Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе қаласы физика - математикалық
бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазақстан тарихы
Курстық жұмыс



Оқу бағдарламаларға сәйкес тақырыптың бағыты:
Экологиялық зерттеу
Тақырып: Қазақстандағы қоршаған ортаның ластану мәселесін қалай шешуге болады?



https:text.ruantiplagiatunautho rized - 86.20 %
https:content-watch.rutext - 100 %

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орындаған: Әмірханов Темірлан
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жетекші: Аязова З.К.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішкі модератор: Аязова З.К

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме
Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

Әмірханов Т.
Ақтөбе, 2022

Мазмұны
1. Кіріспе 2
2. Негізгі бөлім 3
2.1. Қоршаған ортаның ластану түрлері 3
2.2. Қоршаған орта және адам денсаулығы 4
2.3. Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары 4
2.4. Мемлекеттердің қоршаған ортаның ластану мәселесіне қарсы күресі 4
1. Зерттеу әдісі 5
4. Зерттеу жұмысының нәтижелері 6
4.1 Сауалнаманың нәтижесі 6
4.2. Сұхбаттың нәтижесі 7
5. Бағалау 8
6. Қорытынды 8
Рефлексия 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10
7. Қосымшалар 11

Кілт сөздер: Ластану, Қазақстан Республикасы, қалдықтар, қоршаған орта, болжам

1. Кіріспе
Қазіргі таңда қоршаған ортаның ластану мәселесінің өзектілігі мен масштабтығы қарқынды артуда. Оған қарамастан, қазіргі қоғам осындай ауқымды мәселеге мән бермей, табиғатты тоқтаусыз ластап жатыр. Жолдардағы көлік санының артуы, зауыт пен фабрикалардың қалдық мөлшерінің шамадан тыс болуы, көшелер мен қоғамдық орындарындағы қоқыстың лақтырылуы және басқа да антропогендік факторлардың нәтижесінде қоршаған орта үлкен зардап шегуде.
2016 жылы мемлекетте қалдық заттар шығарындыларының лимиті 4,7 млн тонна деңгейінде белгіленді. 2015 жылмен салыстырғанда, ластанудың шекті нормалары бірден 13,6% - ға өсті.[1] Осының барлығы бізге аталып кеткен мәселенің қаншалықты маңызды әрі тез арада шешім қажет ететіндігін айқын көрсетеді.
Өкінішке орай, осы проблема так Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде көрініс тауып жатыр. Ресей, Қытай және Америка Құрама Штаттары секілді супердержавалар да осы мәселеге тап болып, шешу жолдарын іздестіріп жатыр. Қоршаған ортаның ластану мәселесі әлемдік деңгейде қаралуы және талқылануы қажет, кері жағдайда, бұл мәселе бүкіл ғаламшар үшін қайтымсыз салдарға алып келуі мүмкін.
Жобаның басты мақсаты: Әлеуметтік зерттеудің түрлі әдістерін қолдана отырып, Қазақстандағы қоршаған ортаның ластану мәселесін жан-жақты зерттеп, себептері мен салдарын анықтай отырып, ең тиімді шешу жолдарын мемлекетке ұсыну.
Жобаның зерттеу өзектілігі: Қазіргі жағдайда халықтың денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы жетістіктер көбінесе қоршаған ортаның деңгейіне байланысты екені белгілі. Әлемнің барлық елдері экологиялық проблемалармен күресуде. Бүгінгі күні адамдар табиғатты қорғауға дағдыланбаған, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілі төмен, сондықтан да адамның табиғатқа, сондай-ақ соның нәтижесінде денсаулығымызға тигізетін зияны туралы айту маңызды және өзекті болып табылады. Ал осы мәселенің маңызы мен өзектілігі жайлы біз айтып ғана қоймай, оны Қазақстанда және жалпы әлемде қалай шешуге болатынын іздеу - біздің міндетіміз.
Зерттеу жұмысын жүргізу міндеттері :
* Зерттеу мәселесі бойынша ақпарат жинау
* Алынған ақпаратты сапалы түрде өңдеу
* Сауалнама мен сұхбат жүргізу арқылы алынған деректерге сүйене отырып, мәселенің ең тиімді шешу жолдарын анықтау
* Курстық жұмыс нәтижелерін қорытындылау және зерттеу сұрағына толықтай жауап беру
Зерттеу сұрақтары :
oo Қазақстандағы қоршаған ортаның ластану мәселесі қаншалықты өзекті?
oo Қазақстандағы қоршаған ортаны не үшін қорғау қажет?
Зерттеу гипотезасы : Қоршаған ортаның ластану мәселесінің алдын алуға болады деп ойлаймын. Ол үшін ішкі және сыртқы бірқатар іс-шаралар мен жобаларды іске асырып, қарапайым халық санасына қорашан ортаның біз үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу кілт шешімдердің бірі болады деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттерге қысқаша шолу : Бастапқы ақпарат көзі ретінде сұхбат және де сауалнама пайдаланылса, қосалқы дерек ретінде ғаламтор көздері мен бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылды. Сұхбат және сауалнама арқылы зерттеліп жатқан салада тәжірибесі мен қажетті білімі бар мамандардан сұрақтарыма нақты және толық жауапты алуға мүмкіндік болды. Тек қана сауалмана мен сұхбатты жүргізу зерттеу жұмысымды толықтай қанағаттандыра алмады, себебі зерттеу жұмысын толықтыру үшін жалпы статистикалық мәліметтер, осыған қоса қоршаған ортаның ластану мәселесі жайлы басқа мемлекеттердегі көрініс пен жағдаятты анықтау қажет болды. Ғаламтор ресурстарын зерттеу арқылы өзім үшін аса маңызды статистикалық ақпарат пен көзқарастарды жинақтай алдым. Ғаламтор көздері зерттеу жүргізу барысында аса құнды және пайдалы болды. Кейбір жағдайларда ғаламтор парақшалары мен сайттар орыс немесе ағылшын тілінде болды, сол себептен оларды қазақ тіліне аударуға тура келді. Сұхбат арқылы фактілермен қуатталған толық қанды жауаптар алып, ал сауалнама жүргізу нәтижесінде 80-ге жуық адамдардың берген жауаптары жоғары деңгейде пайдалы болды.

2. Негізгі бөлім
2.1. Қоршаған ортаның ластану түрлері
Қоршаған ортаның ластануы туралы ойлаған кезде, біз оны әдетте визуалды мәселе ретінде елестетеміз. Ойымызға бірден қоқыс үйінділері мен мұнай қалдықтарының төгілуі келеді. Алайда, бұл осы процесстермен ғана шектеліп, қоймайды. Өкінішке орай, қазіргі таңда қорашаған ортаның ластану түрлері өте көп. Солардың кейбіреулерін атап өтейік.
Судың ластануы.
Ластанудың бұл түріне су объектілерінің, әсіресе жер асты суларының ластануы жатады. Барлық тіршілік иелері өмір сүру үшін суға тәуелді болғандықтан, судың ластануы экожүйенің барлық деңгейіне, соның ішінде адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Өнеркәсіптік қалдықтар, пестицидтер мен тыңайтқыштар және мұнайдың төгілуі-ластанудың ең көп таралған көздері. Бұл ластаушы заттар уыттылыққа байланысты ағзаларды өлтіруі немесе судағы оттегінің деңгейін төмендетуі мүмкін.
Ауаның ластануы.
Орташа алғанда, ауа 78% азот, 21% оттегі, 0,9% оксидті газдар, 0,1% инертті газдардан тұрады. Ауа зиянды газдар немесе бөлшектер сияқты басқа элементтермен ластанған кезде, ол адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Күкірт диоксиді және көміртегі тотығы сияқты өнеркәсіптің жанама өнімі ретінде пайда ботатын қауіпті газдар, сондай-ақ пластмасса, резеңке және ағаш жағу нәтижесінде пайда болатын канцерогенді газдар ауаны ластаудың ең көп таралған көзі болып табылады.[2]
Топырақтың ластануы.
Пестицидтер, инсектицидтер, ауылшаруашылық химикаттары, өнеркәсіптік және радиоактивті қалдықтар - бұл топырақтың ластануының кең таралған көзі. Өсімдіктердің гүлденуі үшін топырақ құрамындағы қоректік заттар қажет, алайда көптеген химиялық қосылыстар өсімдіктердің гүлденуі үшін қажет азот молекулаларын сіңіреді. [3] Топырақтың ластануы, аймақты бос қалдырумен қатар, эрозияның жалпы себебі болып табылады, өйткені өсімдіктер мен басқа тірі организмдер топырақты байланыстыруда маңызды рөл атқарады.
2.2. Қоршаған орта және адам денсаулығы
Адамның денсаулығы қоршаған орта жағдайымен тығыз байланысты. Сапалы табиғи орта, таза ауа мен судың, азық-түлік өндірісі үшін құнарлы жердің, энергия мен өндіріс материалдарының негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Жасыл инфрақұрылым, сонымен қатар, климатты реттеуге көмектеседі.
Жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін сақтау адам денсаулығы үшін де үлкен маңызға ие. Табиғи әлем үнемі фармакопеяға пайдалы қосылыстарды ұсынады. Жануарлар мен өсімдіктерден алынған табиғи өнімдер зерттеулер мен диагностикалық құралдар үшін өте маңызды, оларды қоршаған ортаның ластануымен байланысты аурулардың индикаторы ретінде пайдалануға болады.[4] Зерттеулер биоәртүрлілік көптеген аурулардың алдын-алу мен емдеудің кілті болуы мүмкін деп болжайды.
Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның маңызды компоненттерінің бірі. Атмосферадағы зиянды заттар тері немесе шырышты қабықпен байланысқан кезде адам ағзасына теріс әсер етеді. Әдетте, ауаны ластаушы заттардың адам ағзасына тигізетін кері әсері денсаулықтың жалпы жағдайының нашарлауында көрінеді. Мысалы, бас аурулары, жүректің айнуы, әлсіздік сезім.

2.3. Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары
Қоршаған ортаның ластану мәселесіне қарсы қолданылып жатқан бірқатар іс-шараларға қарамастан, қазіргі таңда бұл проблеманың салдары күннен күнге көбейіп, теріс әсері қарқынды артуда. Ластану экожүйедегі тепе-теңдікті бұзып ғана қоймай, адамдардың психологиялық және физиологиялық денсаулығында ауытқуларды тудырып жатыр. [5]
Өсімдіктер санының азаюы нәтижесінде, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері артты. Бұл өз кезегінде тірі ағзалардағы тыныс алу процесін қиындатып, әртүрлі ауруларға әкеп соғады. Оның үстіне зауыт пен фабрикалардан және көліктерден шығатын улы газдарға толы түтін мөлшерінің шамадан тыс болуы жаһандық жылыну деңгейін арттырып жатыр. Жалпы жер бетіндегі орташа температура бірнеше жылдар бойы тұрақты артып жатыр.
Қазірдің өзінде Қызыл және Қара кітапқа жануарлар мен өсімдіктердің мыңдаған түрлері енгізілген. Егер де бұл тенденция жалғаса берсе, жер бетіндегі биоалуантүрлілік толықтай жойылады.
2.4. Мемлекеттердің қоршаған ортаның ластану мәселесіне қарсы күресі
Ластанудың сипаты өнеркәсіптің түріне, ал ластануға қарсы күрес әдістері-үкіметке, қоғамның экологиялық проблемаларды түсінуіне және бизнестің қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға дайын немесе дайын еместігіне байланысты. Бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген адамдар қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығы үшін маңыздылығын түсіне бастады, бұл экологиялық стандарттарды енгізуге және ластануға қарсы түрлі бағдарламаларды қабылдауға әкелді.
Қытай шығарындыларға қарсы соғыс жариялады.
Экологтардың көптеген талаптары мен Қытай үкіметінің екі жылдық талқылауларынан кейін 2014 жылы қоршаған орта туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданды, ал премьер-министр Ли Кэцян шығарындыларға қарсы соғыс жариялады. Жаңа заңның басты бағыты - бұл тәсілді өзгерту. Егер бұрын аймақтардың жетістігі тек қаржылық көрсеткіштермен және кедейлік деңгейімен өлшенген болса, ендігі экономикалық дамуды ынталандырумен қатар, жергілікті билік экологиялық көрсеткіштерді мұқият қадағалап, оларды жақсартуға тырысады.
Шығарындылар туралы ақпаратпен жұмыс істеу тәсілі де өзгерді. 2014 жылдан бастап Қытай үкіметі 15000-ға жуық кәсіпорынды, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтерді ашық түрде жариялауға міндеттеді.[6] Жергілікті шенеуніктер қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін бақылауға және бұл ақпаратты көпшілікке жариялауға міндетті.
АҚШ: бақылау және жоғары айыппұлдар
Экологиялық реттеу әр түрлі өндірістердің қоршаған ортаға шығаруы мүмкін зиянды элементтердің әрқайсысының шектеулерін және шығарындыларды азайту үшін ең жақсы технологияны қолдану міндеттемесін қамтиды. Экологиялық заңнама жыл сайын жаңа реттеулермен толықтырылады. Мысалы, қазір АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі химия өнеркәсібі кәсіпорындарындағы апаттардың алдын алу және оларды жедел оқшаулау, сонымен қатар, олардың салдарымен күресу үшін ең жақсы дайындық бойынша ұсыныстар дайындауда.
1. Зерттеу әдісі
Таңдаған тақырыбымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның мұнаймен ластануын сипаттау
Ядролық сынақтар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыста экологиялық сана қалыптастырудың экософиялық аспектілері
Қоршаған ортадағы мутагендер
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Қазақстандағы қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
Өскемен қаласының атмосфералық ауасына автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізетін әсеріне баға беру
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы
Пәндер