Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: ҚР дін саласындағы мемлекеттік органдар және олардың қызметтері
Қабылдаған:Оразбай С.
Орындаған:Тұяқбай Ш.
Тобы:ТТО-811(F)
Түркістан-2020
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметтері
- «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген мемлекет өзінің дін саласындағы саясатын тарихи, мәдени, экономикалық және басқа да факторларын ескере отырып белгілейді. Мемлекеттік саясатты орнықтырудың нысандары - белгілі бір діндерге мемлекеттік мәртебе беру түрі, белгілі бір конфессиялармен келіссөздер жасау түрі, діни бірлестіктердің мәртебесіне байланысты заңнамада арнайы нормалардың бекітілуінен бастап, барлық діни бірлестіктерге либеральды көзқараспен қарауды формалды түрде жариялау түріне дейін әр түрлі болуы мүмкін. [2]
Діни ахуалдың тұрақтылығы - еліміздегі ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлік пен татулықтың және бейбітшіліктің кепілі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы Жарлығына сәйкес ҚР Дін істері агенттігі (қазіргі Дін істері комитеті) құрылды. Агенттік азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау; елімізде азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтары және діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үрдістерді жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жалпы қорытынды және талдау жасау, сонымен қатар еліміздің діни ахуалын тұрақтандыру мақсатындағы қызметтері мен міндеттерін атқаруда. [1]
Комитеттің идеологиялық саладағы басты міндеті - діни саладағы мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, дәстүрлі құндылықтар мен зайырлылық қағидатын насихаттау, тұрғындардың түрлі топтары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу. [1]
- Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасы - әрбір азаматқа ар-ұждан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессиялар ұстанушыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген зайырлы, демократиялық мемлекет.
Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының принциптері діни сенім бостандығы деңгейі мен мемлекет зайырлылығының көрнекті көрсеткіші болып табылады. [3; 179]
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берері анық. [5]
Дін саласындағы мемлекеттік саясат орталық және жергілікті деңгейде мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
1) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кешенді тәсілі;
2) ведомствоаралық өзара іс-қимыл, дін саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күш-жігері мен ресурстарын тарту;
3) халықтың барлық нысаналы топтарын атаулы және жаппай қамту;
4) азаматтардың барлық санатының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;
5) жүйелі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін дін саласындағы ахуалдың мониторингі мен диагностикасының озық әдістемелерін енгізу;
6) діни білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламалары, оқу әдістемелер туралы ақпаратты жедел ұсыну;
7) дін саласында мемлекет іске асыратын іс-шараларды нысаналы ақпараттық қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне төнген қатер көріністерінің сипаты мен деңгейін ескеру;
9) діни бірлестіктердің заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеу. [4]
Қазақстанда бірегей дінаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттік құрылымның өзіндік моделі құрылған. Бұл тәжірибені Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу арқылы әлемдік қоғамдастыққа көрсетуде. Қазақстан т әуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясат дінді терістеу мен онымен күресуден бастап, ірі конфессиялармен серіктестік байланыстарға дейін апаратын өзгерістерді бастан өткерді. [2]
Біріншіден, діни бірлестіктер азаматтық қоғамның институттары ретінде қоғамның рухани өмірін дамыту мәселесінде мемлекеттің серіктестері болып табылады (бұл Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан) . Сонымен қатар мемлекет пен діни бірлестіктер әу бастан тең емес дәрежеде тұрғандықтан бұл серіктестік тек әлеуметтік-рухани салада ғана көрініс тапқан. Өйткені мемлекет дін ұстанушылардың белгілі бір қауымдарын ғана емес, бүкіл азаматтарды өз ішіне қамтиды; мемлекет шығарған заңдар барлығы үшін міндетті болады; ал діни бірлестіктер бекіткен қағидалар тек олардың мүшелері үшін ғана және олардың қалауы бойынша міндетті болады. Қазақстандағы діни бірлестіктер қоғамдағы азаматтық тыныштық пен рухани келісімді беркітуге бағытталған мәдени-әлеуметтік іс-шараларға белсене араласады. Ірі діни орталықтар мен бірлестіктердің басшылары Қазақстан халықтарының республикалық және кіші Ассамблеясының құрамына кіреді. [2] Қазақстан Республикасының заңнамасы діни нормалармен байланысты емес, дегенмен олардың жалпыадамзаттық гуманистік бағыттылығын есепке алады. Діни бірлестіктердің актілері қазақстандағы құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Сондай-ақ, елдің соттық жүйесі діннің ықпалынан еркін және діни бірлестіктер құзыретінің құрамдас бөлігіне ене алмайды. [3; 181]
Орталық және аймақтық деңгейлерде ҚР Үкіметі жанындағы кеңес беру-ақылдасу органдары ретінде діни бірлестіктермен байланыс кеңестері, аймақ басшыларының кеңестері, дамудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық даму бағдарламаларын құруға қатысатын комиссиялар мен жұмыс топтары түріндегі ықпалды ынтымақтастық механизмдері күннен-күнге дамып келеді.
Екіншіден, діни дәстүрлердің белсенді түрде қайта өрлеу процесі жүруде, діни ағарту орталықтары пайда болуда.
Үшіншіден, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл проблемаларын шешуге, өзара іс-қимыл мен серіктестік артықшылықтарын белгілеуге арналған жалпы ұлттық тиімді үн қатысу алаңына айналған азаматтық форумдар жүйелі түрде өткізіліп келеді. [2]
Құқықтық мемлекеттің басты принципі қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын заңның үстемдік етуші принципі және тұлғаның бостандығын ұйымдастыру мен қорғаудың жоғары формасы болып табылады. Бұл барлық мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдардың орындалуына сәйкес негізде әрекет етуге міндетті екендігін білдіреді. Сәйкесінше, Заңды бұзғаны үшін қолданылатын шаралар діни қызмет саласындағы құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларына теңдей дәрежеде қаралады. [3; 183]
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметтері
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті діни қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. [6]
Дін істері комитеті Қазақстандағы конфессияаралық келісім саласында, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктермен өзара әрекетті қамтамасыз етудегі мемлекеттік жетекшілікті жүзеге асыратын негізгі институт болып табылады. [7; 29]
Комитеттің негізгі міндеттері:
- азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау;
- елімізде азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтары және діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үрдістерді жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жалпы қорытынды және талдау жасау.
Дін істері комитеті өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:
- діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру;
- діни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, қызметін зерделеу мен талдау;
- ақпараттық-насихат іс-шаралары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;
- облыстық жергілікті атқару мекемелері мен республикалық қала мен астаналық деңгейдегі діни қызмет және олардың діни бірлестіктерімен байланыстарын реттеу;
- өз құзыретіне қатысты мәселелерге ресми түрде мәлімдеме жасау;
- мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылардың құқығын қорғауды Комитеттік өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзге де міндеттерді атқара отырып, дін саласына қатысты қызметке шетелдік уәкілетті орталықтарымен ынтымақтастықта болуды, өз құзыреті шеңберінде діни қызмет және діни бірлестіктер туралы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және бекітуді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салуды қарастырады. [3; 170]
Комитет жанында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, сонымен қатар Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мекемелері бар. [7; 31]
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №72 Қаулысына сәйкес құрылған. Орталық қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметін ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып табылады. [8]
ҒЗТО мақсаты - дін мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар қызметіне ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-талдау жұмыстары арқылы қолдау көрсету, діни әдебиеттерге дінтану сараптамасын жүргізу.
Дін саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ҒЗТО қызметінің басты бағыты болып табылады. Сонымен қатар Қазақстандағы діни ахуалдың жай-күйі мен динамикасын талдау аясында ҒЗТО-да талдау құжаттары дайындалады. Орталық 41 конфессиялық БАҚ ресурстарына күн сайынға мониторинг жүргізеді. Республика бойынша дінтану сараптамасының негізгі бөлігін атқарады.
Сонымен қатар, ҒЗТО қызметкерлері Дін істері комитетінің іс-шараларына және ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарына белсене қатысады.
Орталықтың құрамында кешенді және ұсыныс беру сипатына ие ғылыми-зерттеу және сараптау-талдау қызметі мәселелерін қарастыратын Ғылыми-сараптау кеңесі (ҒСК) жұмыс істейді. ҒЗТО сонымен қатар мемлекеттік органдар шығаратын және жолдайтын дін мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарға, діни және дінтанулық зерттеулерге сараптау-рецензиялау жұмыстарын жүргізеді, әдістемелік құралдар мен ұсынымдар даярлайды. [3; 173]
2008 жылы еліміздің Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамыту және конфессияаралық келісімді нығайтудың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде насихаттау. [9] МДХО басты міндеттерінің біріне жақын әрі алыс шетелдермен халықаралық байланыс орнату, өзге елдердің дін саласындағы тәжірибелерін зерттеу және пайдалану және ел тұрғындарының рухани-мәдени деңгейін көтеруге атсалысу жатады. [3; 174]
МДХО шетелдегі діни жағдайды зерттеуге қатысты кешенді
сараптамалық-талдаулық қызметті жүзеге асырады, сонымен қатар
конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты
жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірге әлеуметтік талдау жұмыстарын
ұйымдастырады. Аталған сұрақтар бойынша түрлі талдаулық,
анықтамалық және әдістемелік материалдар дайындалады.
МДХО сарапшылары профессионалды түрде әдебиеттерге және діни бірлестікердің басқа материалдарына, интернет-сайттарға олардың елдің заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында дінтанулық сараптама жүргізеді.
Орталық конфессияаралық сұрақтарға қатысты қазақстандық және шетелдік БАҚ-қа мониторинг және талдау жүргізеді. МДХО құрамында бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптарды түсіндіру бойынша Әдістемелік Кеңес (ары қарай - Кеңес) қызмет етеді. Әдістемелік Кеңес ұдайы түрде журналистер қауымымен кездесулер, дін саласындағы күрделі мәселелерді кәсіби түрде түсіндіру жұмыстары бойынша журналистерге семинар-тренингтер ұйымдастырады. Оның ішінде 2013 жылы Кеңес БАҚ, діни бірлестіктер өкілдерімен, дінтанушы-ғалымдармен - «БАҚ-ғы діни саланы түсіндірудің негізгі қағидаттары», «Діни саладағы заңнамалардың тиімділігі», «Дін және діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыптардағы бірқатар отырыстар өткізді. [7; 33]
Сонымен қоса, облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері жанындағы өңірлік дін істері басқармалары түріндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті деңгейдегі дін саласындағы мемлекеттік саясат пен діни сенім бостандығын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады. [3; 171]
Негізінен олар төмендегідей міндеттерді іске асырады:
жергілікті деңгейде дін саласы бойынша мемлекет саясатын; діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты; Комитетке Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді; құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын бұзушы жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тыйым салу туралы ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастырады; өз құзыретіне сәйкес аймақтық деңгейде дін мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдар, діни мақсатта қолданылатын заттарды таратуға арналған стационарлық ғимараттарды бекіту, сонымен қатар культтік мекеме (құрылыс) аумағынан тыс жерде діни іс-шараларды өткізуге арналған ғимаратты белгілеу туралы шешімдер шығарады; діни үйлерді (ғимараттарды) салуға және олардың орналасатын жерін анықтауға, сонымен қатар үйдің (ғимараттың) бастапқы мақсатын діни үйге (ғимаратқа) өзгерту туралы шешім шығарады; діни бірлестіктер құрушы бастамашы-азаматтардың тізімін тексеруді қамтамасыз етеді; миссионерлік қызмет атқарушы тұлғаларды тіркеу жұмыстарын жүргізеді. [7; 34]
Жергілікті атқару органдары мемлекеттік қызметтерді 4 бағытта жүзеге асырады:
- Миссионерлік қызмет атқарушы тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу;
- Ғибадаттық мәнге ие мекемелерді (құрылыстарды) салуға рұқсат беру және олардың орналасатын жерін анықтау, сонымен қатар, мекемені (құрылысты) қайта салаландыруды (қызмет ету мәнін өзгерту) жүзеге асыру;
- Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдар, діни мақсатта қолданылатын заттарды таратуға арналған стационарлық ғимараттарды бекіту туралышешімдерді беру;
- Ғибадаттық мекеме (құрылыс) аумағынан тыс жерде діни іс-шараларды өткізуге арналған ғимаратты белгілеу туралы шешімдерді беру. [3; 172]
- «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің негізгі мақсаты ел тұрғындары арасында мемлекеттің дін саясаты бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, осы бағытта түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру және психологиялық және құқықтық кеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету және әлеуметтік зерттеулер жүргізу болып табылады. [10]
Орталықтың негізгі міндеттері
Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz