Мемлекетті басқару нысанының ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ . . .
1. 1 Мемлекетті басқару және басқару қызметі . . .
1. 2 Мемлекетті басқару нысанының ерекшеліктері . . .
1. 3 Мемлекет нысанының элементтері . . .
2. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ . . .
2. 1 Басқару нысанының ұғымы . . .
2. 2 Мемлекетті басқару нысаны мен тәсілдері . . .
2. 3 Монархиялық басқару нысаны . . .
2. 4 Республикалық басқару нысаны . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
КІРІСПЕ
Мемлекетті басқару қоғамдық тәртіпті және қоғамдық өмірді ретке келтіруде басты рөл атқарады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси рухани және басқа салаларды қамтиды. Ұйымдастыру және құрылымдық жоспар мен оның шешетін мүдделі және атқаратын қызметі туралы өте күрделі және көп жоспарлы институт. Бұл жағдайды зерттеу кезінде әр адамның, қоғам мен жеке мемлекеттің арасындағы сипатты түсінуге болады. Мемлекеттің басқару функциясы және дәрежесі, әр түрлі формада қоғамдағы жағдайға, оның мүшелеріне, әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, бірлестіктерге, қоғамдық саяси қозғалыстарға толық әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың адам баласының даму тарихында үлкен маңызы бар екенін атап өту керек. Ұлттық мемлекет болған кезеңге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады және белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырады.
Адамдардың тіршілік әрекеті бір тұсқа біріккен кездегі рухани, әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайларда мемлекетті басқару көлемі, масштабы, ХХ ғасырда бұл жағдай басқа сипатқа айналды, адамзат қоғамы мен мемлекет арасындағы шек қою тоқтады, соның негізінде мемлекетті басқару ерекше құқығы бір салада қысқарып, басқа бір салада ұлғайды.
Бұл табиғи жағдай, сондықтан басқарушы жүйе қоғам мүшелерінің ұмтылатын қажеттілігіне, мақсатына, мүддесіне сәйкес болу керек.
Мемлекетті басқару тек қана ұйымдық-фукционалдық құрылымды ғана емес, қоғамды басқарудың практикалық мәнін, сонымен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты сұрақтарды, құндылықтарды, көзқарастар мен саяси, құқықтық байланыстар мен қатынастар жүйесін басқару арқылы өміршеңдік қасиеттерін сақтау мен олардың қызмет ету бейімділін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл проблемалар дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік басқару теориясы айналасында зерттеледі және дамытылады.
Белгілі болғандай мемлекетті басқару теориясының ұйымдастыру және сипаттау мәні өте маңызды рөл атқарады, басқарудың оңтайлы тиімділігін арттыру, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты одан әрі жақсартылды. Қазіргі мемлекетті басқару теориясының одан әрі дамуы және тығыз байланысты азаматтық қоғаммен, нарықтық экономика және саяси демократияны толық бекіту.
«Қазақстанның ғажайып жоспары, яғни біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс», - деді Қазақстанның елбасысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл өте маңызды қадам. Барлық саласын алға дамыту қай мемлекет үшін оңай дүние емес. Оның көбісі мемлекетті басқаруға байланысты, ол үшін шешім қабылдау кезінде экономикалық заңдардың мәнін теориялық жағынан дұрыс шешіп, қолданыстағы заңдар мен оның байланысын арттыру заң шығарушы органның басты міндеті болып саналады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, анық әрбір өңірде ірі кешендер мен орта, шағын субъектілердің дамуына байланысты экономиканы жалпы және аймақтық дамуына байланысты жаңа талаптар қояды.
Бұдан республиканың әрбір өңірінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстарды жиынтық түрде зерделеу қажеттілігі туындайды. Егер В. И. Ленин атап көрсеткендей, біз оның механизмі әсерін анықтап білу арқылы, біздің еркімізге және санамызға тәуелді емес екенін анықтасақ, онда біз қоғамның төресіміз. Мұндай жағдайда егеменді ел ретінде Қазақстанның өңірлік экономикасын зерттеу, оның келешек даму жолдарын анықтау арқылы өңірлік аймақ экономикасына жақсы қарқын қосу арқылы одан әрі ынталы, тиімді дамуына жағдай жасаймыз.
Табиғи жағдайлардың алуандығы, табиғи ресурстардың бай болуы және оларды орналастыру, елдің геосаяси жағдайына аймақтық ұйымдастыруға үлкен әсерін тигізді. Тарихи түрде қалыптасқан өндірістік аппараттық оның сала құрылымының болуы, сондай-ақ оның моральдық және табиғи жағдайы түбегейлі роль атқарады. Сонымен бірге, жас мөлшерлік құрылымымен, біліктілігімен және тәжірибесімен еңбек ресурстарының болуы алға қойған перспективалық жоспарларды іске асыру кезінде әрбір өңірлер алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау кезінде әсерін тигізеді.
1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1. Мемлекет тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасыдан құралады. Олардың табыстары да әртүрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельс: «Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес», -дейді.
Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, келісімге, шегінуге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп нұқсан келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.
Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана шектелмейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын жариялау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем бұл мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептелінеді.
2. Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиеттерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.
Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т. б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т. б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды.
Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субьектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
1. Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш топқа: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
2. ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
3. Менеджмент (ағыл. Management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру) ) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т. б.
4. Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы) ) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептелінеді. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
5. Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және медени нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін уақытын, білімін, күшін жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, механизмі және көлемі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- Өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады немесе бірін-бірі әлсіретеді;
- Әрбір тарихи даму кезеңіндe өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің
басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций
«Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді» - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы жазады.
Басқару өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т. с. с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т. с. с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды.
Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz