Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Сахитжанов Қуанышбек Абайұлы

Коммунистік партияның Қазақстандағы қайта құру және жеделдету бағытындағы жүргізілген саясаты (1985-1991)

6М011400 - «тарих» мамандығы

Қызылода, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ. . .: ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 9
: 1. 1
КІРІСПЕ. . .: Тарихи білімнің қалыптасып дамуының методологиялық негіздері. .
3: 9
: 1. 2
КІРІСПЕ. . .: Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары . . .
3: 15
: 2
КІРІСПЕ. . .: ТАРИХИ БІЛІМ КЕҢЕСТІК ИДЕОЛОГИЯ АЯСЫНДА . . .
3: 24
: 2. 1
КІРІСПЕ. . .: Өтпелі кезеңдегі тарихи білімнің бағыттары . . .
3: 24
: 2. 2
КІРІСПЕ. . .: Қазақстан тарихының білім ретінде қалыптасуының ғылыми- теориялық негіздер . . .
3: 42
: 3
КІРІСПЕ. . .: ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ . . .
3: 55
: 3. 1
КІРІСПЕ. . .: Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы . . .
3: 55
: 3. 2
КІРІСПЕ. . .: Мектептегі тарихи білімнің пән ретінде қалыптасуы . . .
3: 61
:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 75
:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 77

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап қоғамдық өміріндегі білім саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады. Елдің саяси дамуындағы әрбір жаңа бетбұрыс тарихи білім жүйесіне реформа жасаумен қатар жүргізілгендіктен әлеуметтік-саяси дағдарыстар тарихи білімнің де дағдарысына әкелді. Кеңес дәуіріндегі тарихи білім мемлекетке және қоғамға қатынасты бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамыды. Тарихи білімнің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы тарихи білім, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы ретінде көрінсе, тарихты оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделді.

Қайта құру жылдарында еліміздің тарихты оқыту ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т. б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды.

ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысы Қазақстанда, тарихи білімнің мазмұны ғылыми жағынан анықталып-жетіле келе, оның даму бағыты белгіленді. Ұлттық тарихи білімді пән ретінде қалыптастыру мен оқытудың жолдары қарастырылумен бірге, оны оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер орнықтырылды. Осыдан барып, біздер тарихи білімнің мағынасына былайша анықтама береміз: « . . . тарихи білім - белгілі бір мемлекеттегі тарихи сананы қалыптастырудың негізгі тетігі» деген ұғымды білдіреді. Тарихи білімді дамыту барысындағы өткен тарихтағы оң тәжірибелерді меңгеруде, оны сын тұрғысындағы терең ғылыми ой-елегінен өткізу арқылы талдап-бағалай отырып, жіберілген кемшіліктерді анықтау - қазіргі білім жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқып-үйренуді жетілдірудің қуатты факторының бірі болып табылады. Міне, осы жағын ескергенде, тарихи білімнің «қайта құру жылдарындағы» даму келбетін арнайы тарихи-теориялық тұрғыдағы зерттеу, тақырыптың өзектілігін арттырады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазіргі таңда Қазақстан тарихы жаңа дәуірді басынан кешіруде. Кешегі халқымыздың ақтаңдақ беттерін қайтадан саралап, елдік сананы Ұлт мүддесі аясында қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Дамудың дербес бағытын айқындаған елімізде тарихқа көзқарас әр халықтың өткен тарихы мен оның ұлттық бітім-болмысын нақтылайтын атрибуттарымен қатар жаңғыра бастады. Ұзақ уақыт бойы саяси бостандығынан айрылған халықтың өзін-өзі тануға құштарлығын, ұмтылысын ұлттық иммунитеттің күш жинап оянуына теңеуге болады.

Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.

Зерттеу еңбектерінде «тоқырау» жылдары айтылмай, жылы жабу астында жасырылып келген мәселелердің көтеріліп, тарих ғылымында «ақтаңдақтар» деген терминнің қолданыла бастауы - қайта құрудың екінші кезеңіне (1987 жылдың ақпаны - 1988 жыл) жатады. Бұл туралы академик М. Қозыбаев «Ақтаңдақ» беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылған екен [1, 9-б. ], -деп еске алады.

Оны алғаш рет қолданысқа енгізген КСРО Орталық комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев болды. Ол « . . . тарихты өзінің қаз-қалпында көру керек. Бәрі де болды, қателіктер, тіпті ауыр қателіктер болды. Тарихта да, әдебиетте де ұмытылған есімдер, ақтаңдақ орындар болмауға тиіс. Әйтпесе бұл, тарих та, әдебиет те емес, жасанды құбылғыш конструкциялар болып шығады» [2], - деген болатын.

Қазақстандық тарихнамада аталған мәселеге қатысты зерттеу еңбектері ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, мәселені тарихи-проблематикалық деңгейде зерттей бастады. Тарихи білімдердің өсу процесін ашатын зерттеулер Н. Е. Бекмаханованың [3], Д. И. Дулатованың [4], И. В. Ерофееваның [5] еңбектерінде кездеседі.

Революцияға дейінгі Қазақстан тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерінің қатарында Д. И. Дулатованың еңбегі ерекше назарымызды аударды. Монография осы саладағы мамандардың жоғары бағасына ие болып, республикалық басылым беттерінде оң пікір алды. Зерттеу еңбегі АҚШ, Англия ғалымдары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды және бұл еңбегін жариялап, өзін тарихнама саласындағы республиканың маманы ретінде көрсетті [4] .

Зерттеудің келесі кезеңі қазақстандық тарихнама мәселелерінің әдістемелік және теориялық тұстарына, әсіресе, өтпелі кезең (қорытындылары мен келешегі), қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерінің тарихнамасына жете көңіл бөліп, зерделеу қажеттілігін талап етті.

Бұл кезең өткеннің барлық мұрасын таптық тұрғыдан зерттеу, ұлтшылдықпен күрес, түрі ұлттық, мазмұны кеңестік әдебиет «жасау» науқандары қазақтың тарихи зердесіне, оның ұлттық рухына жасаған шабуылдармен сипатталды.

Біздердің назарымызды аталған мәселеге қатысты Б. А. Төлепбаевтың келесі еңбегі аударды. Аталған еңбекте КОКП XXVI съезінің шешімдері аясында қазақстандық материалда жұмысшы табының тарихы, мәдени революция, Ұлы Отан соғысы, көшпенділер тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихының тарихнамасы, сондай-ақ кемел социализм кезеңінде республикада кітап шығару ісін дамыту мәселелері баяндалады [6] .

Белгілі тарихшы И. М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих сабақтары», «Введение в новейшую историографию Казахстана» және «Қазақстанның тарихи ғылымы (ХХ ғасырдың 40-80 жж. ) » [7-9] монографияларында зерттеуші Қазақстанның тарихнамасы мен тарихи ғылымына жаңа көзқараспен қарап, негізі бағыттары мен негізгі үрдістерге кеңінен талдау жасады. Еңбектің «Бекмаханов эпосы» бөлімінде зерттеуші кеңес тарихшысы Е. Б. Бекмахановқа қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында мәселеге жаңаша баға береді және сыни тұрғыдан баға береді.

«Кеңестік Қазақстанның тарихи ғылымы (1917-1969 жж. ) қалыптасу мен даму очерктері» [10] жалпылама зерттеуінде материал берудің проблемалық-хронологиялық принципі негізінде революцияға дейінгі және кеңес тарихнамасының кең ауқымды мәселелері бойынша тарихнамалық ойдың дамуы қарастырылады. Авторлар ұжымы Қазақстанның тарихнамасы мен тарихи ғылымына жаңа көзқараспен қарап, бағыттар мен негізгі үрдістерге кеңінен талдау жасады.

Біздің тақырыбымызға бірден-бір жақын келетін, еңбектерінде республика тарих ғылымының 1985-2000 жылдардағы тарихи білім мен сананы қалыптастырудағы кеңес өкіметінің жүргізген саясаты мен ұстанымдарының астарлары біршама мөлшерде шындыққа жақын қарастырылған, тарихнамалық кезеңнің материалдарына талдау жасаған Б. К. Рахимбекованың еңбегі болып табылады [11] .

Қазақстан тарихына қатысты шетелдерде жарық көрген зерттеулерге тарихнамалық талдау жасаған К. Есмағамбетов өзінің докторлық диссертациясында [12] Қазақстандағы тарих ғылымын дамыту үшін шет елдерді зерттеумен айналысатын ғылыми орталықтарды құру қажеттігін атап көрсетіп, өз докторлық диссертациясында тарихнамалық талдау жасаған.

Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. 1985 жылдың соңына қарай, кеңес қоғамындағы демократиялық өзгерістер халықтың рухани мұраларын ғылыми объективті зерттеу ісіне мүмкіндік ашты. Қазақстанның Б. А. Төлепбаев, М. Қ. Қозыбаев, Р. Б. Сүлейменов, В. К. Янулов т. б. тарихшы ғалымдарының күшімен шығарылған ұжымдық еңбекте тарихтың ақтаңдақтары да аталып, проблеманың маңызды тұстары қарастырылды. Бұл аралықта Одақ баспасынан шығарылатын «Преподавание истории в школе» (ПИШ) журналының беттерінде Р. Вендровская А. Н. Сахаров, А. П. Прохоров сияқты прогресшіл ғалымдар КСРО тарихы оқулығында тарих ғылымының соңғы жетістіктері көрсетілді. Сонымен қатар, ЖОО-да тарихты оқытуға арналған Д. И. Дулатованың әдіснамалық құралы дайындалды [13] .

Жоғарыда қарастырылған зерттеу еңбектері тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы дербес ғылыми проблема деңгейінде зерттеп, оның сан қырлы болмысын тереңдей таразылаудың қажеттігін айқын көрсетіп береді. Біз зерттеу тақырыбымызға, теориялық-әдістемелік мәселелері жақын дәйекті, әрі ұтымды ғылыми тұжырымдары бар еңбектерді ғана көрсетуге талпындық. Отан тарихының өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді кешенді түрде талдау - ғылым үшін өте маңызды.

Зерттеу нысаны. Қайта құру жылдарындағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу пәні. 1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстанда отандық тарихи білімнің тарихи-теориялық жағынан қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру. Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қайта құру жылдарындағы отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын жүйелеу.

Міндеттері: - Қайта құру жылдарындағы тарихи білімнің қалыптасып дамуын методологиялық негіздеу;

- Қайта құру жылдарындағы Отан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудің теориялық-тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін айқындау;

- Қайта құру жылдарындағы тарихи білімнің даму факторларын айқындау;

- Қазақстандағы ұлттық тарихи білімнің кезеңдеріне жан-жақты сипаттама беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- Мектептегі тарихи білімнің пән ретінде қалыптасуының ерекшеліктері мен оның республика тарихи білімін дамытудағы рөлін көрсету.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. - қайта құру жылдарындағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы теориялық-методологиялық жағынан негізделінді; - ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары анықталды;

- зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен даму үрдісінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға тәуелділігі ашылды;

- өтпелі кезеңдегі тарихи білімнің бағыттары - Қазақстандағы тарихи білімнің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму кезеңдері жүйеленді; - мектептерде оқу пәні ретіндегі Қазақстан тарихының қалыптасу ерекшелігі ашылып, оның республикадағы тарихи білімді дамытудағы рөлі көрсетілді.

Зерттеу жұмысының деректік негізін 1985-1991 жылдар аралығындағы тарих ғылымының өзекті мәселелеріне қатысты жазылып, мерзімді басылым құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалар мен зерттеулер құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қорындағы «Мерзімді басылымдар» залындағы «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жалын», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» секілді республикалық ұлттық және қоғамдық-саяси мазмұндағы басылымдарда жарияланған шағын зерттеулер құрайды. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Қайта құру кезеңіндегі тарихи білім өзіндік сипаттармен ерекшеленеді. Біріншісі, Қазақстан тарихы ғылыми пән ретінде қалыптасып, дамығанымен, ол объективті және жүйелі оқытылмады. Екінші, тарихты жан-жақты оқытуға еркіндік беріле бастады. Осы тұста Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында, орта мектептерде Қазақстан тарихы бойынша кафедралары ашылып, сағат жүктемелері бөлінді. Осы жылдары шығарған Қазақстан тарихы бойынша еңбектер мектеп бағдарламаларында 1991-жылға дейін пайдаланылды. Зерттеу жұмысының қолданбалы негізі. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелер, тұжырымдар мен пайымдаулар Қазақстан тарихындағы іргелі еңбектер жазуда қолдануға, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа ұстанымдардың, концепциялардың қалыптасуына ықпал етеді. Жұмыстың өскелең ұрпақты ұлтжандылық және отаншылдық рухта тәрбиелеуге тигізетін пайдасы мол. Зерттеудің әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында біздер Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтарды негізге алдық. Тың деректер негізінде жаппай пайымдау мен талдаулардың нәтижелерінде тарихилық пен объективтік сияқты қоғамдық танымда жалпыға мәлім ұстанымдар мен тарихи үрдістер жиынтығының өзара байланысын білуге бастайтын жүйелеп талдау әдісі, сондай-ақ конвенттік-талдау мен инвенттік-талдау әдісі пайдаланылды.

Алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін, объективтік, тарихи-салыстырмалы, типологиялық және теориялық, дидактикалық даму принциптері мен анализ-синтез, индукция-дедукция, логикалық пен абстрактылық, нақтылық әдістері мен тәсілдері қолданылды.

Біздер диссертациялық жұмысты орындау барысында деректік материалдарды анықтау, сұрыптау және зерттеу барысында тарихи білімдік ой-санадағы өзгерістер тарихындағы қарама-қайшылықтарды көрсететін шынайылылыққа жетуге тырыстық. Құжаттардың басым көпшілігі қатаң бір ғана идеологияның сарынында жасалғандығына байланысты олардың әрқайсысына сыни тұрғыдан, төзімділікпен қарап, қосымша мәліметтермен толықтырып отыруға тура келді. Зерттеліп отырған тарихи кезеңнің және тарихи білімдік ой-санадағы өзгерістер барысындағы үрдістердің қарама-қайшылықтарын, күрделілігін, тарихи білімдегі үдерістердің динамикасын, оның ішкі себептерін зерттеуге мүмкіндік берумен қатар, эмоцияға берілуден сақтандыратын дамудағы төзімдік ұстанымы басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгей, жұмыстың нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, хронологиялық шеңбері, әдіснамалық негіздері, практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдары анықталады. «Қайта құру жылдарындағы тарихи білімнің қалыптасуының ғылыми - теориялық негіздері» атты бірінші тарауда т арихи білімнің қалыптасып дамуының методологиялық негіздері мен ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері және бағыттары қарастырылады.

«Тарихи білім кеңестік идеология аясында» атты екінші тарауда өтпелі кезеңдегі тарихи білімнің бағыттары мен Қазақстан тарихының білім ретінде қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздер қарастырылады.

«Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуының басым бағыттары» атты үшінші тарауда Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы және мектептегі тарихи білімнің пән ретінде қалыптасуы анықталады.

Қорытындыда негізгі ұстанымдар мен тұжырымдамалар баяндалады.

1 ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тарихи білімнің қалыптасып дамуының методологиялық негіздері

Тарих өткенді зерттейтін ғылым ретінде қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ұғынуда шығармашылық тәсілдерді қолдану негізінде дамиды. Сондықтан тарихшылардың зерттеу практикасы танымдық шығармашылықпен салыстырылады, оның барысында жаңа ақпарат көздерін іздеу және жүйелеу ғана емес, сонымен қатар оны талдау тәсілдері, белгілі фактілерді құрылымға анықтау мүмкіндіктері және осы негізде тарихи процестерді объективті түсіндіру үшін ғылыми іргетас құру анықталады.

Қайта құру жылдарында (1985-1991) тарих ғылымы ауқымды саяси процесстермен ерекшеленді. 1980 жылдардың аяғында - 1990 жылдардың басында отандық тарих ғылымында болған түбегейлі өзгерістер қайта құру кезеңінің әлеуметтік-саяси процестерінен туындады. Олар тарих ғылымының дамуының негізгі аспектілеріне қатысты жан-жақты сипатқа ие болды: билік пен ғалымдардың өзара қарым-қатынасы, деректік базаның жағдайы, зерттеу мәселелері және т. б. [14, 19-б. ]

«Қайта құру» дәуіріндегі тарих ғылымының жаңаруы бастапқыда тарихи теория мен методологияны жаңартумен, сонымен қатар марксизм-ленинизм теориясынан бас тартумен байланысты болды. Қайта құрулардың бірінші кезеңдерінің идеологиялық негіздемесі социализмді жетілдіру, оның экономикалық, саяси институттарын жақсарту идеясы болды, сондықтан 1986-1988 жылдары орын алған «жариялылық» саясаты арнасында кеңес қоғамтанушылары билік іс-шараларының ықпалымен өткен қоғамдық өмірдің түрлі проблемаларының сынын аша бастады. Бұрын жабылған тақырыптарды талқылау қоғамды өткенді қайта бағалауға және оны тарихи танымда жаңа міндеттерді қоюға итермеледі.

Сондай-ақ, отандық тарихты «объективті», «шынайы ғылыми түрде» қарастыру қажеттілігі туралы сөз болды. Кеңестік тарих ғылымының негізгі міндеті тарихи шындықты іздеумен, «тарихтың ақтаңдақ» беттерін зерттеумен байланысты дамыды. Отан тарихында барлық оқиғалар мен құбылыстарды таптық және ұлыорыстық көзқарас тұрғысынан түсіндіру, маркстік-лениндік методология мен материалистік диалектиканың теориялық негіздеріне сүйеніп талдау ұстанымы жалғасын тапты [15, 96-б. ] .

Отан тарихында барлық оқиғалар мен құбылыстарды таптық және ұлыорыстық көзқарас тұрғысынан түсіндіру, маркстік-лениндік методология мен материалистік диалектиканың теориялық негіздеріне сүйеніп талдау ұстанымы күйреп, тарих ғылымы мен тарихты зерттеу кеңестік кезеңнің дәстүріне келмейтін, жаңа теориялық және методологиялық негіздер ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзек бола бастады. Осыған орай, кәсіби тарихшылар қауымы тарих ғылымының теориялық-концептуалдық және методологиялық мәселелеріне қатысты өз ой-пікірлері мен нақты тұжырымдарын баспасөз бетінде жариялап отырды. Осындай мақалалар мен ғылыми еңбектерге тарихнамалық талдау жасау - бүгінгі таңда отандық тарих ғылымының өресін көрсететіні белгілі. Сондықтан да, біз осы бөлімде тарих ғылымының теориясы мен методологиясына қатысты еңбектерге талдау жасайтын боламыз.

Тарихи ғылымда жаңарту марксизмнің шығармашылық мүмкіндіктерін ашумен байланыстырылды, бұрын іске қосылмаған (көптеген қоғамтанушылар классиктердің жұмыстарын мұқият зерттеуге кірісті), сондай-ақ тарихи зерттеулердің жаңа әдістерін дамытуға кірісті. Кеңестік тарих ғылымының әдіснамалық мәселелері бойынша пікірталастар тарихи әдіснама саласында танылған мамандардың еңбектерін талқылау арнасында өтті.

Қайта құру жылдарында отандық тарих ғылымының үлкен дағдарысты басынан кешіп жатқандығын көптеген тарихшылар жаза отырып, сол мәселе төңірегінде халықаралық деңгейде «дөңгелек үстелдер» өткізіліп отырды. Осы уақытта қоғамда тарихқа деген қызығушылық айтарлықтай өсті, бірінші кезекте отандық тарихшылар өз идеяларын еркін білдіру үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болды, бұрын құпияланған фактілер белгілі болды. Тарихи зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бірақ тарих ғылымының әдістері туралы мәселе өткір күйінде тұрды. Марксистік-лениндік әдіснаманың сыны ұлғайып, ғалымдар оның тар шеңберінде болғысы келмеді. Осы әдістеменің болашағы бар ма? әлі одан толық бас тарту керек пе? деген мәселе көтерілді.

Кеңес кезеңіндегі Қазақстандық зерттеулерді терең тарихнамалық талдау қажеттілігі жаңа жағдайларда ұлттық тарихнаманың даму перспективасымен байланысты. Тәуелсіз қазақстандық тарих ғылымының қалыптасуы бұрынғы тарихнамалық дәстүрді сын тұрғысынан пайымдауды, тарихшылардың алдыңғы ұрпақтары жинаған тәжірибе мен білімді есепке алуды, Қазақстанның өткен және қазіргі заман тарихының проблемаларын жариялаудағы марксистік әдіснаманың жағымсыз салдарларын еңсеру үшін танымның жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді.

«Қайта құру» жылдарында тарих ғылымының дамуында жаңа ерекшеліктер пайда болды, дәстүрлі мәселелерді жариялаудың жаңа тәсілдері әзірленді және жаңа зерттеу проблемалары қойылды. «Қайта құру» кезеңінің ішінен кейбір тарихшылар екі кезеңді бөліп алады. Бірінші кезеңі, тарихи білімді жаңарту, бұрынғы тарих бетіндегі «ақтаңдақтарды» қайта қарау, анықтау; екінші кезеңі, 1980-1990 жылдары аралығында тарих ғылымының шығармашылық және ұйымдастырушылық дағдарысы деп көрсетіледі [16, 25-б. ] .

Келесі бір себебіне, Кеңес Одағы тұсында тарихнамалық зерттеулердің қатаң коммунистік идеология құрсауында болып, ұлт тарихы туралы тәуелсіз ой-пікірлердің жазба тарихымызда еркін көсіле алмауы жатты. Сонымен қатар, кеңестік тоталитарлық жүйеде түркі этносы мен қазақ халқына байланысты зерттеулерге жете көңіл бөлінбеді. Ал осы мәселелер төңірегінде зерттеу жүргізген кейбір ғалымдар саяси жүйе тарапынан қысымда болды. Сондықтан да, тәуелсіздік кезеңінде тарихнама теориясы мен методологиясы мәселелері өзекті салаға айналған.

Жалпы, тарихи білімнің қалыптасып дамуының методологиялық негіздерін зерттеуде «тарихнама» терминіне түсінік беруден бастасақ. «Тарихнама» терминінің бірінші мағынасы ретінде - жекелеген тарихи мәселелерге, жеке тұлғаларға, ілімге арналған тарихи еңбектерді зерттеудің жиынтығын атаймыз. Мұндай тарихнаманы «проблемалық тарихнама» немесе «функционалды тарихнама» деп атау қалыптасқан. Ал «тарихнама» терминінің екінші мағынасы - белгілі бір кезеңнің, елдің тарихына арналған тарихи еңбектердің жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)
Тарихи білімді меңгеру кезеңдері, қалыптасу жүйесі
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Саясат тарихы туралы ақпарат
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Білім мəні мен маңызы
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz