Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қазақстандағы музей ісінің қалыптасуы мен дамуын сипаттаңыз

Лекция 1. Қазақстан тарихын зерттеуде қол жеткізген табыстар аз емес. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қолы жетіп, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани салаларындағы пайда болған түбегейлі өзгерістер зиялы қауым алдына оларды жаңаша зерделеу міндетін қойды. Осы міндетті жүзеге асыруда өткенді бүгінгі күннің биіктері тұрғысынан тарихи талдаудың маңызы зор. Өйткені қоғам өміріндегі бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік өзгерістер тарих ғылымына да сын көзбен үңіліп, оның түбегейлі мәселелеріне жаңаша баға беріп, нақты мұрағаттық тарихи материалдар негізінде жаңа тарихи таным тұрғысынан зерттеуді талап етуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихының зерттелмей келген қырларын ашуға, ақтандақтардың орнын толтырып, шындықты қалпына келтіруге мол мүмкіндіктер берді. 2000 жылдың - «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы мәдени мекемелер мен өнер шаңырақтарының алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге мұрындық болғандығы баршамызға айқын. Заман талабына сай ұлттық, елдік тарихымызға қайта қарауға, оның сабақтары мен үлгілерін, ұлтымыз бен тәуелсіз республикамызды бүкіл әлемге танытуға және жас келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үшін пайдалануға мемлекеттік көлемде назар аударылып отыр. Осы тұста айта кететін болсақ, еліміздегі музейлердің алатын орны ерекше. . Кеңес өкіметі орнаған кезде Қазақстан жерінде төрт ірі музей Орынбор (1831), Орал (1859), Жетісу (1898), Семей (1883) өз жұмыстарын жалғастырды. [1. 20-21] . Алдында екі рет құлдырауды басынан кешірген Орынбор губерниялық музейін 1919 жылы көктемінде атаман Дутовтың әскері талқандап, құнды заттарын талан-таражға салды. 1919 жылдың наурызында Семей Кеңестерінің съезі шешімімен Семей тарихи-өлкетану музейі Орыс жағрафиялық бөлімшесінен алынып, Семей халық ағарту бөлімінің құзырына берілді. Орал тарихи-өлкетану музейінің жұмысы қайта жанданып, тарихи-өлкетану бағытында өз қызметін жалғастырды. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты құрылып, оған басшылық ету белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа жүктелді. Ағарту саласын басқару елде болып жатқан өте келеңсіз жағдайлармен тұс келгенімен, А. Байтұрсынов мәдени-ағарту саласында қордаланған мәселелерді шешуге тырысып, қазақ зиялыларын комиссариат жұмысына тартты. Мысалы, ғылым, білім, ағарту саласында маңызды мәселелерді талқылау барысында Е. Омаров, С. Сәдуақасов, Ә. Бөкейханов, Х. Болғанбаев, Т. Шонанов, Ж. Аймауытов сынды азаматтар болған. 1921 жылы 18 қаңтарда бірінші Бүкіл қазақстандық конференцияда республиканың халық ағарту жұмысының өзекті мәселелері қаралды. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-сы Халық Ағарту Комиссариаты мен оның жергілікті халық ағарту бөлімдері туралы Ереже»бойынша оның құрамына Бас мұрағат және Бас музей басқармалары енді. [2. 579] . Республикада музей ісін ұйымдастыру және дамыту бағытындағы үкімет шаралары нәтижесіз қалған жоқ. 1921жылдың 23 тамызында Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты музей бөлімінің отырысында Орынбор өлкесінің музейі қорында Қырғыз (қазақ) өлкесі, Сібір, Орынбор аймағын бейнелейтін заттар жинақталғандықтан, оны Бүкілқырғыздық (қазақтық) тарихи-мәдени музейі етіп бекіту уақыт күттірмес міндеттердің бірі екендігі атап көрсетілді. 1920 жылы Көкшетау және Қостанай тарихи-өлкетану музейлерінің негізінің қалануына жергілікті оқу-ағарту мекемелерінің үлесі зор болды. Жаңа ашылған музейлердің қорын жергілікті оқу орындарының көрнекі құрал-жабдықтары, Колчак әскерімен бірге қашқан жергілікті ауқатты адамдардан қалған ескі қару-жарақтар, тұрмыстық заттар, түрлі киім-кешектер және өлкенің табиғатын бейнелейтін өсімдіктер мен жәндіктер құрады. 1930 жылы желтоқсанда Мәскеуде өткен бүкілресейлік музей съезі музейлерге тез арада жаңа маркстік-лениндік ілім тұрғысынан экспозициялар құруды ұсынды. Музей құрылысындағы диалектикалық материализм әдістеріне арналған «Диалектикалық материализм және музей құрылысы» Халық ағарту комиссариаты ғылыми бөлімінің меңгерушісі П. К. Луппол музейді партияның идеологиялық қаруы ету міндеттерін анықтап, экспозицияларды марксистік негізде құру керектігін жеткізді. Қазақстан музейлерінде тарихи-жаратылыстану, табиғи, этнографиялық бөлімдерге қоса өлкенің кеңес кезеңі тарихы және социалистік шаруашылық құрылысы, мәдениет бөлімдері ашылуға тиіс болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан музейлері өз экспозицияларында жауынгерлердің ерлігін насихаттау арқылы халықтың рухын көтеріп, жігерлендірді. Музейлердің ғылыми-зерттеу және жинақтау қызметі Отанды қорғау тақырыбы төңірегінде өрбіді. Соғыстан кейін қаржы тапшылығы, кадр жетіспеушілігінен музейлердің ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндігі болмады. Сондықтан, Қазақ КСР Ғылым Академиясының музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде айтарлықтай әсері болды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық музейінің қызметкерлері профессор А. М. Бернштамның басқаруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының археологиялық экспедициясына қатысып, оңтүстік өңірдегі ертедегі Отырар, Сауран, Исфиджаб қалаларының тарихына қатысты құнды жәдігерлер жинады. 1990 жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Қазақстанда республикалық маңызы бар музейлер 13, мекемелік музейлер 5, облыстық музейлер 25, қалалық музейлер 31, аудандық музейлер 47, қорық музейлер 7, сонымен қатар мемориалдық музейлер 11 болған. [3. 85] . Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты музейлерге деген сұраныстар өсуде. Жаңадан бой көтеріп жатқан музейлердің мазмұндық деңгейі, құрылымдық жүйесі өзгеше. Олардың қатарына музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер, яғи мемориалдық музейлер, Президенттік музей, қоғамдық немесе антропологиялық музейлер жатады. Бүгінгі күні тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жүріп жатқан күрделі, қарама-қайшылығы мол мәдени үрдістер қарқыны мәдени-ағарту мекемелері жүйесіндегі музейлердің жұмысынан айқын көрініс табуда. Музей адамзат өркениетінің ең керемет жетістігі болып табылады. Музей - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей гректің «museіon» сөзінен алынған, «муза сарайы» деген мағынаны береді. Бүгінгі таңда музейлер өткен дәуір құндықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтап қана қоймайды, заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады, ғылыми-ағартушылық және ғылыми-зерттеу ісімен айналысады. Сондай-ақ комплектациялау, экспозициялау, музей құндылықтарын насихаттауды жүзеге асырады. Музейлердің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Музейлер өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер(жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, т. б. ), көркемөнер музейлері (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка, кино, т. б. музейлер), (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т. б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т. б. ), кешенді музейлер (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т. б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер) . Соның ішінде мемориалдық музейлер деп үздік тарихи оқиғаларға, мемлекеттік, қоғамдық және әскери саяси қайраткерлерге, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің өмір жолдарына арналған музейлерді айтамыз. Мемориалды музейлер - адамға немесе маңызды тарихи оқиғаға қатысты музейлар, сонымен қатар мемориалдық тұлғамен немесе оқиғамен қатысты орны бар музейлер. Бұл байланыс мемориал музейі үшiн анықтаушы фактор және экспозициялық мәдениеттi-бiлiм беретiн қызметтiң анықталу және интерпретация байланысына бағытталған. Ең бастысы мемориалдық музейде сол мемориалдық тұлғаның заттары комплектке алына отырып жасалады. Мемориалдық музейлер мемлекетпен қорғалатын ұмытылмас кешендердiң базаларында әдетте былай жасалады: оқиғалар болған аумақтар, үй-жайлар және атақты қайраткерлердiң қызметі мен өмiріне қатысты пәтерлер - мемориалдық музей заттарының коллекциялары болып есептеледі. Мемориалдық музейлер музей саласының кеш дамыған бағыты. Дегенменде қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде мемориалдық музейлер қалыптасқан. Әсіресе Батыстың, Азияның дамыған елдерінде мемориалдық музейлер туристердің саяхат объектісіне айналған. Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер мемориалдық музейлерді дамыту арқылы әлемдің музейлер тарихынан ойып орын алып отыр. Мысалы, Лондондағы Виктория мен Альберт музейі тек Ұлыбритания ғана емес, жалпы Европадағы ірі мемориалдық музей. Бұл ағылшын королі мен жұбайы атындағы музей, 1852 жылы Оңтүстік Кенсингтонде негізі қаланған, музей ғимараты викториан стилінде салынған. Музей итальян мүсіншілері Лоренцо Бернини мен Антонио Канов туындыларын, әлемдегі қолданбалы өнер туындыларының әртүрлі бағыттарын кеңінен насихаттайды, онда керамика, шіркеу заттары, тоқыма бұйымдар, музыкалық аспаптар, жиһаздар т. б., барлығы 4 миллион экспонат бар. Әсіресе шыны галереясы, ХІХ ғасыр фотосуреттері галереясы өте танымал. Ал, Микеланджелло Буанарроти, Донателло, Андреа Верроккьо еңбектерінің көшірмелері сақталған. Музейдің осы мемлекеттің туризм саласындағы алатын орны да ерекше. Сондай-ақ Испанияның Мадрид қаласында орналасқан Королева София музейі, Тиссен-Борнемис музейінің, Батыс елдеріндегі корольдық музейлердің әлемдегі мемориалдық музейлердің озық үлгісі ретінде әлемдік музейлер кеңістігінен алатын орны ерекше. Сондай-ақ Ресей мемориалдық музейлері экспозиция жасау ісінде әлемнің озық технологияларын пайдаланып, музей нарығындағы виртуальды музейлер ретінде көшірмесін жасау ісін қолға алып, оны айналымға ендірген. Еліміздің мәдени-саяси дамуында мемориалдық музейлердің орны ерекше зор. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д. Қонаевтың, Қ. И. Сәтбаевтың, Ж. Жабаевтың, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш. Уәлихановтың (Алтын Емел), т. б. мемориалдық музейлері. Қазақстандағы мемориалдық музейлер саласын мәдениет және өнер қайраткерлері, мемориалдық музейлері және қоғам қайраткерлерінің мемориалдық музейлері деп екіге бөлуге болады. Жалпы музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайылығы келушінің алған білімін бекіте түседі. Ал мұндай мәлімет әсіресе, жастар үшін өте бағалы. Музей келермендердің саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсерін тигізеді. Тәуелсiз Қазақстанда қоғам қайраткерлері мемориалдық музейлерінің құрылысы мен қызметi атап айтарлықтай дамыды. Қазіргі өскелең жастарды қоғам және мемлекет қайраткерлерінің тағылымы, өмір жолдары негізінде тәрбиелеу - жастарға патриоттық тәрбие берудің бір саласы болып табылады. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашып отыр. Осы мүмкіндікті оңтайлы іске асырғанда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.

  1. Қазақстандағы музейлердің пайда болуы және алғашқы мекендерін көрсетіңіз

Семинар 1. 1 ши суракта бар.

  1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы музейлердің пайда болуына тоқталыңыз

Лекция 2. https://stud. kz/referat/show/52119

  1. 1920-40 жылдардағы Қазақстандағы музей ісін сипаттаңыз

https://stud. kz/referat/show/52119

  1. 1940-1980 жылдардағы Қазақстандағы музей ісіне тоқталыңыз

https://stud. kz/referat/show/52119

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан музейлеріне сипаттама жасаңыз

Өзің қалаған бир музейге токтал

  1. Қазақстандағы көркемөнер музейлерін сипаттаңыз

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 2004 жылдың 15 қаңтарында Әбілхан Қастеевтің мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрме суретшінің күллі шығармаларын қамтыды. Атап айтар болсақ, 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттары, кинохроника музейдің үлкен төрт залдарында қойылды. Сонымен қатар суретшінің көрмесі Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және республиканың облыс орталықтарында өткізілді. Жаркентте Ә. Қастеев атындағы көркемсурет музейі ашылса, Чижин ауылында Ә. Қастеев атындағы саябақ ашылды. 2005 жылдың қаңтарында Әбілхан Қастеевке Алматы қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және қала басшылығының тікелей қаржылық қолдауымен ескерткіш ашылды. Бүгінде Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. Ә. Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды. Музейдің тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген. Музейде зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады. Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Жұмыстың басты түрі болып: түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерді белсенді түрде тарту, музей қорының аса жоғары дәрежедегі көркемдік деңгейін көрсету мақсатында тақырыптық және шолу экскурсияларын жүргізу; аса бай иллюстриативтік материалдарды пайдалана отырып лекциялар өткізу. Музей жанында Кіші өнер академиясы жұмыс істейді. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер тарихына арналған лекциялар 4-5 айға ойластырылған. Ә. Қастеев атындағы МӨМ ЮНЕСКО жанындағы беделді ИКОМ халықаралық музейлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

  1. Қазақстандағы мемориалдық музейлерді сипаттаңыз

Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі-ХХ ғасырдағы қазақ дәстүрлі музыкасының алтын тірегі - ұлы композитор, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің мемориалдық музейі. Музей туралы:Нұрғиса Тілендиев - ХХ ғасырдағы атақты күйші-композитор, дирижер, домбырашы. Композитор қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінде өшпейтін із қалдырды, сондай-ақ ұлттық музыкамызды бүкіл әлем өнерінде жоғарғы деңгейге көтерді. Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі орналасқан үй 1979 жылы атақты мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың арнайы тапсырмасы бойынша салынып, Қазақстанның ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларға берілген. Нұрғиса Тілендиевтің үй-музейі 1980-жж. қазақ интеллигенциясының тұрмысын жақсы көрсетеді. Музейде 4 экспозициялық бөлме бар: кіре беріс және қонақ бөлмесі, жұмыс бөлмесі, ас бөлмесі және демалыс бөлмесі. Музейде Н. Тілендиевтың жеке өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын музыкалық аспаптар, кітаптар, фотосуреттер, дирижерлік таяқшасы, концерттік киімдері, қолданылған тұрмыстық заттары сақталған.

Д. А. Қонаев музей-үйі - Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер. Мұндағы музей-үй дегеніміз Д. А. Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. Музей-үйдің мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 117[1] .

Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1994 жылдың 24 ақпанында «Д. А. Қонаевтың есімін мәңгі қалдыру мақсатында» қаулысы шықты. Онда Қонаевтың Қазақстан алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін Алматы қаласында « Д. А. Қонаев музей-үйі » ашылсын делінген.

2001 жылдың қараша айында Алматы қаласының әкімі, мәдениет басқармасы мен Халықаралық Қонаев қоры және оның президенті Э. А. Қонаевтың көмегімен музей ресми түрде ашылды. Музейдің тұңғыш директоры болып Б. З. Батталханов тағайындалды.

2002 жылдың 12-қаңтарында Д. А. Қонаевтың 90 жылдық мерейтойында «Д. А. Қонаев музей-үйі» салтанатты түрде ашылды.

Қонаевтың қызметтес әріптестері музейдің ашылуына үлкен үлес қосты. Олар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері: К. М. Аухадиев, С. С. Жиенбаев, А. А. Кулибаев, Ш. Х. Бекболатов, Ж. А. Асқарова, І. Б. Балтағұлов, С. Ә. Әбдірайымов, А. Д. Ермегияев, Ш. Уалиханов, А. И. Горяйнов, т. б. Музей жәдігерлерін жинауда Д. А. Қонаевтың туысқандары Диар Қонаев пен Бахтияр Серікбаев қол ұшын берді. Бастапқы күндері Заманбек Батталханов ақыл-кеңесін беріп, көмек көрсетті.

2002 жылы музейді 6642 көрермен тамашаласа, қазір олардың саны 18601-ге жеткен. Жәдігерлер саны да жылдан-жылға артып келеді. 2008 жылы оның саны 3030-ға жетті.

Мұражайда Қонаев тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттері, өмірінің тұрмыстық жағы көрсетілеген.

Тарихи тұлғаның жұмыс кабинетінің интерьері және басқа да күнделікті өмірде тұтынған заттары Қонаевты тек мемлекет қайреткері ретінде ғана емес, шынайы тұлға ретінде де ашып көрсетеді. Бұл экспозиция үшін өткен ғасырдың 55-60 жылдардағы уақыт шеңбнрі таңдалып алында. Осы кезең Қонаетың тұлға ретінде және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу жылдары болған еді.

«Д. А. Қонаев кабинеті» жәдігерлердің толықтай шынайлығымен ерекшеленеді, оны жабдықтау барысында Қонаевтың кабинетінде бірнеше рет болған тұлғаның замандастары мен достарының көмегі көп болды. Жеке тұтынған заттары: куәліктер, тарихи құжаттар, қаламдар, әшекейлі оттықтардың жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, сувенирлер. Келушілер осылардың барлығын қолдарымен ұстап, көрулеріне болады. Бұдан басқа Қонаевтың бюстісі, портреттері, кілемдер де қойылған. Алматының басқа ешбір музейінен мұндай бұйымдарды көре алмайсыз. Бұл әрине келушілердің қызығушылығын туғызады.

Әсіресе мемориалды музейдегі түпнұсқалар ерекше қызығушылық туғызады. Біздің музейіміздің экспозициялары толықтай шынайы мемориалдық дүниелерден жинақталған. Сол заманның кабинеттік стилі сақталған. «Қонаев кабинетінде» болғандар шынайы тарихи әрі уақыттық ортаға түскендей күй кешеді.

Музей кітапханасында Қонаевтың жеке өзінің кітаптары мен қызметтес әріптестерінің кітаптары орын алған. Д. А. Қонпев туралы жазылған 66 кітап топтамасы бар. Кітаптардың саны 3000 данадан асады. Музейдегі кітаптар мен қолжазбалардан елімізде Ұлы Отан соғысы басталмай тұрған мамыражай кезеңдегі Қоңырат кенішіндегі жұмысшы-қызметкерледің өсу көрсеткіші, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы да құнды деректері таба аласыз. Музей шеңберінде «Қонаевтану» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеп келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр мәдениеті
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Парсылар
Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Кеңестік одағындағы Қазақстандағы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz