Музыка және қимыл


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 185 бет
Таңдаулыға:   

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Есенова Д. К

Есмаганбетова Ш. К.

Маулетова А. А.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА

МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

colorful-musical-notes-clipart

ҚОСТАНАЙ 2017

УДК 373

ББК 74. 102

Е 79

Авторлар: Ш. Қ. Есмаганбетова - өнер кафедрасының аға оқытушыcы

Д. К. Есенова - № 61 бөбекжай-бақшасының музыка маманы

А. А. Маулетова - Астана қаласы №1 Балалар музыкалық мектебінің оқытушысы

Пікір жазғандар: Б. А. Смагулов - МКҚК Қарағанды қаласы №1 өнер мектебінің оқытушысы., ҚР мәдениет қайраткері

З. К. Берсугурова - Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №61 бөбекжай - бақшасы директоры.

М. С. Сапиева - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өнер» кафедрасының меңгерушісі.

С. А. Байжанова - педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауыш пен мектепке дейінгі білім кафедрасы доценті.

Е79 Д. К. Есенова.

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру: оқу құрал / Д. К. Есенова, Ш. Қ. Есмаганбетова, А. А. Маулетова. - Қостанай: ҚМПИ, 2017 - 199 б.

ISBN 978-601-7934-23-1

Бұл оқу құралы студенттерге мектеп жасына дейінгі музыкалық тәрбие беру әдістерін үйретумен қатар танымдық ақпарат береді.

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығында дәріс алушы студенттерге арналған және 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы студенттері мен дәріс беруші оқытушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

УДК 373

ББК 74. 102

ISBN 978-601-7934-23-1

© ҚМПИ, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

1МОДУЛЬ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеті. 5

1. 2. Музыкалық оқу қызметінің мазмұны мен көлемі. . . 12

1. 3. Музыкалық тәрбие беру жолдары. . . . …26

2МОДУЛЬ. МУЗЫКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

2. 1. Ән салу 32

2. 2. Музыкалық- ырғақты қимылдар . . . ……56

2. 3. Музыка тыңдау . . . …. . 79

2. 4. Музыкалық аспаптар. . . 92

3МОДУЛЬ. МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КӨЛЕМІ

3. 1. Музыкалық оқу қызметі. . . . 98

3. 2. Балабақшаның күнделікті өміріндегі музыка. . . . 108

3. 3. Мерекелік ертеңгіліктердегі музыка. . . 120

3. 4. Музыкалық ойын - сауықтарды ұйымдастыру және безендіру . 127

4МОДУЛЬ. ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

4. 1. Инклюзивті білім берудің жалпы ұғымы . . . 140

ӘДЕБИЕТ . . . 146

ГЛОССАРИЙ . . . 148

МЕРЕКЕЛІК СЦЕНАРИЙЛЕР . . . 154

ӘНДЕР . . . 180

КІРІСПЕ

«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Педагогтың қызметі - оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек», - дейді А. Байтұрсынов.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиедегі басты міндеттердің бірі - баланың музыкаға деген қызығушылықты, сұранысты, қабілеттілікті, эстетикалық көзқарасы, жалпы рухани - мәдени дамуына ықпал етуші музыка білімініңнегізін қалыптастыру.

Музыка тәрбиесінде белгілі дағдылар мен машықтарды меңгеру арқылы музыка өнеріне қызығушылығы артады. «Мекеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру» оқу әдістемелік құралы 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтары студенттері мен 5В010600 «Музыкалық білім» студенттері мен оқытушыларына қосымша құрал ретінде арналған. Аталған әдістемелік құралы мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берумен қатар, олардың басқа да берілетін тәлім -тәрбие қызметінің одан әрі тиімді болуын қамти отырып, музыкалық тәрбие берудің жаңа жолдарын ескереді. Ұсынылып отырған оқу құралында, мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы міндеттері мен мақсаттарын негіздейді. Балалардың музыкалық қызмет түрлерін ұйымдастыру формалары арқылы адам тұлғасының музыкамен тілдесу нәтижесінде, сәбиге көңіл күй мен нәзіктік сезімдерін қалыптастыру негізінде зеректікті дамыту, ортаға деген ізгі көз қарасын дамытуды көздейді.

Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отан сүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз. Сонымен қатар инклюзивті білім тақырыптарын қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді түрдегі моральді - психологиялық тәрбие қызметінің көмегімен музыкалық іс - әрекеттер қызметіне оңай бейімделуіне қарастырады. Инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасайды. Әр модульдағы әдістемелік бағыттар бала тәрбиесіндегі оқу қызметінің талаптарына негізделген. Оқу құралында ертеңгіліктер сценарийінің үлгісі көрсетілген. Балалар әніндерінің нотасы және музыкалық термин сөздер енгізілген. Бүлдіршіндерге музыкалық тәрбие берудегі баланың тұлға ретінде қалыптасуынаықпал етпек.

1МОДУЛЬ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеті.

Жоспар:

  1. Музыканың жалпы өнерретіндегі маңызы.
  2. Баланы жан - жақты дамытуда, музыкалық тәрбие берудің міндеті.
  3. Баланың музыкалық қабілетін арттыруда жас ерекшелігінің ескерілуі.

Адамның парасатты ойы мен терең сезім дүниесін бейнелейтін, эмоциялық әсер туғыза алатын жарқын көркем шығармалар жан дүниенің эстетикалық жақтарын қозғап, тәрбиенің қайнар бұлағы мен құралына айналады. Музыканың тағы бір ерекшелігі, Д. Шостаковичтің айтуынша, «өзіндік тамаша тіл». Бейнелі, жарқын әуенді, жан-жақты үйлесімді, өзіндік бір ырғақты ұштастыра отырып, композитор өзінің дүние сезімін, айналасына көзқарасын бейнелейді. Мұндай шығармаларды қабыл алғандардың бәрі солар арқылы рухани байи түседі.

Ал бірақ, музыка тыңдаушылардың бәріне бірдей күшпен әсер ете ме? Әлбетте, бірдей әсер етпейді. Бұл - оның тағы бір ерекшелігі. Әр адам музыкаға өзінше ынталы, онымен өзінше әуестенеді, ол музыка жанрының қайсыбіреуіне, өзі ұнатқан композиторына, тыңдаудағы белгілі тәжербиесіне сай жеке бір артығырақ ден қояды. Оқып, жаза білуге, есептеуге, суретсалуға қалай үйренсе, музыканы танып, бағалай білуге, образдардың ширақ дамуын, әр тарап тақырыптардың қақтығысымен тартыстарын және олардың аяқталуын жіті байқап, музыканы зейін қойып тыңдай білуге де дәл солай үйрену қажет. Тыңдаушы музыканы тереңұғыну үшін оның бүкіл даму барысына ілесе отырып қабылдауы тиіс. Осы «өзіндік тамаша тілді» жіті ұғып, түсіне білуге үйрену қажет. Сонда бірте-бірте музыкалық талғам қалыптасады, музыкамен ұдайы шұғылдану қажеттігі туады, барған сайын нәзік және алуан түрлі тебіреніс-толғанысқа бөленушілік күшейе түседі.

Музыканың біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі - оның адам өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әсер ететіндігінде. Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде нәресте тыныштала қалады. Ал енді сергек марш ойналса, оның жүзінде өзгеше нышан байқалып, қимыл жеңілдейді. Бұл сияқты эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.

Әр модульдағы музыкалық тәрбие берудегі тұлға ретінде қалыптасуынаықпал етпек.

Ақыл-ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік пен өмірге деген эстетикалық көзқарастарын үйлесімді ұштастыру - жан - жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырудың қажетті шартты. Балаларға музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көптеген мәртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі.

Музыка - балаға эстетикалық тәрбие беру құралы. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабылеттерінің дамытуға бағытталған.

Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі - музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.

Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір-бірімен салыстырған ой туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған жайындағы пьеса мұңайтады, жабырқатады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мәселен, балалар музыкалық дыбыстардың ең карапайым қасиеттерін (рояль мен скрипка тағы басқа аспаптардың жоғарғы және төмен тембрлік дыбысын) бір-бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым құрлымын (әннің бастамасын, қайырмасын, пьесадағы үш бөлімді т. б. ) бір-бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсыкөркем образдардың айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ және созылыңқы сипаты мен қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларынң қоры жинақталады, музыкалық талғамдардының алғашқы негіздері қаланады.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға шығармашылық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем бейнені әнді, ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала сергек басып келе жатқан балаларға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға, т. б тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен түрлерде қолданылады. Бала қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта береді.

Музыкаға жалпы қарай балалардың музыкаға деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тербеніс-толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады.

Музыка - баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Балалардың эмоциялық-бейнелік мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз.

Топ болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, мұндай балалардың бәрі ортақ әсерге бөленеді. Ән айту қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әнді дәлайтпайтын адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бәрінің сәттсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей шаттанып, қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа балалардың сәтті шыққан өнерін ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына белгілі кедергі болып табылады. Ондай балаға жолдастық көмек көрсетуге, сөйтіп, кіші пейілділікке тәрбиелеуге және оның басқадай қабілеттерін дамытуға болады.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне себебін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс-қимыл түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма-кезек ауыстырып отыру балалардың ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын, ұйымшыл болуын, жігерлі күш-қимылды: әнді уақытында бастап, дер кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлде кімдерден озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бәрі тежеу үрдісін жетілдіреді, ерік-жігерді тәрбиелейді.

Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениеттің алғашқы түп негіздерін қалайды.

Музыка - ақыл-ой қабілеттерін дамыту құралы. Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір-біріне өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелікмәнімен танысады, көркем бейнелердіңсипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманыңқұрылымын түсіне білуді үйренеді. Шығарма орындалып болған соң тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бергенде бала алғашқы тұжырымдары мен салыстыруларын айтады: пьесаның жалпы сипатын анықтайды, әннің әдеби тексінің музыкалық құралдары арқылы жарқын бейнеленгенін ескертеді. Мұндай эстетикалық баға беру алғаш ұмтылуда ақыл-ойдың алғыр болуы қажет етіледі және оған педагог бағыт беріп отырады.

Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымалдық маңызы бар. Онда мектеп оқушыларын жаңа көріністермен байытатын өмір құбылыстары бейнеленген.

Баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырып, ой-қиялын оятатын кішкентайда болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау керек.

Ересек адам балаға шығармашылық тапсырма берген кездеақыл-ой белсенділігін қажет ететін ізденіс туады. Мәселен, ән айтқанда бала әуеннің өзі тапқан түрін жанынан шығарып айтады, әдеби текстіңбейнелі интонацияға сәйкестігін табуға тырысады.

Музыкалық-ырғақ сәтінде балалар рахаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомима, әсіресе музыкалық -ойын түріндегі драмма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы қайсыбір кейіпкерді сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды, рольдерін бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Әрбір кезеңде ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.

Музыканың - бала денсаулығына әсері. Есту мүшелері қабылдайтын музыка адамның бүкіл аңзасының жалпы жағдайына әсер етеді, қан айналымында, тыныс алуда өзгерістер туғызады. В. М. Бехтерев осы ерекшеліктерді атап көрсете келіп, егер музыканың ағзаға әсер ету механизмін анықтаса, онда әуенге деген сезімді туғыза немесе оны бәсеңдетуге болатынын дәлелдеп береді. Мажорлық және минорлық сарындардың ағза жағдайына қаншалықты әсер ететінін зерттей келе П. Н. Анохин музыкалық әуен, ырғақ және басқа компоненттерін тиімді пайдаланса адамға жұмыста да, демалыс кезінде де пайдалы деген тұжырым жасады. Музыкалық әсердің физиологиялық ерекшеліктері жөнінде ғылыми деректер музыканың бала тәрбиесіндегі ролін материалистік тұрғыдан негіздеп беруде.

Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс айта білуге үйретеді (логопед - дәрігерлер тұттықпаны емдегенде ән айту тәсілін қолданады), вокальдық-дыбыс координациясын қалыптастыруға көмектеседі. Ән салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп, тереңдете түседі.

Музыкамен қимылдың өзара байланысына негізделген ритмикамен шұғылдану баланың тұлғасын, жеңіл жүгіретін қасиетін қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен екпіні тиісінше қимыл шапшаңдығын, оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да өзгертіп отыруды талап етеді.

Осыбаяндалған барлық қағидалар балабақшадағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрылады:

  1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
  2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
  3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалы-ырғақты қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
  4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсуі керек.
  5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкаылық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
  6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.
  7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда тәндік бейне беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалану; ойдан шығарған шағын әндер мен қайрымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.

Баланың қабілеті белсенді музыкалық оқу қызметіндедамиды. Баланың жас ерекшелгін ескере отырып, музыкалық қызметтің, баланың ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып, бағытқа салу - педагогтың міндеті. Өйтпеген күнде дамуда кенжелеп қалушылық болатыны байқалады. Мәселен балаларды музыкалық дыбыстарды биіктігіне қарай айыра білуді үйретпесе, ондай балалар 7 жасқа толғанша өзінен кіші бала әлдеқайдаоңай орындайтын тапсырманы орындай алады.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері мыналар:

  • Есту сезімі, музыкалық есту қабілетті;
  • Әр түрлі сипаттағы музыкадан эмоциялық әсер алғыштығының сапасы мен деңгейі;
  • Ән айту, музыкалық-ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары;
  • Жас жағынан дамудың жалпы тенденцияларына тоқталайық.

Екі жасқа толғанда. Музыканы қабылдағанда балалар жарқын контрасты эмоциялар көрсетеді: көңілді жадыраушылық немесе сабырлы күй танытады. Есту түйсіктері едәуір сараланған болады: бала жоғарғы немесе төмен дыбыстарды, қатты және бәсең үнді, тіпті тембрлік реңкті айыра біледі (металлофонда немесе барабанда ойнайды) . Әнді саналы түрде қайталап айтатын алғашқы интонациялар пайда болады; бөбек әндеткен ересек адамға қосып, әннің музыкалық сөздерінің аяғын оған ілесе қайталайды. Ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді: музыка әуеніне ілесіп алақанын соғады, аяғымен еденді тықылдатады, дөңгеленіп билеген болады.

Үш және төрт жасқатолғанда. Балалардың сезімталдығы артады, заттар мен құбылыстардың, оның ішінде музыканың қасиеттерін дәлірек айыра алатын болады. Әр баланың есту сезіміндеөзіне тән ерекшеліктері байқалады. Мәселен, кейбір бөбектер қарапайым әуенді дәл қайталап айта алады. Жетілудің бұл кезеңі баланың дербес әрекетке ұмтылатындығымен сипатталады. Енді ол әр жағдайды айта берудің орнынасолардың басын құрап, байланыстыра сөйлейтін, бейнелі ойлайтын болады, қол-аяқ бұлшықеттері нығаяды. Баланың музыкамен шұғылданғысы келеді, белсенді іс-әрекеті басталады. Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердің азғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алатын дәрежеге жетеді. Сондай-ақ олар билеуге, ойнауға мүмкіндік беретін түрлі қимылдар жасауға қалыптаса бастайды.

Бес жасқа толғанда. Бұл - балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы. «Неге?», «Неліктен?» деген сұрақтарды көп қоятын шағы. Бөбек құбылыстар мен оқиғалар арасындағы байланысты ажырата бастайды, қарапайым тұжырым жасай алады. Ол өте байқағыш келеді: Музыканың көңілді, қуанышты, сабырлы екенін; дыбыстардың жоғары, төмен, қатты ақырындығын; пьесадағы екі бөлімді (біреуі тез, екіншісі баяу), әуеннің қандай аспапта ойналып тұрғанын (рояль, скрипка, баян) ажырата біледі. Бала әнді қалай айту, қол ұстасып, ән салып жүріп билеуде қалай қимылдау керектігін, шапшаң бидің қалай орындау керектігін түсінеді. Бұл жаста дауыс ашық, құбылмалы сипат алады. Ән интонациялары тұрақтана бастайды, бірақ әлі де болса ересек адамның тұрақты демеп отыруын керек етеді. Вокальдық - есту қабілеттері үйлесе бастайды.

Қозғалыстың негізгі түрлері - жүру, жүгіру, секіруді балалардың меңгеруі оларды ойындар мен билерде кеңірек қолдауына мүмкіндік береді. Кейбіреуі рольді орындағанда (мәселен сюжеттік ойында) басқаларға еліктемеуге тырысады. Енді біреулері өзінің бейімі мен қабілетіне қарай істің тек бір түріне ғана ықылас қояды.

Алты және жеті жасқа толғанда. Бұл - балаларды мектепке дарлайтын кезең. Музыкатуралы алған білімдері мен әсерлері негізінде балалар енді тек сұраққа жауап беріп қоймай, сонымен қатар музыкалық шығармаға өзінше сипаттама бере алады, музыканың бейнелеу құралын таладай біледі, музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезіне алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар
Балғын жастағы музыкалық ырғақтың қимылдарға қатыстыру әдісі
Мектеп оқушыларының музыкалық ырғақ сезімінің көрінуінің психологиялық ерекшеліктері
Діни музыка
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары
Музыкалық тәрбие қызметінің сипаттамасы
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz