Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні


Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Өлең - адамның ішкі сезімін, дүниетанымын, жан дүниесіндегі сезімдрді бейнелейтін өнер. Себебі өлең жазатын ақын өз жүрегінен сыр шертіп, оның адал ойын, басқаға айта алмаған еекше сырын жеткізеді. Қаншама ай, қаншама жыл өтсе де, оның өлеңдері ұмытылмақ емес. Қазақ елі ақындықты Құдайдың берген ерекше қасиеті деп есептейді. Сондай ерекше дарын иесінің бірі - дана Абай. Абай - сыршыл, сыншыл ақын. Абай Құнанбайұлы ақындық өнерді жоғары бағалаған. Сондықтан оның өзіне қойған талаптары да биік болған. Ақын өлеңдерінде заманның шындығы бейнеленіп, суреттеледі және сынға түседі.
Абай өлеңдері арқылы өз елін, өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Оның әр өлеңінен қазақтың болашағы жарқын болуын армандағаны байқалады. Ақын көбінесе ел ішіндегі қатыгездікті, мейірімсіздік пен зорлық-зомбылықты, жағымсыз әрекеттерді жазып қалдырған. Оның “Сабырсыз, арсыз, еріншек . . . ” өлеңінің мына жолдарынан байқаймыз: Абай өлеңдері арқылы халықты, өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Әр өлеңінен қазақтың болашағы жарқын болуын ойлағаны байқалады. Ақын ел ішіндегі мейірімсіздік пен зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жағымсыз әрекеттерді жазған. Оны “ Сабырсыз, арсыз, еріншек . . . ” өлеңінің мына жолдарынан байқаймыз:
Өзін-өзі күндейді
Жақынын жалған міндейді
Ол - арсыздық белгісі.
Бұл өлең шумағында ақын арсыздықтың белгісін айту арқылы одан алыс жүруге шақырады. Ақынның шыншыл болуы көздейтінін байқаймыз:
Өңкей жалған мақтамен
Шынның бетін бояйды.
Ақын “Сегіз аяқ” өлеңінде елді түзету жолын іздеп, еңбек етіп, адал мал табуды үндейді.
Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос, -деп, елді бірлікке, татулыққа және бауырмал болуға шақырады.
Осы өлеңде халықты тәрбиеге шақыратын афоризмдер де көп кездеседі. Мысалы:
Еңбек қылсаң ерінбей-
Тояды қарның тіленбей, -деп, Абай халықты еңбектің жемісін көруге шақырады.
Келесі өлең жолында ойшыл ақын жұрттың қулық пен алдаудан, айлакер болудан алшақ жүргенін қалаған:
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде - жанжал-дау.
Абай Құнанбайұлының тағы бір өлеңінде:
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты, - деген өлең жолдарында да кейбір қазақтың жасаған жақсылық пен адамгершілікті ұмытып, пендешілікке салынып кететіндігі айтылған. Өзің тәрбиелеп қараған шәкіртің бір күні өзіңе қарсы шығатындығы айтылған.
Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т. б. ) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұрғысынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғартады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған кемшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап, мінейді. Одан арылудың жолы ғылым, білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
Ғалым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз . . . - деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге, үлгі тұтып өсуге шақырады.
Абайдың биік таныммен көмкерілген ой-өрнектері, терең гуманистік идеяға, жоғары эстетикалық философияға құрылған әдеби мұрасы қазақ халқының ғана емес, түркі әлемінің, одан әрі адамзаттың асыл қазынасы десек те болады. Оның даналығы - үлкен ірі философиялық мәселелерді шешуде, жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары образды сомдауда, соның алғышарттарын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол жеткізуі.
Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Ақын отбасында ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары бағалаған. Сондықтан да өмірге келген әр адамды адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа апарар жол ананың сүтінен, ата-ананың пәрменді үлгісінен тамыр тартады деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz