Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қызылорда қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
12. 6.1 бөлім Жаhандану және Қазақстан
Тақырыбы:
Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-мәдени жағдайы қандай?
(3200 сөз)
Орындаған: Бахыт Шолпан 12 А
Жетекші: Абджалиев Н.А.
Ішкі модератор:
2021-2022 оқу жылы, Қызылорда қаласы
Мазмұны:
Кіріcпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
1. Зерттеу сұрақтары
1.1. Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай мүмкіндіктер бере алды? ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай қиындықтар әкеліп соқтырды? ... ... ... ...5
1.3. Жаһандану уақытында Қазақстанда қандай этникалық-мәдени өзгерістер орын алды және қазақ халқының менталитеті мен ой өрісіне қалай әсер етті ? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
I. Кіріспе
Жаһандану түсінігін әлемдік деңгейде қарастыратын болсақ, бұл - әлемді ғаламдық қасиеттердің бірыңғай жүйесіне біріктіру процесі. Берілген мәселе қоғам арасында өткен ғасырдың 60-70 -ші жылдарында өз бастауын алады, алайда термин ғылыми айналымға 80-90 -шы жылдардан бастап қана ене бастады [1]. Әлемдік жүйелердің жаһандануының салдары ретінде халықаралық деңгейде мәдени, ақпараттық, құқықтық және экономикалық салаларының негізінде біртұтас кеңістіктің пайда болуы болып табылады. Яғни, әлемдік жаһандану феномені тек экономика саласымен шектелмей, қоғамның негізгі бағыттарына - идеология, мәдениет пен саясатқа да елеулі түрде әсер етеді. Жаһандану процесі бүкіләлемдік мәдени интеграцияға алып келуде, бұл мағынада негізгі екпін Батыс елдеріне қойылады. Осы мәселе төңірегінде, еліміздің ұлттық құндылықтары мен ұстанымдары өз ерекшелігі мен айрықшылығының жойылу қаупі бар, себебі Батыс елдерінің тұрмыс-салтының принциптері біздің елде айқын көрініс табуда. Нәтижесінде, аталмыш мәселе көп жағдайда жас буынға ықпал етеді. Алайда, ықтимал қауіптерден бөлек Жаһандану үрдісі бізді өзге мәдениетпен таныстырып, ойлау өрісімізді кеңейтіп, және 2012 жылы желтоқсанда Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында жарияланған Қазақстан-2050 атты Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сай еліміздің жаһандық аренада өз орнын алып, өзге елдерге танылып, олармен терезіміз тең болуына едәуір үлес қосты[2]. Сонымен қатар, ұлттық код пен мүддемізді сақтап калу мақсатында 2017 жылдың 12 сәуірінде Н. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламамен таныстырды[3]. Осы орайда, мені Жаһандану үдерісінің Қазақстан мәдениеті мен әлеуметтік саласына әсері қызықтыратындықтан, осы мәселені зерттеуді жөн көрдім. Оған қоса, казіргі сәтте, бұл өзекті де халықты мазалайтын мәселелердің бірден-бірі болмақ. Мәселе жайлы іздену барысында социологиялық зерттеу негізіндегі сандық және сапалық әдістер қолданылады, яғни сандық дерек ретінде 30-50 адамнан алынатын сауалнама, ал сапалық деректер үшін осы тақырып жөнінде жоғары деңгейдегі білімі бар білікті маманмен сұхбат жүргізіледі.
Зерттеу сұрақтары:
1) Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай мүмкіндіктер бере алды ?
2) Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай қиындықтар әкеліп соқтырды?
3) Жаһандану қазақ халқының менталитеті мен ой өрісіне қалай әсер етті ?
Осы зерттеу арқылы Қазақстанның ғаламдық аренадағы орнына баға беріліп, жаһандану үрдісінің елімізге, оның жаңа ұрпақтарына әкелетін зардаптары мен мүмкіндіктері нақтыланып, мәдени прогресске ықпалы мен қоғам тұрмысы үшін рөлі егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.
II. Негізгі бөлім
1. Зерттеу сұрақтары
1.1. Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай мүмкіндіктер бере алды?
Жаһанданудың ел үшін оң тұстарынан бастар болсам, ол бізге технологиялық ресурстарқа қолжетімділікпен, сапамен және тәжірибемен қамтамасыз еткенін жоққа шығара алмаймыз. Қашықтан тікелей байланысқа түсу мүмкіндігі, импорттық киім мен азық-түлік сияқты қоғамның көптеген аспектілеріне пайда әкелді. Оған қоса, көпвекторлы саясатты дамытуға бірден-бір себеп болды.
Бүкіләлемдік жаһандану еліміздегі технологиялық прогресстің дамуына үлкен себепкер болды. Яғни , инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, қаржы ресурстарының айтарлықтай көлемін жұмылдырып, бұл нарықтар санының ұлғаюында кеңірек қаржы құралын пайдалануға мүмкіндік береді. Соның арқасында елде цифрландыру саясаты орын алуда. Еуразиялық апта ІІ Халықаралық форумы аясында ЕАОЭ құрылымын цифрлендіру. Экономикаға жаңа көзқарас атты панелдік сессия өтіп, 2017 жылы қыркүйекте Цифрлы Қазақстан бағдарламасы қабылданылады[4].
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан халқына арналған Қазақстан -2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын жариялап, онда ХХ ғасырдың соңындағы қабылданған Қазақстан-2030 Стратегиясының орындалуына талдау жасалынды[2]. Осы ұзақ мерзімді стратегия бойынша көптеген аспекттер қарастырылды. Соның ішінде Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат атты бөлім бар және бұл бөлімге қатысты Елбасымыз Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек. деп айтқан болатын. Бұл бағдарлама көмегімен орташа жалақы мөлшері 9,3 есе артып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе өсті, ал халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе ұлғайды. Жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері 1998 жылғы 1500 АҚШ долларынан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен аса артты. Сонымен қатар, соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсіп, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайып, жұмыссыздар саны 2 есе қысқарды. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі реформаланып, орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. Оған қоса, Қазақстан-2030 стратегиясы қабылдағалы республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды[2]. Әлемдік қауымдастық таныған ел аспектісі бойынша Ел жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарып, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдауда. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді[5]. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті [6]. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау резолюциясында Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің сол жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы ұсынысын қарастырып, елімізді БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау жайлы шешім шығарды[7]. Осы халықаралық ұйымдарға мүше болып тағайындалуымыз жаһандық факторларға байланысты Қазақстанның егемен, әрі тәуелсіз мемлекет екендігін халықаралық тұрғыдан танытып, көршілес мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтып, еліміздің ғаламдық аренадағы орнын қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра түседі.
1.2. Жаһандану үрдісі Қазақстан халқына қандай қиындықтар әкеліп соқтырды?
Үдерістің сәтті тұстарына қарамастан, оның кейбір сыншылары үлкен қауіп деп санайтын келеңсіз салдарларға немесе ықтимал проблемаларға толы және де ол басқа салалар бойынша елге көптеген зардаптар мен шығындар алып келді. Ең бастысы бұл үдерістің көп жағдайда дамыған елдердің ғана дамуына бағыттылуы, яғни бұның салдарынан дамушы және даму деңгейі өте төмен елдер жоспардан ығыстырылады. Бұл жердегі басты қиындықтар экономика, экология, демография салаларынан туындады. Экономика саласындағы жетістіктер көп болғанымен, Қазақстан дамушы ел болғандықтан, теріс тұстары да аз емес.
Экономикалық жаһандану процестері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың - трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) пайда болуына әкелді. Қазіргі уақытта трансұлттық корпорациялар әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 50%-дан астамын, халықаралық сауданың 60%-дан астамын, жаңа техникаға, технологиялар мен ноу-хауға патенттер мен лицензиялардың 80%-дан астамын, тікелей шетелдік инвестициялардың 90%-дан астамын бақылайды. Өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ірі корпорациялар ұлттық инвесторларды экономиканың ең тартымды секторларынан ығыстырып шығарады, ұлттық өндірушілерге қатты қысым жасайды. Қазіргі уақытта республиканың шетелдік секторындағы компаниялардың көпшілігі (шетелдік кәсіпорындар) Chevron Mobil, Samsung, Agip, Shell, Philips, LNM Group, Philips Morris және т.б.[8]. Оған қоса, трансұлттық корпорациялармен жасалынатын шарттар инвесторлардың мүддесіне басым болып, салықтық жеңілдік түріндегі преференциялар ұсынылады. Салдарынан, еліміздің экономикасы шетелдік инвестицияларға тәуелді болып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, елде ақыл-ой сытылуы сынды мәселе орын алуда. Ұлттық статистикалық бюроның мәліметінше, 2019 жылы Қазақстаннан барлығы 45 225 адам кеткен. Оның 12 629-ы жоғары білімі бар адамдар. Яғни, 2019 жылы елден кеткендер арасында жоғары білімі барлардың үлесі 27,92% құрады. 2020 жылы Қазақстаннан 29 088 адам кеткен. Олардың ішінен жоғары білімділер саны 8182-ні құрайды, бұл жалпы санның 28,13%-ы болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, өткен жылдың статистикасына орта кәсіптік білім қосылса, бұл жалпы санның
53,6%- ын құрайды[9]. Еңбекке қабілетті ресурс 19-40 жаста Қазақстан салалық дамуына лимит қояды
Қазақ халқы менталитетінің қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері экологиялық мəселелердің дұрыс шешілуімен де тығыз байланысты болып отыр. Ұлт пен мемлекеттің шынайы қауіпсіздігі, оның генофондының сақталуы да осы экологиялық ахуалға тікелей байланысты. Кейбір ғалымдардың айтуынша, индустриалдық дамудың соңғы жүз жылы ішінде атмосферадағы көмір қышқыл газының көлемі -- 15 - 20 %, шаң-тозаң 10 - 20 % жеткен. Семей полигонында атом қаруын сынау нəтижесінде Семей өңірі тұрғындары арасында жүрек, қан қысымы, құрт аурулары саны көбеюде[10]. Сонымен қатар, Байқоныр ғарыш айлағында ракета ұшырылуының әсерінен онкологиялық аурулар саны артуда. Батыс өңірінде мұнай қазба жұмыстары журеді, алайда қазылған жерлердің орны толтырылмайды, салдарынан бұл жер сілкінісіне алып келу қаупі бар. Шығыс аймақта, Павлодар, Өскемен қалаларында түрлі-түсті металлургия өнеркәсібі дамығын, бұның әсерінен экологиялық баланс құлдырауда. Қорытындылай келе, жаһандану нәтижесінде өнеркәсіптік саланың өркендеуі елде экологиялық ахуал тудыруда.
1.3. Жаһандану қазақ халқының менталитеті мен ой өрісіне қалай әсер етті ?
Бұл сұрақты екіжақты қарастырған жөн, себебі аталмыш процесс адамдардың ойлау өрісін кеңейткенімен, қазақ халқының ұлттық болмысына белгілі-бір шамада нұқсан келтірді.
Жаһандану нәтижесінде 1986 жылы суб-мәдениет деген ұғым пайда болып, бірте-бірте елімізге танылып, қолданысқа ене бастады [11]. Жастар, әсіресе көптеген жасөспірімдер өмірден не қалайтынын түсінуге тырысып, эмо, гот, панк, хиппи секілді әртүрлі субмәдениет тобына қосылады. Бір жағынан жаңа тәжірибе, дегенмен субмәдениет түрлерінің ешқайсысы отбасы, балалар, жеке даму сияқты құндылықтарға жүгінбейді. Олардың көпшілігінде негізгі идеологиялық құндылықтар ретінде агрессия, депрессия, үмітсіздік, наразылық болып саналады[11].
Кейбір деректерге үңілсек, қазақтардың 40 пайызға жуығы қазақ тілін білмейді. Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы.[12]. Сонымен қатар, жаһандану ұғымымен батыстық даму моделі түсінігі бірге жүретіндіктен, халық батыс елдеріндегі адамдарға еліктеп, тұрмыс салты мен ұстанымдары батыстағы американдықтарға ұқсай бастады. Жастар заманауи көзқарастарды иеленіп, қоғамда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер ұмыт бола бастады.
Бұл тұрғыда елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген шаруа атқарылып, мәдени орталықтар да өз істерін орындауда. Бүгінгі таңда Әділет министрлігіне ресми түрде тіркелген 28 республикалық мәдени орталық бар, ал еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады[13]. Бұл орталықтардың мақсаты-әр ұлтқа тән салт-дәстүр, ана тілі, ұлттық мейрамдар секілді құндылықтарды сақтау және өзге ұлттар мен олардың құндылықтарын құрметтеуге баулу.
Ұтымды жақтарын талдайтын болсам, бұл үрдіс елімізге үш тұғырлы білім жүйесімен таныстырып, қоғам арасына толеранттылық ұғымын ендірді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бастамасымен елімізде Үштұғырлы тіл саясаты қолданыс таба бастады. Үштұғырлы тіл саясатының басым жақтарына Қазақстан Республикасының шет елдермен дипломатиялық, достық және саяси қарым-қатынас орнатуын жатқызуға болады. Үштұғырлы тіл саясаты 2017 жылы елімізде өткен 28 - ші бүкіләлемдік қысқы универсиада және EXPO - 2017 бүкіләлемдік көрмеге де тікелей әсер етті [14]. 2017 жылы латын әліпбиіне көшу қоғам арасында өзекті тақырыптардың біріне айналып, терең талқыланды. Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты сол жылы 9 қазанда ұсынылып, 2018 жылғы 19 ақпанда Елбасының Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Жарлығы шықты[15].
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүретіндіктен, еліміз полиэтносты болып саналады. Осы орайда 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Ассамблеяның маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Сонымен бірге, Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың тағы бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас. Соңғы жылдарда Республиканың түпкір-түпкірінде бой көтерген түрлі діни мекемелердің (мешіт, православие приходы, католиктердің костелы, ғибадатханалар және т.б.) жанданған құрылысы мемлекеттің өзара үйлесімді қоғамдық дамуға тиімді жағдай жасағандығын дәлелдей түседі. Оның ішінде 2008 жылы қабылданған Қазақстан халқы ассамблеясы туралы заң бойынша Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік құқықтық негіздері орнатылды. Еліміздегі ұлттық-мәдени орталықтар ресми түрде этномәдени қоғамдық бірлестіктер болып қайта тіркеуден өтті [16].
2019 жылы Жастар ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) жастардың өзекті мәселелері бойынша жүргізген әлеуметтік зерттеулері көрсеткендей қазақстандық жастардың діни толеранттылығының жалпы деңгейі өте жоғары. Жастардың 70,3% басқа діни сенім адамдарымен көршілес болуда төзімділік танытады. Бұған жастардың 14,1% өте теріс қарайды, тағы 8,7% жалпы теріс көзқарасқа жақын болғанымен, кейбір жағдайларда жол беру мүмкіндігін мойындайды [17].
Халықтарды біріктіру үшін, 1 мамырда - Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл күні - еліміздің барлық қалаларында түрлі іс-шаралар өтіп, басқа этникалық топтар, қазақтарды өз мәдениетімен таныстырады. Осыған орай, мерекелік шерулер, ойын-сауық және спорт шаралары ұйымдастырылады [18].
2. Зерттеу әдістері
Қазақстандағы жаһандану үдерісі тақырыбын зерттеу барысында біріншілік және екіншілік зерттеу әдістері пайдаланылып, құндылығы мен шынайылығы жоғары дереккөздер колданысқа ие болды. Жұмыс барысында таңдалған зерттеу тақырыбына қатысты ғаламтор желілерінен, газеттер мен өзге де баспасөздерден алынған деректерді талдай отырып, екіншілік зерттеу әдісі жүргізілді. Осы орайда, зерттеу сұрақтарына жауап іздену барысында сенімділігі жоғары және расталған мәлімет бере алатын дереккөздер қатарына "e-history.kz" сайты, adilet-zan.kz пен akorda.kz ҚР ресми сайттары, және kisi.kz Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты журналының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz