Интернет журналистиканың пайда болу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА

«ИНТЕРНЕТ САЙТЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050400 - «Журналистика» мамандығы

Түркістан қаласы, 2022жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Журналистика кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент м. а.

А. Бельдибекова

«» 2022ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ИНТЕРНЕТ САЙТЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

5В050400 - «Журналистика» мамандығы

Орындаған тобының студенті: А. Серікбаева

Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. д., профессор С. Садықов

Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер:

Қазіргі қазақ журналистикасының ауқымы кеңейген, көптеген шектеулер алынып, ой-пікірге еркіндік берілген. Баспасөз қызметінің жаңа сипаттары айқындалып, интернет желісінде де көзге түсетін, көңілден шығатын бағыттар көбейе бастады. Қазақ журналистикасында тыңнан түрен түретін жаңашылдық пен баспасөз қызметінің кей тұстарына қатысты мәселелерді зерттеу қолға алына бастағандықтан, осы тақырып төңірегінде ғылыми жоба жазуға шешім қабылдадым.

Жеке тапсырма: Қазақ тілінде жарыққа шығатын баспасөз материалдары бойынша газеттік-публицистикалық стиль мен интернет сайттарындағы мақала жанрларының прагматикалық аспектілері; интернет желісіндегі ресми ақпараттардың прагматикалық функция қызметін атқаратын тілдік құралдар; ғаламтордағы, газет беттеріндегі жазбалардың, тамаша тақырыптардың тактикасын жан-жақты қарастыру.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қ/с: Қ/с
Бөлімдері: Бөлімдері
Орындалу мерзімі: Орындалу мерзімі
Кеңесші: Кеңесші
Қ/с: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Орындалу мерзімі:
Кеңесші: С. Садықов
Қ/с: 2
Бөлімдері:

Негізгі бөлім

І Интернет журналистика

І. 1 Интернет журналистиканың пайда болу тарихы

І. 2 Дәстүрлі журналистика мен жаңа медианың өзіндік ерекшеліктері

Орындалу мерзімі:
Кеңесші: С. Садықов
Қ/с: 3
Бөлімдері:

ІІ «Айқын» және Халықаралық «Түркістан» газеттерінің жаңа медиамен қарым-қатынасы және баспасөз қызметі

ІІ. 1 «Айқын» газетінің жаңа медиадағы баспасөз қызметі

ІІ. 2 «Түркістан» газетінің жаңа медиадағы баспасөз қызметі

Орындалу мерзімі:
Кеңесші: С. Садықов
Қ/с: 4
Бөлімдері: Қорытынды
Орындалу мерзімі:
Кеңесші: С. Садықов

Тапсырма берілген күні . . .

Диплом жұмысының жетекшісі С. Садықов

Тапсырманы қабылдап алған студент А. Серікбаева

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыста интернет сайттарындағы баспасөз қызметінің рөлі мен маңыздылығына шолу жасай отырып, тақырып төңірегінде тың тұжырымдар жасалды. Медиа әлемнің тамыры тереңдеп, кең етек жаюына байланысты ақпараттар легін топтастырып, жан-жақты қамтуға күш салынды. Сондай-ақ, ғаламтор желісіндегі медиа маркетинг пен баспасөз қызметінің ара жігі ажыратылып, тақырыптық ерекшеліктері жобаның бөлімдеріне тұздық болды.

Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жоба 60 беттен тұрады.

ÖZET

Tez çalışmasında, internet sitelerinde basın hizmetinin rolünün ve öneminin gözden geçirilmesiyle konuyla ilgili yeni sonuçlar çıkarılmıştır. Medya dünyasının derinleşmesi ve genişlemesi nedeniyle, bilgi akışlarının pekiştirilmesi ve kapsamlı bir şekilde ele alınması için çaba sarf edilmiştir. Ayrıca proje bölümlerinde internet'teki medya pazarlamasının ve basın hizmetinin tematik özellikleri de ele alındı.

Çalışma bir giriş, iki bölüm, bir sonuç, kullanılan literatürün bir listesinden oluşur.

Proje 60 sayfadan oluşmaktadır.

АННОТАЦИЯ

В дипломной работе сделаны новые выводы по теме с обзором роли и значимости пресс-службы на интернет-сайтах. В связи с углублением и расширением Медиа-мира были предприняты усилия по консолидации и всестороннему охвату информационных потоков. Также в разделах проекта были затронуты тематические особенности медиа-маркетинга и пресс-службы в сети Интернет.

Работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.

Проект состоит из 60 страниц.

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Журналистика саласының қазіргі даму кезеңінде баспа беттерінен бастау алған материалдар мен көпшілікке кең тараған бұқаралық ақпарат құралдарының арасында едәуір алшақтық, даму байқалады. Телеарна мен радио, газет-журналдардан өзге ғаламтор желісінің кең мүмкіндігін кәсіби біліктілігі жоғары мамандар да, дереккөздерін сауатты саралай алатын тілшілер де, қала берді кәсіби еңбек жолын енді ғана бастаған жас қалам иелері де барынша пайдаланып жатыр. Әйтсе де, халық елдегі орын алған оқиғалардың шынайылығын, мәліметтің растығын, алып-қашпа деректердің туралығын телеарналардан білуге асығады. Бұл өз кезегінде кәсіби мамандарға деген сенімділікті арттырады, ақпарат таратушы көздердің өз ісіне деген жауапкершілікті нығайтады. Осы тұста бұл қадамдар интернет желілеріндегі баспасөз қызметінің құнын құлдыратқан жоқ. Тиісінше, майталман мамандардың заман талабына сай ғаламтордың қыр-сырын терең меңгеріп, жаңа бағытта жан-жақтылығын қалыптастырмақ. Және де жарыса жазылып жатқан ақпараттар қаралым үшін ғана емес, нақты дәлелдер мен деректерге сүйене отырып, тиісті жеріне жету үшін, халықтың сеніміне ену үшін де жарыққа шығуына сеп болмақ. Демек, баспасөз қызметінің интернет сайттарындағы орны айшықталып, ғаламтордың ғаламатын тиімді әрі тиісті жерінде пайлануға үлкен мүмкіндік ашылуда. Ал ондағы ақпараттың шынайылығы, жалғаннан алшақ болуы ең әуелі жазба иесінің жеке жауапкершілігнде, абырой беделінде болмақ. Адамзат үшін өз тегінің тазалығынан қымбат құндылық жоқ екендігін ескерсек, жас журналистер үшін бұрын болмаған мұндай мүмкіндіктерді тек ұтымды пайдалану жеңіске жетер жолда жеткілікті қадам. Ал біз интернет сайттарындағы баспасөз қызметінің рөлін арттыратын ең негізгі баспалдақтар мен ғылыми дәлелденген тұжырымдарға сүйене отырып, жас журналистер үшін керек болатын құнды мәліметтерді ұсынып көрмекпіз.

Зерттеудің нысаны . Нысана айқын - интернет сайттарындағы баспасөз қызметінің рөлін айқындау. Осы жолда керек деректерді жеке дара талдап, қажеттісін қармап, медиа кеңістікте тиімділікті арттыратын терминдермен таныстыру. Кез келген журналисттің жолында бағдаршам болуға жарарлық жаңалықтарды ықшамдап, ғылыми қажеттілігін қарастырып, тайға таңба басқандай топтастырып ұсыну. Бұл бағытта көмекші құрал ретінде «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» атты нұстаулықты таңдап отырмын. Сондай-ақ, теория мен практикаға негізделген жаңа көзқарас «Медиа мен журналистика» еңбегін парақтадым. Заманауи сипат алып, сайттарға соңғы жаңалықтарын жүктеп жатқан газет-журналдардың жазу стиліне қатысты тың мәліметтер С. Исаев, Б. А. Әбілқасымов, О. Бүркітов, Б. Момынова еңбектерінен, орыс тілді мәліметтер Г. О. Винокур, Г. Л. Солганик т. б. ғалымдардың еңбектерінен алынды.

Зерттеудің негізгі мақсаты - бүгінгі қоғамдық дамуда демократияға шындап бет бұру мен жариялылық еліміздің саяси өміріне, экономикалық қарым-қатынасына түбегейлі өзгеріс әкелген жаңа кезең болып тұр. Осы демократиялық өзгерістердің барлығы қазақ журналистикасынанғ яғниғ ақпарат айдынынан көрініс табуда. Соған байланысты қазіргі баспасөздің, соның ішінде интернет сайттарындағы баспасөз қызметінің рөлі, жаңа сипат алған газет-журналдардың бұрыннан айқын тұжырымдалған ұжымдық насихатшылық, үгітшілік және ұйымдастырушылық рөлі де жаңа бағытта өзгеріп, тың сатыға көтеруліде. Сондықтан қазақ журналистикасында бұрын зерттелмеген, заман талабына сәйкес зерттеуді қажет ететін тақырып жоба маңыздылығын, өзектілігін арттыруда.

Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

І Интернет және журналистика

І. 1 Интернет журналистиканың пайда болу тарихы

«Интернет» деген сөз «БАҚ туралы» заңда бар-жоғы сегіз рет кездеседі екен. Оның екеуінде қасына «желі» деген сөз қосылса, алтауында «Интернет ресурс» болып келеді. Заң бойынша Интернет ресурстардың барлығы БАҚ болып есептеледі. Демек, біз бәріміз - интернет журналистерміз.

Интернет журналистика - дәстүрлі журналистиканың эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы! Ғаламтордың кеңістікке кең ауқымда тарауы, алысты жақын етіп, жұмысты жеңілдетуі, ақпарат алмасуда, хат-хабар жолдауда жедел жұмыс істеуі - дәстүрлі журналистикаға да әсер етпей қоймады. Бұрынғыдай ақпаратты тек теледидардан тосатын көрермен қатары кеміп, жаңалықтың шынайылығына шүбә келтіретіндердің саны артты. Өйткені жаңалықты жарыса жазатын сайттардың көпшілігінде кәсіби журналистер бой көрсетпейді. Сондай-ақ, рейтинг үшін көшірме мәліметтер көбейіп, сайттың сапасы емес, оқырман саны мен қаралым деңгейі маңызды болды. Асығыс таралған ақпарат пен көшірме деректердің шынайылығын жіті бақылап отыру - мемлекеттің емес, жеке бастың еншісіндегі мәселе. Әйтсе де дәл осындай олқылық теледидардың тұрақты көрермендерін бір деңгейде ұстап тұруға, кәсіби журналистердің өз еңбегіне деген адалдығын арттыруға оң әсерін тигізеді. Түптеп келгенде халық сенімді ақпарат таратушының сөзіне иланады. Осы тұста дәл осындайц мүмкіндікті кәсіби журналистер жағы ұтымды пайдаланып, қоғаммен қартынастың көпірін берік етуі керек-ақ. Қоғаммен дұрыс байланыс орната білу- журналистің шеберлігін көрсетеді. Телеарна, радио, баспа беттері, интернет желісі болсын журналистің ең алғашқы міндетінің бірі - қоғаммен байланыс орнату. Ашықтық, шынайылық, шапшаңдық сарапқа түсетін кез де осы қоғаммен тікелей қатынас кезінде көрініс табады.

Интернет журналистикасы туралы жақ ашпас бұрын қазақ журналистикасы туралы түсінік қалыптастырып алсақ. Қашан, қалай пайда болды? Бастапқы кездегі мүмкіндігі мен қазіргі кездегі жетістігі, қазақ журналистикасының іргесін кеңейткен интернет журналистикасының арасындағы байланыс қандай екендігін қаузасақ(https://el. kz/news/) . Қазақ журналистикасы әуелгіде бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, радио, теледидар, т. б. ) арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани құбылыстар жөнінде халыққа ақпарат тарататын шығармашылық қызмет түрі болды. Ол - Қазақстанның әр кезеңдегі газет, журнал материалдарын, радио, теледидар, киножурналдар хабарларын, мерзімдік басылымдар тарихы мен теориясын зерттейтін ғылым саласына айналған. Оның бұқаралық, қоғамдық-саяси, арнаулы және салалық мерзімді басылымдар мен радио, теледидар арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызы зор. Бұл сала мерзімді баспасөз түрінде 19 ғасырдың аяғынан қалыптасты. Ташкентте шығып тұрған “Түркістан уалаятының газеті” (1870 - 1882) мен Омбыда жарық көрген “Дала уалаятының газеті” (1888 - 1902) қазақ журналистикасының алғашқы беттерін ашты. 20 ғасырдың басында М. Дулатов “Серке” (1907) газетін, М. Сералин “Айқап” (1911 - 15) журналын, Е. Бұйрин “Қазақстан” (1911 - 13) газетін, А. Байтұрсынов “Қазақ” (1913 - 18) газетін жарыққа шығарды. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы, К. Кемеңгеров, Ж. Ақпаев, М. Тынышбаев, т. б. алаш қайраткерлері қазақ демокр. баспасөздің дамуына зор үлес қосты. “Тұрмыс” (1905), “Еркін қазақ”, “Алаш” (1916), “Бірлік туы” (1917), “Сарыарқа” (1917), “Абай” (1918), “Жас азамат” (1918), “Ақ жол” (1920), “Шолпан” (1923), “Сана” (1923), “Темір қазық” (1923), т. б. газеттер мен журналдардағы қазақ зиялыларының публицистикалық еңбектері қазақ халқының саяси, әлеум. -экономикалық, мәдени-рухани мәселелерін көтеріп, ұлттық сана-сезімінің оянуына, елдегі демократиялық үрдістердің дамуына жол ашты. Бұл кезеңде журналистика барлық жанрларда тақырыптық, идеялық жағынан өріс алды. Расында журналистика саласы кеңес дәуірінде қалыптасып, даму кезеңінен өтті. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда қазақ тілінде шығып тұрған газет, бұқаралық, қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналдарда - ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, қоғамдық-танымдық материалдар, фотосурет және бейнелеу өнерінің туындылары; ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық журналдарда - ғылыми-зерттеу мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар; сатиралық журналдарда - әзіл-сықақ шығармалары, фельетондар, спорттық және өндірістік-техникалық журналдарда - осы салаға қатысты материалдар жарық көрді. Қазақстанда журналист мамандарын дайындау ісі айтарлықтай дамыды. 1934 ж. құрылған Қазақ журналистика ин-ты 1941 жылғы шілдеде қазіргі Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне өзгеріп, 60-жылдардан теориясы, тарихы мен тәжірибесі мәселелерін зерттейтін ғылыми орталыққа айналды. Қазақстанда радио және тележурналистика жылдам дамыды. 20 ғасырдың 1931 жылы 4 мамырда республикада бұқаралық радиохабарлау басталды, 1958 ж. 8 наурызда Алматы студиясының алғашқы байқау телехабарлары беріліп, кейін теледидар орт-тары республиканың басқа аймақтарында іске қосылды. 1959 жылдан Қазақстан баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы - Қазақстан журналистер одағы құрылды. Қазақ журналистерінің тақырып таңдау, мәселе қою, журналистік стиль шеберлігінің бай үлгілері қалыптасты. 20 ғасырдың І ширегінің аяғына қарай Қазақстанда киножурналистика саласы бой көрсетіп, ілгері дамыды. Алайда, кеңестік идеологияның салдарынан кей кезеңде жан-жақты дами алмай, шектеулі талаптардан әрі аса алмады. Ал тәуелсіздік жылдары елдің журналистика саласы жылдам қарқынмен дамыды. Көптеген тәуелсіз газет-журналдар, телеарналар мен радиостансалар пайда болып, бұқаралық ақпарат тарату рыногі орнықты. Кәсіби журналист мамандар заманға сай ақпарат құралдарын қалыптастыруға күш салды. Журналистика өз алдында өзіндік ақпарат кеңістігін құрып, дамыту, шет елдерде тыңдарман қауымын көбейту секілді міндеттер туды. Осы мақсатпен республикада Казинформ, Халықаралық “Каспионет” телекомпаниясы, Қазақстан журналистер академиясы құрылды, Еуразия медиа-форумдары, Қазақстан журналистерінің конгрестері, т. б. іс-шаралар өткізілді. Қазақ жкрналистикасы дамудың жаңа сатысына аяқ басып, әлемдік журналистика кеңістігінде жаңа биікке көтерілді. Ғылым мен техниканың дамуы бұл бағытта да күрт өзгерістер әкелді. Ақпараттық хабарларды таратудың жеделдігі, объективтілігі, сапасы артты. Қазақстанның ақпарат құралдары әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан елеулі оқиғалар туралы дер кезінде толық хабардар етеді. Баспасөздің тарихына, оның жанрлық, стильдік мәселелеріне, қазақ журналистерінің шығармашылық табыстарына арналған іргелі зерттеулер жарық көрді. Журналистика саласының тарихы мен тәжірибесі жеке пән ретінде журналист мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Ал Интернет журналистика туралы ұғым - өткен ғасырдың аяғына қарай, интернет аудитория қалыптасқаннан кейін шыққан. Журналистиканың бір түрі. Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары - телеарна, радио, газеттерден аудиориясын әлдеқайда тез қалыптастырды. Мысалы радио алғашқы 50 млн-дық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі 4-ақ жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады. Яғни, бір мезетте дыбыс, видео, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер бере аласыз. Дәстүрлі ақпарат құралдарында осыларды жеке-жеке небір командалар жүріп жасайды. Ал, интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол - бір адам - бір БАҚ. Оған дәлелдер де көп. Біздесалалық сайттар көбейіп келеді. Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігін де байқап отырсыздар. Дәстүрлі БАҚ-пен күресте жеңіске жетті де. Өйткені интернетті алғашқы кезде өсек-аяң ортасы деп қабылдайтын телеарналар, радио, газеттер еріксіз жеке сайттар ашуға бел буды. Тіпті арнайы веб-редакциялар ұстап отырғандар бар(3-137б) . Тиімділігі өте көп. Мысалы менің жеке сайтым бар делік. Түнде интернетте отырып, шетелдік түрлі сайттардан ақпараттар мен мақалаларды оқуға мүмкіндік бар. Сонда, Батыс жер шарында күндіз болып жатқан оқиғалар, тіпті алыс-жақын елдердегі жаңалықтарды бізде дәстүрлі БАҚ өкілдері сол уақытта көрсе де бере алмайды. Ол үшін редакциясына бару керек дегендей. Ал маған аударуға ғана уақыт кетеді. Орыстілді сайттар тіпті түзесе түзеді, түземесе ол да жоқ, қоя салады. Нәтижесінде бізде әлі де орыстілді ақпарат құралдарының оперативтілігі мұң боп айтылып жүр. Яғни, уақыттан ұтасың. Қазір дені дұрыс сайттар мемлекеттік тіркеуден өтеді(library. psu. kz) .

Дәстүрлі журналистика мен интернет журналистикасының арасында алшақтықтан гөрі тығыз байланыс басымырақ. Неге десеңіз, заман талабына икелмелу ең әуелі журналистикаға ауадай қажет. Көрермен талабын ескеріп, жаңалықтың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, кері байланыс орнатып, халықтың мұң-мұқтажы мен билік назарынан тыс қалған мәселелерді көтеруде дәстүрлі бағытқа интернет журналистикасы септеспек.

Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Бүгінгі таңға, бізге журналистиканың 5 түрі мәлім: ○ Мерзімді басылымдар; ○ Фотожурналистика; ○ Радиожурналистика; ○ Тележурналистика; ○ Интернет-журналистика. Интернет журналистика соңғы онжылдық көлемінде Әлемдік интернеттің дамуымен қатар танымалдылық пен жаппай қолданысқа ие болған журналистиканың жаңа, тың бағыты. Өзін журналист рөлінде сынап көргісі келетін кез-келген тұлғаға шексіз мүмкіндігі бар, ерекше санат. Азаматтық журналистика, индивидуалды журналистика, гонзо-журналистика, блоггерлік - мұның бәрі осы интернет журналистиканың бағыттары. Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқа­ра­лық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға кө­тер­­ді. Ғаламтор ақпарат ағынының тие­­гін ағытты, әлемдік ақпараттық ке­ңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы - жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсері­нен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшы­рауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұраптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпа­раттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек. Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнім­ділігін, пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға яғни ақпараттың компьютер мен ком­му­никациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтері арқылы таралуына (wіkіpedіa. org) жол ашты. Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет же­лісі-Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманалы мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен ау­диовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті. Жаңа медианың журналистикаға ық­пал-әсерін екі тарапта қарастырған жөн. Ғаламтор арқылы қазақтілді ақпарат алаң­дары: порталдар, сайттар, форумдар мен блогтар қазақ аудиториясына тікелей бағыт­талып жатыр. Қазақ тілді домендер мен хостингтердің саны күннен күнге артып келеді. Қазақтілді интернет-аудитория қалыптасып, бүгінде олардың саны молайды (100 адамға шаққанда 58 тұрғын ғаламторды пайдалана алады. - kzcontent. kz ) . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернеттің журналистикаға әкелген жаңалығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстандағы интернет - журналистика
Тіл мәдениетінің сипаты
Іскери журналистика
Қазақстандағы азаматтық журналистика ерекшеліктері
Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер
Журналисттің ақпарат таратудағы тапқырлығы
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Көбіне дата журналистер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz