Қазақ шешендері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ

Ақтайлақ бидің ақындық мектебі
(мамандандырылған дәрісхана жасақтаудың мәселелері)
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В011700 Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша
Жетекшісі: Токсамбаева.А.О
Жакашева.И.А
Мұратқали.Н.Б,
Тұрсынова.А.Б

Семей қаласы
2021-2022 оқу жылы
Ақтайлақ бидің ақындық мектебі (мамандандырылған дәрісхана жасақтаудың мәселелері)
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақ әдебиетіндегі шешендік өнер
1.1 Шешендік өнер және билер мектебі
1.2 Ақтайлақ би мұрасының зерттелуі
2.Ақтайлақ бидің ақындық мектебі
2.1 Ақтайлақ би және шешендік өнер
2.2 Ақтайлақ бидің ақындық мектебі
2.3 Ақтайлақ бидің билік мектебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
1.Қазақ әдебиетіндегі шешендік өнер

1.1 Шешендік өнер және билер мектебі

Өнердің бірнеше түрі болса, соның бірі- киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер бар өнердің биігі ретінде саналған.[6, 32б] Ол ғылыми тілде риторика деп аталады.[4, 7б]
Риторика (грек тілінде шешендік өнер мағынасын) білдіреді. Ол - ділмарлықты, шешендік өнерді зерттейтін филологияолық пән.[1, 20б]
Шешен сөзі қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде былайша түсіндіріледі: Шечан, сәсән сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады.[5, 252б]
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. [5, 252б]
Г.Н.Смағұлова, К.Қ.Күркебаева, Ә.М.Жұмағұлова Шешендік сөздердің дискурсы оқу құралында Г.Қосымова мынандай анықтама береді: Шешендік сөз дегеніміз- тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз.[1, 23б] Ал Н.Уәлиев Шешендік сөз- тілдік, коммуникативтік, философиялық, логикалық, этикалық, психологиялық, тарихи-мәдени т.б. көп қырлы ерекшеліктері бар классикалық формадағы сөз дейді.[1, 23б]
1997 жылы С.Негимовтің Шешндік өнер деген кітабы жарияланды. Осы еңбекте С.Негимов ұлттық шешендік өнердің тарихына тоқталып, оны билер шендігінен бастайды. Жиреншенің, Асан қайғының, әсіресе, Тәуке ханның тұсында өмір сүрген би-шешендердің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ерең еңбегіне баға береді. Сырымның шешендік өнеріне арнайы тоқталады. Ақтайлақ би, Бөлтірік шешен сөдерін мазмұны, қоғамдық-әлеуметтік мәні тұрғысынан талдап, олардың шешенге лайық тұлғасын сомдауға бет-бұрыс жасайды.[5, 37б]
Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасаған. Ұшқыр да ұтымды, мағыналы сөздерді негізгі ойдың арқауы еткен. Ел ішіндегі түрлі дау-жанжал, шешімін таппас мәселелерді де қуатты оймен астасқан сөз арқылы, көрегендіктерімен, тапқырлықтарымен шешіп, әділ бағасын беріп отырған. Бүгінге дейін жалғасын тауып отырған асыл қазына шешендік сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін, оның ішінде жер дауы мен жесір дауын, құн дауын қазақтың ұлттық мәдениеті мен ментальдық өмірін тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер, әрі қисынды бейнеленуімен ерекшеленеді.[6, 26б]
Билер шешендігі- біршама толық зерттелген сала. Шешендік өнерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы қазақ билері
Ерте дәуірлерде қазақ елінде сөз өнері
Пайдаланылған әдебиет
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Шешендік өнердің халықтық сипаты
Қазақ би - шешендері туралы
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі
Пәндер