Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Искалиева Ж. А., Кабиева А. К., Кадирбергенова А. Е.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімін, құндылықтарын, мәдени мұрасын бағалай білетін, қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға, заманауи талаптарға сай білімді, білікті дара тұлғаны, құзіретті маманды тәрбиелеу ең өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты баланың білімі мен тәрбиесіне жаңа талаптар қойылуда. Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық -мәдени кеңістікке шығуына байланысты, қазіргі педагог-психологтарға жауапкершілігі мол міндет жүктелді. Тек қана білімді адамды тәрбиелеп оқыту емес, сонымен қатар еліміздің өркендеуіне жұмыс атқаратын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас қазақстандықтарды болашақта таңдайтын іс-әрекеттің белгілі бір түрін дамыту қазіргі қоғам талабынан туындап отыр.

Ғылымдардың әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қабілеттерінің жоғары болуына тікелей байланысты.

Сондықтан Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, қазіргі білім беру мекемелерінде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі - өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. [2]

Оқушы үшін ес процесінің маңызы зор. Бастауыш сынып оқушысының игерілген білімді кез-келген керек уақытта қайта жаңғыртып еске түсіріп, орынды пайдалана біле алады. Егерде балада есте сақтау қабілеті нашар дамыған болса, оқушы кезеңге өткенде материалдарды есте сақтамай оны тиісті дәрежеде меңгере алмайды. Бұл дегеніміз нашар оқушылар қатарының көбейетіндігін көрсететді. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі оқушының есте сақтау процесін дамыту маңызды. Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау қабілеті тиісті дәрежеде дамыған болса үлгерімі жақсы деңгейде болар еді. [3]

Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушысының танымдық процесін дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар, түзету жұмыстары әлі де болса қазақ тіліндегі басылымдар жетіспейді. Сондықтан да зерттеу жұмысымызды «Бастауыш сынып оқушыларының ес процесін дамыту жолдары» деп тақырып таңдап, ес процесін дамыту әдістемелерін, психологиялық жаттығуларды, түзету материалдарын жинақтауға негіз болды.

Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесі

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін дамытудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын іздестіру, оны мектеп тәжірибесінен өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің деңгейінің дамуын анықтау әдістемелерін дайындап, дамытуға бағытталған жұмыстар жүйесі жинақталып, тәжірибеде жүйелі жүргізсе онда, мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму деңгейін көтеруге болады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттердегі мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің теориялық негізін анықтау.
  2. мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің деңгейін анықтау.
  3. мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін дамытуға бағытталған әдістемелер, психологиялық жаттығулар, корреляциялық жаттығуларды жинақтап, тәжірибеде жүргізу. Жүргізілген жұмыстардың тиімділігін анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • зерттеу жұмысына анализ, синтез, салыстыру, жалғастыру;
  • тәжірибелік эксперимент;
  • жүргізілген әдістемелер бойынша қорытынды шығарып, сандық сапалық талдау;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, психологияның даму теориясы. ойлау туралы психологиялық тұжырымдар (А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Қ. Б. Жарықбаев және т. б. )

Зерттеудің дерек көздері: зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары;

Зерттеудің практикалық маңызыдылығы : мектеп жасына дейінгі жастағы оқушының ес процесін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерінің әдістемесін іріктеп, мектеп тәжірибесінен өткізу.

Зерттеу базасы: Ақтөбе облысы, Бадамша ауылы, №1 бала бақшасы

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1
Бастауыш сынып оқушыларының ес процесін дамытудың теориялық негізі
1: 1. 1
Бастауыш сынып оқушыларының ес процесін дамытудың теориялық негізі: Ес процестерін теориялық тұрғыдан зерттеу мәселелері

Адамның бұрын қабылданған нәрселері мен құбылыс бейнелердің көңіл-күйлерін ойда сақтап, қажет кезінде қайта жаңғыртуды ес процесі деп атайды. Ес бейнелейтін процесске жатады, бірақ дәл қазіргі сәтте әрекет қана емес, өткенді де қабылдайды.

Петровскийдің айтуынша «ес прцоесі деп есте сақтаудағы, есте қалдырудағы қайта жаңғырту мен индивидтік тәжірибені айтамыз».

Богословскийдің пікірінше. «ес процесі дегеніміз адам тәжірибесінде есте тұтып сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнеледі. Ес процесі деп бұрын тәжірибеде қабылдаған нәрселерді мида қалдыратын жаңғыртатын және оларды кейіннен танытып, еске түсіретін психикалық функйияларды айтамыз. Адам бұрын қабылдаған нәрселер мен құбылыс байқаудың көңіл-күйлердің ойда сақталыр, қажет кезінде қайта жаңғыртылуы. Әсер етуші заттар мен нәрселердің бейнелерін біздің басымызда сақталып отыруы керек. Сондай-ақ ол өздігінен не болмаса әдейілеп еске түсіріп немесе оларды қайтадан танитын процесс деп танимыз. Естің физиологиялық процесіндегі негіздерін бір кезде Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қызметі туралы біліммен түсіндіретін. «Нерв жүйесінің пластикасында» деген қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалуы, ол кезде бұрынғы процеспен байланысып отырғанын көрсетеді. Бірақ бұл жайлы пікірлер долбыр, өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес қабылдаудың табиғатын зерттеуші ғылымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстыра келе екі зерттеулер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері олардың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенімен естің бүкіл ми массасынан алатын орны әлі анықталған жоқ. Сонымен бірге ес ми қызметінің нәтижесі екенін тәжірибеде анықтап көрсетеді. Уақытша нервтік байланыс біздегі универсалды, физиологиялық процестің құбылысы. Сонымен бірге ол психикалық әртүрлі әрекеттердің байланысынан тұратын құрылым болсын, психологтардың сөз және ойлау тізбегі процесін ассоциация деп атайды.

Ес күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністеріне есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.

1. Есте қалдыруға әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Психологиялық тұрғыда есте қалдыру негізгі бағыт делінсе, оның негізгі мәселесі мен өзектігі, ұғымы ассоциалық байланыстар деп аталады. Ес процесіндегі әртүрлі сыртқы жағдайға байланысты болып тұратын бірнеше обьектіні бір негізде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Мұны алғаш рет осылай етіп ғылымға қосқан Аристотель болды.

Аристотель: естегі елестетулерді ассоциациямен байланыстырып тек оның негізгі ерекшеліктерін аша білді. Ғалымдар тұңғыш рет естік процестік негізге шартты рефлекстік теориясынан дәлелдеп, осы негізді көптеген психикалық процестердің табиғатын түсіндіруге болатынын көрсеткен. Психологиялық процестегі ассоциалар деп аталатын ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті пайда қылып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндіреді. Ұлы психологтар былай дейді: «Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесін де де біздің өзімізде де болатын жан-жақты психологиялық процесс. Сонымен қатар орл әртүрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да психикалық құбылыс, процесс болып табылады, оны психологтар естің ассоциативті процесі деп атайды. Бұл естің ассоциативті процесі жөнніде психологтар былай дейді:

«Шартты байланыс бұл біздің бір мезгілдік ассоциативті процесс дегеніміз болса керек. Бұл процестерді шектеулі түрде анализдей келе ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе деуге болады. бұлар қарапайым және күрделі болып еуіге бөлінеді. Бұл Аристотель заманынан бері 3 түрге бөлінеді:

А) аралас

Б) ұқсастық

В) қарама-қарсылық

1. Аралас ассоициативті процестер бойынша бір зат жөннідегі елес өзімен бірге оған қатысы бар 2-ші затты қоса туғызады. Мәселен бұл процестер түстің бейнедегі не мағына беретінін білдіреді.

2. Ұқсастық процестері-нәрселердің көріністік бейнелері өздеріне ұқсас образды, ілестіріп еске түсіреді. Яғни бір зат жөніндегі емес. Сол затқа қандай да болсын ұқсастығы бар, 2-ші затты елестетеді, еске түсіреді. Мысалы: мұғалім география сабағында оқушыларды астрономия порттарының аттарымен таныстырып тұрып олардың біреуінің аты «Аденай» деген әйел атына ұқсас екенін айтады. Сөйтіп есте сақтауды жеңілдететін ұқсастық ес процесін жасайды.

3. Қарама-қарсы процестер ассоциациясы бір зат туралы емес, оған қарама-қарсы екінші затты немесе құбылысты еске түсіред. Мысалы: ақ-қара. Бұл түрлерден де басқа мағыналық күрделі процестерде болады олар еске қалыдру мен еріксіз есте қалдыру

Есте қалдырудың қоғамдық тәжірибелік мәні адамның қажеттілігіне де байланысты болады. мысалы: оқушыларға таныс нәрсені еске түсіру қиынға соқпайды.

Бұдан біз адамның есі мидың байланысы бар екенін көре аламыз. Оны мына төмендегі факторлар нақты көрсете алады. Мысалы: баланың жүйке жүйесіне зақым келсе. Ол бұрын көрген нәрселерін тани алмайтын болады, не болмаса самайына самайына зақым келсе, бір естігенін 2-ші рет қайталайды да түсіне алмайтын болады. ал миының төбе бөлігіне зақым келген адамның бұрынғы қимыл-қозғалыстарын орындай алмайтын болады. бұдан біз аадмның есі мидың әрекетімен байланысты екендігін, адам миының үлкен жарты шарлары қыртысынгың әрекеті екендігін білуіне болады.

Ал дәрігер науақас адамды бақылау арқылы естің үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөліктерімен байланысты екенін сипаттайды. Анолизатормен байланысқанми қыртысы зақымданғанда естің арнаулы негізі есту, көру қимылдау және басқалары да беріледі. Бұл процестен дыбысты көру бейнесін, қимылды сақтап оларды қайталау процесі бұзылады деді. Ми қыртысының маңдай самай бөліктері зақымданған жағдайда тұтылып, есіне сақтай алмайды, әрі оны қайталай алмайды. Осы заманғы түсінік бойынша ес процесіне қатысты ми бөліктері нейрондардың түйық тізбектерімен өзара байланыста болады. Осындай тізбектерде айналып жүретін нерв импульстары нерв клеткаларындағы биосинтез процестерін өзгертеді. Осының нәтижесінде «Ес нышаныныфң» материалын сақтаушы зататр түзілді. Кейбір әрекетшіл заттар синтезінің бұзылуы ес нышанының түзілуіне демек үйрену процесінде кедергі жасайды. Информацияны еске сақтау үшін оны біраз қайталауға тура келеді. Мысалы: біз математика формуласын жаттап алу үшін саналы түрде бірнеше рет қайталаймыз.

Естің өзгерісі: Бастапқы кезде нәрсені еске алып, тез ұмытылады. Естің аса күшті босаңсу кезеңі 7-15 жас аралығында. Сыртқы дүниемен адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқанда адам бір нәрсені білуге, бар білгенін есте сақтауға ұмтылады. Ес процесінің қатынасын қатты керек қылатын ғылымдар үйретуге қолайлы кез 3-4 жас аралығы. Бұл жаста өмірлік тәлім-тәрбие қарастырылады. Ес процесі айналадағы қоршаған құбылыстарда, табиғаттарда өмірден алынған тәжірибесін, білімін есте ұстау, еске түсіру керек кезде жаңғырту, ұмыту.

Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселерді орындай, жасай алады. Біздің қоршаған ортадан алған әсерлеріміз есімізде белгілі із қалдырады. Ол іздер жеткілікті ұзақ ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғыртылады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлі әсерлерді, бейнелерді, көңіл-күйлерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, еске сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атаймыз. Адам естің арқасында бұрынғы білімдері мен біліктерін жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша ес бір бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді [4] .

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Оқушыны өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

Даму барысы:

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5. Танымдық үрдісін дамыту

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде оқушының таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы оқушылар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында оқушы шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам оқушысының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Оқушылардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Оқушылар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Оқушылар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар оқушылардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар оқушы сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған оқушы келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл оқушыны дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Оқушылардың психикасының басты ерекшелігі- төңірегіндегілердің үйрену қасиетін оқушының тез қабылдайтындығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат құбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің оқушының өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтанымыз жөн.

Бұл кезеңде оқушы өзінің іс-әрекетіне басшылық жасап, белгілі адамгершілік нормалармен өзіне және басқаларға баға бере бастайды. Оларда адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі реттеу, моралдық көріністер тұрақтала бастайды [4] .

Бастауыш мкетеп оқушысының анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды (оқу, еңбек) орындауға мүмкіндік туады. Алдымен оқушының ойыны нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алалық. Өткен ғасырлардағы кейбіреулердің (Ф. Шиллер) айтуынша, оқушы қозғалмай, не бәлендей нәрсемен айналыспай көп отырса, осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көпшілік психологтар қарсы болғанымен тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш- қуатын тауысып, шаршап отырған оқушыдан «ойнайсың ба?» деп сұраса, «ойнаймын» деп жауап береді. Осыны еске алып, австрия психологы К. Оллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы оқушының не себептен ойнайтынын толық дәлелдей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады [5] .

Ес - ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Сыртқы дүниенің әсері арқылы бұрын мида пайда болған бейнелер, іс-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста сақталып тұрады.

Ес деп, бұрын тәжірибеде қабылдаған нәрселерді мида қалдыратын жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функцияларды айтады. Бұл үшін әсер етуші заттар мен нәрселердің бейнелері, біздің басымызда сақталып отыруы тиіс. Сондай-ақ олар өздігінен, не болмаса әдейілеп еске түсіріп немесе оларды қайтадан танитын боламыз. Естің адам өмірінде алатын орны зор. Егер адамда ес болмаса, барлық дүниедегі заттар, болмыстар бізге әрқашан да жаңа, өткен тәжірибемізде болмаған, оларды еш уақытта қабылдамаған, сезбеген қүбылыс болып табылар еді. Адам оқушысы ессіз тіршілік етуі мүмкін емес. Мұнсыз ол өмір бойы жиналған рухани байлық пен мұраны меңгере алмай, тіпті қоғамда, ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет атаулының ешбір өсіп-даму прогресі де болмас еді.

Ес өте күрделі жан қуаты болғандықтан, оның өз ішінде отау тіккен бөліктері бар. Бұларды есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту және сақтау деп бөлуге болады [5] .

Қазіргі кездегі психологтардың зерттеулерінің негізінде ес жаңа туған оқушыларда да болады деген тұжырым жасауға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының ес үрдісі дегеніміз көпшілікке белгісіздеу және бір уақытта түсініксіздеу құбылыс. Атақты физиолог және психолог И. М. Сеченов «Ес- оқушының дамуының негізгі аспектісі» деп жазды. Ес арқылы оқушы өмір тәжірибесін есіне сақтап, жалпылайды, білім мен біліктілікке иеленеді. Ес үрдісінсіз адамның тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес, өйткені ол өмір тәжірибесін жинақтамай қоршаған ортаға деген іс-әрекет бірлігі мен белгілі бір жүйе қалыптастыра алмайды.

Бастауыш сынып оқушыларының ес процесі, бөбек жастағылармен салыстырғанда айналамен қарым-қатынас нәтижесінде біршама дамып, жетіле бастайды. Оларда есте сақтау көбіне ырықсыз болады. Оқушы оған қызықты заттар мен дүниелерді ғана есіне жақсы сақтап, ал керісінше қызығушылығын танытпайтындарды есіне қалдыра бермейді. Мектептегі оқыту процесінде оқушы есін дамытуына тигізетін үлесі өте көп. Өйткені өзімен шамалас құрбыларымен тікелей қарым-қатынас жасайды, оқу материалын, міндетін шеуге талпынады. Оқушының ес процесіне әсер етіп, дамуына ықпал ететін барлық танымдық процестер бір-бірімен байланыса дамып, ұштасып отырады, бір- бірінсіз, мысалы, қабылдаусыз ес, түйсіксіз қабылдау, зейін, қиял, ойлау операциялары болуы мүмкін емес [6] .

6-7 жастағы оқушыларда естің жедел дамитын кезеңі. Есті жетекші танымдық процес ретінде қарастырылады. Оқушының есі оқушы үшін мәнді оқиғалар мен мағлұматтарды тұтып алады да, оны сақтап қалады. Есте сақтау көңілдегідей ойынның шартына айналған кезде немесе оқушының әрекетін жүзеге асыратын мәнге ие болған кезде, оқушы сөзді, өлеңді, сондай-ақ жүйелі іс-әрекетті т. б. жадына тез тоқып алады. Ол есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп меңгере бастайды, Еске сақтауға қажетті деген нәрселерді жадында еселеп сақтайды, олардың мән-мағынасын жете түсініп, ұғынуға тырысады. Алайда ырықсыз есте сақтау басымырақ мәнге ие. Бұл жерде мәселе оқушының өзі айналысатын іске қаншалықты дәрежеде ынта-ықылас білдіре алатындығында [7] .

Жалпылап алғанда, оқушының барлық таным процестерінің дамуына ықпал етіп, оларды бір-бірімен байланыстырып, тәжірибе етіп жинақтау бірден-бір еске байланысты.

2-сурет. Ес процесінің мәні

Ес - ең күрделі психикалық әрекеттердің бірі. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Сыртқы дүниенің әсері арқылы бұрын мида пайда болған бейнелер, іс - түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін баста сақталып тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиелік оқыту мазмұны
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz