Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

«Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─айырбас орны» дегенді білдіреді. Банк - ақша қаржылар мен қорларын жинақтау, несие беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банк қызметі дегеніміз-банк операцияларын жүзеге асыру болып табылады. Банк операциялары және өз клиенттеріне көрсетілген басқа да қызметтер банк өнімдері деп аталады. Банк операциялары және көрсетілген қызметтер ақшалай түрде жүзеге асырылып, коммерциялық және өндірістік сипатқа ие болады. Банк қызметін банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 30-бабы бойынша мынадай операциялар жатады:

-депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;

-депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;

-банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;

-банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi жатады, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетiледi;

-кассалық операциялар: банктердiң және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;

-аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау;

-есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерi мен өзге де борышкерлiк мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт) ;

-банктiк заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; V053870

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

- банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

- төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;

-аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;

- банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;

- банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдемелерiн және өзге де мiндеттемелердi беру.

Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі. Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері: Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту; Несие беру; Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; Төлем құралдарын шығару, Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру; Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу) ; Клиенттерге кеңес беру. Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту) ; актив (қаражатты орналастыру) ; комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар болып табылады.

1 "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамның қызметінің жалпы принциптері

Банктік жүйе- нарықтық экономиканың ажырамас құрылымы. Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар:

Бірінші деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.

Екінші деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

  1. 1) Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту; 2) Несие беру; 3) Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; 4) Төлем құралдарын шығару, 5) Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру т. б болып табылады.

Банк- ақша қаржылар мен қорларын жинақтау, несие беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

1. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

2. Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

3. Ақша айналымын ретеу.

Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. 1994 жылдан бастап шағын және орта бизнесті дамыту үшін ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша агент ретінде - екі қазақстандық банктің бірі ретінде өкілеттікке ие болды. Кейіннен банк - Western Union халықаралық ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша бірден бір өкілеті болды. 1995 жылы банкке алғашқылардың бірі болып инкассация қызметін ұйымдастыру және құндылықтарды тасымалдау құқығы берілген және де 7 банктің ішінде оған қымбат металдармен операция жүргізуге лицензия берілген болатын.

Бүгінгі таңда ЦентрКредит банкі Казақстан Республикасында халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жетекші жалпыұлттық банктердің қатарына кіреді. Қазіргі кезде Банк ЦентрКредит- бұл ҚР-дағы екінші деңгейлі қаржылық институттар тобындағы алдыңғы қатарларда орналасқан, сондай-ақ өз ықпалын шетел елдеріменде араласуда. Банктің негізгі тұтынушылары- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар. Бұл банктің қызметтер нарығында көрсететін барлық қызметтердің толық тізбесін ұсынады, сондай-ақ клиенттердің мұқтаждарына бағытталған жаңа өнімдер мен қызметтер көрсетулерді дайындап отырады. Банк ЦентрКредит - кәсіпкерлікті қолдайтын барлық дерлік мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. . Банк өзінің күнделікті жұмысында еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласады, мәдени және әлеуметтік мәні бар көптеген оқиғалардың көсбашысы немесе демеушісі болып келеді, балалар үйлеріне, соғыс ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

Банктің эксклюзивті қызметі «Жедел қызмет» үлкен компанияларға өз төлемдерімен алымдарын тез әрі оперативті түрде айналдыруға көмектеседі. Банк қазіргі кезде дүниежүзілік экономиканын дамуымен қатар жаңа технологияларды қолданумен өзінің қызметтерін түрлендіруде. Олардың бірден бірісі банктің жаңа қызметтері « Интернет банкинг» болуда. Бұл қызметтің нарыққа шығарылумен байланысты банк клиенттері өз операцияларын тез арада жүзеге асыруымен қатар өз тұтынатын тауар мен қызметті туралы ақпарат таба алуда. Осымен қатар банк өз клиенттеріне кәсіпқой қызмет пен әрдайым өз клиенттеріне ақпарат беруде. Банк ЦентрКредит әмбебап банк ретінде құрылуда. Сонымен қоса «StarBanking» «SMS банкинг» қызметтері қарастырылғын.

Банк уәкілетті органның лицензиясы бар және келесі банктік операцияларды жүзеге асырады:

1. Салымдарлы қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

2. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

3. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және оларды жүргізу;

4. Шоттарды ашу және осы тұлғаға тиесілі бағалы металдар мен монеталарды физикалық саны, жеке және заңды тұлғалардың шоттарын жүргізу;

5. Кассалық операциялар: осы тармақтарды қабылдау және қолма-қол ақшанымен банктік операцияларды жүзеге асыру және олардың алмасуын, айырбастауын, қайта санауды, және сақтау болып табылады.

6. Аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары туралы нұсқауларын орындау;

7. Есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдер мен басқа да борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконттау) ;

8. Банктік заем операциялары: банктің ақы, мерзімділік және өтеу талаптары бойынша несие беруі;

9. Шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

10. Банкаралық клиринг: жинау, салыстыру, сұрыптау және төлемдер растау, сондайақ олардың өзара есепке жатқызу және клирингтік қатысушылардың таза позицияларын ұстап - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен мекемелер;

11. Төлем карточкаларын шығару;

12. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды жинау;

13. Төлем құжаттарын инкассацияға қабылдау (вексельдерді қоспағанда) ;

14. Аккредитив ашу (шығару) және растау және оған сәйкес міндеттемелерді орындау;

15. Қолма-қол ақшаны орындауды көздейтін банк кепілдіктерін беру;

16. Үшiншi тұлғалар үшiн қолма-қол ақшаны орындауды көздейтiн банк кепiлдiктерiн және өзге де мiндеттемелердi беру.

17. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу.

Банк бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға құқылы: брокерлық, дилерлік, кастодиан және трансфер-агенттік қызметтер болып табылады.

2 Ұйымдарда қаржы қызметін ұйымдастыру

Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие -бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер - бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және овердрафт.

Овернайт -банктердің Ұлттық шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Банктердің басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдарының көлемі 2018 жылдың 1 қаңтарына 217, 4 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1798, 2 млрд теңгеге дейін немесе 8, 3 есе өскен.

ҚР үкіметінен алған займдарының мөлшері де 2018 жылдың 1 қаңтарына 7, 5 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 7, 7 млрд. дейін өскен.

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған банктердің қарыздары 2018 жылдың 1 қаңтарына 17, 7 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 85, 1 млрд. теңге дейін өскен.

Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарына 76, 9 млрд. теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 245, 4 млрд. теңгеге дейін немесе 3, 2 есеге артқан.

Банктердің айналысқа шығарған бағалы қағаздар көлемі 2018 жылдың 1 қаңтарына 27, 8 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 467, 6 млрд. теңгеге дейін немесе 17 есе өскен.

Өзге де кредиторлардан алған қарыздары немесе өзге міндеттемелері 2018 жылдың 1 қаңтарына 21, 4 млрд теңгені құраса, 2019 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 148, 7 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

2019 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік емес ресурстарының құрылымында ең көп үлесті алатын ресурстарға: басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдары - 17, 5%, бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары - 2, 4 % және шығарған бағалы қағаздары - 4, 6% жатады.

2019 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік емес ресурстарының құрылымында ең аз үлесті алатын ресурстарға: ҚР Үкіметінен алған займдары - 0, 1 % және Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған займдары 0, 8% жатады.

Банктің депозиттік емес ресурстардың ішінде халықаралық қаржы ұйымдар мен басқа банктерден алған ресурстардың, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығарудан тұскен түсімдердің жиынтығы көбіне банктердің сыртқы қарыздарын сипаттайды.

Сыртқы қарыз алуда қазақстандық банктер шетел қаржы ұйымдарынан несие түрінде алуды жəне меншікті бағалы қағаздарын шығару арқылы пайдаланады. Сондай-ақ банктер халықаралық нарықтан синдицирленген жəне еурооблигациялық заемдар арқылы қарыз ақша алады. Осындай құралдарды пайдалану нəтижелері қаржыландырудың ірі дерек көздеріне тəуелділік пен міндеттемелердің көп шоғырлануы болып табылады, бірақ бұл сол бір уақытта баға бойынша клиенттік қаражаттармен салыстырмалы бұдан да «ұзақ» пассивтері бар банктерді қамтамасыз етеді.

Өткен жылы резидент еместердің алдындағы міндеттемелер 101, 6%-ға өсті, банктердің сыртқы міндеттемелерінің басым бөлігін бас банктерге (сыртқы міндеттемелердің 42%) арнайы мамандандырылған еншілес ұйымдардың салымдары құрайды, бұлар есепті кезең ішінде 99, 3%-ға өсті жəне 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 862, 0 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, сыртқы міндеттемелердің құрылымында резидент еместерден (банктердің сыртқы міндеттемелерінің 29%) алынатын, есепті кезеңде 62, 1%-ға өскен заемдар бөлініп шығады жəне 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 588, 9 млрд. теңге болды. Бұл ретте, бейрезиденттерден алынатын заемдардың негізгі көлемін Ұлыбританияның жəне Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі, Жапония, Германия, Австрия жəне АҚШ елдері құрап отыр, олардың банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі үлесі 16, 1%-ды құрады. Осы қаражаттар клиенттердің (резиденттерге жəне резидент еместерге) сауда-саттық операцияларын қаржыландыруға бағытталды. Заем қаражаттар түсуінің тағы бір дерек көзі эмиссия мен банктердің борыштық бағалы қағаздарын орналастыру болып табылады. Айналысқа жіберілген бағалы қағаздар сыртқы міндеттемелердің 10%-ын құрады жəне есепті кезеңде 142 млрд. теңгеге өсті жəне 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 206, 6 млрд. теңге болды. Банктердің сыртқы міндеттемелерінде 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 117, 3 млрд. теңге болған РЕПО операциясының ескерілетіндігін атап өту керек.

Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК заемдары мен еурооблигациялары түрінде басымдықпен белсене қарыз алуды жалғастырды. АМК (арнайы мақсаттағы кəсіпорындар) - қазақстандық банктердің жəне кəсіпорындардың əлемдік қаржы нарықтарында делдал болу мақсатында шет елдерде құрылған еншілес кəсіпорындары және олардың көпшілік бөлігі Нидерландта тіркелген. Осы елдердің кредиторлары алдындағы міндеттемелері 2018 жəне 2019жж. аяғындағы 25, 6 жəне 12, 3 млрд. долл. салыстырғанда тиісінше 34 млрд. долл. болды. Сондай-ақ Қазақстан үшін Ұлыбритания - 2018 жəне 2019жж. тиісінше 10, 4 жəне 4, 3 млрд. долл. салыстырғанда 15, 4 млрд. долл., сондай-ақ АҚШ - 2017 жəне 2018жж. тиісінше 6, 8 жəне 5, 8 млрд. долл., ірі кредитор болуын жалғастыруда. Kazkommerts International B. V. 250 млн. долл., Kazkommerts Finance 2 B. V 250 млн. долл., TuranAlem Finance B. V. 30 млрд. жапон йеніне, сондай-ақ HSBK (Europe) B. V. 700 млн. долл. еврооблигациялар шығаруы есебінен АМК-дан тартуын атап айту қажет.

Таблица 2. Динамика и структура совокупных активов банковского сектора

Структура совокупных активов
2018
2019
Прирост, (в %)

Млрд.

тенге

В % к итогу

Млрд.

тенге

В % к итогу
Структура совокупных активов: Деньги
2018: 145, 2
2019: 1, 6
Прирост, (в %): 210, 2
1, 8
44, 8
Структура совокупных активов: Корреспондентские счета
2018: 835, 5
2019: 9, 4
Прирост, (в %): 804, 8
7, 0
-3, 7
Структура совокупных активов: Ценные бумаги
2018: 1 231, 2
2019: 13, 9
Прирост, (в %): 741, 3
6, 4
-39, 8
Структура совокупных активов: Вклады, размещенные в других банках
2018: 393, 1
2019: 4, 4
Прирост, (в %): 541, 0
4, 6
37, 6
Структура совокупных активов: Межбанковские займы
2018: 408, 8
2019: 4, 6
Прирост, (в %): 262, 4
2, 3
-35, 8
Структура совокупных активов: Займы клиентам
2018: 5 583, 0
2019: 63, 0
Прирост, (в %): 8 543, 6
74, 0
53, 0
Структура совокупных активов: Инвестиции в капитал и субординированный долг
2018: 97, 1
2019: 1, 1
Прирост, (в %): 203, 7
1, 8
109, 8
Структура совокупных активов: Основные средства и нематериальные активы
2018: 93, 0
2019: 1, 0
Прирост, (в %): 159, 0
1, 4
71, 0
Структура совокупных активов: Прочие активы
2018: 85, 1
2019: 1, 0
Прирост, (в %): 78, 5
0, 7
-7, 8
Структура совокупных активов: Всего активов
2018: 8 872, 0
2019: 100
Прирост, (в %): 11 544, 5
100
30, 1

2018 жылғы екінші тоқсанда банктер дербес ұйымдастырған синдикатталған заемдарға қатысты «Нұрбанк» АҚ-ның 100 млн. долл. сомаға мерзімі 2 жыл жəне «Банк Центр Кредит» АҚ-ның 90 млн. долл. баламамен йена сомасына жасаған мəмілелері орын алды.

Қазақстандық банктердің негізгі резидент емес кредиторлары мынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар) .

Тұтастай алғанда, банктер үшін негізгі кредитор елдер үлестеріне 45, 9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17, 8 % болып табылады (9-сурет) .

Банктер секторы бойынша сыртқы борыштың ең көп үлесін еліміздің үш ірі банктері «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алады, яғни 2018 ж. 30 маусымдағы олардың үлесі 58, 5% (2018 ж. жəне 2019 ж. тиісінше 57, 6 % жəне 63, 3 % ) құраған. Содан кейінгі орында келесі үш банкке тиесілі, яғни «ЦентрКредит» Банкі» АҚ, «Альянс банк» АҚ жəне «АТФ банк» АҚ - 28, 5 % (2018 жылы жəне 2019 жылы тиісінше 28, 9% жəне 20, 3 %) алды. Бұл жинақталған борыш көлемі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ жəне «Альянс банк» АҚ көшбасшы жағдайға ие болуына қарамастан, «екінші эшелон» банктерінің сыртқы қарыз алуы өсуінің жоғары қарқынын растайды.

Контрсеріктестерге қарызға берілген бағалы қағаздар қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептілікте көрсетіледі. Үшінші бір тарапқа сатылған, оларды сату мен сатып алу «пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелер ойынша таза пайдада» есепке алынатындарды қоспағанда, тартылған бағалы қағаздар қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептілікте көрсетілмейді. Оларды қайтару бойынша міндеттемелер саудалық міндеттеме ретінде әділ құнмен көрсетіледі.

Топ бағалы қағаздар бойынша РЕПО шарттарын және бағалы қағаздармен заемдар бойынша мәмілелер бекітеді, олар бойынша Банк кәдімгі нарықтық тәжірибеге сәйкес қамтамасыз етуді алады немесе береді. Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі кері сатып алу операцияларының стандартты талаптарына сәйкес қамтамасыз етуді алушы мәміле бойынша есеп айырысқан кезде баламалы бағалы қағаздарды қайтарған жағдайда қамтамасыз етуді сату немесе кепілге қайта салу құқығына ие.

2018 жылы экономикалық жағдайдың оңай емес өзгерістері байқалды, атап айтқанда банк секторы теңгелік өтімділіктің шектелуін сезінді және теңгенің қорлану құнының қымбаттауы болды. Айтылған жағдай-ларға қарамастан, қорланудыңеңжақсы база-сыныңарқасында Банкте ең қолайлы жобаларына назар аудару мүмкіндігі бар, нарықтағы артықшылықты позициялары болды, нәтиже-сінде бір жылдың ішінде кредиттік қоржынның ұлғаюы мен сапасының жақсаруы болды.

3 Салық салу жүйесі

Салық жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банк ЦентрКредит АҚ тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.

Салықтың басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.

Сонымен қатар, ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банк Центр Кредит АҚ елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Банктер жүйесі жайында
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Банктер жүйесі
Ақша айналысын басқару
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz