Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Кіріспе1 Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары1.1 Факультативтік сабақтардың мәні мен мазмұны1.2 Шетел тіліндегі факультативтік сабақтарда қолданылатын әдістер2 Факультативтік сабақтарға арналған жаттығуларПайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шетел тілі білімінің қосымшалары қазіргі уақытта ұлғая түсуде. Қоғам дамуының заманауи кезеңінде шет тілі оқу пәні ретінде мақаласының авторлары материалдық өндіріс саласында заманауи қоғамда шет тілінің рөлін көрсетеді. Ғылымның, техниканың, халық шаруашылығының барлық салаларының табысты түрде дамуы ақпарат алмасусыз мүмкін емес. Бұл үшін ең болмаса бір шет тілін меңгерген мамандар қажет.
Шетел тілінде факультативті сабақтар - студенттердің білімін олардың қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік сабақтар студенттердің ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Факультативтік курс шет тілін оқытудың сапасы және оның мектептегі беделі жоғары болуы барысында қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда тілмен айналысуға тілек білдіруші топтар оңай жиналады және әкімшілік тарапынан кедергілер әдетте болмайды. Топқа тіл білімін тереңдетуде, оны қолдануда білік пен дағдыны жетілдіруде түрлі қажеттілік ниетін білдіруші білім алушылар кіреді. Олардың арасында мыналар болуы мүмкін:
- гуманитар, олар тілмен, оны меңгеру үрдісімен әуестенгендер; олардың ауызекі тілде және оқуда тілді үйрену тілегі үлкен;
- технарь. Мұнда тілді қолданбалы сипатта деп білетіндердің барлығын қосамыз; бұл оларға өз білімдерін олардың қызықтыратын пәндерінен білімдерін кеңейту үшін оқып білетін тілдегі әдебиетке жүгіну мүмкіндігін береді;
- өзінің болашақ кәсібін шет тілімен байланыстыратын білім алушылар;
оқып білетін тілдегі әндерді ұнататын, джазға құмар, рок-топтарға әуес мектеп оқушылары.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән -- мағынасын терең түсініп -- білуге, адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға, өз таңдаған мамандықтарына ие болуға мүмкіндік береді.Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқу мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында арнаулы кәсіби білім берудің мақсаты -- жеке тұлғаның саналы арнаулы білім алуға мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі -- кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде факультативтік сабақтар мен курстарды оқу жоспарына енгізу.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында Қазақстандағы білім бері жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті -- еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестіндіре отырып, білім сапасын арттыру. Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кісіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі -- студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік -- ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкескөзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет.Кәсіптік-техникалық мектептерде, лицейлерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:oo Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.oo Өндірістік оқыту: оқу шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынныңөндірістік цехында оқыту, қызметкөрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.oo Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары және т.б.Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба жəне т.б. Осы аталған оқытуды ұйымдастыру формаларының ішінде факультативтерге тоқталайық. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс , жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда факультативтік сабақтардың маңызы зор.Зерттеу нысаны: факультативті курстардың ұйымдастыру әдістемесіЗерттеу пәні: Мәліметтер базасы жүйесі пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыруЗерттеу мақсаты: факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеуЗерттеу міндеттері:1) Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау;2) Факультативтік курстардың мәні мен мазмұнын ашу;3) Факультативті курстардың тиімділігін анықтау;3) Факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістерін негіздеу;4) Мәліметтер базасы жүйесі пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесімен танысу.Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары
Факультативтік сабақтардың мәні мен мазмұны
Ұйымдастыру құрылымы - жеке және ұжымдық субьекттердің жиынтығы, олардың арасында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру, өткізу жауапкершілігі мен міндеттері анықталған.
1) жоба қызметі блогы:
- студенттер мен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін тану
- факультативтік сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу
- факультативтік сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау
-факультативтік сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен критерийлерін дайындау
2) жүзеге асыру блогы:
- факультативтік сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру
- факультативтік сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау
3) мониторинг және бақылау блогы:
- студенттердің факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау
- факультативтік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау
- факультативтік сабақтарды өткізу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.
4) рефлексивті қызмет блогы:
- факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бойынша студенттер арасында сауалнама
жүргізу
- факультативтік сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша мұғалімдермен әңгімелесу
- факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы туындаған негізгі мәселелерді анықтау
- факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай жасау.
Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критерийлері:
1) сабаққа уақытылы қатысу.

5 21
2) студенттердің әр түрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына, конференцияларға қатысуы
3) студенттердің қызмет деңгейі (зерттеушілік, шығармашылық, жартылай шығармашылық, репродуктивті)
4) студентердің сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы
5) құжаттама жүргізу.
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді қажет етеді:
сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы және сабақты өткізудің тиімділігі;
сабақты өткізу барысындағы оқушылардың белсенділігі;
оқушылардың сабаққа толық қатысуы.
Сабақтың өткізілу тәртібі:
Пән бойынша факультативтік сабақтарды іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:
пәндік сынақтарды өткізу;
оқушының бұл бағдарға қатысты мүмкіндіктеріне баға беру, таңдалған пәнді тереңдетілген деңгейде игеруге дайындығын анықтау;
бағдар іс - әрекеттерінің құрам бөліктерімен танысу;
базалық пәндік білімді кеңейтіп, толықтыру, таңдау бойынша емтиханға дайындалуына жағдай жасау;
оқушыларды берілген бағдарға сәйкес келетін іс - әрекет түрлерімен таныстыру.
Жалпы және кәсіптік білім беру мектептерінің негізгі міндетінің бірі -- оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай, білім беру мекемесінің дәстүрі мен мүмкіндіктеріне, педагогикалық ұжымның біліктілік деңгейіне сәйкес экономиканың қандай да бір саласына белсенді еңбек етуге даярлау.Аталған міндеттерді дұрыс шешуде кәсіптік оқыту педагогының даярлығы үлкен рөл атқарады. Сондықтан ол политехникалық ой-өрісі кең, кәсіптік мобилді және кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізін игерген, оны ұйымдастыра білетін, үнемі білімін, біліктілігін, кәсіптік бейімділігін арттыруға бағытталған шығармашылықпен әрекет ететін маман болуы тиіс.Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары [1]:1 Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.2 Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.3 Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты. 4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5 Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.6 Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.Оқу-тәрбие мақсатында сабақтарды жоспарлау және қол жеткізу.Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды [2]: -- тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі; -- жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру; -- білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу; -- білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру.Сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек, нәтижесінде олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсініп, тәуекелге барады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын көпірді салуға негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Өз тәжірибемнен мысал келтірсем. Қазақ тілі сабақтарында Визуалды айғақтар әдісімен мұғалім мен оқушы арасындағы көпір салуға негізделген топтық жұмыс жүргізіледі. Барлық топқа бірдей тапсырмалар беріледі. Суреттерді қарай отырып зат есім болатын тірек сөздер шығарып, оған мәтін құрап, тақырып қою керек. Топтар тірек сөздерді дұрыс тауып, мәтінді ауызша құрады. Суреттерді орналастыруда реттілік кездесті. Алған тақырыптары да сурет мазмұнына сәйкес келеді. Сонымен қатар мәтін құрауда әрбір суретті бір-бірімен байланыстырып айта білді.Бұл әдісті жүргізу нәтижесінде оқу пирамидасындағы оқушының алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы 20-30% құрайды. Әдістің тиімділігі -- нашар оқитын, сөйлемейтін оқушыны сөйлетуге, сындарлы ойлауға жетелейді. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Чиксентмихаий айтқандай әр балаға өз деңгейіне қарай тапсырма беру керек. Нәтижесінде, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары: дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды -- процессуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды; -- гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз -- өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау;
-- психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс -- әрекетіне қатысты; -- кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді; -- әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым -- қатынасын қамтиды; -- ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдық еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық -- техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.Сабақ талдау түрлері мен типтеріСабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі. Өзіндік талдаусыз мүмкін емес [3]: -- оқытудың толық жүйесін құру; -- шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту; -- озат педагогикалық іс -- тәжірибені жинақтау; -- техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту; -- мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз етуі.Сабақ талдау типтері [4]:1 Толық -- мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс -- тәжірибесін, оқу -- тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.2 Қысқа -- жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;3 Кешенді -- сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан -- жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.4 Аспектілі -- сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс -- әрекетіндегі жекеленген амалдарың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады. Талдаудың әрқайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.Сабақты талдаудың жалпы критерийлері. Нәтижелік, сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого -- педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары: -- танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу; -- оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау); -- оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру; -- оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану; -- оқушылардың өзіндік іс -- әрекетін ұйымдастыру; -- жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру; -- қарама -- қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру; -- оқушы мен мұғалімнің қарым -- қатынасының ынт
Сабақ құрылымы. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылығына сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін келесілер: -- оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау; -- сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу; -- материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Кәсіби оқыту
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Физикадан факультативтік курстар
Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні
Пәндер