Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның өзара байланысы

Орындаған: ЮП 21-1 тобының
Студенті:Асимгали.С.К
Рецензент: з.ғ.к.доцент
Абилшеева Р.Қ.

Ақтау қаласы
2022 жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның өзара байланысы ... 6
1.1 Құқықтық мемлекет.Мазмұны және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Азаматтық қоғамның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы
2.1 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның бір-біріне қажеттілігі..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол. Тағы бір ескертетін мәселе азаматтық қоғам деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда азаматтық деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье -- мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант -- құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді. Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Маркс -- құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде -- мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады. Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны -- халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші -- адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.

1.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның өзара байланысы
1.1Құқықтық мемлекет.Мазмұны және сипаттамасы
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант -- құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны -- халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші -- адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады. Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі -- өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі -- халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару. Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы; қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы; қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау; қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру; қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:Заң -- мемлекеттің ақылы.Сот -- мемлекеттің жүрегі.Мәдениет -- мемлекеттің тәртібі.Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату -- деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: Бостандық! Тендік! Әділеттік! халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді.Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар... деген мақал дұрыс келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік. Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келедіЕкінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме ұрандарынан ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары: мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру; нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру; қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту; бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).Демократиялық мемлекет -- Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі -- Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық (1-6. 2-т.).Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі, мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін -- Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат. Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.
Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілері.Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары -- барынша ескі идеялар, оның негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон, Аристотельдер есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес проблемасы айрықша маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады. Канттың ойы бойынша, мемлекет -- құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі. Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының объективті қа-жеттілігін түсінеді.Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып табылады. Ш.Монтаскье: Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет деп дәлелдеді.Г.Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта оты-рып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:1. Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғам-ның -- автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы.2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді білдіреді.3. Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің алдын алумен негізделеді.4. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғары заң күшіне ие және мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конституция негізгі заң болуы тиіс дегенді білдіреді. 5. Құқықтық мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің салтанат құратын органы болуы керек. Сот -- қандай да бір ықпалдан тәуелсіз қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган. 6. Құқықтық мемлекеттің негізі -- тұлғаның бостандығының, оның құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және кепілділігі.Сөйтіп, құқықтық мемлекет -- бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.
1.2 Азаматтық қоғамның түсінігі

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Мемлекет, теориялық негіздері
Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Азаматтық қоғам дамуының алғышарттары
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мәні
Пәндер