ХVІІ-ХІХғ. 1-жартысындағы Араб елдері. Араб елдерінің әлеуметтік-саяси құрылысы мен феодалдық меншік формалары наталдау жасау. Түрік билігіне қарсы ұлт-азаттық күрестеріне сипаттама беру


Мусатай Темирлан
Ик 18-01
СРСП 10
Тапсырма: ХVІІ-ХІХғ. 1-жартысындағы Араб елдері. Араб елдерінің әлеуметтік-саяси құрылысы мен феодалдық меншік формалары наталдау жасау. Түрік билігіне қарсы ұлт-азаттық күрестеріне сипаттама беру.
Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға жəне 2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Əр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді. Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. «Қанға-қан» деген кек алу дəстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы - саидтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мəселені өзі шешетін) . Қолөнері, егіншілгі Аравияның оңтүстік-батысында - Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы əсер етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды. Үндістаннан теңіз арқылы əкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп, түйелерге артылып, Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа елдеріне дейін жетіп жататын. Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы - Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тəріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды, ал айналасында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған болатын. Əр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды. Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер əулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тəуелділікте болды. Біздің заманымызға дейінгі І ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды. Мысалы, Копт қаласындағы тұрғындардың жар-тысына жуығы арабтар болды. Бұл жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті. Шонжар арабтар көршілес бай елдерді - Сирияны, Египетті, Иранды жаулап алуды аңсады. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді. Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз кедей-кепшіктерін жорыққа əкетуге тырысты. Соғысты ойдағыдай жүргізу үшін бүкіл араб тайпаларын біріктіру керек болды. Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені VІІ ғасырдың басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Сауда барған сайын нашарлай берді. Көпес керуендері Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай көпестер бұрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру жəне жаңа жолдар басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа аттандыруға мүдделі болды. Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді - ислам дінін пайдаланды. Ол дінннің негізін Мұхаммед пайғамбар қалады. Мұхаммед пайғамбар 570 (571) - 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Əкесінің аты - Абдулла, анасының аты - Əмина. Ана құрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда əкесі дүние салады. Мұхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай тұрып-ақ оның жүзіне рисалат нұры құйылған (жамандықтан айырылтушы сəуле) делінеді. Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Əмина дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтəлип қолына алды. Бірақ анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі жылдан соң, сегіз жасқа келгенде атасы да дүниеден өтті. Бұл жолы ол немере ағасы Əбутəліптің жанында қалды. Жиырма бес жасында Хұбайлид қызы Хадиша-Кубраға (Аллаға сыйынушылар анасы) үйленеді. Хадиша анамыз Мұхаммедтен 15 жас үлкен болған. Мұхаммед пайғамбар Хадишамен жиырма бес жыл өмір сүрген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды - мұсылмандардың қасиетті кітабын - ол қырық жасқа келгенде жібере бастады делінеді. Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кəрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жəбірейіл Ғалайһи уəссəлам əкеліп тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі. Құранда 114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік жəне мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мединелік сүрелердің саны - 24. Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны əрқайсысында əр түрлі. Мысалы, «Фатиха» деп аталатын бастаушы сүреде жеті аят болса, ең ұзақ екінші сүре «Бахарада» 286 аят бар. Дамаск халифаты 661 жылдан 750 жылға дейін өмір сүрді. Бұл тоқсан жылдық билік Омеядтар халифаты деп аталды. Бұл кезде халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. VІІІ ғасырдың басына қарай бүкіл Солтүстік Африка жаулап алынды. 711 жылы арабтар Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың əлсіреп қалған мемлекеті орналасқан Пириней түбегіне өтті. Олар бірнеше жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жаулап алды. Оның тек солтүстік таулы бөлігінің тұрғындары ғана бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтың атты əскері Пириней тауларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. Бірақ Пуатье түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады. 750-754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер əулетінің негізін қалады. Жаңа халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754-775) тұрғызды.
Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754-755), Харун-ар-Рашид (786-809), Аль-Мамун (813- 833), Мұтадид (892-902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың кұлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер əуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен əскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер - өлі жер», - дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды. Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды: олар кен қазу жұмыстарында істеді, батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тəуелді шаруалар еді. Халиф өз əскер басыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық ұшыр (құшыр), зекет, харадж (қалан) т. б. салықтар төледі. Ұшыр - жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет - шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы. Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бəріне қосымша салықтар салды жəне өз əскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді. VІІІ-ІХ ғасырларда жаулап алынған жерлерде арабтарға қарсы халық көтерілістерінің толқыны етек алды. 776 жылы Орта Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим-ибн-Хаким басқарған көтеріліс болды. Оны халық Муканна деп атап кеткен. Ол көтеріліске қатысушылар маздакидтер ықпалында болып, дүние мүлік теңдігін талап етті. 816 жылы Əзербайжанда көтеріліс басталды. Оны Бабек басқарды. Көтерілісшілер халифтың алты армиясын талқандады. Көтеріліс Əзербайжаннан Армения мен Иранға ауысты. Араб тарихшысының айтуынша, халифат астанасын «қатты үрей мен қорқыныш басты». Бабектің басы үшін орасан зор сыйлық белгіленді. Бабектің өзіне де егер берілетін болса, кешірім жасалады деп уəде етілді. Бұған: «40 жыл бейшара, құл болғанша, бір күнгі бас бостандығым артық» деген тəккаппар жауап қайтарылды. Сөйтіп, көтеріліс 20 жылдан соң əрең басылды. Бабек өлтірілді. Халиф көтеріліс жасаушыларға қарсы өзінің негізгі əскерін жіберді. Жақсы қаруланған əскер көтерісшілерді талқандады. Бабек баспана сұраған жергілікті тұрғындардың бірі оны халифке ұстап берді. Ол 837 жылы азаптап өлтірілді. Халифаттың басқа аймақтарында да қуатты көтерілістер болды. Халифаттың ыдырауы. Атлант мұхитының жағалауынан бастап, Үндістан мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан орасан зор араб халифаты онша берік болмады. Бағындырылған халықтар тарапынан жүргізілген көтерілістер оның күш-қуатын əлсірете берді. Феодалдық құрылыстың дамуына байланысты жержерде ірі феодалдар күшейе бастады. Аймақтардың наместниктері өздерінің атақ мансабын пайдалануға алған жерлерімен қоса, өз ұрпағына мирасқа қалдыра бастады. Өздерінің қарамағындағы əскер күшіне сүйене отырып, олар халифқа бағынудан бас тартты, сөйтіп, өздерінше тəуелсіз билік жүргізушілер болып алды. Халифаттың ыдырауы VІІІ ғасырдың ортасында басталды. 756 жылы Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа айналды. VІІІ ғасырдың аяғы - ІХ ғасырдың басында Марокко мен Тунис бөлініп шықты. ІХ ғасырдың ортасында Египет тəуелсіздік алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал Х ғасырда Əлінің Фатимилер деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы Фатимилер Египетті егемен Каир халифатына айналдырды. ІХ ғасырда Шығыс Иран (Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп шықты. Амударияның шығысындағы Мəуереннахрда Саманилер мемлекеті құрылды (Мəуереннахр - «өзеннің арғы жағы») . Оның астанасы Бұқара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен Ходжент болды. Х ғасырдың басында Ауғанстан бөлініп шықты. Бағдад халифатының қарамағында Месопотамия ғана қалды. Бірақ оны да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды. 1055 жылы Бағдадты Орта Азиядан ауып келген көшпенділер - түрік-селжүктер жаулап алды. Олардың қолбасшысы Ер Тоғрыл (Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында діни билік қана қалды. Ол билік те 1258 жылға дейін, монғол жаулап алушылығына дейін ғана сақталды. Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болған жаңа ислам дінінің рухани беделі араб халифатының құрылуына, зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ислам басшыларының пайғамбар өсиеттері бойынша жүре алмай, əділеттілік жолынан ауытқып кетулері жеке феодалдардың күшеюіне, ақырында - халифаттың ыдырауына əкеліп соқты .
Арабия 18 - 19 ғасырдың басында Уахабилік ағым
Араб түбегі араб әлемінің ең артта қалған аймағы болды. Феодалдық қатынастар алғашқы қауымдық жүйенің өте күшті іздерімен және кең құлдықпен қатар өмір сүрді. Бәдәуин көшпелілері мен оазистердің отырықшы халқы көптеген соғысып жатқан тайпаларға бөлініп кетті. Арабия халқының экономикалық қажеттіліктері, шетелдік құлдық қаупі (Осман империясынан, Ираннан, сондай-ақ еуропалық отаршылдардан) шағын князьдіктердің бірігу тенденциясын туғызды, бұл өте қиын және қайшылықты экстремалды экономикалық және саяси артта қалушылық жағдайында жүзеге асырылды.
Йеменде, 17 ғасырда. Зейдилердің мұсылмандық сектасының жетекшілері - Зейд ибн Алидің ізбасарлары бастаған түрік басқыншыларына қарсы бірігу қозғалысы басталды (VIII ғ. ) . Зейдилер сунниттер мен шииттер арасында аралық орынды алады. Секта жетекшісі имам рухани және зайырлы билікті оның қолына біріктірді. Түріктерді қуып шыққан цейдилер шекаралары тұрақты емес Йеменнің тәуелсіз имаматын құрды. Арабия түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Оман XVIII ғасырдың 40-жылдарында орналасқан. өзін Иран оккупациясынан босатты. Тәуелсіздігін қалпына келтіріп, ол салыстырмалы түрде үлкен және күшті имаматқа айналды, оның күші Занзибар аралына (Шығыс Африка) және Парсы шығанағының шығыс жағалауының кейбір аудандарына дейін жетті. Оман имамы 8 ғасырда пайда болған Ибади мұсылман діни сектасының басшысы болды. және оның негізін қалаушы Абдалла ибн Ибадтың есімімен аталады. Оман халқының көп бөлігі осы сектаға жатады.
1783 жылы ирандықтар Бахрейн аралдарынан қуылғаннан кейін, онда тәуелсіз араб княздігі пайда болды. XVI ғасырда қолға түскен. Араб түбегінің солтүстік-шығысындағы түріктер, 18 ғасырдың бірінші жартысындағы Кувейт княздігі. Осман империясынан іс жүзінде тәуелсіздік алды. Осылайша, Арабияның оңтүстігі мен шығысында бірігу тенденциясы жекелеген князьдіктер шеңберінде локализацияланды. Оны әулеттік, рулық және діни мүдделер мен қайшылықтар айтарлықтай әлсіретті. Біріктіру қозғалысы Арабия түбегінің солтүстік-батыс бөлігінің ішкі аймақтарында, Надж княздіктерінде айқынырақ көрінді. Мұнда араб тайпаларының бірігу қозғалысының туы ваххабиттердің діни іліміне айналды. Бұл ілімнің негізін қалаушы теолог Мұхаммед Ибн Абд аль-Ваххаб (1703-1787) болды. XVH1 ғасырдың 40-жылдарында. ол мұсылмандарды ерте ислам дәстүрлеріне оралуға, «шынайы» сенімді қайта жандандыруға шақыра бастады. Ол исламға дейінгі алғашқы сенімдерге негізделген және жеке тайпалардың сепаратизмін бейнелейтін тірі қалған тайпалық культтарды күрт айыптады. Уаххабилер моральдық-аскеталық қарапайымдылықты қорғады, бос жүріс пен сәнді тауарларды, ән мен музыканы, шарапты, кофені, темекіні пайдаланудан бас тартты. Батыс жазушылары оларды «Шөлдің пуритандары» деп атайды. Уаххабилер түрік пашаларын сенімнен шыққан, ал Сұлтанды жалған халиф деп санады. Басқаша айтқанда, діни формадағы ваххабизм тайпалық сепаратизмді жеңу және Арабияны біріктіру идеяларын түрік билігіне қарсы күресуге шақырумен біріктірді. Бұл идеология сонымен бірге бедуин көшпелілері мен ауылшаруашылық оазистердің шаруаларының наразылығын күшейіп келе жатқан қанауға және олардың әлеуметтік теңдік идеалдарына қарсы көріністі көрсетті. Уаһабилік доктринаны Нидждияның кішігірім Дария княздігінің әмірі - Мұхаммед ибн Сауд қабылдады. Сауд әулеті басқа княздықтарға бағыну үшін күресті бастады, ол 1786 жылы Недждтің біртұтас феодалдық теократиялық мемлекетке айналуымен аяқталды. Абд әл-Ваххаб қайтыс болғаннан кейін саудиялықтар да уаххабиттердің діни көсемдеріне айналды және енді өздерінің билігін Надж шекарасынан асырып шығаруға ұмтылды. XV11I аяғында - XIX ғасырдың басында. олар Хасанды, Оманның, Бахрейннің, Кувейттің, Хиджаздың (Меккені қоса алғанда) едәуір бөлігін алып, Парсы шығанағы мен Қызыл теңіздің жағалауларын бағындырды және осылайша бүкіл Арабияны дерлік олардың қол астына біріктірді. Содан кейін Сирия мен Ирак үшін күрес өрбіді. Уаххабиттер түрік пашасының әскерлерін талқандады, бірақ Ирак пен Сирияда олар Аравиндегідей халықтан қолдау таба алмады.
Ирак, Сирия, Ливан, Палестина 18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың басында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz