақтаныз;
oo Телефон арқылы сөйлескенде қызметтестеріңіз кейбір ақпаратты естіп қалмайтындай болсын;
Этика және ауызша тіл этикасы Жазбаша тіл этикасы
Жазбаша тілде этика мен әдет мәселелеріне ертеден-ақ көңіл бөлінген. Хат жазушының ең бірінші міндеті ‒ ол өз жағдайын және хат жазып отырған адамның жағдайын естен шығармауы және онымен бетпе-бет сөйлесіп отырғандай көз алдыңызға елестету, ‒ делінген XVII ‒ XIX ғ. хат жазушыларға қойылатын талаптарда.
Іскерлік хат жазу әдебі ерте заманнан бері бегілі. Онда хат жазушы алдымен өзін атап, одан соң арналған кісінің аты-жөнін, лауазымын көрсетіп, артынан хаттың негізгі мәтінін жазатын болған.
Ғасырлар бойына мораль мен адамгершілік категорияларының, ой тұжырымдаудың этикалық нормалары мен түрлерінің өзгеруіне байланысты жазбаша, оның ішінде іскерлік тілдің әдептері де өзгеріске ұшырады.
Ауызша тіл этикасы
Этиканың жалпы талаптарынан басқа ауызша сөйлегенде мынандай әдеп ережелері сақталуы тиіс:
1. Сөйлесуші адамға сыйлаушылық, тілектестік көңіл білдіру. Сөйлесушіні сөзбен ешқандай ренжітуге, сөгуге, менсінбеушілік көрсетіп, арына тиюге тыйым салынады.
2. Сөйлесушінің қызметтік жағдайына құрмет көрсетіп, өзіңіздің әлеуметтік қөзқарасыңызды әріптесініздің көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Айттым болдыны қойып, сыпайы сөйлеу керек.
3. Шектен тыс мен-мендік көрсету дұрыс емес. Сөйлеуші адам кішіпейілді болып, өз пікірін әріптесіне күштеп таңдаудан аулақ болған жөн. Мәселеге бірауық әріптестің көзімен де, оның мүдделерінің тұрғысынан қараған дұрыс.
4. Тыңдаушыны әңгіменің бел ортасында болу керек. Әңгіме барысында тыңдаушының әлеуметтік рөлін, өмір тәжірибесін, әңгіме тақырыбы мен онда қозғалып отырған мәселелер жөнінде хабарлану дәрежесін ескерген жөн. Сіз жақсы білесіз , Мүмкін сіздің білгіңіз келетін шығар деген сияқты сөздермен, кейде ым, ишара арқылы оны әңгімеге тартып, қызықтыруға тырысу керек.
5. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Қылмыстық іс жүргізу нормалары
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
Мемлекеттің салық жүйесі
Қаржы нарығы жайлы
Шикізатты бастапқы өңдеу және тамақ өнімдерін дайындау кезінде санитарлық - ветеринарлық сараптама жүргізу
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбектің маңызы түрлері ұйымдастыру жолдары
Пәндер