ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«7М02304-Филология», «Қазақ филологиясы» кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Орындаушы: Ф. Р. Аппақова
Ғылыми жетекші: PhD., доцент А. Ш. Пангереев
Қорғауға жіберілді
«Қазақ филологиясы»
кафедра меңгерушісі: Г. К. Тәңірбергенова
«» 2022 ж.
Ақтөбе
2022
Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1 тарау. ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Шетел және орыс әдебиетіндегі психологизмнің зерттелуі
1. 2. Қазақ көркем әдебиетіндегі психологизмнің зерттелуі
2 ТАРАУ. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
2. 1. Жазушының тілдік қолданысы мен жазу стилі
2. 2. «Елес» әңгімесіндегі психологизм: жанның бөлінуі
2. 3. «Ақбілек» романындағы психологизмнің берілуі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Психологизм в творчестве Жусупбека Аймаутова
Psychologism in the works of Zhusupbek Aimautov
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Психологизмнің зерттелу мәселелері
І. 1 Қазақ көркем әдебиетіндегі психологизмнің зерттелуі
І. 2 Ж. Аймауытов шығармашылығындағы психологизмнің бейнеленуі
ІІ Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
ІІ. 1. Жазушының тілдік қолданысы мен жазу стилі
ІІ. 2 «Елес» әңгімесіндегі психологизм: жанның бөлінуі
ІІ. 3 «Ақбілек» романындағы психологизмнің берілуі
Қорытынды . . . 62
Пайдаланған әдебиеттер . . . 64
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде оқу-ағарту мәселелері, педагогика, психология саласында терең мағыналы ғылыми еңбектерді жазған адам - Жүсіпбек. Адамның ішкі жан дүниесінің әр алуан кыры мен сырын зерттейтін психология ғылымын Ж. Аймауытов психология, педагогикаға қатысты ғылыми еңбектерін жазу барысында адам жанының жұмбақ әлемiн, кәсіби шеберліктерін, стильдік ерекшеліктерін айкындауға, әдебиеттегі өз орындарын белгілеудiң iргетасын калауға қолғабыс етті. Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиетінде тұңғыш рет психологиялық романның тұсауын кесуі, жазуының басты себебi адам психикасындағы сезiмдiк құбылыстарды, жан тілін терең білгендiгiнен болса керек, оны мойындамасқа болмас.
Кез-келген мәдениет құбылысы секілді психологизм де белгiлi бiр тарихи кезенде қалыптасып, өзiнiң даму жолынан өтті және психологиялық бейнелеу құралдары көптеген көркемдік тәсiлдер мен байытылып, ішкі өмір зандылықтарын тереңінен танып, меңгерді. Жеке адам тағдырына деген қызығушылық, оның жан дүниесiн зерттеуге, олардың ішкі сезiмдерін талдауға талпыныс туған кезде жаңа мәдениет калыптасып, әдебиетте психологизм дамыды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты-бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық мәні мол мәселе. Қазақ әдебиетінде қайталанбас даралығымен қолтаңбасын қалдырған Ж. Аймауытовтың шығармашылығын саралау-әдеби процесті түсініп, игеруге жол ашар іргелі қадам. Ж. Аймауытов стилінің даралығы оның шығармашылығындағы психологизмнің молдығымен ерекшеленеді. Осы ерекшелікті зерделеу мақсатында Ж. Аймауытовтың шығармаларындағы психологизмді анықтап, олардың көркемдік жүйедегі ерекшеліктеріне талдау жасау диссертациялық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Қазақтың ұлы жазушысы Ж. Аймауытовтың шығармаларындағы психологизмді талдау.
Зерттеу пәні. Қазақ әдебиетіндегі психологизм.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты : Жазушы Ж. Аймауытовтың даралық стилін танытуда психологизмнің алатын орнын зерттеу.
Міндеттер:
-Көркем әдебиеттегі психологизмнің зерттелу тарихына шолу жасау.
-Көркем әдебиеттегі психологизмнің зерттелу тарихына шолу жасау.
-Ж. Аймауытовтың өзіндік стилін анықтау, шығармаларындағы психологизмді пайдалану ерекшелігін ашу.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
1 тарау. ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Шетел және орыс әдебиетіндегі психологизмнің зерттелуі
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты - бүгінгі таңдағы ғылыми, тәжірибиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттегі психологизм дегеніміз не деген сұраққа жауап іздерде алдымен ғылыми тұрғыда нақтыланған терминдік анықтамаға жүгінеріміз хақ: «Әдебиеттегі психологизм - шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальды түрде бейнелеу» [1, 159] . С. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде»: «Психологизм- психикалық, жан күйзелістерін терең суреттеу» деп қысқа ғана анықтама берілген [2, 557] .
Көркем әдебиеттің мақсаты қоғам мен адам арасындағы әлеуметтік-психологиялық байланыстарды тура сипаттау болса, кейіпкердің жан дүниесіндегі өзгерістерге мән бермей, баяндау - өнер туындысына мүлде жат нәрсе. В. В. Ивановтың: «Грек эпикалық поэзиясының тiлiнде сөз құдай жазуларын қабылдап, түсінуге талпынатын терең астарлы жан ғана емес, адамның өзі де өз қалпында тұрып сөйлесе алатын жанды да көрсете бастады» - дейтін ойы көне Эллада шығармаларының поэтикалық жүйесi аркылы ежелгі дәуір тұрғындарының тарихи гносеологиялық, психологиялық болмысына жарық түсiреді [3, 108] . Л. Я. Гинзбург психологиялық романның қалыптасуын XIX ғасырдағы Стендаль, Тургенев, Бальзак, Флобер, Толстой есiмдерiмен тығыз қарастырған. Л. Толстойдың «Анна Каренина» романында психологизм, адамның ішкі сезім иірімдерін асқан шеберлікпен асқан шеберлікпен суреттеу арқылы кейіпкерінің бар болмысын ашып көрсетті. Әдеби туындыдағы психологизмнiң негізі сан алуан қарсылықтар екенін айта отырып, Л. Гинзбург Толстой шығармашылығындағы ең маңызды жаңалық адамды әр түрлi жағдайларда, әрдайым даму барысында суреттеу екенін баса мегзейді де, «Алайда Толстой жүйесінде орнықтылық пен өткiншi қасиет мiнездiң жоқтығы емес, бұл характер ерекшеліктерiнiң, әрекет себептері мен сол әрекеттердің өз арасындагы өзгеше катынас», - деп, орынды байлам жасаған [4, 305] . М. Б. Храпченко: «Егер Достоевский адам табиғатының тұрақтылығына, терең мiнез сапаларына, оның iшiнде зұлымдыққа тұсаудың да өзгерместігіне баса мән берсе Толстой адамдарга хас туа біткен мейірім инстинктiлерiн таныта отырып, олардың iштей өсу мен жаңғыра түлеу процесін әдеттен тыс сенiмдiлiкпен сипаттайды. Адам рухының керітартпалығына қатысты көзқарастарға Толстой өмiрдiң өз дамуынан тірек табатын, адам және адамзаттың қайта туу идеясын карсы койды» [5, 471] .
Психологиялық романның алғашқы үлгісі деп VIII ғасырда ағылшын жазушысы Стерннің «Тристам Шендидің, джентельменнің ұғымдары мен пайымдары» романын атауға болады. Ол өзінің кейіпкерін «Адамның ойын психологиялық, мінездік толқыныстар тұрғысында көрсетті» [3, 84] .
Орыс әдебиетіндегі психологизм іргетасын Л. Толстой қалады. Ол өзінің «Анна Каренина» романында психологизм, адамның ішкі сезім иірімдерін асқан шеберлікпен асқан шеберлікпен суреттеу арқылы кейіпкерінің бар болмысын ашып көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz