Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту


Кіріспе . . .

1. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері . . .

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағындтоппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары . . .

1. 2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда дидактикалық құралдардың алатын орны мен ролі . . .

2. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту

әдістемелері

2. 1 Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуады анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер . . .

2. 2 Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесінің эксперимент нәтижесі . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы. Бастауыш сатыда білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық - педагогикалық негіздерін терең зерделеуді қажет етеді. Ғылыми - педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру (Ю. К. Бабанский, И. П. Подласый және т. б. ), бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері (Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Элконин және т. б. ) бастауыш сынып мұғалімдерін (А. Калашникова және т. б. ), оқыту технологияларын қолдану (В. П. Беспалько, М. В. Кларин, С. Н. Лысенкова, В. М. Монахов, В. Ф. Шаталов және т. б. ) мәселелері зерттелген. Отандық ғалымдар А. Х. Арсенова, Ә. М. Мұханбетжанова, Т. С. Сабыров, Ш. Х. Құрманалина, Қ, А. Сарбасова және т. б. ғалымдар бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс - әрекетін, жеке тұлғалық дамуын, өз бетінше білім алуын, білім сапасын дамытудың тиімді жолдарын қарастырған.

Бастауыш сынып оқушылары даярлық кезеңінде қалыптаса бастаған оқушылырдың білім сапасын интерактивті әдістер арқылы дамыту П. Я. Гальперин, М. Н. Скаткин, А. В. Усова, республикада К. Ж. Аганина, М. А. Құдайқұлов, О. Мұсабеков, С. К. Нашарипова, О. Сәлімбаев сияқты ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Нәтежеге бағдарланған білім беруде бастауыш сынып оқушыларын тұлға ретінде қалыптастырып, білім сапасын дамыту көзделеді. Мұны интерактивті және басқада әдістерді қолдану арқылы жобалау қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерінің біріне айналып, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі байқалады. Біріншіден дәстүрлі оқыту әдістері бастауыш сынып оқушыларын бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен білім сапасын дамыту нәтежесіне жетуге кепілдік бермейтін күнделікті іс-тәжірибені көрсетіп отыр. Екіншіден, оқушылардың білім сапасын олардың оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуына, ал ол білім мазмұнының берілуіне тәуелді. Бастауыш сатыдағы оқу материалдарының логикалық құрылымы мен пәндік мазмұнын анықтауға және білім мазмұны толық меңгертуге деген қажеттіліктер өсіп отырғанымен, оның оқушыға ұғымды, әсерлі берілуіне жете мән берілмеген. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының жаңа педагогикалық технологияларға қызығушылықтары байқалады, бұған бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен, білім деңгейінің қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Себебі бастауыш сатыда жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім сапасын дамытудың педагогикалық шарттары айқындалмаған. Бұл педагогика ғылымында жаңа әдіснамалық негіздері ғылыми зерттеуді талап етіп отыр және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанан бері қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруден жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап етеді. Жедел жаңарып тұратын әлем және ақпарат ілегінің ұлғаюы жағдайында қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемі ретінде білім беру жүйесінің ролі мен маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан келгенде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, үздіксіз білім берудің ролі зор екені даусыз.

Қазір Қазақстандық білім беру мазмұны заман талаптарына сәйкес ұлттық, ізгіліктік нышандарды қамтып жаңартылуда, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде бастауыш сыныптың білім бағдарламасы қайта сараптамадан өткізу қаралуда.

Оқу-танымдық іс-әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатындағы сырттай тануы. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқығандарды меңгеретін іс-әрекеттер түрлері болып табылады.

Оқу - танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі-оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», оқушының әрбір әрекетінің екінші бір жаңа әрекетке үнемі ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үдерісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдерін іздестіру өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі кезде кез-келген өскелең ұрпақ шап-шаңдықты, ерекше ақыл ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттігін және оқу - танымдық қызығушылықтары арқылы білім алуға және оны меңгертуге талпындыруды қажет етеді. Яғни, оқу іс-әрекетін сәтті жүзеге асыру үшін танымдық қызығушылығын қабілетін белгілі бір дамыту қажет. Осыған сүйене отырып, біз оқытудың сәттілігі танымдық қызығушылықты дамыту деңгейіне байланысты деп болжадық. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнін оқыту арқылы танымдық қызығушылығын арттыруға болатынын білдік.

Дегенмен, Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуды қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі қоғам талабына сай бастауыш сынып оқушыларының дүниетануда орындайтын жұмыстар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістелер әді де болса заман қажеттілігі арасында қайшылықтар туындап отыр.

Бастауыш сынып оқушыларына өмірге деген сыни көзқарасын қалыптастыра отырып оны өмірде пайдасына жарату жағдайда қолдана білуге үйрету жаңа білім беру бағдарламасының өзекті мәселесі болып табылады. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеуді айқындап, тақырыпты " Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту " деп алдық.

Жобаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту шарттарын бастауыш сынып дүниетану пәні бойынша ғылыми әдістемелік тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік- экспериментте тексеріп қортындысын шығарып, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту белсенділігін оптималдауды талап ететін бастауыш мектепте оқытудың нақты оқу жүйесі.

Зертеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту деңгейімен байланысты болатын оқытудың тиімділігінің артуы.

Жобаның ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамытудың әдістері ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделсе; дүниетану пәндерін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығық іс-әрекеттерін дамытудың әдістері әдістемелік-тәжірибелік негізінде анықталса, онда оқушылардың танымдық қызығушылығы арттады, өйткені бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабақтары олардың оқу танымдық іс-әрекеттер түрлерінің ауысып отыруын талап етеді.

Жобаның міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік негізін айқындау және мәнін ашып көрсету;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың мүмкіндіктерін анықтау:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, танымдық іс-әрекеттердің өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың әдістерін жетілдіру және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеріп, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістерін жетілдіру, танып-білу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, оны ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану оқушылардың танымдық қызығушылығын дамуына мүмкіндік тудырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып табиғат, қоғам, техника дамуының жалпы заңдылықтары; таным теориясы мен ғылым логикасы, дамыта оқу теориясының негіздері туралы философия, психология, педагогика ғылымдары, оның ішінде дүниетану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі, философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; бүкіл әлемдік прогрессивті психологиялық-педагогикалық ғылымдардың фундаменталды ережелері, білім мен басқару салаларындағы жалпы адами құндылықтар құрайды,

Зерттеу әдістері:

- зерттеу теориялық негізін айқындау мақсатында философиялық және психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау;

- дүниетану пәндеріне қатысты бағдарламаларға, құжаттарға, оқулықтарға, әдістемелік құралдарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау, дүниетану пәндерін оқытудағы отандық озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену, талдау,

- тәжірибелік эксперимен жүргізу, бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамытудағы оқыту үдерісін бақылау, оқытушылармен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу және эксперимент нәтежелерін дүниетанулық статистикалық бағалау арқылы қортындылау.

Зерттеу көздері: Білім беру саласындағы арнайы мемлекеттік құжаттар, Мемлекттік білім беруді дамыту бағдарламасы [83], Білім беруді дамыту тұжырымдамасы [84], ҚР-ның білім беру туралы заңы [85], ҚР жалпы білім беретін мектептің тұжырымдамасы, зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, оқушылардың ізденістерін қалыптастыру бағытындағы өткізген пән мұғалімдерінің озық тәжірибелері, соңғы уақыттағы педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтежелері оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік кешендер, педагогикалық, кәсіби іс-тәжірибесі.

Зерттеу базасы: қаласы. Мектебі №

Зертеу негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде Жоба жұмысының тақырыбына сай қазіргі қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, инновациялық- педагогикалық, мәдени өзгерістерге байланысты бастауыш білім беру жүйесінің даму тенденциялары қарастырылып, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Отандық шетелдік ғалымдардың ғылыми теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеуді талдау және бастауыш мектепте оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеу жұмыстарының негізінде бастауыш сынып оқушыларын танымдық іс-әрекетке баулитын ғылыми әдістемелік негіздері және ғылыми апараты анықталып, оқу үдерісіне енгізілді.

Екінші кезеңде з ертеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, танымдық қызығушылығын дамытудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға арнайы бағдарлама жасалынды, зерттеу базаларындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтежелері кезең-кезеңмен жүйеленіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараланады. 2021-2022 жылғы жүргізілген педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстарының қортындылары шығарылып, нәтежелері анықталып бір жүйеге келтірілді. педагогоикалық эксперимент жұмысының нәтежелеріне талдау жасалынып, сандық және сапалық тұрғыда өңделіп, дипломдық-жоба жұмысына қойылатын талап бойынша рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудамытудың әдістерінің ғылыми-әдістемелік негіздері пәндер тұрғысынан айқындалады және мәнін ашып көрсетіледі.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың әдістерінің бүгінгі жағдайы сараланып, мүмкіндіктері анықталады.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері мен деңгейлер айқындалады.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың әдістерін жетілдірудегі дүниетану пәндерін оқытудың әдістемесі айқындалып, оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді, қорытынды нәтежесі шығарылды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытып әдістердің ғылыми-әдістемелік негізі;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытатын әдістердің мүмкіндіктері мен оны жетілдіру жолдары;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың педагогикалық, ғылыми-әдістемелік жүйесі, эксперимент нәтежесі және әдістемелік ұсыныстар.

Зерттеу нәтежелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Дипломдық зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізінің дәлелденуі мен зерттеу мазмұнының сапалық, мазмұндық деңгейі жоғары болды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Диалектикалық таным теориясы, адамды ең жоғары құндылық ретінде танитын тұлғалық бағдарлы білім беру тұжырымдамасы, тұлға мен оны дамытудағы іс-әрекет теориялары, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы.

Зерттеу көздері: Философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, жеке тұлға мен оның іс-әрекеті, оқу іс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы, білім мазмұны және оны меңгерту үрдісі, оқыту технологиясы, бастауыш сынып мектепте интерактивті оқыту әдістерін пайдалану туралы ғылыми еңбектері, бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттары, білім беру туралы нормативті құжаттар, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту тұжырымдамалары, электрондық әдістемелік жүйе, озық тәжірибелер, сондай-ақ дипломның педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастауыш мектептің құжаттарын (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, оқу үрдісін бақылау, мониторинг.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа оқыту технологияларын қолданудың теориялық және практикалық маңызы, интерактивті оқыту әдістерінің мазмұндық сипаттамасы, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын қалыптастыру моделі тәжірибеге ендірілді.

Зерттеу нәтежелері мен қортындыларын жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жоба жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері

1. 1 . Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағындтоппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары

Қазіргі кезде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық саласына белсенді атсалысатын, іс−әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Мұндай адамды қалыптастыру шарты - оның табиғатынан берілген танымдық белсенділігін дамыту, өйткені ақыл-ойтұрғысынан саналы әрекет ету қабілеті танымдық белсенділікке тәуелді. Баланың таным белсенділігінің дамуындағы тұғырнамалық саты- мектеп кезеңі, ол айрықша қарқынды түрде кең ауқымда бастауышта көрінеді. Кңшң мектеп жастағы балалардың танымдық қызығушылығын, әрекетін дамыту ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен сипатталатын осы заманда ерекше маңызға ие. Ақпараттардың ұлғаюы балада өзіне қойылған талаптар шеңберінен асып, өз ойын жүзеге асыруда ерекше шешімдер табуға мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.

Танымдық қызығушылық - ерекше психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер қалыптасады, дамиды, жетіледі, әрі психикалық күй өзгереді. Психологияның зерттеу пәні мен нысанына сай: психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік, ерік-жігер процестерінің дамуынан, психикалық қасиеттері мен сапаларының, психикалық күйі-кейпінің, жағдайының және жаңа психикалық жасалымның қалыптасуынан құралады. Балалардың таным белсенділігін дамыту жағдайына жасалған талдау, олар ішкі тұрғыда әрекет етуге, өзінің таным қызметінің тәсілдерін жеткізуге, ойлау өзгешеліктерін көрсетуге ұмтылады, әрі мектепке келгеннен бастап олардың танымдық белсенділігі жандана түседі. Балалардың таным белсенділігінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу осы процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оны дамытуға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруда болатын күрделі де өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ -психологтар: Г. С. Батищев, В. Н. Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г. С. Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В. Н. Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л. С. Выготский, А. М. Коршунов С. Л. Рубинштейн, С. М. Жақыпов, т. б. Л. С. Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А. М. Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С. Л. Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С. М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеті көзделген. Сондықтан осы міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалануға, қоршаған ортамен таныстыруды ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер бар: жеке тұлғаның танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін дамыту А. Е. Әбілқасымова, Б. А. Тұрғынбаева, қазіргі кезеңде оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары А. С. Мустояпова, болашақ мұғалімді қазіргі білім технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендендіруге дайындауЖ. Ж. Айтпаева, Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары арқылы баланың танымдық белсенділігін дамытуЕ. К. Нурланбекова, т. б. еңбектерінде айқындалған. Ал қоршаған ортамен таныстыру мәселелері К. Ж. Жүнісова, З. Ф. Олейник Қ. А. Аймағамбетованың зерттеулерінде кездеседі.

Танымдық қызығушылық өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», ол әрекеттерді оқушының бірінен екіншісіне ауыстыруымен байланысты, бірақ ол әрекет танымдық белсенділіксіз іске аспайды. Дегенмен, таным белсенділігін ойдағыдай дамытудың педагогикалық шарттары әлі де толық айқындалмаған күйде қалып отыр. Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін қоршаған ортамен таныстыру негізінде дамытуүшін, дүниетану пәнінен оқу процесін тиімді ұйымдастыруда, оқытудың түрлерін, типтерін, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын, технологиясын дұрыс пайдалану қажет. Сондықтан оқу үдерісінде баланың білім алуға, танымдық қызығушылығын дамытуға, әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойын дамытып, жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шарттарды айқындап, оқыту процесін соларды ескеріп ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай балалардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесi зерттеудi талап ететiн маңызды мәселе болып отыр. .

Белсенділіктің теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К. А. Абулханова-Славская, М. И. Лисина, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, С. В. Герасимов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина) еңбектерінде берілген. К. А. Абулханова-Славская мен М. И. Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады. А. М. Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я. А. Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С. В. Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т. И. Шамова мен Г. И. Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Дүниетану сабағында кіші мектеп жасындағы оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz