Биліктің ауыспалылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласы
Физика- математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының қоғамы

Тақырып: Қазақстандағы ақыл-ойдың ағылу мәселесі: себептері мен шешу жолдары

Орындаған: Еслямова Айару 12В

Жетекші: Мукушева Г.Б

Ішкі модератор:

Қазақстандағы ақыл-ойдың ағылу мәселесі: себептері мен шешу жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 3
Зерттеу сұрақтары 3
Қазақстандағы білікті мамандардың, ғылыми кадрлар мен кәсіби қызметкерлердің басқа елдерге қоныс аударуына қандай факторлар әсер етеді? 3
Жас буын мен аса білікті мамандардың көші қонының Қазақстанға әсері қандай? 3
Ақыл ойдың ағылу мәселесін қалай шешуге болады? Қазақстан осы мәселемен қалай күресуде? 4
Зерттеу әдістері 4
Зертеу қорытындысы 5
Бағалау 6
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 7
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 7
ҚОСЫМША 9

КІРІСПЕ
Ақыл ойдың ағылуы деп орташа оған қоса жоғары білімі бар және осы білімін өз елінің аумағында қолдана алмаған ғылыми кадрлардың, мамандар мен кәсіби қызметкерлердің дамыған жетекші шет елдерге тұрақты жұмыс үшін қоныс аудару үдерісін айтады. Ақыл ойдың ағылуы Қазақстандағы ғана емес, күллі әлем елдері арасындағы ең өзекті деген мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, бұл мемлекеттің ұлтық экономикасын әлсіретіп қана қоймай, оның дамуын тежейді, адам капиталының орташа деңгейінің төмендеуіне және елдің ғылыми потенциалына теріс әсер етеді.
Білікті мамандар әртүрлі себептерге байланысты шет елдерге көшеді. Олар басқа елдерге экономикалық, әлеуметтік, діни немесе отбасылық себептер бойынша қоныс аударып жатады. Көбінесе отанындағы жұмыс орындарының тапшылығы,саяси жүйелердегі сыбайлас жемқорлық, білім мен ғылымның дамуына бөлінетін қаржыландыру деңгейінің төмен болуы, білім беру сапасының төмендігі, шет елдегі жоғарғы еңбекақы мөлшері, аса сапалы өмір сүру деңгейі, ғылыми зерттеулерге арналған жақсы жағдайлар және де қазіргі тұрып жатқан мекенінде болашағына деген сенімсіздік - білікті маман иелерінің өз мекендерінен бөтен елдерге қоныс аударуына себепкер. 2020 жылғы пандемияға және шекаралардың жабылуына қарамастан аса білікті мамандар Қазақстандық эмигранттардың 53,6% үлесін құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 52% болған еді. Оған қоса 2013 жылдан бері елімезге көшіп келетін мамандар саны тұрақты түрде азайып келеді. Өткен жылдың өзінде бөтен елдерге қоныс аударған мамандар саны елімізге көшіп келген маман иелерінің санынан 3,5 есе көп болған еді. Негізінен техникалық білімі барлар, экономистер мен мұғалімдер елден кеткен. [4]
Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы ақыл-ойдың ағылу мәселесінің себептері мен шешу жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының сұрақтары:
Қазақстандағы жас буынның, ғылыми кадрлар мен кәсіби қызметкерлердің басқа елдерге қоныс аударуына қандай факторлар әсер етеді?
Жас буын мен аса білікті мамандардың көші қонының Қазақстанға әсері қандай?
Қазақстан осы мәселемен қалай күресуде?
Зерттеу жұмысының әдістері:
Ғаламтор желісіндегі мақалаларға анализ жасау
Статистикалық инфографикалар мен мәтіндерді талдау
Жоғарғы сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізу
Қазақстаннан итермелейтін және шет елдерге еліктіретін факторларға PEST әдісін қолдану арқылы талдау жасау
Гипотеза: Қазақстандағы ақыл ойдың ағылуы мәселесіне елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғары болуы, білім сапасының төмен болуы, жұмыссыздық деңгейі және мемлекеттегі жұмыс орындарындағы жалақы мөлшерінің аз себепкер.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу сұрақтары
Қазақстандағы жас буынның, ғылыми кадрлар мен кәсіби қызметкерлердің басқа елдерге қоныс аударуына қандай факторлар әсер етеді?
Рейтинг форматында Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізетін Ranking.kz жобасының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 2013-2019 жылдар аралығында елден көшіп кеткен мамандар саны тұрақты өсіп отырған. Алайда 2020 жылы коронавирустық дағдарыс кезінде шекаралардың жабылуына байланысты шетелге 15,6 мың маман қоныс аударған. Бұл 2019 жылы елден кеткен 23,5 мың маман санының үштен бір бөлігіне кем. Ал Қазақстанға қоныс аударған 4,4 мың маман саны 2019 жылы елге келген 4,7 мың маман санының жеті пайызына кем. Көріп отырғандай тіпі короновирус пандемиясы уақытында 2020 жылы Қазақстаннан мамандардың кетуі елге келген мамандар санынан 3,5 есе көп. [5]
Қазақстандық жастар мен кәсіби қызметкерлердің елден кетуіне көбінесе елдегі жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасының төмендігі, жемқорлық, жалақы мөлшерінің төмен болуы, шет елдегі жоғарғы еңбекақы мөлшері, аса сапалы өмір сүру деңгейі және ғылыми зерттеулерге арналған жақсы жағдайлар әсер етеді.
Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азиядағы Қазақстан Республикасының кеңсесінің Орта Азия елдеріндегі жастар миграциясы зерттеу жұмысына сүйенетін болсақ, жастардың басқа елдерге кетуінің себептері мынандай: [6]
Жемқорлық, бюрократия, тиімсіз мемлекеттік басқару
Мамандыққа сұраныстың болмауы, мансаптық даму болашағы болмауы
Мемлекеттің даму деңгейі төмендігі
Өздерінің және балаларының болашағына деген сенімсіздік
Жоғарғы жұмыссыздық деңгейі, жалақының аз болуы, әлеуметтік кепілдіктердің болмауы
Медицина мен білім беру деңгейінің төмендеуі
Адам құқықтарының жиі бұзылуы
Жас буын мен аса білікті мамандардың көші қонының Қазақстанға әсері қандай?
Білім беру саласындағы ақыл ойдың ағылуы оның сапасының айтарлықтай нашарлауына әкелді. Білім беру ортасындағы мамандар буынының сабақтастығын жоғалту қазіргі уақытта олардың 30%-ға жуығы жоғары оқу орындарын, ал қалған 70%-ы колледжді бітіргендер болуына себепкер. [11]
Серпін жобасы бойынша 2019 жылы студенттердің 40%-ға жуығы оқуын бітіріп, жұмысқа орналаса алмаған [10], бұл мәжілісмен Мұрат Бақтиярұлының қазір көптеген жоғары оқу орындарының сапалы білім беруге емес, диплом беруге ден қойғаны туралы сөзін растайды. [11]
Нәтижесінде білім сапасының төмендігі түлектерге қойылатын талаптарды төмендетеді: ҰБТ-да 50 балл жинаған мектеп оқушылары мемлекеттік грант иегері атануға әбден қабілетті, ал оқуды бітіргеннен кейін олар біліктілігі жоқ қызметкерлер қатарына қосылады.
Нәтижесінде ел ішінде білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының деректеріне сүйенетін болсақ, 2021 жылдың шілде айында электронды еңбек биржасындағы бос орындардың саны түйіндемелер санынан 3,7 есе көп болған еді. 81,7 мың бос жұмыс орны және 47,9 мың түйіндеме болды. [3]
Қазақстан осы мәселемен қалай күресуде?
Қазақстан Республикасының БҒМ қарасты ADAL BILIM жобалық кеңсесінің төрағасы Талғат Нәрікбаевтың ойынша, Қазақстандағы жоғары білім беру ұйымдарындағы білім беру сапасын көтеру жастардың шет елдерге қызығушылығын азайтады. [8] Осы орайда Қазақсатндағы жоғарғы оқу орындарының жетістіктерін атап өтуге болады.
Сулейман Демирель атындағы университеттің өз студенттеріне Beta Career жобасына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба соңғы курс студенттерінің жқмысқа орналасуына бағытталған. Осы жоба аясында, оқу жылының жетінші семестірінде болашақ түлектерге жұмыс орындарында практикадан өтуге мүмкіндік беріледі. 2020-2021 оқу жылы Инженирия және жаратылыстану ғылымдары, Құқықтану және әлеуметтік ғылымдар факультеттері 160 аса жұмысқа орналасу жайлы құжатқа қол қойды. [1]
КИМЭП университеті 6 бағыт бойынша қос дипломды оқу жобасын жүргізеді. Ол үшін Берлиндегі Гумбольд, Глазго университетімен, IESEG менеджмент мектебімен және тағы да басқа шет елдік жоғарғы оқу орындарымен бірлесе қызмет атқарады. Және де КИМЭП университеті Эразмус Мундус халықаралық жобасының мүшесі болып табылғандықтан, бакалавр және магистратура студенттеріне алмасу бағдарламаларына қатысуына мүмкіндік береді. [9]
Қазақстанда жастарды қолдауға арналған Жасыл Ел, Дипломмен ауылға, Болашақ, Жас Маман, Жастар практикасы, Серпін, Президенттік жастар кадр резерві секілді жобалар жұмыс атқаруда. [7] Соның ішінде Болашақ жобасын ерекше атап өтуге болады. Бұл 1993 тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойыншы жасалған болатын. Оның мақсаты - отандық мамандарды әлемнің үздік университеттерінде оқыту. Бұл шетелде тегін білім алуға мүмкіндік берген ТМД елдеріндегі бірінші бағдарлама. Оқудан кейін Қазақстанда 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс атқаруға міндетті. Қазақстан Республикасы Президентінің Естуші мемлекет тұжырымдамасы аясында жұмыс істейтін Baige News ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы жағдайға сай 10 мыңнан астам маман дайындылды. Жартысынан көбі гуманитарлық мамандықтар, 37,8% инженерлік-техникалық 7,4% медециналық мамандықтар бойынша білім алды. Түлектердің 40% экономиканың нақты салаларында, 20% білім беру және ғылым саласында, 7% медицина және денсаулық сақтау саласында жұмыс атқарған. [2] Бұл Болашақ бағдарламасының түлектерінің жұмыс берушілер арасындағы сұранысын көрсетеді.
Зерттеу әдістері
Қазіргі таңда жастардың қай жерде жоғарғы білім алғысы келетіндігі және өз болашағын қай елде елестете алатындығын анықтау үшін questionpro платформасын қолдану арқылы жоғарғы сынып оқушылары (10-12 сынып) арасында сауалнама өткіздім. Бұл сауалнамаға барынша көп оқушы қатысу үшін сауалнамадағы сұрақтар қазақ және орыс тілдерінде берілді. Бұл сауалнамаға жалпы 41 оқушы қатысты. (қосымша 1) Бұл сауалнама нәтижелері тұрақты емес. Себебі оқушылар өз пікірлерін мектеп бітіргенше дейін бірнеше рет өзгерте алады. Бұл тек жалпы болашаққа болжам ретінде қабылдана алатын сауалнама.
Бұл сауалнамаға 23 әйел адам және 18 ер адам қатысты. Респонденттердің көбісі 15-18 жас аралығында. Сауалнамадан өткендердің жартысы 17-18 жастағы оқушылар. Ең аз үлес 19 жастағы оқушыларға тиісті. Небәрі 5 оқушы екен.
Сауалнамадан өткен оқушылардың шамамен бестен бір бөлігі 12 сынып оқушылары. Бұл жоба тақырыбының болашақ түлектер арасында өзекті мәселелрдің бірі екенін көрсетеді.
Қазақстанда оқығысы келетін оқушылар саны 8 болған. Бұндай көрсеткіш Оңтүстік Корей және АҚШ тандаған оқушылар санымен тең. Яғни осы үш елді таңдаған оқушылар барлық жауаптардың шамамен 60% қамтиды. Қалған оқушылардың арасында алтауы Ресейде, жетеуі Канадада білім алғысы келеді. Яғни, шет елде оқығысы келетін оқушылар саны - 29. Оған қоса 4 оқушы Жоғарғы оқу орнында оқу жоспарымда жоқ деген нұсқаны таңдаған болатын. Бұл сауалнамадан өткен оқушылардың шамамен 10% құрайды.
Осы 10-12 сынып оқушыларының шет елде оқуының негізгі себебі шет елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі болып табылады екен. Бұл нұсқаны 18 оқушы таңдады. 17 оқушы елдегі жемқорлық деңгейін, 15 оқушы елдегі білім сапасының төмендігін, 11 оқушы өмір сүру деңгейін таңдады. Оған қоса 13 оқушы шет елде алған білім жоғарғы жалақы кепілі деп санайды.
Респонденттердің 56,1% магистр оқуын шет елде жалғыстырмаймыз дейді. Яғни 23 оқушы Бакалавр оқуынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Саяси режимдер салыстырмалы талдау
Саяси жүйелердің жіктелуі
Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси режимдерді басынан өткізді
Демократия
Мемлекет жайлы
Солтүстік Бозащы кен орнында өндірістік тәжірибе есебі
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
5 қабатты тұрғын үйдің іргетас құрылысына технологиялық карта тұрғызу
Құқықтың тарихи типтері
Пәндер