Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары


Кәсіптік практикадан өтуі туралы
КҮНДЕЛІК - ЕСЕП
МАЗМҰНЫ
1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары . . . 11
2. Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие
беруде қазақ ауыз әдебиетін пайдаланудың әдіс - тәсілдері . . . 2
«БЕКІТЕМІН»
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор м. а.
Такибаев М. А.
Aты-жөні, тeгі (ол бaр болғaн кeздe
)
2022 ж. « 31 »01
«КЕЛІСІЛДІ»
Кәсіптік практиканың жетекшісі
(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің)
__ Ахметова Н. Ш. __
Aты-жөні, тeгі (ол бaр болғaн кeздe)
2022 ж. «31 »_01
Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі
мамандығы бойынша
Білім алушының Шүкірхан Айжарық Биінбетқызы
(аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
4 курс
«Мирас» университеті
(оқу орнының атауы)
№
р/н
Қолы
(оқу орнынан кәсіптік практиканың жетекшісі)
2022 ж. «_31__ »01
ІС-ТӘЖІРИБЕДЕ ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЗБА
№
р/р
КІРІСПЕ
(іс-тәжірибе мақсаты мен міндеттері)
Диплом алды іс-тәжірибенің мақсаты ретінде ғылыми кәсіби мамандандырылудағы білімдер мен дағдыларды тереңдету, кәсіби функцияларға байланысты жаңа білімдерді игеруін, мақсатты алдына қою және міндеттерді шешу икемдерін іздеу қабілетін, оларды шешу үшін игерілген ғылымдардың әдістерін пайдалану қабілетін дамыту болып табылады.
Диплом алды іс-тәжірибесінің міндеттері :
- меңгерілген теориялақ білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білу және білім берудегі мәселелерді шешу үрдісінде педагогикалық техникалар мен технологиялардың элементтерін тәжірибелік қолдана білу;
- педагогикалық қызметтің, сондай-ақ басқарушылық қызметтің негізгі түрлері мен формаларын, кәсіби білік пен дағдыларды меңгеру, педагогтың кәсіби-тұлғалық сапасын қалыптастыру;
- мтуденттің дайындық профиліне байланысты әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының заманауи жағдайын, педагогикалық тәжірибенің берілуін, түрлі білім беру мекемелеріне көмек көрсетуді үйрену;
- студенттің педагогикалық қызметке деген тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу және дамыту;
- студенттің педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуін даярлау;
- білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты кәсіби қызметінің өзіндік үлгісін және оның алдағы уақытта жүзеге асырылуының негіздерін қалыптастыру.
ІС-ТӘЖІРИБE БAЗAСЫНЫҢ, ҰЙЫМ ҚЫЗМEТІНІҢ БAҒЫТЫНЫҢ ҚЫСҚAШA СИПAТТAМAСЫ
Атауы: №17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп
Оқыту тілі: Қазақ, орыс
Түрі: Жалпы білім беретін оқу орны
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Айына төленетін бастапқы құны:ақысыз
Құрылған жылы: 1930ж.
Лицензия нөмірі: KZ6186A1KZTD202526
БИН: 990-240-005-438
Мектеп тарихы:
Құрылған жылы: 1986ж.
Қосымша жабдықтар: 15 интерактивті тақта және 5 жылжымалы тақта, 3 лингафон кабинеті, 1 футбол алаңы, 1 баскетбол алаңы, 1 волейбол алаңы, Ресми мекен-жайы: Шымкент қаасы, Волдарского 15 ғимарат.
№17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектебі- көне мектептердің бірі. Мұғалімдердің арасында 55-ке жуығы арнайы деңгейлік біліктілікті жоғарылату курстарынан өткен. Мектеп ұжымы- педагогтер, оқушылар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығынан құрылған ұжым. Осы өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынас үнемі дамып отырумен қатар, оқушылардың бойында отан сүйгіштік, интернационалдық, инабаттылық қасиеттерді тәрбиелеуге де мүмкіндік береді. «Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» -мектептің негізгі тақырыбы. Заманауи оқу базасы мен жаңашыл технологияларды қолдану оқу үдерісімен бірге тәрбиелеуді де өзгертуге жағдай жасайды. Оқушылардың ғылыми конференциялары, жобалау қызметі, мектеп газеті мен радиосы оқушылар үшін қолжетімді. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Сындарлы оқытуды ендіре отырып, мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру».
ДИПЛОМ ТAҚЫРЫБЫНA СӘЙКEС ЖEКE ТAПСЫРМAЛAР
1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары.
Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы зор.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
- балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өзінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды қоғам өміріне бейімдеу;
- оладың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;
- өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын
қалыптастыру;
- балалардың табиғи ресурстарды үнемді пайдалануын тәрбиелеу, оларды,
табиғатты қорғауға тарту;
- экологиялық білім жөніндігі бағдарламаны жүзеге асыру;
- азаматтықты және елжандылықты, өз Отанына
- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- экология және табиғатты қорғау салаларындағы ғылыми өндірістік
шараларға қызығушылығын қалыптастыру;
- білім беру ұжымдарының натуралистік және тәжірибелік жұмыстарын
жүзеге асыруға практикалық көмек көрсету, ауыл және орман
шаруашылығын отандық биологиялық ғылыми нәтижесін насихаттау.
Қандай да болмасын педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігіне белгілі бір шарттарды үхтану арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының әкологиялық тәрбиесін дамытуда біздер оның ұйымдастырушылық, мазмұндық, ғылыми-әдістемелік, моральды-психологиялық, әлеуметтік-мәдени шарттарын талдауды мақсат еттік.
Ұйымдастырушылық шарттарды қарастыру ең алдымен қоғам сұранысын және нақты жағдайларды есепке алу қажеттігін және содан туындайтын мақсатты анықтау болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде әрдайым бірлікте болып келетін сыртқы және ішкі шарттарды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан бөліп көрсету қабылданған. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру бұл тұрғыдан келу оның өсу динамикасын және оған сыныптан тыс жұмыстардың сан қилы ықпал-әсерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Біздің зерттеу проблемамызға қатысты экологиялық білім мазмұнын қарастыратын еңбек - Н. В. Добрецованың зерттеу жұмысы. Зерттеуші қосымша экологиялық білім берудің бірнеше моделін ұсынған: ақпараттық, белсендірушілік, қалыптастырушылық, дамытушылық, еріктілік, интегративті модельдер. Бұл модельдер түрлерінің осынша көп болуы экологиялық білім берудің міндеттерін және оларды шешу әдістері жөніндегі түрлі пайымдауларға байланысты. Осы тұрғыдан Н. В. Добрецова қосымша экологиялық білім беру мазмұнын былайша топтастырады:
- натуралистік - табиғатты табиғат аясында зерттеу;
- инвайроментальдық
- "экологиялық императив" принципі негізінде табиғатпен өзара қарым-қатынасқа түсуде, оқушылардың шамасына лайықты амалдар арқылы тұрақты мотивацияны қалыптастырумен бірге, қоршаган табиғат ортасы жөніндегі түсініктерін дамыту;
- іс-әрекеттік - оқушыларды қоршаған табиғат ортасын зерттеу мен қорғау бойынша түрлі іс-әрекеттерге тартуға ықпал етеді.
Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М. Н. Скаткин, В. В. Краевский, B. C. Леднев, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Белгіленген зерттеу мүмкіндіктерін жүзеге асыруда мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың құрылымдық моделі негізге алынды. Оның басты компонттері болып мотивациялық, мазмұндық, психологиялық, процессуалдық саналады (Кесте 1) .
Кесте 1 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің құрылымдық моделі
- сыныптан тыс жұмыстардың табиғатты қорғаудағы мәнін санамен түсінуі;
- сыныптан тыс тәжірибеге қызығушылығы;
- сыныптан тыс жұмыстардағы әкологиялық тәжірибені меңгеруге талпынысы;
- бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарындағы экологиялық тәжірибе негізінде қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуді қажетсінуі.
- экологиялық білімдерінің көлемділігі;
- экологиялық білімдерінің жүйелілігі;
- экологиялық білімдерін табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуі;
- бүгінгі тандағы экологиялық проблемалар туралы мағлұматарының болуы
- табиғат қорғау шараларына қатысу белсенділігі;
- экологиялық білімдерін таныс емес ситуацияларда қолдана білуі;
- экология саласында, ғылыми зерттеу, насихаттау істеріне араласу белсенділігі;
- табиғатпен қарым-қатынас нәтижелері бойынша рефлексия жасай білуі.
Анықтау экспериментінің бірінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуға бағытталған экологиялық білім мазмұнын анықтау үшін бастауыш сыныптарда оқылатын «Дүниетану» пәнінің экологиялық мазмұнына талдау жасадық.
«Дүниетану» пәнін оқытуға барлығы 272 сағат бөлінген. «Дүниетану» пәнінің мазмұны оқушыларды қоршаған өмірдің әр түрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруға бағытталған.
Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан топтастырылған. Олардың басты мақсаты - интегративті пән ретінде оқушыларға біртұтас дүниедегі адамның орны мен ролін түсінуге көмектесу. Пәнді оқыту барысында мынандай нақтылы міндеттер қарастырылған: табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі, туралы ұғымдарды меңгерту, табиғи объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу.
Бірінші сыныпта өтілетін материал 10 тақырыптан тұрады. Бұл тақырыптар аясында әр түрлі мазмұндағы 14 мақал және қанатты сөздер, 1 жұмбақ, 2 тыйым сөз, 5 өлең ендірілген. Мұнда қазақ ауызекі шығармашылығының тек 7 үлгісі ғана табиғат, табиғатты қорғау, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру мазмұнында. «Айналадағы дүние», «Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» сияқты тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы назардан тысқалған. Екінші сыныпта өтілетін 8 тақырыптың аясында «Сулы жер - нулы жер» мәтелі ғана қолданылған. Үшінші сыныпта өтілетін 10 тақырыптарда «Таза су - денсаулық кепілі. Суды үнемдеп жұмса» деген тыйым сөз орын алған. Төртінші сыныпта өтілетін 11 тақырыптарда экологиялық мазмұндағы қазақ ауызекі шығармашылығы мүлде пайдаланылмаған.
Сонымен, «Дүниетану» пәнінің тақырыптарында экологиялық мазмұндағы қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін пайдалану дәрежесін талдау қазақ халқының экологиялық тәжірибесі толықтай пайдаланылмайтындығын көрсетті. Әрине, аталған пәннің сағат санының аздығы, өздеріне тиісті мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру қосымша материалдарды ендіруге кедергі болатыны белгілі. Сондықтан қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыру жолдарын іздестіру қажет екендігіне көз жеткіземіз.
Анықтау экспериментінің екінші бағыты, Анықтау эксперименті барысында мектептен тыс ұйымдардағы қосымша білім беру педагогтерінің қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын анықтада қолданылған сауалнама, әңгімелесу, интервью алу, тест тапсырмалары нәтижелерін талдау, олардың қазақ ауызекі шығармашылығын жүйелі түрде көрсетті.
Осы мәселелерге байланысты сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауда біз алдымызға бірнеше міндеттер қойдық:
1) мектеп педагогтарға бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселелерін мәселелерін жақсы жолға қоюда қажетті білім мен біліктерін анықтау;
2) сыныптан тыс жұмыс бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін арттыруды жүзеге асыруға даярлық деңгейін анықтау;
3) сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін педагогтермен сауалнама жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін көтеру проблемаларын шешудегі кездесетін қиындықтар мен кемшіліктерін анықтау;
4) педагогтерді даярлаудың төмен деңгейінің себептерін анықтап, олардың экологиялық тәрбиесін көтеру жолдарын ұғыну.
Педагогтардың бастауыш сынып жасындағы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге даярлық деңгейін білу мақсатында біз анықтау әкспериментін жүзеге асырдық.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық тәрбие беруге педагогтардың қаншалықты даяр екендігін талдау нәтижелері олардың көпшілігігінің (40, 8%) біліктілігі төмен екендігін байқатты. Педагогтер қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз бетімен білімдерін толықтырмайтындықтары (39, 6%) және экологиялық білімдерінің таяздығынан оны экологиялық тәрбиеде шығармашылықпен қолдана алмайтындықтары (81, 1%) анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz