Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс қимылы: тетіктері мен стратегиялары

ЖОСПАРЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І. Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
1.1. Тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы ... ..
1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ... ... ... ... ...
2. Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызы ... ... ... ... ... ... .
2.2 Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық маңызы ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның өзектілігі. Қытайдың Орталық Азия саясаты, Қытайдың ұлттық мүдделерімен байланысты болмақ.Тарихтан бері күштерін қауіпсіздік және экономиқалық мүдделері үшін сыртқа жайылуы айтарлықтай болмақ. Қытайдың геостратегиялық мүдделері үшін сыртқа жайылуы Шығыс (Aзия Тынық мұхит аймағы) және Батыс (Еуразия) болуымен екі бағытқа бағыталған. Қытай, солтүстігінде Ресей, оңтүстігінде Үндістан сияқты күшті мемлекеттер мен шекаралас болғаны үшін айтқанмыздай екі бағытқа ашылуға мәжбүр болған.
Шығыстағы көршіміз-Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен мүдделерін ашу өте маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара, қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын дамыту зерттеу жұмысының өзектілігін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын мәселе болып табылады.
Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек.
Қытайдың Тәуелсіз Орталық Азия республикаларына қатысты жүргізген сыртқы саясатын ашу дипломдық жобаның зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты. Дипломдық жобаның негізгі мақсаты Қытай мен Ресейдің тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысының Қытайдың сыртқы
саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
- ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселесін сипаттау.
- В. Путиннің Орталық Азияға бағытталған жаңа саяси бастамасын анықтау.
- Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызын ашу
- Орталық Азияның ЕО мемлекеттері үшін геостратегиялық маңызын аша отырып, объективті қорытынды жасау.
Дипломдық жобаның деректік негізі. Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады.
Екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сездері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай,түрк тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде және Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ, Железнодорожный транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның Хабар, Тәжікстанның Ховар, Қытайдың Синьхуа, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Дипломдық жобаның теориялық және әдістемелік негізі. Жобаның теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Қытай мен Ресейдің сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді.

I. Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері

1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаясы тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы

ҚХР-ның кұрушысы Мао Зедонгдың өлімінен кейін (9 қыркүйек 1976ж),Денг Хіаопінг,Қытайды билеуге бастаған.1978 жылдан бастап Қытайдың экономикасын тұрақтандыруға және Кеңестер Одағынан туатын қауіпке қарсы бірнеше реформалар жасаған. Бұл жағдай Қытай экономикасын тұрақтандыруға және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға өте тиімді болып табылған.Қытай басшысы Денг 1987 жылда 70 жылға арналған,3 этаптан тұратын мемлекеттің дамуы үшін стратегиялық жоспар қабылдаған.Осы 3 этап төмендегідей белгіленген;
1. 1980-1990 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) мөлшерін 250 доллардан 500 долларға жеткізу, халықтың тұрмыстық мәселелерін шешу.
2. 1990-2000 жылдар арасында Қытайдың ЖІӨ мөлшерін 800-1000 долларға жеткізу,халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 1 триллион долларға жеткізу.
3. 2030-2050 жылдарында ЖІӨ мөлшеріні 2 ессе дамыту,4000 долларға жеткізу. Қытайдың ЖІӨ мөлшері 6 триллион долларға жеткізу.
10 қазан 2000 жылы Қытай Комунисттік партиясы 15-ші Конгресінің 5 жиналысында Қытай басшысы Цзянг Цземін, Қытайдың 2-ші этапты аяқтағанын және 2001 жылдан бастап 3-ші сатыға өтеді деп жариялаған. Қытайдың 70 жылдық стратегиялық жоспарын орнату үшін мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтау керек болған.АҚШ пен Батыс мемлекеттері, Қытайға экономикалық жәрдем көрсетіп , халықаралық системаға кіруіне септігін тигізді.Батыс елдерінің экономикалық және саяси мүдделері (терроризммен күрес,қауіпсіздікті сақтау және аумақтық одақтар)жағынан Қытайдың дамуына оң әсер еткен болатын және досттықты,тыныштық сақтау,теңдік,екі жақты қатынастар болып табылады.Бүкіл осы сыртқы саясат,елдің дамуы үшін стратегиялық жоспарын орындауға негізделіп жасалған.
Қытайдың 2003 жылы жасаған сыртқы саясат стратегиясында,көрші елдерге ашылу тиімді санап, Азия орталықты жаһандық саясат ретінде қарастырылған. Қытай үкіметі жағынан Көршілес аумақ елдерге қарай сыртқы саясаты,негізінде"көршілердің бай болуы","жақсы көршілік" және "көршілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" сияқты қағидаларға сүйенген. Қытайдың көршілес аумақ елдерге қарсы саясаты нәтижелі болып,болмауы,дамуы үшін идеал орталықтың дайындалуымен байланысты болмақ .Айтылған саясатқа қарай кіретін аумақтар,Солтүстік Шығыс Азия(Солтүстік Корея,Оңтүстік Корея және Япония),Оңтүстік Шығыс Азия (Оңтүстік Шығыс Азия одағына кіретін елдер және Үндістан) және Орталық Азия (Ресей, Орталық Азия ,Түрік мемлекеттері)болмақ. Осы саясаттың, жаһандық және аумақтық кері әсерлерінің болмауы үшін,Қытай саясатын,тарих шеңберіндегі күшті елдерге ұқсамайтын "бейбіт өрлеу"деп жариялаған. Қытайдың геополитика жағдайы, басқа дамыған мемлекеттерге қарағанда,өте күрделі болмақ.Яғни,дүниежүзінде ең көп көршісі болғандықтан,күрлықдағы шекерасы 22 мың км,теңізмен шекарасы 18 мың км болмақ.Көршілес елдердің тұрмыстық жағдайының жақсаруы,Қытайдың дамуына тура әсер етуде.Көршілес елдердің қауіпсіздігі,Қытай елінің сыртқы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
1.1. Кеңестер Одағының ыдырауы,тәуелсіз Орталық Азия елдерінің геосаяси тұрғыдан Қытай үшін маңыздылығы.
Геосаясат - бұл саяси үрдістердің мемлекеттер орналасқан аумақтық - кеңістікке, олардың климатына, табиғи ресурстарына және т.б. тәуелділігін мойындаудан басталатын саяси тұжырымдамасы, білімдер жүйесі. Геосаясат кеңістікті саясат (мемлекет) тұрғысынан қарастырады. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы, ең алдымен, географиялық детерменизм тұжырымдамаларымен байланысты
Соңғы уақытта саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда. Посткеңестік кеңістік, ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі болып табылады. Ол өзіне Ресей Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава, Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің геосаяси кеңістіктерін қосып алған. Осыған байланысты жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда - экономикалық әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика, саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең перспективасы ашылды. Посткеңестік кеңістік аумағында жаңа мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады.
Қытай,Орталық Азия елдері тәуелсіздігін жариялағанан кейін алғаш осы елдерді таныған және дипломатиялық қатынастарды орнатқан мемлекеттердің қаттарында болды.27 Қараша 1991 жылы Ресей және Орталық Азиядағы елдердің тәуелсіздігін мойындаған. 2 ақпан 1992 жылы Өзбекстан, 3 ақпан 1992 жылы Қазақстан, 4 ақпан 1992 жылы Тәжікстан, 5 ақпан 1992 жылы Қырғысзтан, 6 ақпан 1992 жылы Түркменистан мен дипломатиялық қатынастарды орнатқан.Аумақ елдерінің егемендік алуымен Қытайдың батыс жағында бірнеше өзгерістер пайда болған:
1.Батыс күштерінің аумаққа кіріп бастауы.
2.Ресей аумақ елдерімен қатынастарын үзбеген және Ресейдің аумақтағы стратегиялық мүдделерінің жалғасуы.
3.Түркия және Иран сияқты аумақтағы Исламдық күштер,Орталық Азияны мемлекеттік мүдделеріне сай кіруге бастағаны .
Халықаралық аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге одақ кұруына себепші болған.1995-1996 жж.Қытай-Тайван арасындағы киікілжің,АҚШ-тың әскері басқысы нәтіжесінде соғыс қауіпін туындатқан. Тағыда 1996 жылы АҚШ-Япония қауіпсіздік одағының кұрылуы да Тайван қақтығысына әсер еткен .1996 жылы Пекін үкіметі Ресей,Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан мен бірге шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шанхай бестігі күрылған.
1.2 ШЫҰ-ның шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) -- 1996 жылы Шанхай бестігі деген атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан,Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)2001 жылы 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
1. мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;
2. саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
3.ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы көрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Халықаралық аренедағы өзгерістер Қытайдың Орталық Азия елдері мен бірге одақ кұруына себепші болған.
Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы саяси және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық, Қытайдың онымен шектесіп жатқан Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысы, Қытай мен Орталық Азияның Шанхай ынтымақтастық үйымы шеңберіндегі ықпалдастығы сарапқа салынған.
Бүгінгі халықаралық ахуалдың айтарлықтай тұрақты емес жағдайында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың бірден-бір негізі саяси және қауіпсіздік ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Орталық Азия өңірі тек шығыстағы Қытайдың ғана емес, бүкіл әлем елдерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймақ саналады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі тонаралық тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан көп тармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кіріуіне мол мүмкіндіктер туғызды.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен ойынның сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пөкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады.
Соңғы жылдардағы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм сияқты қауіпті құбылыстардың өршеленуі қауіпсіздік, саяси мәселелерді шешу бағытындағы әрекеттерді белсендіре түсті. Оның айғағы ретінде Қытай мен Орталық Азия республикалары арасында қол жеткізілген саяси, қауіпсіздік саласындағы аса маңызды құжаттарды атауға болады. Олардың қатарында лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдер, достық, ынтымақтастық Шарты бар. Аталған мәселелер, яғни өзара байланыстардағы саяси ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері диплом жұмысында қарастырылған.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы шекара мәселесінің шешілуі аймақ қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтаудың және өзара сан-саладағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі алғы шарты болып табылатыны сөзсіз.
Шекараның мығымдығы мен аумақтық тұтастық әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Тарихтан қалған мәселе болғандықтан, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысын талдар алдында осы мәселеге қатысты тарихи шолу жасалады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Қытаймен мемлекеттік шекараны екіжақты негізде шешуге бет алады. Содан көп дүркін келіссездердің нәтижесінде даулы жерлер бойынша уағдаластықтарға қол жеткізе отырып, Орталық Азияның үш республикасы Қытаймен шекара мәселесін толық шешті. Осылайша, Орталық Азия республикалары мен Қытайдың шекара мәселесіне үлкен нүкте қойылды. Ширек ғасыр бойына шешімін таба алмай келген тарихтан қалған бұл мәселе де оң шешіліп, Қытаймен аумақтық проблемалар шешу мәселесі көршілес Орталық Азиялық елдердің күн тәртібінен біржола түсті.
Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы 2005 жылғы 5-ші шілдедегі басқосуының тарихи маңызы өте зор. Ауғанстандағы жағдайдың біршама тұрақтануына байланысты халықаралық антитеррорлық коалицияның әскери инфрақұрылым нысандарын ШЫYen-ға мүше мемлекеттер (Қырғызстан, Өзбекстан) аумағынан алып кету мәселесі көтерілді. Бұдан байқайтынымыз, ұйымға мүше ірі мемлекеттер - Қытай мен Ресей Орталық Азиядағы АҚШ ықпалының күшейгенін қаламайды. Қалай болғанда да, Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ықпалдастықты одан әрі нығайта беретін болады. Орталық Азияның, жалпы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін факторлардың күшеюі байқалуда. Сондықтан Қытай мен Ресей үшін де, Орталық Азия республикалары үшін де лаңкестік күштермен бірлесіп күресу алғашқы міндет болмақ.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады.

II-тарау.Қытайдың Орталық Азиядағы геостратегилық жоспары.
90-жылдардағы сияқты Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азия басымды бағыттардың бірі болып отыр. Мысалы: 1994 жылы Қытайдың Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэн Ташкент сапарында төрт негізгі бағытты анықтаған болатын:
1. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сәйкес достық қатынастарды дамыту;
2. ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты үшінші елдерге қарсы бағытталмаған;
3. Қытай бұл аймақта Ресеймен бақталаспайды;
4. ҚХР Орталық Азия мемлекеттеріне қауіп төндірмейді 13. Біздің ойымызша, ҚХР-ның Орталық Азиядағы саяси басымшылықтардың негізгілері мыналар:
-аймақтағы пантюркизм мен фундаменталистік ықпалды шектеу;
- Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарды нығайту арқылы өзінің саяси-экономикалық ықпалын сақтап қалу;
-аймақтағы саяси күштердің тепе-тендігін және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы белгілі дәрежедегі қайшылықтарды сақтап отыр.
Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы жағдай тұтасынан алғанда ҚХР тиімді болып отыр. Сондықтан да ол бұл аймақтағы өзінің экономикалық мақсат-мүдделерін анықтап алды.Олар:
-ҚХР үшін Орта Азия мемлекеттерінде энергетикалық комплекстердің дамуы;
- Металлургия саласындағы өнеркәсіптер;
- Құрылыс саласындағы өндіріс органдары;
-Қазақстанға бос еңбек күштерін орналастыру, Қытайдан миграцияны күшейту маңызды.
Сарапшылардың пікірінше, егер Қытай Орталық Азияда экономикалық мәселерге көбірек көңіл бөлсе, қазіргі уақытта бірінші орынға геостратегиялық мақсаттар шығуда. Осы мақсатта Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) тығыз сауда-экономикалық қатынастар орнатуда. Ал Қазақстанмен ерекше қатынастарға мүдделі болып отыр.
11 қырқүйек оқиғаларынан кейін Орталық Азия және Оңтүстік Азия,АҚШ-тың ең тиімді деп санаған аумақтарына айналды,сонымен Қытайдың осы аумақтардағы мүдделеріне кері әсер еткені үшін Қытай сыртқы саясатын жаңа түрде қарастырды.АҚШ,Орталық Азияға орналасуымен,солтүстікте Ресейге бәсекелес ретінде,оңтүстікте Үндістан және Пәкістанга,шығыста Қытайға контрол жасауда,батысда Еуропа күресіні бұл аумаққа байланыстыруда негізгі рол атқармақ.. Тәжікстанда әскері бірліктері болған Ресейдің,Қырғызстанда әскері база орналастыруы және Үндістаның Тәжікстандағы Фаркорда әскері база орналастыру туралы келісімі,аумақтағы саясы жағдайды өзгерткен.Сондықтан осы аумақ АҚШ,Ресей және Қытайдың күш бәсексінің жаңа майданы болмақ.АҚШ-тың Орталық Азияға кіруі,аумақтағы террор әрекеттеріне қарсы және халықаралық терроризмен күрес атауымен Шығыс Түркісандағы ұлттық әрекеттерін басып тастауға жағдай жасаумен бірге,
1.Стратегиялық жағындан АҚШ-тың,Қытайды Шығыс-Батыс жақтарын қамауға мүмкіндік жасамақ.
2. АҚШ-Ресей арасындағы бәсекелестік, және ұйым кұру әрекеті,Қытайдың аумақтағы стратегиялық жағдайына кері әсер етпек.
3.Аумақтағы жағдай,Қытайды Азия-Тының мұхыт аумағына ашылу саясатыны қиындатуда.
4.АҚШ және одақтастарының Орта Азиядағы террорға қарсы күресу саясаты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жұмыс жасауына қауіп туындатқан.
5.АҚШ-тың энергоресурстарға сай жаңа проекттер жасауы,Қытайда энергия проблемасын туындатпақ.
Орта Азия аумағының көршісі Қытай,аумағың бірінші ойыншылары(АҚШ, Ресей) мен екінші ойыншылары (Түркия, Пәкістан, Иран,Үндістан) арасында өз мүдделеріне сай саясат жүргізуде.Осымен бірге Қытайдың,бұл елдермен ұйым кұру сияқты,бірден көп күшпен басқа бір күшке немесе күштерге одақ кұру мүмкіндігі болмақ.Өрнек ретінде Қытай,терроризмге қарсы АҚШ,Ресей және аумақ елдерімен бірге әрекет жасауда.АҚШ-тың Буш үкіметінің бір жақты гегомондық саясатына қарсы Ресей мен бірігіп,оған қарсы саясат ұстануда.11 қырқүйек оқиғаларындан кейін ортаға шыққан күшті елдер бәсекелестігінде,Қытай бір қауіп төндіретін жақ емес,аумағың тыныштығын сақтау,''soft power'', ягни жұмсақ күш колдану саясатымен өзіні танытқан.Орта Азия мемлекеттерінің саяси,қауіпсіздік және экономикалық алаңда көп жақты,саясат ұстанулары,Қытайдың маңыздылығын арттыруда.Қытай басқа жаһандық және аумақ күштерге қарағанда аумақта үстемдікке ие.Орталық Азияның геополитик маңыздылығы және энергоресурстарға ие болуы,күшті елдердің қызығушылығын арттыру мен бірге,олардың бәсекелестігі ашық,жасырын түрде жалғасуда..Орта Азия басшылары,Батыстың талаптарының,үкіметтеріне әсер етпеуі және жаңа халықтық нәразылық туындамауы үшін геополитик күштер,ягни Ресеймен,Қытайдың жәрдеміні таңдауда.Қытай да,осы сенімді маңызды деп санап,аумақта әртүрлі салада жұмыс атқаруда.Қытай,Орталық Азияда әдеті болмаған қауіпсіздік саласында өнемді бір актер болып танылуда.Қытай Халықаралық қатынастар институтының ғалымы Ху Тао,Қытайдың Орталық Азиядағы ролін мынандай белгілеген:
1.Ортақ қауіпсіздік тақырыбында Қытай,жауапты бір көрші елдер
2.Қытайдың экономиқалық саласында бастапқы рөлі жыл сайын артуда.
3.Қытай,әділетті бір,жаңа дүниежүзілік системдің болуын қалауда.Қытайдың экономиқалық даму моделі,Орталық Азия елдеріне үлгі алу дәрежесінде болмақ.
АҚШ-тың Қытай шекарасына дейін жақындасуы,Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен бастаған жаңа қатынастары,Қытайдың аумақтағы мүдделеріне сай келмеуде.Амерқандық ғалымдардың айтуы бойынша осы жағдай екі ел арасында,
1.Исламға қарсы ұйым кұру.
2.Террормен күресуде бірге әрекет жасау.
3.Терроризм және халықаралық контрабандалық тақырыбында қатынастар.
4.Ядролық қарулардың қолданбауы сияқты тақырыптарда екі жақты қатынастардың мүмкіндігі туралы айтылған.
Саясы жақтан АҚШ-ға қарсы әрекет жасау,аумақтық мүдде ретінде Орталық Азияда ұйым кұру және екі жақты\энергоресурстар және қару жарақ қатынастары себебімен,Қытай-Ресей қатынастары белгілі бір дәрежеде жалғасуда.11 қырқұйек оқиғасындан кейін Қытай-Ресей жақындасуы айтарлықдай байқалған.Қытай Орталық Азиядағы әсерін күшейтуге және Ресей де Өзбекстанның АҚШ мен қатынастарын үзуге тырысқан.
Қытайдың болашақта Оралық Азия саясаты шеңберінде,белгілі бір дәрежеде,аумақтағы күштер мен қатынастар жасау мүмкіндігі жоғары болмақ.Қытайдың бұрынғы ғалымы Гуан-Зінің стратегиясында,осы жайында айтылған:Аумақта "Үлкен мемлекеттер көп болса, Үлкен мемлекеттер мен бірге әлсіз елдерді жаулап аумақта гегомондық күш болуға тырысу".Ал аумақта"үлкен күштер көп болса,алғаш әрекет жасағандар риске кіреді,ал кейін әрекет жасағандарға өте тиімді "деп санаған.
2.1. Орталық Азияның Ресей үшін геостратегиялық маңызы
Бүгінгі күні Ресей Орталық Азия үшін түрлі аймақтық интеграциялық жобалар ұсынып отыр. Бұлардың ішінде ерекше орынды Еуразиялық экономикалық қауымдастық алары сөзсіз. Бұл территориялық аймағы мен өсу қарқыны тұрғысынан ең іргелі одақтардың бірі болары сөзсіз. Бүгінгі күні әлі де кедендік одақ атымен белгілі қауымдастық экономикалық одақ жағдайына дейін көтерілер болса институционалдық механизмдері кемелденген бәсекелестікке төтеп бере алатын қауқарлы күшке айналуы мүмкін.
Мұның тиімді және тиімсіз жақтарын салыстырып көрелік. Ресеймен құрылған экономикалық одақ мемлекеттердің егемендігін шектеуі мүмкін. Бұл бірінші кезекте шешімі орындалуға міндетті ұлттық органдардан жоғары тұрған органдар жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады. Яғни бүгінгі күні Еуропалық одақ атымен белгілі бірлестікке ұқсас қауымдастық болады. Бірақ Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық қауымдастық арасында елеулі айырмашылық та бар.
Біріншіден, Еуропалық одақ көп жағдайда тең әріптестердің одағы. Ал Еуразиялық қауымдастық Ресейдің үлкен әлеуеттік бәсекелестігіне негізделген. Бүгінгі күні кедендік одаққа қатысушы елдердің арасында экономикалық теңдік орнауы неғайбыл. Бұл жағдайды Ресей өзінің геостратегиялық басымдығын орнату үшін қолданатындығы айқын. Тіпті болмаған жағдайда теңдердің арасында бірінші болуға ұмтылары сөзсіз. Кедендік одақ жағдайында басты тұтыну нарығы Ресей болып қала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердiң геосаяси факторлары
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Пәндер