Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Қaзaқcтaн Рecпубликacы Білiм жәнe ғылым миниcтpлiгі
«Сәрсен Амaнжoлoв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн унивepcитeтi» КЕ АҚ
«Қopғayғa жiбepiлдi»
«___»2022 ж.
«Биология»
кaфeдpacының мeңгepyшici
Китапбаева А. А
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: «6 - сыныпта биология сабағында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтына деген мотивацияны қалыптастыру»
5В011300 - «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша
Opындaғaн күндізгі оқу бөлімі
4 курс студенті
Ғылыми жeтeкшi
б. ғ. к., доцент
«___»20 ж.
Нopмaбaқылayшы
«___»20 ж.
Өcкeмeн 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1. ОРТА МЕКТЕПТЕ биология курсында САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ5
1. 1 Мектеп оқушыларын денсаулығы және оны қалыптастырушы факторлар5
1. 2 Жалпы орта мектепте оқушыларды тазалыққа баулу9
1. 3 Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері10
2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САЛАУАТТЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ13
2. 1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің маңызы13
2. 2 Биология сабағында салауатты өмір салтына баулу әдістемесін жетілдіру жолдары15
2. 3 Биологияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру18
3 Тәжірибелік бөлім21
3. 1 8-сынып. «Тағамның маңызы, құрамы және қызметі» тақырбын оқыту әдістемес21
ҚОРЫТЫНДЫ25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, ол сондай - ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп көрсеткен.
2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүргізетін дәрі жоқ», - депті. Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегенедей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпын.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін - өзі жоюға әрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кету қауіпі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керекпіз? Адам баласы қалай өмір сүру керек? Яғни, болашақтағы өмір сүруді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халық өзінің ұлтының бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халық денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% - ы әр түрлң ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайға әкеліп отыр. Яғни ата- аналардың, туысқандардың, ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының зардабынан су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршілік еткен жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру.
Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр. Міне, осыдан - ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкесті мәселе екендігі түсінікті. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
- Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
- Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру
Зерттеу объектісі мектеп оқушылары
Зерттеу пәні оқушыларда салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелері.
- ОРТА МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУМектеп оқушыларын денсаулығы және оны қалыптастырушы факторлар
Салауатты өмір салты - денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани және де дене дамуына әсер етеді.
Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтары кіреді, қолайсыз факторларға, негізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:
- Ата - аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;
- Генетикалық (тұқым қуалаушылыққа әсер етуші) факторлар;
- Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;
- Тамақтану жағдайы;
- Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен-жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т. с. с. ) болуы;
- Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.
Бұлай топтастыру Әлеуметтік гигиенаның ғылыми зерттеу институтында және Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарында жасалған. Көрсетілген факторлардың ішінде әсіресе, жүктілік пен босанудың нәтижесінде, жаңа туған нәрестенің денсаулығына және сәбидің алғашқы жылғы өміріне әсер ететіндері тереңірек зерттелген. Мысалы, балалардың дене салмағының аз (2500гр төмен) болып туатыны көбінесе жас (18 жасқа дейінгі) және кәрі (35 жастан жоғары) аналарда болатыны байқалды. Оларда перинаталдық өлім саны мен жүктіліктің асқынуларының көрсеткіштері де жоғары болып келеді. Балалардың дене салмағына, мезгілінен бұрын босануына және іс - жүзіндегі өлім санының көбеюіне аналардың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы да әсер етеді.
Анасының шылым шегуі, әр түрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы нәрестенің құрсақта жатқандағы өсуіне ғана емес, одан кейінгі дамуына да зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмасына екі рет 100 гр. артығырақ арақ ішуі, салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауыптілік факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Ата-анасының білім деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық статусының балаларының денсаулығына тигізетін әсері туралы көптеген мәліметтер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz