Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ "Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ

КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ" «Бизнес және құқық» факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекеттік басқару теориясы

Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері. »

Мамандық:Мемлекеттік және жергілікті басқару

Курс:ГМУ20-1

Жетекшісі

(қолы) (С. Р. Абдиева)

Орындады

(қолы) (І. Данабайқызы)

Ақтау 2022

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Мемлекеттің басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері . . .

1. 1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары . . .
1. 2. Мемлекеттік басқарудың түрлері . . .
1. 3. Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері . . .
1. 4. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары . . .

2. Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздерін талдау . . .

2. 1. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси мазмұнын талдау . . .
2. 2. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын әлеуметтік тетіктері . . .
2. 2. Мемлекеттік басқарудың жүйелері . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия - табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, обьективті және субьективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану - қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану - мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.
Экономикалық теория - мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқару мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын, нысандары мен әдістерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік сияқты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізі саналатын концепция саясаттың, құқықтың, басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс- әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекетті тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылғандықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси- құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны - қоғамды басқару институты ретінде мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу. Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси- құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет ( мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекетті басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар) ; мемлекеттік билік (саяси, әкімшілік, экономикалық және т. б. ) ; басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу) ; басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативті-құқықты) ;
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдері бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мелекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатысушыларының қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік, басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық- әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани- идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық ( тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.

1. Мемлекеттің басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері

1. 1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары

Мемлекеттік басқарудың өзіне тән ерекшеліктері оны басқа басқару түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік басқаруда, осы аталған басқару түрін жүзеге асыратын оның субъектісі - мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырына көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші- ғалымдар бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М. Вебер: «мемлекет дегеніміз адамдардың легитимді күш қолдану арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі» - деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекттік құрылым туралы пікір қалыптасты. Қазіргі заманғы философиялық «адамдардың біріккен іс-әрекеттерінің нәтижесінде, үкімет қызметінің нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын, қандай да бір салада қоғамдық істерді тәртіпке келтіретін үстемдік ету құрылымы ретінде түсіндіріледі». Осыдан мемлекеттің мемлекет болып табылатындығы да, оның қоғамдық құрылымдардан айымашылығы да сол, онда адамдарға қатысты мемлекеттік билік шоғырланған және ол қоғамда жүзеге асады. Ал билік өзара байланысты білдіреді, оның процесі кезінде адамдар материалдық, ақпараттық және басқа да себептермен өз еріктерімен немесе күш қолдану арқылы басқалардың үстемдігін, сондай-ақ мақсатты, нормативті нұсқауларды мойындайды, солардың талаптарына сай іс-әрекетттер жасайды, өз өмірін құрады. Мысалы: отбасында да, адамдар тобында, ұжымда, сол сияқты салт-дәстүрде, қоғамдық пікірде де билік болады, бірақ бұның бәрін біз мемлекеттік басқарумен салыстыра алмаймыз. Өйткені мемлекеттік билік құқыққа негізделген, ал оны жүзеге асыру күштеу құралдарына ие болып отырған мемлекеттік аппарат күшінде. Сондықтан мемлекеттік басқаруда оның басқарушылық әсері мемлекеттік билікке сүйенеді және сол арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік басқарудың екінші ерекшелігі оның барлық қоғамға, тіпті одан тыс, мемлекеттің халықаралық саясатын жүргізу шеңберінде басқа адамдардың қоғамына таралуы. Көп жағдайда бұл тезис мемлекет адамдардың барлық іс-әрекеттеріне араласады, олардың өзара қарым - қатынастарын басқарады деген сияқты түсінбеушіліктер тудырады. Тек тоталитарлық мемлекет қана осыған ұқсас істерді жасаүға тырысты, оның өзінде де қоғамға мүлтіксіз бақылау орнатуға мүмкіндік болмағандықтан оны жүзеге асыра алмады. Қоғамда әрқашанда аз болса еркіндік болады. Мемлекет пен қоғамның өзара байланысының қалыпты варианты адамдардың қоғамдық іс- әрекеттеріне еркіндік, өзін-өзі басқару, дербестік тән екендігін көрсетеді. Бірақ осы еркіндіктің, дербестіктің, өзін-өзі басқарудың шегі қоғамдық институттармен қатар мемлекетпен де анықталады. Тек мемлекет қана адамдардың қоғам өмірінің барлық саласындағы іс- әрекетінің негізгі жалпы ережелерін заңдар арқылы белгілейді және оларды қатаң сақтауды өзінің билік күшімен қамтамасыз етеді. Көп жағдайда мемлекет міндетті түрде еркіндікке қарсы тұрады және басқару тек қана шектеулер, тыйым салу, жазалау алып келеді деп саналады. Және мемлекет қоғамдық процестерді неғұрлым аз басқарса, қоғам мемлекеттен еркін болса, соғұрлым адамдарға да жақсы болады және қоғамдық проблемалар тез шешімін табады деп саналады. Алайда үлкен тарихи тәжірибе «әділдік» заң арқылы, идеалды заң негізінде, құқық негізінде жүзеге асу керек деген қорытынды жасалынған. Адамның еркіндігі оның өзі өмір сүріп жатқан мемлекетте қабылданған заңдар іс жүзіне асырылған кезеңнен басталады. Сонымен, қоғам, адамдардың мемлекетке қарсы күрес жүргізбей, құқықтық- демократиялық мемлект үшін күресуі қажет. Еркіндікке мемлекетпен бірге, соның көмегімен қол жеткізген жөн. «Мемлекеттік басқарудың барлық қоғамға таралу» проблемасы мемлекеттің қоғамның қандай да бір саласынан «кетуімен», саланы басқаруды тоқтатуымен, кез-келген поцестердің ұйымдастырудан бас тартумен шектелмейді. Бәрі де қоғамның даму жағдайымен, оның өзін -өзі объективті реттеуіне және басқаруына, адамдардың нақты тәртіптеріне байланысты. Оның үстіне қоғамның әрбір саласы мен адамдарды тәртіпке келтіру, ерік пен іс- әрекет бостандығы мемлекеттік басқарудың жалпыға міндетті және заң жүзінде бекітілген тәртіп ережелерін қаншалықты қатаң сақтай алатындығымен тікелей байланысты. Болашақта мемлекеттік басқару өзінің бүкіл қоғамға әсер ету қасиетін сақтай алады деп ұйғаруға негіз бар. Бірақ оның әсерінің ауқымы, терң тамыр жаю, сипаты мен мазмұны бүкіл қоғамның даму жағдайына қарай үнемі өзгеріп отырады. Сонымен бірге оо өзінің ұйымдастырушылық, реттеушілік және мақсатты бағытталған әсерін тигізетін процестермен, құбылыстармен, қатынастармен өзара байланыста болуға бейім.
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән үшінші ерекшелігі. Мемлекет күрделі және көп қырлы қоғамдық құбылыс бола отырып және басқару субъектісі ретінде басқаруға жүйелілік сипат береді. Басқарудың басқа түрлеріне қарағанда мемлекеттік басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге аспайды. Онда миллмондаған адам, көптеген мемлекеттік органдар және басқа құрылымдар, ал құрылымдарда лауазымды тұлғалар жұмылдырылған. Мемлекеттік басқаруда әртүрлі материалдық, қаржылық және интелектуалдық ресурстар мен ауқымды ақпараттар қолданылады. Ол басқарушылық шешімдер мен ұйымдастырушылық амалдардан тұрады.

1. 2. Мемлекеттік басқарудың түрлері

Мемлекеттік басқару түрлерінің әр түрлі белгілері бойынша (деңгейі, саласы, сипаты мен басқарудың көлемі) мемлекет қолданатын әр алуан тәсілдер жиынтығы мен басқару әдістерін көруге болады.

Мемлекеттік басқаруда негізге алынатын мәселелердің бірі - адам мен қоғамның объект және субъект ретіндегі басқаруда алатын рөлі мен орнына байланысты туындайды. Басқарудың барлық түрі басқарудағы объект пен субъекттің өзара қарым-қатынасы нәтижесінде көрініс табады. Тікелей және кері байланыстардың қарқыны басқарудағы субъект пен объекттің сипатына тәуелді. Сондықтан мемлекеттік басқаруды белгілеріне қарай демократиялық және авторитарлық сипатқа бөлуге болады. Егер басқарудың тікелей байланысы (командалық ақпарат) басымырақ болып, ал кері байланыс тетігі әлсіз дамыса немесе іс жүзінде жарамай қалған жағдайда мұндай сипатты авторитарлық басқару деуге болады. Егер де кері байланыс тетігі тікелей байланыспен қатар дамыған болса, онда демократиялық басқару сипаты көрініс табады.

Орталық (биліктің орталық органдары) мен жергілікті билік органдарының бір-бірімен қарым-қатынасы сипатының негізінде субординациялық және координациялық басқару ажыратылады.

Координациялық басқару бірыңғай орталық билік органдарымен қатар толық немесе жарым-жартылай дербестікке қабілетті шеттегі билік орган дары қалыптасқанда федерация немесе конфедерация нысанында жүзеге асырылады.

Субординациялық басқару унитарлық мемлекетке тән шеттегі билік органдарының әкімшілік орталыққа тәуелділігі, басқарудың кіші органдарға ықпал етуі, яғни жоғарыда тұрған басқару органдарынан келіп түскен бұйрықты орындауға мәжбүрлеуі негізінде қалыптасады.

Белгілері бойынша жеке меншік нысандарын пайдалануда басқару үшке бөлінеді (1-сурет) :

- республикалық;

- жергілікті;

- жеке меншік (бірлескен) .

1-сурет. Меншік нысандарын пайдаланудың түрлері

Басқарылатын нысанға әсер етуде басқару салалық (қызметтік) және аумақтық болып екіге ажыратылады (2-сурет) .

Салалық (қызметтік) басқару - тікелей орталықтан кәсіпорынға дейінгі тең байланыстың болуын қалайды. Бұл салалық министрліктер тарапынан орындалады, салалық министрліктер әр алуан салада жалпыға ортақ техникалық саясатты жүзеге асырады, қажетті ішкі салалық және салааралық сәйкестікті қамтамасыз етеді. Постиндустриялық дамуға өткенде салалық басқару рөлінің төмендегені байқалды, себебі жоғары технологиялардың дамуы салааралық басқаруды қажет етеді. Мұнда алдыңғы қатарға акционерлік негізде қызмет ететін мемлекеттік холдингтер шығады («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі, және т. с. с. ) .

Аумақтық басқару өндірісті тиімді орналастыруға және мамандандырылуын тереңдетуге, олардың экономикалық және әлеуметтік дамуының деңгейін теңестіруге, сонымен қатар кешенді дамытуға бағытталған. Аумақтық басқару биліктің орталық және жергілікті өкілеттіктері арасындағы көлемді шектеуімен қамтамасыз етіледі.

Басқару уақыт шеңберінің ауқымына байланысты: стратегиялық, тактикалық және жедел болып бөлінеді.

Стратегиялық басқару қоғам дамуы мәселелеріне байланысты жекелеген немесе жалпы бағыттар, салалар, нысандар, аумақтар бойынша ұзақ мерзімге арналған бағдарды анықтайды, мақсаттарды, міндеттерді, қоғамның даму стратегиясын белгілейді және басқарудағы әрбір бөлім қызметіне бағыт-бағдар береді.

Стратегиялық басқарудың негізі стратегиялық жоспарлар, даму тұжырымдамасы және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге арналған әдістер мен тәсілдер сияқты басқа да құжаттар танылады.

Салалық стратегия: ғылыми сыйымды салалардың дамуы мен ресурс жинақтаушы технологияны пайдалануға бөлінсе; қызметтік стратегия: құнсыздануды жою, инвестициялар тартуға; жалпы саяси стратегия: тұрақтандыру, қайта құру, әлеуметтік- бағдарлы саясат және т. б. қамтиды.

Тактикалық басқару - белгіленген мақсаттарға жетуде жүзеге асырылатын нақты әрекеттер. Бұл қысқа мерзімді басқару, базадағы ақпараттарды белгілі уақыт аралығында стратегиялық жоспар бойынша қол жеткізген жетістік көрсеткіштерімен әрдайым салыстырулар жүргізу. Кейде стратегиялық жоспар көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі, егер бұрын соңды ескерілмеген факторлар шығып жатса, онда кейбір мақсаттар қайта қараудан өткізіледі.

Жедел басқару қаламаған міндеттерді қабылдамаудың нәтижесінде пайда болған ағымдық немесе жаңа пайда болған мәселелерді шешуге арналған. Мұнда нақты саны жағынан өлшенетін бағдарлар қойылады және жағдайға байланысты ыңғай жасалады, яғни қалыптасқан жағдай бойынша қолайлы нұсқа таңдалады.

2-сурет. Басқарудың негізгі түрлері

Ситуациялық басқарудың ерекше түрі дағдарысқа қарсы басқару. Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның банкротқа ұшырау тәртібін және ескерту шараларын жүргізу үшін енгізіледі, ол кәсіпорындық жүйеге жатпайтын органдар тарапынан орындалады және мәжбүрлі және сыртқы болып бөлінеді. Сонымен қатар, төрелік және конкурстық басқарушы арқылы, мердігерлік келісімшартқа байланысты борышкер кәсіпорынды басқаруды қамтиды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін кейде сенімді басқару енгізіледі. Бұлар иелік қызметінің басқару қызметінен бөлінуін көрсетеді, келісім-шарттағы тұлғалар тарапынан мемлекеттік басқару органымен жүзеге асырылады және кәсіби басқармаларға әлеуметтік басқармалар арқылы өзгертіледі. Мемлекетпен қарым-қатынас өктемділікпен емес, керісінше келісім-шартқа сәйкес ресми теңдік жағдайда қалыптасады.

Мемлекеттік ықпал етуде әкімшілік және экономикалық әдістер қолданылады.

Әкімшілік ықпал ету - нұсқаулы мәжбүрлеу әдістері арқылы басқарылатындардың қызығушылықтарына ықпал ету, яғни олардың пікірінсіз рұқсат беру, тыйым салу, тәртіптік санкциялар қолдану және т. б. Әкімшілдік кез-келген басқару ықпалына қажетті компонент болып табылады, дегенмен олардың ауқымы әр түрлі болуы мүмкін. Атқарушы органдардың құрылымында олар өзіндік мағынаға ие және тағайындау арқылы жүзеге асырылады, яғни жұмыстан босатылу, мадақтау, лауазымды адамдарды жазалау және т. б. Сонымен қатар экономикада мұның кері әсері де бар (әкімшілік әдістер арқылы нарықтық тетіктерді алмастыру) .

Экономикалық басқару - экономикалық қызығушылықтар арқылы басқару нысанына жанама әсер ету. Демек, шаруашылыққа байланысты заң шығару, қаржы, ақша, несиеге байланысты мемлекеттік саясат бойынша ықпал ету. Бұл жағдайда тікелей нұсқаулы мәжбүрлеу болмайды, басқару нысаны әрекет ету түрін таңдауда еркін болып саналады, бірақ олардың заң шығаруға қайшылығы туындаған жағдайда экономикалық санкциялар қолданады (мысалы, салық төлемегені үшін айыппұл салу) . Экономикалық басқару әдетте қызмет түрінің саласы мен өрісі бойынша бөлінеді.

XX ғасырда мемлекеттік қызмет көлемі біртіндеп кеңейіп, мемлекеттің қоғамдық рөлі жоғарылады. Әсіресе мұндай көрсеткіш «мемлекеттің жалпыға ортақ игілігі» кезеңінде көрініс тапты. Кейде мұндай көрсеткіштер мемлекеттің басқару мүмкіндіктері мен қоғамның қажеттіліктері арасындағы баланстың бұзылуына алып келеді. Мысалы, «әлеуметтік мемлекет» үлгісін тарату мемлекет қызметінің барлық орындарында кеңейтіліп, экономикалық өсу кезеңінде мемлекет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық факторы ретінде қарастырылды және де бұл мемлекеттік басқаруда нақты «әлеуметтік» үлгіні, мемлекеттер мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастырды.

1. 3. Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері

Басқару дегеніміз әлеуметтік маңызды нәтижелерге жету мақсатында басқарудың субъектісі мен объектісінің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

Объективті шындық сияқты басқару да әмбебап құбылыс болып табылады. Себебі ол барлық қоғамда, барлық мемлекетте бар, адамдардың қоғамдық тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қамтиды және адамзат өркениетінің барлық кезеңінде болды. Басқару мемлекеттен әлдеқайда «ересек». Басқару қоғамда оған деген қажеттілік туған жағдайда пайда болады.

Әлеуметтік басқару құбылысының негізгі таратушылары болып басқарудың субъектілері мен объектілері танылады. Олар нақты қауымдастықтарда әр түрлі көлемдерде әрекет етеді.

Басқару субъектісі - ол басқаларға қатысты басқарушылық, еріктік, интелектуалды және адамгершілік шешімдер қабылдау биліктік өкілеттігі бар жеке тұлға немесе адамдар тобы (топтық басқарушы орган) .

Басқару объектісі - басқарудың мақсатын материалдандыратын, басқару шешімін орындайтын, нәтижесінде нақты басқару жүйесінің әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыратын жүйенің бір бөлігі болып табылады.

Басқарудың субъектісі мен объектісі ақыл-ой мен дене жұмысы, басқарушы және атқарушы жұмыстардың субъектісі ретінде бірін-бірі толықтырады. Бұл қарама-қарсылықтардың бірлігінде басқару жүйесінің диалектикалық бастамасы бар, өйткені басқарудың субъектісі мен объектісі - басқарудың әлеуметтік жүйесі деп аталатын теория жүзінде бөлшектелген тұтастық.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі түсініктері мынадай:

1. Мемлекеттік басқарудың субъектілері (кім басқарса, сол) :

- мемлекет;

- мемлекеттік құрылым (ұлттық құқық нормаларымен бекітілген экономикалық, әлеуметтік және саяси-құқықтық қатынастар жүйесі) ;

- конституциялық құрылым (Конституция арқылы қорғалатын экономикалық, әлеуметтік және саяси-құқықтық қатынастар жүйесі) ;

- егемендік (биліктің үстемдігі, тәуелсіздігі) ;

- мемлекеттік аппарат (Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық Банк, прокуратура) ;

- өкілетті органдар;

- сот жүйесі;

- министрлік;

- агенттік;

- комитет;

- мәслихат;

- әкімдік;

- әкім;

- өзін-өзі басқару органы;

- мемлекеттік қызметші (саяси, әкімшілік) ;

- мемлекеттік басқару кадрлары;

- азамат.

2. Мемлекеттік басқарудың объектілері :

- экономикалық-әлеуметтік салалар;

- мемлекеттік кәсіпорын;

- мемлекеттік мекеме;

- әкімшілік-аумақтық бірліктер.

Әрбір мемлекеттің мақсаты - экономикалық-әлеуметтік, әкімшілік-саяси құрылым салаларында мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына және қызмет етуіне көмек беретін, басқарудың экономикалық ынталандыру мен құқықтық реттеу тетіктерін жасау.

Мемлекеттік басқарудың субъектісі - мемлекет болып табылатынын алдын айтылған.

Мемлекеттік басқару нысандары құқықтық және құқықтық емес деп бөлінеді.

Құқықтық нысандары - мемлекеттік органдардың және өкілетті тұлғалардың

белгілі бір заңды нәтижеге алып келетін іс-әрекеті.

Құқықтық емес нысандары - ешқандай заңды нәтижелерге алып келмейтін әртүрлі ұйымдастырушылық іс-әрекеттің нысандары. Сонымен қатар, олар мемлекеттік органдардың мақсаттарына, атқарымына және өкілеттігіне оңтайлы жағдай жасауға бағытталған.

Басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдауда және іске асыруда құқықтық нысандар объективті түрде қажет.

Басқарушылық шешімдердің ресми нысандары мыналар :

- заңдар;

- жарлықтар;

- қаулылар;

- бұйрықтар және т. б.

Басқарушылық шешімдердің сипатына және ерекшеліктеріне қарай заңды емес түрінде ұйымдастырушылық іс-әрекеттің бірнеше түрінің кездесуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі
Жобаларды басқару үрдістері
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экология құқығының дәрістері
Әлеуметтік басқару жайында
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Салықтық бақылаудың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz