Қазіргі айтыс өлеңдеріне тілдік сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

филология факультеті

қазақ тілі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазіргі айтыс ақындары тіліндегі көркемдеуіш құралдардың сипаты»

Орындаған: Әбілда Ә. А.

Тобы: КО-41

Жетекшісі: ф. ғ. к., доцент Қалиев Б. А.

Қарағанды 2022 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Әбілда Әділ

Қазіргі айтыс ақындары тіліндегі көркемдеуіш құралдардың сипаты

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Қарағанды 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ тіл білімі

кафедрасының меңгерушісі

Ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор Кенжеғалиев С. А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазіргі айтыс ақындары тіліндегі көркемдеуіш құралдардың сипаты»

5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Орындаған: Әбілда Ә.

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор Қалиев Б. А.

Қарағанды 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Қазіргі айтыс тіліндегі поэтикалық тіл өнері

1. 1 Қазіргі айтыс өлеңдеріне тілдік сипаттама . . . 4

1. 2 Қазіргі айтыс өлеңдерінің сипаты: мәдени кеңістіктегі ұлттық стереотип және дерексөздер мен діни лексика . . . 16

2. Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі мен көркемдік тәсілдері

2. 1 Қазіргі айтыс тіліндегі фразеологиялық қолданыстар

2. 2 Қазіргі айтыс тіліндегі синонимдердің қолданылуы

2. 3 Қазіргі айтыс тіліндегі көркемдеуіш құралдардың сипаты

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Жалпы сипаттамасы: Айтыс - қазақ халқының көнеден келе жатқан төл өнері. Шешендік өнердің бір тармағы. «Көркемсөзбен жарысу» дегенді білдіреді. Мұхтар Әуезовтің «Айтыс- ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы» деген болатын. Жанрдың күрделілігі сондай, айтыскер ақынның бойында суырып салма қасиеті, домбыраны өз мақамына сай тарта алуы, өткір тілділігі, сөздік қорының өте бай болуы, ақыл-парасаттылығы, ұтымды ойы, жүйелі сөзі, нақты мәселені шеше алатындығы, ақындық шеберлігі т. б., осылардың барлығы бір адамның бойынан табылуы - өнердің шыңы деп атасақ та артық айтылмағаны.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі, маңыздылығы: Қазақ тіл білімінің дамуына зор үлесін қосатын өнердің бірі -айтыс екені хақ. Тілдік ерекшелігі, көркемсөз құралдарының (метафоар, эпитет, теңеу) орынды қолданысы, сөз зерделілігі, көркем шығарма мен әдеби тілдік нормалардың ара қатынасы, лингвомәдени мен этномәдени сипаты, тілдің тарихи мәні, лексика- грамматикалық, семантикалық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу нормалар этикетінің құрылымы, тілдің поэтикалық табиғаты бұрыннан да келе жатқан және қазіргі таңда да өзектілігін жоғалтпаған мәселе.

«Өнер алды -қызыл тіл» деп ұлы ақын Абай тілдің құдіреттілігіне жоғары баға берген, одан басқа да қаншама сөз шеберлері мен тіл мамандарының қазақ өнерінің шыңы -айтыс тілінің ерекшелігіне баса мән беріп, поэтикалық шығармаларының сөздік қорды байытуда ықпалы ерекше екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ата- бабаларымыздың асыл да баға жетпес қазынасы, ұлттық рухани байлығымыздың мұрасы -айтыс тілінің мәңгілік жалғасын табуы, тілдік, поэтикалық, лигнвомәдени ерекшеліктеріне талдау жүргізу.

Міндеттері: - қазіргі айтыстың поэтикалық болмысын айқындау;

  • айтыс тілінің лексика- грамматикалық жүйесін зерделеу;
  • көркемдеуіш құралдардың ұтымды қолданылу аясын

зерттеу;

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы: Қазіргі айтыстың бұрынғы айтыстан өзгешелігі - тілдегі жаңа сөздер мен терминдердің, әртүрлі ғылымдардың пайда болуы мен дамуындағы жаңашылдықтың, жаһанданудың белең алудағы орын алуы негізінде өзгерістерге ұшырауы.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Айтыс өнерінің тілдік ерекшеліктері, лексика- семантикалық сипаты, көркемсөз құралдары, сөздік қорды байыту мен ауызекі сөйлеудегі нормалардың, тіл тарихының дамуы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері, тәжірибелік базасы: Ж. Асылбекова, М. Ғабдуллин, М. Серғалиев, К. А. Құсманова, Р. Сыздық, А. Байтұрсынов, К. Қ. Күркебаев, М. Жармұхамедов, Қ. Ш. Сәрсенбекұлы және т. б. ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басщылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Қазақ тіл біліміндегі анализдеу, синтездеу, талдау, саралау, салыстыру әдіс - тәсілдері қолданылды.

Дипломдық жұмыста ұсынылатын тұжырымдар: Тіл білімінің негізі, айтыс жауһарларының мысалдары, ақын-жазушылардың, ғалымдардың еңбектері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазіргі айтыс тіліндегі поэтикалық тіл өнері

1. 1 Қазіргі айтыс өлеңдеріне тілдік сипаттама

Қазіргі айтыс тілінің өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Мұның өзі айтыстың даму үстінде екендігін дәлелдейді. Сөзіміз нақты болуы үшін қазіргі айтыс тіліндегі жаңа сөздік қолданыстарға тоқтала кетейік. Тілімізде бұрыннан бар байырғы сөздер замана ағысына байланысты активтеніп, күнделікті қолданылатын сөздерге айналғандығын қазіргі айтыс тілінен жиі байқаймыз [1, 368 б] . Мысалы:

Егемендік емес пе.

Ел басы өзі қарсы алып,

Осы күнге жеткізген,

Мерейін ердің асырса,

Елегендік емес пе.

(Балғынбек-Мұхамеджан)

Көтерсін байрағымды жақсыларым,

Ойымды қарашыма бақшыладым.

Осынау ауыр жүктің аманатын,

Нұрсұлтан ағамызға тапсырамын.

(Аманжол-Қуаныш)

Шаттықпен қанаттарын еркін самғап,

Шарқ ұрып келе жатыр шағаласы.

Алашым бүгінгі бар қиындығың,

Бостандық отауының садағасы.

(Әселхан-Аманжол)

Ауылға бір-екі жыл нарық келді,

Нарықтың бейнетін шын халық көрді.

Жоқшылық, тоқшылықтың арасына,

Бұл нарық алтын көпір салып берді.

(Мұханбетқали-Аманжол)

Той жасап жатсақ-тағы думандаған,

Жаналғыш қарауытқан сумаңдаған.

Алтай мен Атыраудың арасында,

Қазақта жер қалды ма уланбаған [1, 368 б] .

(Әсия-Аманжол)

Балғынбек қолданған «Елбасы», «егемендік», Аманжол қолданған «байрақ», Әселхан қолданған «бостандық», Мұханбетқали қолданған «нарық» сөздерінің барлығы да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қолданыла бастаған сөздер. Бұл сөздердің барлығы да бұрыннан тілде бар атауларға жаңаша мән берілу арқылы, түрлендіру негізінде пайда болған. Бұл сөздер бұрынғы айтыс тілінде кездеспейді. Бұдан шығатын қорытынды: қоғамның өзгеруі, заманның толысуы айтыс тіліне әсер етуімен қатар, өзіндік таңбасын қалдыратындығы [1, 369 б] . Яғни, айтыс тілі де өз ағымымен ілгерлеп, дамып, толысып отырады. Мысалы:

Бірақ та қыздарымның қылығына,

Жүректің талай-талай дір еткені.

Долларын казиноның жар етіп жүр,

Бүгінгі қазағымның Жібектері.

(Әнуар-Аманжол)

Бірақ кейбір жайларды айтпай болмас,

Ішімді жатқаннан соң қажап өтіп.

Кришнаит болып кеткен қазақтар бар,

Ала алмай жүрсек біздер қазақ етіп.

(Бекарыс-Мұхамеджан)

Алматының астында метро бар,

Жүрсең-жол, ал жүрмесең-көр секілді.

Көктен Құдай қазақты сақтаса екен,

Алатаудың қорқары-сел секілді.

(Мұхамеджан-Бекарыс)

Әлі де атады ғой дала таңы,

Жұдырық болмасын тек алақаны.

Жоғалар бірте-бірте ұрпақ өссе,

Қаптаған инкубатордың балапаны.

(Қуаныш-Аманжол)

Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр,

Ұрылардың үлкені іргеде жүр.

Байланысып шекпенді шенеунікпен,

Кісі өлтірген бүгінде кірмеде жүр.

(Мұхамеджан-Бекарыс)

Тағы да бір қауесет шығып жатыр,

Оның анық-қанығын кім біліп жүр.

Жақында Президент келеді деп,

Оңтүстіктің өлкесі дүрлігіп жүр [1, 370 б] .

(Бекарыс-Ораз)

Бекарыс қолданған «Президент», «кришнаит» сөзі, Мұхамеджан қолданған «шенеунік», «метро» сөздері Әнуардың «доллар», «казино» сөздері, Қуаныштың «инкубатор» сөздерінің барлығы қазіргі айтыс тіліндегі жаңа қолданыстағы сөздер. Бұлардың ішінде өмір-бақи тілімізде болмаған жаңа ұғымдардың пайда болуымен жасалынған сөздер де бар. Қазіргі ғылыми-техникасы жетілген, әлемге есігі айқара ашылған заманның талабына байланысты тілімізге енген кейбір кірме сөздер сол қалпында қолданылып, қазіргі айтыс тіліне өзгеше бір өрнек беруде. Олардың казино-ойынхана, Президент-елбасы, метро-жер асты жолы деген балама атаулары бола тұра, тілімізге қалай енді солай қолданылуының өзі, қоғамдық даму әрекеттерінің тілге тигізген әсері. Бұған дейін тілімізде бар «мавзолей» сөзінің қазіргі айтыс тіліндегі берілген мағынасы мүлде жаңа. Кеңестік дәуірде «мавзолей» десе, коммунистік партияның көсемі Лениннің мүрдесі жатқан орын деп білетінбіз. Енді қараңыз, Мұхамеджан өзінің өлең жолдарында сөз атасы Майқы биге «мавзолей» орнатпақшы [1, 371 б] .

Тәсірлі сөзді айтсаң қуанайын,

Тас үңгірден тарихи сөз тапқандай.

Түгел сөздің түбірін қопарып айт,

Майқы биге мавзолей орнатқандай.

(Мұхамеджан-Балғынбек)

Тілімізге басқа тілден еніп кірігіп кеткен «мавзолей» сөзіне жаңа мағына беруі ақынның үлкен шебер иесі екенін аңғартады [1, 371 б] .

Бұл бүгінгі заманның, жаңалықтың бейнесі. Көріп отырғанымыздай айтыс ақыны көрерменді, тыңдарманды өзіне елітіп әкетуі үшін әлемде болып жатқан барлық жаңалықтан хабардар болуы керек. Бұл ақынға қойылатын үлкен талап. Болып жатқан өзгерістерді тіліне тиек ету арқылы, сөздік қолданыстары үнемі құбылтып отыруы арқылы ақын өзгелерден өзінің ерекше екенін көрсетеді [1, 372 б] . Айтыскер ақын жаттанды сөздерді қайталап айта берсе, көрерменді (тыңдарманды) жалықтырып, біраз тыңдарманның айтысқа деген сұранымы да азаяды.

Кәдімгі ескі сөздің ұлығы деп,

Жәкеміз туған жердің бір ұлы деп.

Мен де сенің басыңды бағалаймын,

Ердің ері егеудің сынығы деп.

Сүйінбайды жығам деп мұрттай ұшқан.

Күйін кешіп жүрме сен Қатағанның.

Жақында Президент келеді деп,

Оңтүстіктің өлкесі дүрлігіп жүр.

Біраз басшы мұрнынан сүрнігіп жүр.

(Бекарыс-Ораз)

Сен маған семізсің деп тие берме,

Әуелден уызыма жарығанмын [1, 372 б] .

(Мэлс)

Жығу дегеннінің орнына мұрттай ұшу, шаршап жүр дегенінің орнына мұрнынан сүрінігу, семіз дегеннен гөрі уызына жарыған деген сөз тіркестері мағына жағынан әлдеқайда басым түсіп тұр. Мұндай сөз қолданыстары айтыстың тілін тартымды да, құдіретті де етпек.

Қазіргі айтыс ақындары тілінде кірме сөздер көптеп кездеседі. Орта Азия елінде өмір сүріп жатқан түркі тілдес халықтардың аралас-құралас болғандығынан, көршілес тұруының әсерінен тілге кірігіп, сіңіп кеткен сөздерді өте көптеп ұшыратуға болады. Араб, парсы, өзбек, түрік сөздерімен қатар, орыс тілінен енген сөздер де бар.

Семейдің полигонмен аты қалды,

Полигон кеткенменен таты қалды

Арматур , релісің мен көп металлды,

Арзанқол қытайлар кеп сатып алды [15, 243 б] .

(Ринат - Аманғазы)

Спорттық сипат алды айтысымыз,

Мұхажан, ұғымыңды нақтылайын.

Солақай боксершының тәсілімен,

Күтпеген қапталыңнан соққылайын [15, 219 б] .

Ордендерін сатқыздық соғыста алған,

Окоптағы дауыстан дерт арналып.

Өгей көзбен қарайтын өлкелерден,

Бос бөтелке іздеді дел-салдыаным [15, 220 б] .

(Бекжан - Мұхамеджан)

Келтірілген өлең жолдарында полигон, арматур, рельс, спорт сөздері сол күйінде қолданылып тұр. Ал бутылка сөзі бөтелке боп дыбыстық өзгеріске түсіп кіріккен сөз.

Заман азып, заң тозып бара жатыр,

Қай тірлікпен, Бекарыс, шаттанайық?

Бұрынғының ұраны - «Аллаһу акбар»,

Бүгінгінің ұрпағы - «ап қояйық» [15, 118 б] .

(Бекарыс - Мұхамеджан)

Бісміллә , оңғарылса тілім хақтан,

Жұртыма жыр ұсынам тың ырғақтан.

Ассалаумағалейкум , арда қазақ,

Бабасының бақытын ырымдатқан [15, 71 б] .

Хазіреті Науанның дұғасында,

Бостандыққа ұмтылған үнің жатқан [15, 72 б] .

(Дәулеткерей - Баянғали)

Құранның түскені рас анық көктен,

Алланың әмірі мен дәріпті еткен.

Уаһидті Жебірейіл мезгілімен,

Мұхаммед пайғамбарға алып жеткен [15, 31 б] .

Құраннан алты харам көрдім, аға,

Қоғамда біздің мына дамып кеткен.

Дертіңді кәләм- шариф анық басар,

Оқыған ғалым жұртқа жарық шашар [15, 31 б] .

(Жәкен - Аманжол)

Айтыскер ақындардың барлығында дерлік араб сөздері өте көп. Әу бастан қазақ ата-бабамыз ислам дінін қабылдап, қасиетті кітап Құран-кәрімді оқитын болған. «Ассалаумағалейкум» сөзі «Алланың нұры жаусын» деген мағынаны береді. Сол себептен, сөз басын «бісміллә» сөзінен бастаған. Алла, Құран, уаһид, Жебірейіл, Мұхаммед, пайғамбар, хазіреті, дұға сөздерін жиі қолданады. Мағынасын кез келген оқырман түсіне алады. Сыйынушы, қасиетті кітап, елші, періште, басшы - лауазым, тілек деген мағыналары бар.

Бүгінгі, әсіресе соңғы бір-екі он жылдықтардағы айтыстарда ақындар қазіргі қоғам өміріндегі, білім-ғылымдағы, саясат пен шаруашылықтардағы жаңалықтарды, олардың жаңа немесе бөгде тілдік терминдік атауларын еркін және орынды қолдана бастағаны байқалады. Мұндай айтыс мәтіндерінде әсіресе шеттілдік атаулар көзге ерекше көрініп тұрады. Ринатпен айтысында Рүстем:

Отырмын қатарымнан қалмайын деп,

Барометр секілді барлайын деп, -

десе, Ерік Асқаров Әсемхан Қалыбековамен айтысында жаңа реалийлерді жиірек ауызға алады:

. . . Біреуге жақпады ма күрескені

Атомның тоқтатам деп жарылысын . . .

. . . Кесел боп сіңіп кетті нигилистер.

Сол сияқты Айтақын Бұлғақов Айнұр Тұрсынбаевамен айтысқанда:

. . . Келмеске кетті-ау патриархат . . .

. . . Бұл заман ба бұл заман -

Матриархаттың заманы,

- десе, келесі бір жерде жаңа заманның жағымды-жағымсыз құбылыстарын да сөз етеді [1, 255 б] .

. . . Кукла Барби сияқты . . .

Балғынбектің бір айтысындағы өлең жолдарында конкрессхол, мандаттары қолында, парламентке түсетін кандидаттар секілді деген сөздер кездесетін болса, кейбір жолында:

Әніңіз бен шаштағы сәніңізден

Иномарка екенің көрініп тұр, -

дейді [1, 255 б] .

Кейбір жаңа құбылыстардың қазақша баламаларын емес, орыс тілінен ауысқан интертұлғаларын әдейі қолданғандықтары да көзге түседі. Мысалы, Айтақынның Жібекпен айтысында:

Өркениетке жетем деп,

Болыпты цивилизация . . .

Ауылдан жаппай көштік деп [1, 255 б],

Атандық урбанизация . . .

Бірігіп бәрін шештік деп,

Болдық қой глоболизация.

Осының бәрін меңгерген,

Құшынастай емделген

Бұл қазақ қандай нация?

деп қатарынан бірнеше бөгде терминдерді әдемі келтіреді. Әрине, әдеби тіл нормасынан ауытқып тұрса да (ол атаулардың барлығының да қазақша баламалары бар), бұл айтыс өлеңінде осы зация -лардың қолданылғаны өте сәтті. Бұл жерде жазба поэзия мен ауызша поэзияның, оның ішінде тыңдарманға (оқырманған) қатты әсер ететін, қолданысында модальдық мән бар «орыс» сөздері бірнеше міндетті атқарып тұр. Олар айтыскер сөзінің эмоциялық, ирониялық бояуын қалыңдатып көрсетеді, сондай-ақ айтыскердің бүгінгі қоғамымыздың саяси-мәдени өмірінен жақсы хабары бар жастар екендігін және олардың тілдік элементтерді қай жерде қалайша қолдану шеберліктерін танытады [1, 256 б] .

Айтыс өлеңдері құрылымдық жағынан жазба поэзиядан ерекше түсетін белгілері бар: айтыс негізінен қазақ өлеңінің 4 тармақты а ~ а ~ б ~ а ұйқасты қара өлең түрі мен аралас ұйқасты 7-8 буынды жыр түрінде келеді [1, 257 б] .

Мұнда моноұйқастар, яғни айтыскердің бір ретте айтылған сөзінің - монологының біркелкі бір ұйқаспен түзілуі жоққа тән. Сондай-ақ өлең мәтінінің өлшемдік, ырғақтың, шумақтық, абзацтық құрамына келгенде айтыс поэзиясы құрылымдық өзгерістерге, жаңалықтарға бармайды. Анафора, эпифора сияқты өлең айшықтары да айтыста орын алмайды [1, 258 б] .

1. 2 Қазіргі айтыс өлеңдерінің сипаты: мәдени кеңістіктегі ұлттық стереотип және дерексөздер мен діни лексика

Айтыс өлеңінде символдар өте жиі орын алады. Мәселен, жусан шөбі символ ретінде жұмсалады. Жусан - қазақтар үшін қасиетті шөптің бірі. Өлеңдерде халық Жусан иісі аңқыған ауылымды сағындым деген жол халық үшін ауыл мен жусан иісі бір, егіз ұғымдар екенін көрсетеді. Жусан сөзінің туған жер дегенді білдіретін символ ретінде жұмсалғандығы айтыс ақындарының қолданысында дамыды. Мысалы, Дулат пен Бармақ айтысында Бармақ былай дейді:

Құбыладан оң тұрып жел соққанда,

Жер түбіне кетеді жусан иісі [9, 147 б] .

Демек, халқымыз өзін қоршаған әр дүниеге ой көзімен, ұлттық түйсікпен қарап, көңіліне түйіп, символ арқылы бейнелеуге бейім келген. Мұның өзі қоршаған ортамен үндестікті бұзбау, әуезділікті сақтау ниетінен туса керек. Демек, жусан, жуа, қаңбақ т. б. тілдік таңба әрі концепт әрі символ.

Қазақ дүниетанымынан мол мағлұмат беретін қазан сөзіне байланысты да көптеген тұрақтанған сөз тіркестері мен тұрақтанған орамдар көп, олар адам мінез-құлқын сипаттауда да қолданыс тауып отырған. Мысалы, қазан бұзар деген тіркес арқылы адам мінезінің бір қыры көрсетіледі. Ол айтыс ақындарында былайша көрініс тапқан:

Арқадан ауып келген қазақ бұзар,

Сен дағы қимылдадың аянбай-ақ,

Тиіп кетіп жүрмесін саған таяқ [9, 34 б] .

Қазақтың от ана, май ана, жарылқа дейтін май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие деген мақалдары от ұғымынан туындаған. Соған орай от смиволына байланысты тілде отағасы, отанасы деген сөз бар. Отағасы ертенден қасиетті сөз болғанға ұқсайды. Отағасы, яғни шаңырақтың иесі деген сөз от сөзінің ұйтқы болуымен жасалған десек, ал отанасы да осы негізде, тек ананың қасиеті ғана қосылған. Отбасы - бала-шаға, үй іші деген ұғымдарды береді. Отыма оттық сал - бала туғанда, шешек шыққанда айтылатын ырым бар [10, 12 б] . От символына байланысты түрлі фразеологизмдер, мақал-мәтел, тыйым сөздер т. б. мәдени құндылықтар бар. Мысалы, үйден от кетпесін, алдан ас кетпесін, отының басынан, ошағыңның қасынан бер деген бата бар, отау, ақ отау, отау тікті, отау түсті, отау құтты болсын, отаса алмады т. б. шаңырақ, жеке үй болу осы от сөзінен өрбіген сөздер. Мысалы, Сарбас ақынның айтыс өлеңдерінде қазақы мәдениетінен хабар беретін мынандай жолдар кездеседі:

Дулат деген ел едім,

Мені байқап қарасаң,

Орнап жатқан көл едім,

Жайымен отым жанатын

Ошағым жайлы тұратын

Қазаным толып қайнайтын [9, 147 б] .

Қорытындылай келе Ю. М. Лотманның айтуы бойынша: «Мәдениет - ол символдық әлем». Оның кейбір элементтері ерекше этникалық мәнге ие болып, ұлттық, халықтық танымды көрсететініне көз жеткіздік [10, 13 б] .

Айтыс өлеңдерінде адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, моралі, нормалар мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді. Халық дүниетанымының көрінісі және этностық танымды әлемдік танымның құрамдас бөлігі ретінде танытушы.

Антропоцентризм (гр. anthropos - «адам», лат. Centrum - орталық) - адам феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт [10, 13 б] . Басқаша айтқанда, қазіргі заманғы аптропоөзектік бағыттағы лингвистикалық зерттеулерде тіл «өз-өзінде және өзі үшін» деген «имманентті» (лат. nілінен immanents - бір нәрсеге тән не құрамында болу мағынасында) тіл білімі аясынан шығып, этнос болмысы, діл және дін, ұлттық мәдениет, ұлттық дүниетаным, әлеуметтік-қоғамдық орта, ондағы жеке тұлға сияқты ұғымдармен сабақтастықта зерттеледі [10, 14 б] .

Ұлт дүниетанымы сол халықтың тілінде қолданыс тауып, өз мағынасын сол тілде дұрысырақ, санаға түсініктірек қабылдауға мүмкін болатынын аңғару қиын емес. Ал адам сол ұлттың өкілі, олай болса, тіл мен адам, оның ойлауы өзара тұтастықта қарастырылады және адам мен адам жайлы мәселелер темірқазық ретінде алынады.

Ақындар адам басындағы әрқилы кезеңді, кескін-келбетін, киесін өлең жолдарына қиюластыра келтіре отырып, қарсыласын жеңу мақсатында пайдаланған. Мысалы, ақын Сара:

Камшат бөрік, күлдері белбауы бар,

Көк торғын шапанды адам қарсы жүрді [11, 136 б] .

Киімі мен түріне қарап, Біржан сал екендігін таныған ақын қыз жоғарыдағы өлең жолдарын айтады. Күлдәрі - матаның бір түрі. Қазіргі кезде тілімізде қолданылмайды. Я болмаса Сара:

Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең,

Арғынның бұл бернеме қай қызы тең? [11, 121 б] . - дейді.

Берне - бейне, әлпет, бет-жүз, түрі жаман адамның «бернесі» делінбейді, бұл сұлулыққа, көркемдікке ғана арналған сөз. Ал түрі келісімсіздеу адамға сұры жаман, сүрепеті, түрепеті деген сөздер қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі айтыс ақындарының сөз қолданымы
М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері
Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты
Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Ұлттық сөз өнерінің дамуы
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Баянғали Әлімжанов шығармаларының тарихы
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz