Қазақстанда сапалы медицинаны қамтамасыз ететін бағдарламаларды анықтап, баға беру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Шымкент қаласы

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)

Курстық жұмыс

Бөлім: Қоғамды зерделеу

Тақырып: Әлеуметтік даму индикаторлары

Тақырыпша: Қазақстандағы денсаулық саласы сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ете ала ма?

(2982сөз)

Орындаған: Рахым Бақжан Нұрланқызы

(қолы)

Қабылдаған: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы

(қолы)

Ішкі модератор:Байтуреев Данияр Шарипбекович

(аты-жөні, қолы)

Шымкент 2021

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ3

A. Жинақталған деректерді талдау4

В. Тәжірибелік зерттеу әдістерін талдау7

С. Зерттеу қорытындысын міндеттер негізінде түйіндеу10

D. Зерттеу нәтижелерін талдау12

Ⅲ. ҚОРЫТЫНДЫ15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ16

КІРІСПЕ

Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандарттарға сай болуы әр елдің саясатының маңызды міндеттері болып табылады, себебі медицинаның дамуы елдегі адами-капитал деңгейінің, сонымен қатар халықтың әл-ауқатының өсуіне әсер етеді.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес халықтың сырқаттанушылығы 2020-жылы 2019-жылмен салыстырғанда едәуір азайған [1] . Сонымен қатар 2020-жылы туу коэффициенті де’ артқан. Алайда халықтың өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім коэффициенті де қоса арта түскен [2] . Ауыл халқына арнап салынған 5272 амбулаториялық-емхана обьектілерінің санына қарамастан ауыл халқының өлім-жітім коэффициенті салыстырмалы түрде жоғары [3] . Сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету де кадр мәселесі де үлкен рөл ойнайтыны анық. 2020-жылғы деректерге сәйкес дәрігерлік кадрлардың 1, 5% артуы байқалған. Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі» деп анық жазылған. Осы себептен, егер де елдегі сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау қызметтері көрсетілетін болса халықтың өмір сүру ұзақтығы, адами капитал’’ деңгейі артуына оң ықпал етеді.

Бұл тақырып аясында зерттеу жасау өзекті. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан Қазақстанның медицина саласындағы бірқатар проблемалар жедел түрде шешуді талап етеді. Олар: ұсынылып жатқан қызметтердің сапасы, ауруханалардағы кезек, дәрі-дәрмектердің қарапайым халықтың бақылаусыз сатып алуының себебінен бағасының күрт өсуі, аурухана орындарының жетіспеуі, медициналық ұйымдардың ескірген инфрақұрылымы және медициналық техникамен жеткіліксіз жарықтандырылуы.

Зерттеу мақсаты: Еліміздегі адами капиталды дамыту маңызды рөл атқаратын денсаулық саласының қазіргі жағдайын анықтау және баға беріп, шешу жолдарын ұсыну. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі бағыттар талқыланбақ:

  1. Қазақстанда сапалы медицинаны қамтамасыз ететін бағдарламаларды анықтап, баға беру.
  2. Жиналған ақпаратқа және шетелдік тәжірбиеге сүйене отырып, Қазақстанда сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жолдарын анықтау және ұсыну.
  3. Жиналған ақпараттарға сәйкес қорытынды жасау.

Зерттеу мақсатына жетуде аталған сұрақтарға жауап ізделінеді:

  • Денсаулық сақтау саласын жетілдіру де қандай шаралар жүргізілу де және олар қаншалықты тиімді ?
  • Жаһандық цифрландыру медицина саласын сапалы әрі қолжетімді ету де қандай рөл ойнайды?
  • Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуына не кедергі болу да?

Зерттеу алды гипотеза- халықты сапалы және қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыздандыру деңгейін арттырып, адами капитал индексін жоғарылатып, халық сырқаттанушылығын азайту үшін аймақтарды заманауи құрылғылармен, кәсіби мамандармен жеткілікті деңгейде жабдықтандырып, қауіпті ауруларды уақытылы анықтап, алдын алуда оң әсер тигізеді. Бұл болжамға келуіме алдыңғы бағдарламалардың нәтижесі мен жаһандық тәжірбие алмасу әсері ықпал етті.

Туу коэффиценті - бір жылда тірі туған балалардың жалпы санының халық санына қатынасының промилде көрсетілген демографиялық көрсеткіші.

Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісті болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын көтеретін білім, біліктілік ілім, тәжірибе нысанында адамдарға салынатын капитал.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жинақталған деректерді талдау

Жыл сайын денсаулық саласының дамуына ел бюджетінен қомақты қаржы бөлінеді.

Жалпы қауымға қолжетімді ақпарат құралдарына берілетін деректерден осы саланы дамыту бойынша жасалып жатқан шаралардың оң нәтижелері басым екенін байқауға болады. Алайда медициналық қызметті қолданып жүрген қарапайым халықтың оның сапасына көңілдері тола бермейді. Ал медициналық қызметтің сапалы және қолжетімді болуы оның ары қарай дамуының алғышарты болып табылады. Себебі осы критерийлерге сай емес қызмет адам денсаулығы мен оның саулығына тек кері әсер етеді.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру де жүргізілген шаралар қаншалықты тиімді болды?

Денсаулық саласын дамыту да «Саламатты Қазақстан»2011-15жж, «Денсаулық»2016-20жж атты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының арқасында стационарлы көмек көрсету дамыды, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек. Оған қоса бағдарлама аясында медициналық көмекке теңдей қолжетімділік камтамасыз етілді. «Денсаулық» жобасының нәтижесінде халықты сапалы және қолжетімді қызметпен қамтамасыз ету деңгейі арта түсті. Қолжетімділікті арттыру барысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасыда 2011 жылы қолға алынды [8] . Алайда аурухана саны азаймаса, артқан жоқ. Ауруханалардың жалпы саны 2007 жылы 1086 болса, 2018 жылы 788-ге дейін қысқарған. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011-жылы 68, 69-дан 2020-жылы 71, 37-ге дейін жетті[2] . Халықтың медициналық қызметті кез келген жерден алуына мүмкіндік туды, қызметтерді алу да алдын ала қызметке кезекке тұру жүйесі цифрландырылды, аса қауіпті ауруларды емдеуде мемлекеттен қаражат бөлініп, халықтың әлеуметтік осал топтарына емделуге мүмкіндік берілді. Соңғы уақыттағы маңызды жетістіктердің бірі органдарды толығымен ампутациялаудың орнына шетелде қолданып жүрген эндопротездерді, яғни ағза ішіне орнатылатын протездерді қою арқылы пациентті әдеттегі өмір салтынан қалмай өмір сүру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл технология балаларда кездесетін сүйекте болатын қатерлі ісіктің нәтижесінде мүшесінен айырылатын балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен мүмкіндік болды. Осы технологияның мемлекет қаржысынан орындалуы оның халық үшін қолжетімділігін арттырды.

Сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметке қол жеткізудегі жаһандық цифрландырудың атқаратын рөлі қандай?

Дамыған 30 ел қатарына ену бойынша енгізілген цифрландыру шарасы медицина саласында қамтып өтті. Шараның медицина қызметкерлері мен халыққа деген пайдасы мол болды.

Біріншіден, медицина қызметкерлері артық қағазбастылықтан босатылды. Ең алдымен медициналық құжаттамалар саны 62-ге азайып, 234 формасы электронды форматқа өтті [4] . Орталықтандырылған жүйе пайда болып, ақпараттың басым бөлігі электронды форматқа өтіп, қызметкерлерге міндеттелген бюрократиялық қызметтер саны едәуір азайды. Цифрландыруды ел көлемінде қамтамасыздандыру мақсатынының аясында аудан орталығы деңгейіндегі аймақтардағы медицина ұйымдарын компьютерлермен жабдықтау 98% жетті [4] .

Екіншіден, халықтың қызметті оңай әрі ыңғайлы қолданысын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық саласы аясында электронды мобильді қосымшалар жасалып, қолданысқа енгізілді. Электронды сервистерді қолданып, кезекке алдын-ала жазылу есебінен «жанды» кезек деңгейі 30%-ға кеміді [4] . Онымен қоса әр пациентке электронды паспорттың ашылуы керекті ақпараттың жоғалуының алдын алып және оған деген 24/7 қол жеткізу мүмкіндігін берді. Осылайша кез келген жерде медициналық картаға деген қолжетімділік кез келген жерден кедергісіз қызмет алуға мүмкіндік беруде.

Денсаулық сақтау саласының орнықты және қарқынды дамуына не кедергі болу да?

Денсаулық сақтау саласына көптеп қаржы бөлініп жатқанына, түрлі жобалардың орындалып жатқанына, жалпы көрсеткіштердің дамып жатқанына қарамастан халықаралық деңгейге жетуде әлі де кедергілер кері әсер ету де.

Ең алдымен, ДДҰ-ның дерегіне сәйкес деннің саулығының 50%-ы адамның өмір сүру салтына, 20%-ы тұқымқуалаушылыққа, 10%-ы денсаулық сақтау ұйымына тәуелді [6] . Яғни саланың дамуының басты факторы халықтың өмір сүру салты болып табылады, себебі жасалып жатқан шаралардың барлығы аталған фактор оң нәтижелі болмаса, ешқандай нәтиже бермейді.

Екіншіден, ел аумағындағы медициналық ұйымдардың жетіспеуі және заманауи деңгейде жабдықталмауы. Короновирус инфекция жылдам өршіген кезеңде пациенттерге арналған орындардың жетіспеушілігі, арнайы тыныс алуды қамтамасыз ететін құралдардың жетіспеуі анық дәлел болды.

Келесі фактор- квалификацияланған мамандардың жетіспеуі. Соңғы жылдары медицина мамандарының жетіспеушілігі анық байқалуда. Деректерге сүйенсек, осы жылы маусымда медицина қызметкерлеріне деген электронды порталдағы сұраныс 30 мыңға жетсе, тек 561 ғана резюме жіберілген. Сұраныс пен қызығушылық айырмашылығы 50 есе [9] . Бұған себеп жұмыскерлердің төмен жалақысы. Салыстыру үшін Қазақстанда дәрігердің орташа айлығы 319 903 теңгені құраса, АҚШ-та терапевт дәрігердің айлығы 11000 долларды құрайды [5] . Айырмашылық шамамен 144 есе.

Саланың дамуына жеткілікті назардың аударылмауы, қажетті деңгейде медицинаның дамуында аяқтан шалу да.

Дамыған мемлекеттер осы мәселені шешуде қандай амалдар қолданды?

Дамыған елдерде сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен халықты қамтамасыздандыру басты мақсат болып табылады.

Еуропада орналасқан Андорра мемлекетінде халықтың 92% медициналық сақтандырулары бар және тұрғындар медициналық қызметтердің бағасы қолжетімді болғандықтан, оны өз қалталарынан төлеуге қиналмайды. Денсаулық саласы толықтай мемлекет бақылауында. Келесі кезекте Сингапур - азиядағы ең үздің денсаулық сақтау жүйесі. Денсаулық сақтау министрлігі барлық тұрғындардың сапалы қызметті қолдана алуын қадағалап қоймай, салауатты өмір салтының пропагандалуы мен бағдарламалардың орындалуын қатаң қадағалайды. Мальта мемлекетінде барлық ұйымдар салық төлеушілердің қаржысынан қамтамасыз етілгендіктен қосымша қыметтерге бөлек қаражат төлеу қажет емес. Сонымен қатар негізгі медициналық қызметтер барлығына тегін, бүл қызметке деген қолжетімділікті арттыра түсті [7] .

В. Тәжірибелік зерттеу әдістерін талдау

Сауалнама туралы қысқаша ақпарат сурет 1-де көрсетілген. Зерттеу сұрақтарына жауаптарды толығырақ мәлімет алу мақсатында жалпы саны 24 адамнан онлайн форматта “SurveyMonkey” платформасында жүзеге асты.

Сауалнама жалпы 6 сұрақтан, оның ішінде 2 ашық жауапты талап ететін сауалдан тұрады.

Сурет 1. Сауалнама туралы

Сурет 2. Сауалнама нәтижесі Сурет 3. Сауалнама нәтижесі

Сауалнамадағы бірінші және екінші сауалдар әртүрлі жас топтарының медициналық қызметтерді қолдану жиілігін, қолданудағы тәжірбиесін анықтау үшін қойылған. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі жастар- 22 азамат немесе 91, 22%. Басқа бөлігі орта жастағылардың үлесі- 8, 33%. Сауалнамадан өткен адамдардың 58, 33% елдегі медициналық ұйымдардың қызметін сирек қолданса, 29, 17% керісінше жиі қолданады, ал тек 16, 67% ғана қызметтерді өте сирек қолданатынын мәлімдеді. Сауалнамадан өтушілердің медициналық қызметтеріне көңілі толу деңгейі әртүрлі екені мәлім. Осыны анықтау үшін келесідей сұрақ қойылды.

Сурет 4. Сауалнама нәтижесі Сурет 5. Сауалнама нәтижесі

Пациенттердің ұсынылған қызметке көңілінің толуы қызметтің сапасын бағалауда басты факторлардың бірі болып табылады. Сәйкесінше қызметтің қолданушылардың бағалауының арқасында салаға бөлініп жатқан қаражаттың нәтижелі ағында жұмыс жасап жатқанын анықтауға болады. Сонымен қатар медицинаның қолжетімділігін халық арасында анықтау үшін сұрақ қойылды. Корреспонденттер тұрғылықты мекен-жай бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалады. Сауалнама нәтижесіне тоқталар болсақ, медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтерге 12 адам 50% көңілдері толса, 12 адам 50% керісінше көңілдері толмайтыны анықталды.

Оған қоса Қазақстандағы медицина баршаға қолжетімді деген пікірді 11 адам 45, 83% ұстанса, керісінше 13 адам 54, 17% бұл пікірге қарсы болып шықты.

Сурет 6. Сауалнама нәтижесі

Изображение выглядит как текст Автоматически созданное описание

Сурет 7. Сауалнама нәтижесі

«Медицина сапасы мен қолжетімділігін мемлекет қамтамасыз ете ала ма? Неліктен?» деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілердің көп бөлігі былайша жауап берді:

  • Ия, қаржыландыруды жүйелі және қатаң бақылау астында жүргізу;
  • Қолжетімді қызмет қамтамасыз ете алады, алайда сапалылығы төменірек;
  • Жоқ, оған себеп қаражат, технология, медициналық кадрдың жетіспеушілігі.

Жауаптардың мұндай болу себебі, медициналық ұйымдарда қызметтерді қолдану барысындағы алған тәжірбиелеріне негізделген. Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі мемлекеттің сапалы әрі қолжетімді қызметпен қамтамасыз ете алады деген пікірде, ал екінші бір бөлігі қолжетімділікпен қамтамасыз ете алғанымен, сапалы болуы күдік тудырады.

«Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру да не ұсынар едіңіз?» деген сауалға мынадай жауаптар ұсынылды:

  • Кфалификацияланған медицина қызметкерлер санын, олардың жалақысын арттыру;
  • Медициналық технологияларды сапасын және санын арттыру;
  • Міндеттелген құжаттар санын азайту;
  • Цифрландыру жүйесін енгізіп, сапасын дамыту.

Мұндай жауаптар сауалнамаға қатысушылардың қызметтерді қолдану барысындағы кездескен мәселердің әсерінен туындау да. Сапалы және қолжетімді қызметпен қамтамасыз ету де мемлекеттен қаржы бөлінуімен қоса, қызметкерлердің сапасы мен санын арттыру, бюрократияны азайту және жоғарғы деңгейде цифрландыру жүйесін енгізу қажеттілігі туындағанын сауалнамаға қатысушылардан жауабынан байқалады.

Жүргізілген сауалнама барысында жиналған деректерді талдайтын болсақ, Қазақстанда қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметті жүргізу өзекті мәселердің бірі. Нәтижелерге назар аударсақ, жүргізіліп жатқан қызметтердің қазіргі сапасы әлі де дамуды қажет ететіндігін, оған қоса болашақта денсаулық сақтау саласының қызметтерінің сапасы жақсару мүмкіндігі бар екені анықталды. Ал мамандандырылған қызметкерлердің санының артуы, бөлінетін қаражаттың артуы, бюрократияның деңгейін төмендету оған оң әсер ететіндігі анықталып, мүмкін шешім ретінде ұсынылды.

С. Зерттеу қорытындысын міндеттер негізінде түйіндеу

Саладағы жағдайды бақылау, әлеуметтік сауалнама және құнды құжаттардың талдауына негізделіп санды және сапалық деректер жиналды. Әлеуметтік сауалнама негізінде қоғамдағы медицина қызметтерінің сапасының деңгейі туралы ойы анықталды.

Сауалнама сұрағы

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап

№:

1

Сауалнама сұрағы:

Қай жас тобына жатасыз?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:

10-18 жас аралығы(54, 17%)

№:

2

Сауалнама сұрағы:

Медициналық қызметтерді қаншалықты жиі қолданасыз?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:

Сирек (58, 33%)

№:

3

Сауалнама сұрағы:

Көрсетілген қызметтерге көңіліңіз тола ма?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:

Ия (50%), жоқ (50%)

№:

4

Сауалнама сұрағы:

Қазақстандағы медицина барлығына қолжетімді деп ойлайсыз ба?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:

Жоқ (54, 17%)

№:

5

Сауалнама сұрағы:

Медицинаның сапасы мен қолжетімділігін мемлекет қамтамасыз ете ала ма? Неліктен?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:
  • Ия, жеткілікті қаржы бөліп, оны бақылауда.
  • Жоқ, себебі мамандар, сапалы технология жетіспеушілігі.
№:

6

Сауалнама сұрағы:

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру да не ұсынар едіңіз?

Қорытынды/ жиі кездесетін жауап:
  • Медицина қызметкерлерінің біліктілігін және жалақысын арттыру
  • Сапалы цифрландыру жүйесін енгізіп, қағазбастылықты жою.

Кесте 1. Әлеуметтік сауалнама нәтижелерінің қорытындысы

Зерттеу нәтижелеріне негізделіп жасалған зерттеу міндеттерінің нәтижелері:

  1. Зерттеу барысында еліміздегі сапалы медицинаны қамтамасыз ететін бағдарламалар мен жобалар сенімді дереккөздерде жарияланған мақалалар мен жауапты министрліктердің ресми сайттарындағы ақпараттар бойынша анықталып, бағаланды. Осыған дейін денсаулық сақтау жағдайларын жақсарту бойынша 3 ауқымды бағдарлама жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта «Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025» жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
  2. Қазақстандағы медицинаның сапасы мен қолжетімділік деңгейін жақсарту жолдарын анықтау мақсатынды әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелерінен қазіргі ұсынылып жатқан медициналық қызметтерге халықтың көңілі толмайтындығы анықталды. Оған себеп медициналық кадрдың сапасыз жұмысы мен олардың жетіспеушілігі, заманауи техниканың тапшылығы. Алайда қатысушылардың басым бөлігі еліміздегі медицина көпшілікке қолжетімді деген пікірде. Бұл жүргізіліп жатқан жобалардың тиімділігі мен медициналық ұйымдардың санының артуы әсер етті. Сапаны жақсарту жолдары сауалнама қатысушыларының ойынша қаражатты тиімді пайдаланып, медицина қызметкерлерінің саны мен сапасын арттыру болып табылды. Оған қоса шетелдік тәжірбиеге назар аударсақ, дамыған және денсаулық сақтау деңгейі жоғарға мемлекеттер алдымен медициналық қызметтерді барлық әлеуметтік топтарға қолжетімді еткен. Сонымен қатар, жүйенің сапалылығын дамытып, сақтауда мемлекет тарапынан қадағалау жоғарғы деңгейде екені де анықталды. Медицинаның сапасын арттыруда дамыған мемлекеттерде сапалы цифрлы жүйенің ойнаған рөлі үлкен екені байқалды. Цифрландыру толық деңгейде жұмысқа қосылып, үлкен кезектермен, артық қағазбастылықты азайтуға едәуір әсер еткен. Нәтижесінде сапа мен қолжетімділікті жақсартуда білімді медицина қызметтерін санын арттырып, сапалы және жүйелі цифрлы жүйені толығымен жұмысқа қосу, мемлекет тарапынан жағдайды бақылауды күшейту ұсынылды.

Келесі бөлімде жиналған ақпараттардың талдаулары мен зерттеу міндеттеріне негізделген қорытынды ұсынылады.

D. Зерттеу нәтижелерін талдау

Зерттеу нәтижелерін анализ жасау үшін SNW және SWOT методикалары пайдаланылды.

SNW анализі:

Параметрдің аты
Позицияларды сапалы бағалау
Күшті
Нейтралды
Әлсіз
№: 1
Параметрдің аты: Ұсынылған медициналық қызметтердің сапасы
Позицияларды сапалы бағалау:
Х
№: 2
Параметрдің аты: Ұсынылған қызметтердің қолжетімділігі
Позицияларды сапалы бағалау:
Х
№: 3
Параметрдің аты: Медициналық қызметтерді дамыту бойынша іске асырылған жобалар мен бағдарламардің тиімділігі
Позицияларды сапалы бағалау:
Х
№: 4
Параметрдің аты: Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуда жобалар мен бағдарламалар мен жобалардың орындалуы
Позицияларды сапалы бағалау:
Х
№: 5
Параметрдің аты: Мемлекет тарапынан сапа мен қолжетімділкті арттыратын жобалар мен ұйымдарды қаржыландыру
Позицияларды сапалы бағалау:
Х
№: 6
Параметрдің аты: Денсаулық сақтау ұйымдарының замануи құралдармен жабдықталуы
Позицияларды сапалы бағалау:
Х

Кесте 2. SNW анализі

SWOT анализі:

Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
Күшті жақтары: Қазіргі уақытқа дейінгі денсаулық сақтау бойынша жасалған жобалар өз нәтижелерін берді. Халықтың жартысы ұйымдарда ұсынылатын қызметтерге көңілдері толады. Соңғы жылдары күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71, 37-ге дейін жетті. Әлеуметтік осал топтарға арналған тегін қызметтер саны артты. Аса қауіпті ауруларды емдеуде шетелмен тәжірбие алмасып, емдеп алу деңгейі артты. Толығымен органды жоғалту қауіпін алдын алатын шетелдік технологиялар, эндопротездер көптеген пациенттерге мүмкіндік беруде. Сонымен қатар медцина саласының сапасы мен қолжетімділігін арттыру да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қабылданды. Цифрландыру арқасында «жанды» кезектің 30 пайызға кемуі.
Әлсіз жақтары:

Денсаулық сақтау саласын дамыту үшін қаражаттың дамыған елдермен салыстырмалы түрде аз болуы.

Медицина қызметкерлерінің мамандандырылу деңгейінің төмендігі, оған қоса жалақыларының аздығы.

Оларға жүктелген қағазбастылықтын шектен тыс көптігі. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан бағдарламалар мен жобалардың қатаң қадағалауының әдсіздігі.

Медициналық қызмет ұсынылатын ұйымдар санының аздығы. Аурухана сапасы мен санының кемуі. Дәрі-дәрмек бағасының қадағаланбай, себепсіз артуы.

Күшті жақтары: Мүмкіндіктері
Әлсіз жақтары: Қауіп-қатері
Күшті жақтары: Сапалы цифрландырылған жүйе арқылы медициналық қызметкерге жүктелген қағазбастылық деңгейін төмендету. Сонымен қатар артық құжаттамалар санын азайтып, цифрландыру. Аурухана, кадр санын арттырып ұсынылатын қызметтер сапасын көтеру. Шетелдік тәжірбиені қолданып халықтың сырқаттану деңгейін кеміту. Қаржыландыруды көбейтіп, медицинаны баршаға, әсіресе әлеуметтік әлсіз топтарға қолжетімді ету.
Әлсіз жақтары: Мемлекет тарапынан тиісті қадағалау мен қаржыландыпу деңгейі төмендеп, бюджеттің тиімсіз қолданысының артуы. Заманауи техникалармен қамтамасыздандыру жағдайы нашарлауы. Жобалардың тиімсіз жұмыс жасап, салауатты өмір салтын тиімсіз пропагандылау есебінен аурулар мен өлімдердің артуы. Халықтың сапалы және қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету қажеттілігін орындай алмай, олардың шетелге көшу, яғни эмиграция деңгейінің артып, халық санының азаю қаупі. Сапасыз медицина есебінен халық саны азайып, адами капитал, онымен қоса мемлекеттің әлеуметтік жағдайының төмендеуі.

SWOT анализінің матрицасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Дәлелді медицина мамандарының қоғамдық ұйымдары туралы ұғым
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Мемлекттің әлеуметтік саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz