Індетке қарсы санитариялық шаралар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:
Дезинфекция тақырыбына орындалған

Орындаған:ВМ-407 (А) топ
студенті Мурадалиева Нуржамал
Өткізген күні:
Тексерген: Сабырбекова Ш.
Тексерген күні:
Оқытушының қолы:

Алматы 2021
Мазмұны
І.Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.Індетке қарсы шаралар туралы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Індетке қарсы санитариялық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2Дезинфекция ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Дезинфекция түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.Қораларды дезинфекциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ.Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар - мал шаруашылығын дұрыс жургізудің міндетті шарттары болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен иммундеу - барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбек ақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады.

Індетке қарсы санитариялық шаралар. Індетке қарсы санитариялық шараларға территорияны санитариялық аймақтарға бөлу және ветеринариялық-санитариялық реттілікті сақтау жатады.
Санитариялық аймақтарға кешеннің өзінің ғана емес, сонымен бірге оның айналасындағы территория да бөлінеді. Айналадағы территория санитариялық тұрғыдан екі аймаққа бөлінеді. Біріншісі тікелей кешенді қоршап тұрған ішкі күзетілетін аймақ, ал екіншісі сыртқы кеңейтілген аймақ деп аталады.
Сыртқы кеңейтілген аймаққа осы кешенге бекітілген жайылым және шабындық ретіңде пайдаланылатын алқап енеді. Бұл жерде қатаң мал азығы дайындалып, тыңайтқыш ретінде осы кешеннен алынған көң төгіледі. Бұл аймақ арқылы транзиттік магистральді жолдар өтпеу керек, утильзаводтары, тазарту жүйелері (кешенге қарамайтын) болмауы керек. Өңдіріс және тұрмыстық қоқыстарды төгуге бомайды. Аймақ қатаң ветеринариялық бақылауда болып лейкоз, бруцеллез, туберкулез ауруларынан сау болуы қамтамасыз етіледі. Басқа кешендер мен фермалардан әкеліп көң төгуге рұқсат етілмейді, кемірушілерге қарсы жаппай дератизация жүргізіледі.
Ішкі күзетілетін аймақ ені 200-250 м ғана, тікелей кешеннің қорғанының сыртында болады. Бұл жерде ешбір құрылыс немесе жайылым болмайды. Аймаққа бөтен адам және кешенге жат көлік жіберілмейді.
Кешеннің өз территориясы өндірістік құрылымына, технологиялық процестердің ерекшелігіне қарай бірнеше аймаққа бөлінеді. Олардың ішінде негізгілері екеу. Бірі - өндіріс аймағы, оны ақ немесе таза деп те атайды. Екіншісі - әкімшілік-шаруашылық, яғни қара немесе лас аймақ.
Ақ аймаққа мал тұратын қора-жайлар орналасқан территория және кешеннің ішкі жабдықтау жүйесі кіреді. Қара аймақта әкімшілік үйлері орналасады. Екі аймақ бір-бірімен санитариялық өткелек арқылы қатынасады.
Ақ аймақтың өзі секторларға бөлінеді. Мысалы, сүт кешенінде бұзаулату бөлімі, профилакториялар, сауылатын сиырлар және суалған сиырлар цехтары болады. Ал ірі қараны бордақылау кешенінде өсіру және жеделдетіп бордакылау секторлары болады. Әрбір сектор, болмаса цех санитариялық жағынан бір бірінен дербес болады.
Жем, пішен, сабан қоймалары, сүрлем мұнаралары мен шұңқырларын, малды қабылдап және жіберу, сүтті қабылдау және өткізу орындарын, өлексеге арналған бөлмені, олардың кіріп-шығатын есіктерін екі аймақтың шекарасына орналастырады.
Ішкі және сыртқы көлік жолдары бірін-бірі қиып өтпеуі керек. Сүрлем таситын машиналар сүрлем сақтайтын орынға сырт жағынан қатынайды. Кешенге кіретін көлік дезтосқауыл бар жабылған қақпа арқылы өтеді. Инфекция шыққан жағдайда кешенге кірер жерде машиналарды жуып, дезинфекциялайтын жабдықтар орнатылады.
Жылу жүйесінің от жағатын орны, жанармай қоймалары қара аймақта немесе ақ аймақтың сырт жағында орналасады.
Қара аймақта жеке сектор ретінде көң қоймасын, қоқыс сақтайтын сиымдылықтарды, сорап станциясын, көңді компостайтын, өлексені сақтайтын орындарды бөліп тастайды. Бұл сектор қоршалып, оған қатынас ішкі күзетілетін санитариялық аймақ арқылы жүргізіледі.
Ветеринариялық объектілер әдетте ақ және қара аймақтардың шекарасыңда орналастырылады. Санитариялық аймақ сою пункті, жем-шөп қоймалары, жем шөп цехы, тиеп-түсіретін өткеншек аймақтардың қоршау шеңберіңде орналастырылады. Карантин бөлімі мен оқшауханалар әдейі бөлінген ауаша жерлерде салынады.
Оқшауханалар мен санитариялық қасапханалардың бір-біріне жақын орналасуы мүмкін. Бірақ оларға апаратын жол негізгі қатынас жолдарын қиып өтпеуге тиіс.
Кешеңдегі көлік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы көліктің кешенге өтуіне аса бір қажет жағдайда ғана жуылып, дезинфекцияланған соң рұқсат етіледі.
Ветеринариялық-санитариялық реттілік жануарлардың бір-біріне ауру жұқтыруына қарсы бағытталған. Бұл шараларға жануарларды жас, жыныс, физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлек ұстау, "бос-бос емес" және мал ұстайтын орынға демалыс беру, т.б. жатады.
Жануарлардың әртүрлі топтарын араластырмай бөлек ұстау өндіріс технологиясының ғана талабы емес, жұқпалы аурулардың алдын алудың да басты шарты. Шошқа кешендерінде мегежіндердің өзі қысыр, бастапқы буаздық, соңғы буаздық топтарына бөлінеді. Жас туған бұзаулар ересек бұзаулардан бөлек ұсталуымен қатар профилактория ішінде жас жағынан айырмасы үш күннен аспайтын шағын топтарға бөлініп ұсталынады. Өйткені туғанына 1-2 апта болған сәл ғана ересек бұзаулар 1-3 күндік бұзаулар үшін инфекция қоздырушысының бастауы ретінде қауіпті болып есептеледі.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың санитариялық шараларының келесі қағидасы - "бос-бос емес". Бұл шарттың талабы бойынша қораға, секцияға немесе үйшікке жануарларды жібергенде аз-аздан ілгерінді-кейінді емес бірден толтыру керек. Босатқанда да жануарларды түгелдей бірден әкету керек. Өйтпесе микробиоз (микробтар мен жануарлар арасындағы тепе-теңдік) бұзылып, әр уақытта әкелінген жануарлар бір-бірі үшін инфекция қоздырушысының бастауы болуы мүмкін.
Санитариялық ережелердің үшінші қағидасы - қораны, секцияны, үйшікті, басқа да жануарлар тұратын жайларды "дем алдыру". Бұл шарт бойынша босаған қора-жайға малдың жаңа тобын бірден әкелмей қораны біраз уақыт бос ұстау қажет. Босаған қораны не секцияны мұқият тазалап, дезинфекциялап, толық санация жүргізу үшін біраз уақыт 3-5 күннен 2 аптаға дейін бос ұстау керек. Осылай еткен жағдайда жаңадан әкелінген жануарларға бұрынғылар қалдырған зиянды факторлардың (микробтар, әртүрлі паразиттер) жағымсыз әсері болмайды.

Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар
Дезинфекция
Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру үшін сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті - қораны бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: қораны күніне 2 рет, жайылымды 3 рет зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды - Ауру мал басқа қораға өткен кезде немесе өлгеннен болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады.
Соңғы - терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық - жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Физикалық әдіске жататындары:
күн сәулесін қолдану;
ультракүлгін сәулелерді қолдану;
қалдықтарды өртеу;
қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия - 1 сағат);
дистелденген суда қайнату - 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға құйылады.
Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;
Булы әдіс - жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин, стерилизациялық ыдыстарда - бикстерде және дезкамера, автоклавта сирек қолданылады.
Физикалық әдіс - қызметкерлер және мал организмі үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.

Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
суландыру;
сүрту:
толық батыру;
шашырату.
Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.
Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция - 20 минут.
Параформалинді - 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут
Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.
Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы
Препараттары
1. Құрамында галогені бар қосылыстар
Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.
Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон
Тотықтырғыштар
Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
3. Ауыр металл тұздары
Сынап: сынап дихлориді сулема, сынаптың сары тотығы.
Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.
Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,
Мыс: мыс сульфаты
Висмут: ксероформ, дерматол
4. Альдегидтер мен спирттер
Формальдегид, гексаметилентетрамин
Этил спирті
5.Фенол мен оның
туындылары
Таза фенол карбол қышқылы, ихтиол
6. Нитрофуран туындылары
Фурациллин
7. Бояғыштар
Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.
8. Қышқылдар мен сілтілер
Қышқылдар : бор,салицил
Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9. Детергенттер
Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
10. Табиғи препараттар
Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б - суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Кальцийдің нейтралды гипохлориді - ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.
Натрий гипохлориді - 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады.Қораларды зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат - 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, Ветеринардың, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, Ветеринар киімдерді арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.
Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
Визуальды (көзбен) бақылау - дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.
Бактериологиялық бақылау - дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).
Химиялық бақылау - құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.
Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
ыдыстардың қақпағы болу керек;
ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .
қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша
инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:
адамға дануар организміне зиянды болмау керек;
арзан болуы керек;
өткір иісті болмау керек;
жуу қасиеттері болу керек;
бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;
биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;
аз уақытта микробтарды тез жою керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:
қанмен, ауру малдың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:
зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс
зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс
пинцет
құрал-жабдықтар
Іс-әрекеттер:
зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.
құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа жібітіп қоямыз.
құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Індетке қарсы шаралар
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Пәндер